Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Наурыз- өнеге бастауы" 2- сынып

Тәрбие сағаты "Наурыз- өнеге бастауы" 2- сынып

Скачать материал

Тақырыбы: «Наурыз- өнеге бастауы»

Мақсаты:     «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының

ұлттық дәстүрін, ұлттық  ерекшелігін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу, таным көкжиегін кеңейту. Өз ұлтына, ұлыстар татулығына деген  деген сүйіспеншілігін   арттыру.

Түрі: танымдық- тәрбиелік

Әдісі: диалоктық, ойын, демонстрация. ТРИЗ
Көрнекілігі:
суреттер, оригами, ұлттық тұрмыстық заттар
Барысы:             Сахна жабық тұрады. Залда 2 отбасы және оқушылар, жүргізушілер

Сахна «Елге сәлем» биімен ашылады.

(Рамина, Гүлназ, Жанбота, Сабина, Айжан. )

Бишілер залдағы  орындарына отырады.

Жүргізушілер :   Асылай Ғалымқызы - Жетписбаев Санжар,

Тоғжан Қуанышбекқызы– Дамир

Санжар:         Ассалаумағалейкум, халқым менің,

                        Қашанда құрметтеген салтын, елін.

                        Аман- есен қыс - қартты артқа тастап,

     Басты қосты жайдарлы көктем гүлім.

Асылай Ғалымқызы:  - Қадірменді қонақтар, ардақты ата - әжелер, оқушылар.   

                         Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Наурыз- өнеге бастауы» атты    

                  танымдық тәрбиелік кешімізге қош келдіңіздер.

Дамир:            Наурызым тойланады  аты аңыз,
                         Сұраймыз алғыс та біз, ақыл да біз.

                         Жаңа буын, жас ұрпақ білерім көп

                         Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
Тоғжан Қуанышбекқызы:   -  Наурыз мейрамы - бұл  қуаныш  пен  еңбектің

                     мерекесі, күн мен түн теңесетін  күн.  Бұл мейрам ағайын- туыс, ел

                     болып, бауырлас ұлт болып, 21  наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын

                     ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа жыл мерекесі. Бүгін біздің кешімізге

                     қазыналы қарттарымыз, ардақты асыл аналарымыз, әкелеріміз және

                     бауырлас  ұлт өкілдері келіп отыр.

Асылай Ғалымқызы:  - Ендеше наурыз кешімізді бастайық!

(Орындарына отырады)

Санжар:    Бүгін міне қарасам,

Айналам бақыт,кең жатыр.

Бірімен- бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз, қазақ, өзбектер ,

Түрік, моңғол, грузин,

Орыс пенен ағылшын

Терезесі тең жатыр.

Асылай Ғалымқызы: - Еңбектеген баласы, еңкейген қартына дейін қонақ келсе құт

келді деп тік тұратын қазақ деген жомарт елдің ұрпағымыз. Олай болса, тойымызға келіп отырған ұлт өкілдерін ортаға шақырайық.

(Ұлт өкілдері шығады)

Қазақ ұлты- Турганов Санжар: - Ассалаумағалейкүм, ағайын! Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын! Наурыз бақты болсын!

Өзбек ұлты - Иманалиева Айым: - Әссалам! Хайрли кун! Науруз байрам билан 

                    табриклаймин!

Грузин ұлты - Абунасыр: -

Түрік  ұлты - Карина: - Мерһаба! Гун айдін! Невруз кұтты болсын!

Ағылшын - Бағдат: - Good morning! Congratulations with  Nauruz holiday!

Орыс ұлты- Мерей: - Здравствуйте! Поздравляю с праздником Наурыз!

Дамир:                  Көп жасаған қария

                             Ақылы теңіз дария.

                             Даналы мәйек сөзі бар,

                             Көп өнеге ісі бар.

Тоғжан Қуанышбекқызы:   - Біздің ортамызда   Бексұлтан  мен Камиланың  атасы

мен әжесі келіп отыр. Ардаұты даналар сіздердің бүгін біздің ортамызда  отырғандарыңызға біз өте қуаныштымыз. Сіздердің  жас өрендерге , біздерге үлгі етер қолөнерлеріңізді тамашаласақ.

1- отбасы өнері.

Атасы қамшы өруді  көрсетеді)

 

Санжар:                          Той десе тойбастарын дайындаған

                    Ұрпағымын қазақтың, дархан далам.

                    Ағайын тойбастардан тарту алғын,

                              Той бастамай қалайша бүгін қалам.

 

Ән: Тойбастар. (Абдығалым Дильназ. Аяжан, Асылай.)  . Тойбастар үлестіріледі.

 

Асылай Ғалымқызы:   - Ардақты әжелер, сіздерге оқушыларымыздың сұрақтары

бар екен. Оқушыларға кезек берсек.

Сұрақ- Асылай                    (Бексұлтан әжесіне ) -  Күлайхан   әже, сізге сұрағым бар еді. Тойбастар қуанышты тойлардың басында айтылатын ән, келген қонақтарға тартылатын тарту деп түсінемін. Ал, «Тәбәрік» деген сөздің мағынасын айтып беріңізші.

(Жауап тыңдалады, рахмет айтылады. )

Жауап:   Тәбәрік. Біреу ойын- тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт- дәстүрде  кәде алса, ол кісі жанындағыларға үлес бөліп беру керек. Мұндайды басқалар «Тәбәрік бер» деп сұрайды.

 

Өлең жолдары  «Наурыз сыйы- тыныштық»  Әли Ысқақбай.

Тоғжан Қуанышбекқызы: (Балалармен бірге мольбертті алып  шығып) 

- Наурыз- өнеге  бастауы, наурыз -тыныштық , шаттық  бастауы. Наурызды жырлауға сөз жетпейді, қызығын көрсең көзің тоймайды. Қане, балалар, наурызды жырға қосайық.

Еркебұлан: Жадырап күннің жанары,

  Бетті өпсе жылы самалы.

  Сай-сайға ақса жылғалар,

  Бұл Наурыз хабары.                           ( Күн көзі жабыстырылады.)

Айткулов Жарасхан:   Ашылып аспан шүмегі,

Жауынмен құм да түледі.

Көкмайса жұмсақ құлпырған,

                     Бұл Наурыз кілемі.            ( Жер бейнесі жабыстырылады.)

 

Рамазан:    Бусанып тарғыл атырап,

Нәрленіп торғын топырақ.

Жауқазын өссе құлпырып

Бұл Наурыз – жапырақ.               (  Бәйшешек, ағаш  жабыстырылады.)

Камила:                  Себелеп жаңбыр жауып тұр,

   Мөлдірін бұлттың тауып тұр.

             Құстар келген далама,

             Бұл Наурыз сауық-жыр.                  ( Құстар  жабыстырылады.)

Бек:   Қауымға қалың дүр болған,

 Түндігін ашық қалдырған,

 Шапағат төккен мейірлі,

 Бұл Наурыз нұр болған.                                ( Киіз үй  жабыстырылады.)

Асхат:  Тілегін айтып ұнаған,

    Арылса туыс күнәдан.

    Көңілде күдік қалдырмас,

    Бұл Наурыз – шын адам.                     ( Адамдар бейнесі  жабыстырылады.)  

Сұлтан: Сұлулық сазын толтырған.

                Наурыз- өнеге  бастауы.

      Көркейткен  қыр, даланы,

      Наурыз- шаттық дастаны.

 

Дамир:                 Толқындай тербетіліп көл бетінде,

Бишілер би билейді тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Қарсы алайық мың бұралған бишілерді.

 

Би: «Сарыжайлау» домбырамен.

(Адембаева Д, Қаракөз, Танатбекова Айым, Қарақат )

 

Тоғжан Қуанышбекқызы:   -    Біздің оқушыларымыз аталардан да бір сұрақтарына жауап алғысы келіп отыр екен. Олай болса, кезек оқушылардың сұрақтарында.

           Сұрақ - Нұрислам :  -  Қажымұқанбет  ата, домбыраны 2 ішекті, 9 пернелі  деп жатады. Қобыз неше ішекті? Қобыз туралы айтып беріңізші.

         Жауап: (Камиланың атасы) -   Қобыз туралы мәлімет айтып, көрсетеді. 

 

Ұлттық ойын: «Ханталапай »

Санжар:    - Апай,                          Асықпенен жетілген

Батырларым ләй- ләй.

Бұл асықты ойнаған,

Ақындарым ләй- ләй- деген өлең жолдары асық 

ойындарының пайдалы  екендігін білдіріп тұрғаны иә.

Асылай Ғалымқызы: - Әрине, біздің ұлттық ойындарымыздың әрқайсысы да өте

пайдалы.  Балалар, бүгін Айбат сіздерге ұлттық ойынның бір

түрін таныстырмақшы. Кім ойнағысы келеді ортаға шыға қойыңдар?

                      

(Айбат, Нұржан, Досжан, Ерхан, Бексұлтан  ортаға шығады.  )

         Айбат: - Достарым, бүгін мен сіздермен бірге  өзімнің сүйікті ойыным Ханталапайды  ойнағым келіп тұр. Ханталапай асықпен ойналатын ойын. Ойын шарты бойынша ортаға тасталған асықты кім көп жинаса, сол жеңіске жетеді.  Ер жігітке бір- бір қамшы деп қолдарыңызға қамшы ұстатайын.  Егер ойыннан жеңілсеңіз қолыңыздағы қамшыны ортаға тастайсыз. Ол қамшыны жеңген ойыншы алатын болады. Ал, іске сәт, дөңгеленіп отыра қалайық!

          (2 рет ойнап жеңімпазды анықтайды, орындарына отырады.)

Айбат:  -                  сен жеңіске жеттің . Өзің сондай шапшаң екенсің!

Жеңген бала рахмет айтып, барлығы орнына кетеді.

 

Тоғжан Қуанышбекқызы:   - Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер

деген  дана халқымыз.  Осынау ұлы күні қарсаңында     Марат   ата сізден бата   

сұраймыз.   

(  Марат  ата бата береді.)

Санжар:     Сыйға- сый тарту еткен дана халқым,

Қонағын құдайындай сүйген халқым.

                   Наурызкәде тартамын қабылдаңыз

                   Ата- баба дәстүрін, сақтап салтын.

Би: «Наурызкәде» (   Рамина, Жанбота, Гүлназ,  Айжан)   Әжелерге табыстайды.                                                        

Кері байланыс:

Асылай Ғалымқызы: - Міне, Наурыз тойы осылай әр шаңырақта жалғасын тауып жатса біздің-  жас ұрпақтың ата- баба аманатына қиянат жасамағанымыз. Наурыз тойы ғасырлардан ғасырға жалғасып, тойлана бермек.

         Бүгінгі іс- шарамызда балалар, қандай көңіл күйде болдыңыздар, алған әсерлеріңіз қандай бас бармақтарыңызбен көрсете қойыңыздаршы.

-         Рахметғ балалар, Мың алғыс сіздерге ата- әжелер!  Сіздердей жас буыны, дархан көңілді қариялары бар қазақ халқының көк туы желбірей беретіні анық. Еліміз жасасын! Наурыз тойы тағы да құтты болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Наурыз- өнеге бастауы" 2- сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 792 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2017 739
    • DOCX 25.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанова Асылай Галымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Султанова Асылай Галымовна
    Султанова Асылай Галымовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21104
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой