Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Тәрбие сағаты Президент күніне

Тәрбие сағаты Президент күніне


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Біздің - Елбасы»

Мақсаты:

1.Оқушыларға Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

2. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі ету.

3. Оқушылардың өз Отанын , халқын сүйктін азамат болып өсуге , елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Көрнекілігі: буклет, нақыл сөздер.

Барысы:

Әнұран: Қ.Р. әнұраны орындалады.

Кіріспе сөз:

Елдің ,халықтың сенімін, үмітін, бабалар аманатын арқалаған –ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілін, тарихын , мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз патриот қана атқара алады.

Иә, мемлекетіміз тәуелсіз ел болып жарияланғалы бері ел экономикасы, білім беру саласы бәрі дамыды. Еліміздің осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт молшылықта, татулықта өмір сүріп жатқанымыз, аз уақыттың ішінде Қазақстан атын сонау шет елдердің танып жатқаны Елбасымыздың салихалы саясатының арқасы.Бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық. Қаншама ата-бабамыз , Қайрат пен Ерболдай ағаларымыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды.

Оқушы : Тату өмір Тәуелсіздік енгелі,

Мәңгі қазақ жасау тиіс енді елі.

Жанын , қанын аямаған сан ғасыр,

Мұнда жатыр бабалардың еңбегі.

Оқушы :Елімнің берік ұстап көк байрағын,

Елбасым болашаққа бел байладың.

Әуелде қазақ деген халық барын,

Танытар әдет-ғұрпын, ел жайларын.

Бүгінде біздің еліміз -бүкіл әлем елдері мойындаған Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады. Ендеше, осы рәміздер туралы біле ме екен, сұрап көрген едік.

1-оқушы: (Елтаңба)

Қара шаңырақ -ел күні

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы -елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

2- оқушы: (Ту)

Көк аспанда –алтын күн

Көк аспанда -жас қыран

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан

3-оқушы: (Гимні)

Бақыт, бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикамның әнұраны

Сұрақтар:

1.Әнұранның авторларын білесіз бе?

(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев , әні: Ш.Қалдаяқов)

2.Тудың авторы?

( Ш. Ниязбеков. )

3.Елтаңба авторлары.?

(Жандарбек Мәлібекұлы., Шотаман Уәлиханов)

4.Н.Назарбаев қашан президент болып сайланды?

(1991 жыл 1-желтоқсан)

5.Отаның қалай аталады?

6. Мемлекеттің астанасы қалай аталады?

7. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

(1991 ж 16-желтоқсанда тәуелсіздік алды.)


«Елбасы жолы» (Өмір жолына шолу жасау)

1-оқушы: Н.Назарбаев 1940 жыл 6 шілдеде Алматы облысы, Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.

2-оқушы: 1960-1969 жылы -Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді

3-оқушы: 1969-1973жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия -комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

4-оқушы: 1990 ж ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

5-оқушы: 1991 жылы 1-желтоқсан Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды

6. «Менің Президентім»

6-оқушы: Қиялы ұшқыр , ойлы адам.

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші ,Атамыз.


7- оқушы: Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.

8- оқушы:Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достың қатарын,

Нұр аға – біздің ұлы адам.

Мұғалім Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

Халық үшін Елбасы

Әскер үшін қолбасы

Тар жол тайғақ кешуде Нұр ағаны

Туған жұрты қолдасын, - деп бүгінгі 1-желтоқсан Президент күніне арналған тәрбие сағатты аяқтаймыз.

















Тәрбие сағатының тақырыбы: Біздің Елбасымыз.

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

  2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу.

  3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.


Көрнекілігі: слайдтар көрсету,суреттер.


«Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз-Н. Ә. Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті.


Кіріспе.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар- намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел ушін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға- апаларымыз ата- бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді. Біздің Презилентіміз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі-машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымықты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне арнағылы отырмыз! 1желтоқсан-Президент күніне орай өткізіліп отырған «Еліміздің ертеніне жетелеген Елбасы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын! «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.

Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.

«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы.


1 оқушы.

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім»деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!


2 оқушы

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар-бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

1 слайд

3 оқушы

Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл даланы атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!(Қ.Аманжолов)


4 оқушы

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер-саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев сол күннен бері 24 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінге әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.


Оқушы: Елі құрмет тұтқан, Нұрағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз-Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.


Отбасылық фото слайд.


5 оқушы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданындағы Шамалған ауылында тұған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз- маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.


Металлург суреті слайд.


6 оқушы

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург- жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

7 оқушы

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Слайд

8 оқушы

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

9 оқушы

1994 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

10 оқушы

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды.


Астана суреті слайд.


11 оқушы

Көтереді шанырақ Астанам асқақ

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

12 оқушы

2006 жылы 7-қантарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жаңарды, «Менің Қазақстаным» жер жүзіне таралды.

13 оқушы

Н. Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетің, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

14 оқушы

Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н. Ә. Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік.

«Замандастар көзімен»


Джордж Буш-АҚШ бұрынғы Президенті-Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ,

Сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте

Көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы қарсы ризашылығымды білдіремін!


Ким Дэ Чжун-Корея республикасының Президенті- Оның демократиялық, саяси жяне экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді.


Кофи аннан-БҰҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда-бұл елде бейбіт өиір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.

1 оқушы

Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел-елбасына тірек, Елбасы-елге қалқан». Бұл-бүгінгінің шындығы. Н. Назарбаев десе-Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағынынан толық аңғаруға болады

2 оқушы

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім,елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз».

3 оқушы

Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Бірнеше әннің авторы.


Слайд Атқа мініп отырған сүреті «Үш қоңыр» әнін тыңдау.


Қорытынды

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының жолдауында көрсетілген: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа,Қазақстан жастарына арнасам деймін.Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардыең бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда»,-деді.

«Қазақстан-бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға-елдің тұғыры, Тұлға-елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!




















Тақырыбы: Ұлы дала көшбасшысы

Мақсаты:

1. «1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні » мерекесінің мәнін ашу Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы , туып өскен , оқып білім алған , қызмет еткен жерлері туралы ,жеткен жетістіктері туралы мағлұмат беру . Оқушылардың бойына Елбасына деген сүйіспеншілік ,құрмет сезімін қалыптастыру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі:слайдтар көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш Президент»


Құрметті Ұстаздар, қонақтар, оқушылар !

Сіздерді 1 желтоқсан Президент күні мерекесімен құттықтаймын.

Бұл күн мемлекеттік мереке ретінде жалпыхалықтық деңгейде 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері тойланып келеді. Өйткені 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егеменді Қазақстанның негізін салушы Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Қазақстан өз тәуелсіздігінің 24 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Шын мәнінде, Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралуда, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Осыдан-ақ еліміздің Тұңғыш Президентін сайлау күнінің Қазақстанның тәуелсіздік тарихында маңызды болғанын аңғарамыз, елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік! Ұлан-ғайыр даламызда Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрып, ұлы көшімізді оң жолға бастап, еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі болып отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сан ғасырлар бойы бабаларымыз армандап өткен егемендігіміздің туын Ақ Ордасының төріне тігіп, халқының қамын ойлаған ел тұтқасына айналды. Тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыт аралығында Қазақстанды дамыған өркениетті 50 мемлекеттің қатарына қосып, халқын «Нұрлы Жолға» бастап келе жатқан Президентімізді әлем жұртшылығы Ұлы Даланың данасы, Түркі дүниесінің Көшбасшысы деп бағалайтыны сөзсіз.Жуырда ғана Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Саммитінде әлемдік мінбеден қазақ тілінде сөйледі! Ұлы Дала елі саналатын тәуелсіз Қазақстан Көшбасшысының дүниежүзінің алдында ана тіліміздің мерейін асқақтатуы – барша қазақстандықтардың мерейін асқақтатты. Ұлтымыздың абыройын көтерген бұл оқиға Қазақстан халқына айтарлықтай серпіліс берді. Саммитте Мемлекет басшысы адамзатты толғандырып жүрген ауқымды мәселелерді қозғап, Ұйымға мүше мемлекет басшыларын әлемдік экономика, экология, діни экстремизм сияқты күн тәртібінен түспей келе жатқан дүниежүзіне ортақ проблемаларды бірлесіп шешу керектігін алға тартты. Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымы төрінен қазақ тілінде терең мазмұнды баяндама жасауы егемен еліміздің әлемдік саяси аренада өзінің берік орны айқындалғандығының кезекті дәлелі бола алды. Елбасының бұл ұстанымы, өз елімізде мемлекеттік тілді тиісті дәрежеде қолданбай жүрген жекелеген басшылар мен көптеген ұйым, мекемелерге көрнекті үлгі болуға тиіс деп есептейміз.


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлкен мінбеден айтқан ұтымды ұсыныстарының ішінде БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру идеясы көп талқыланатын тақырыптардың бірене айналып отыр. Саясаткерлердің топшылауынша, штаб-пәтерге лайық қаланың бірі – Астана қаласы болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Елбасының бұл батыл ұсынысы Азия құрлығының мәртебесі мен елордамыз – Астананың беделін де арттыра түсті. Осындай елеулі оқиғалар арқылы әлем назары Ұлы Дала еліне бұрылатыны сөзсіз.Бүгінгі Қазақстан халқы – бақытты қоғамда өмір сүріп отыр. Біз – бақытты елміз. Өйткені, біз – болашағымызға сенеміз. Біздің жастарымыздың озық білім алып, ғылыммен айналысуына барлық мүмкіндіктер берілген. Біз барлығымыз – бақытты мемлекеттің азаматтарымыз, ата-бабаларымыздан мұра болған «Ұлы Дала елінің» перзентіміз.

Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрған Қазақстан үшін биылғы жыл табыстар мен жетістіктердің, оң өзгерістер мен мерейлі тойлардың жылы болып отыр. Солардың ішінде Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сынды ауқымы кең, мағынасы терең даталы мерекелердің алатын орны ерекше. Осындай тарихи кезеңде елімізді әлем таныған өркениетті мемлекеттер қатарына қосып, халқымыздың еңсесін көтеріп, мерейін үстем еткен – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынуы ұлтымызды тағы бір тарихи белеске шығарды.

.Бүгінгі әдеби сазды кешіміз әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымықты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне арнағылы отырмыз! 1желтоқсан-Президент күніне орай өткізіліп отырған « Ұлы дала көшбасшысы» атты әдеби сазды кешімізді ашық деп жариялаймын! Ал енді кезекті оқушыларға береміз

Хор «Атамекен»

Аян: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.

Ұлдана : 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар- намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел ушін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Жалғас: Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер-саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев сол күннен бері 24 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінге әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

І. Ғибратқа толы ғұмыр

Елі құрмет тұтқан, Нұрағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз-Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

Отбасылық фото слайд.

Жансая

Әбіш пен Әлжан отау құрғандарына 5 жыл толсада нәресте үнін естей алмай жүрді. Бір күні анасы Мырзабала «Сендер киелі Назарбайдың ұрпағысыңдар. Әруақтар сендерден бірдеме дәметіп жүрген болар. Райымбек бабаның басына барып түнеп зират етіп қайтыңдар!» деп жібереді. Әулиенің басына барғасын екеуі ұйықтамай бала тілемекші болады. Бірақ қалғып кетеді. Сол кезде Әлжан анаға әруақ дауысы естіледі. «Оян, қарағым, қолыңды жай, шын ниетіңмен келген екенсің, батамды берейін! Жаратқан ием сендерге екі ұл береді, бірақ есімдерін ұқсатып қоймаңдар!» деп ақ сақалды, желбіреген құдай ақ шашты қарияға айналып ғайып болады. Көрген түсін шырақшыға жорытады. Шырақшы: Жасаған ием жарылқады, сендерге аян берген Баба Түкті Шашты Әзиздің өзі. Екі ұл сүйесіңдер. Алла тілеулеріңді берді!-деп жақсыға жориды.


Рахат

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданындағы Шамалған ауылында тұған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз- маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жанель

Әбіштің отбасында Сұлтаннан кейін Айсұлтан атты бала дүниеге келеді. Ол кішкене кезінде шетінеп кетеді де, одан кейін Сатыбалды дүниеге келеді. Балалары тұрмаған соң ырымдап кіндік шешесіне қырқынан шыққанша еміздіріп,сатып алған есеппен Әдіш пен Әлжан ақша төлеп өздері алады. Сол себепті ырымдап есімін «Сатыбалды» деп қояды. Одан кейінгі бауырлары –Болат пен Әнипа


ІІ. Елбасының еңбек жолы Елі үшін еңбек еткен Елбасымыз-Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолына шолу жасайық.


Металлург суреті слайд.


Ұлдана

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург- жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.


Слайд


Жандос

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

1994 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды.Ол осы жетістіктерге өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.


ІІІ. Отбасы алтын дінгегегі

Дильназ







ІҮ. Елімнің елдігінің белгілері

Ерсұлтан


Оқушы :Елбасы ата-бабаның 4 аманатын көзінің қарашығындай сақтап, қорғап әлемге танытуда күш салып еңбек етуде.Ол аманат-Ел, Жер, Тіл, Тәуелсіздік.Осы аманатқа адалдық көрсетіп, бүкіл Қазақстан халқының тағдыр- талайын жауапкершілікке алды.Сондай-ақ еліміздің 20 жылдағы қол жеткізген жетістіктері Елбасының атқарған еңбегінің көрінісі.

Н.Назарбаев президент болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті.БҰҰ-на мүше болдық.Республикамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді, 1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы жоғарғы сессиясы елімізді «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.1992ж. 4-маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік

нышандары ту, елтаңба, гимні бекітілді. 2006 жылы 7-қантарда гимні қабылданды. Егемен елімнің әнұраны жаңарды, «Менің Қазақстаным» жер жүзіне таралды.

1993ж. 15-қарашада өз теңгеміз дүниге келді.1995ж. 30-тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. ЕҚЫҰ-ның саммитінде төрағалық етіп, 7-қысқы Азияда ойындарынның жалауы еліміздің көгінде желбіреді.

Ата заңым – барлық заңның негізі,

Ата Заңым бабалардың лебізі

Арқа сүйер Ата заңға адамдар

Артық санау, кемсітудің жоқ ізі

Ү. Астана қазағымның бас қаласы

Астана суреті слайд.


Жалғас

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.

Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды.

Ферангиз

Көтереді шанырақ Астанам асқақ

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Хор «Елім менің»

ҮІ. Басты міндетіміз-Елбасы жолдауын тыңдау

Әсима

Елбасы жолдауы – қалың бұқараны сара жолға салатын жол. Қазіргі таңда Қазақстан нық қадаммен елеулі даму әлеуетімен жаңа онжылдыққа, жаңа болашаққа бет алды. Жолдаудың әр бір сөйлемі бұқара халықтың қамы үшін жазылған мәселелер. Бұл – қазақстандық көшбасшылыққа қадам басу, бұл- жаңа кезең бастауы, бұл – жаңа жоспарлар.

1997 жылдан 2015 жылға дейін Елбасы халыққа 20 жолдау жолдапты. Ең алғашқы жолдауы 1997ж қазан айында «Барлық Қазақстанның өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында ҚР 2030 ж дейінгі даму стратегиясы белгіленді. Соңғы жылдардағы жолдауларды еске түсіретін болсақ.

  1. 2008 ж - «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатының басты мақсаты».

  2. 2009 ж – «Дағдарыстан жаңару мен дамуға».

  3. 2010 ж – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

  4. 2011 ж – «Болашақтың іргесін бірге қалайыз»

  5. 2012ж 14 желтоқсан – «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»,

  6. 2013ж «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

  7. 2014ж

  8. 2015ж

Президентіміздің атақ дәрежелері

ҮІІ. Әлем таныған –Елбасы

Айдана


Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н. Ә. Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік.


«Замандастар көзімен»


Джордж Буш-АҚШ бұрынғы Президенті-Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ,

Сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте

Көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы қарсы ризашылығымды білдіремін!


Ким Дэ Чжун-Корея республикасының Президенті- Оның демократиялық, саяси жяне экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді.


Кофи аннан-БҰҰ-ның Бас хатшысы Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда-бұл елде бейбіт өиір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.


Мұғалім

Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел-елбасына тірек, Елбасы-елге қалқан». Бұл-бүгінгінің шындығы. Н. Назарбаев десе-Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағынынан толық аңғаруға болады



ҮІІІ. Менің Елбасым

Оқушы Монологы. «Менің Президентім».

Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.

Оқушы Монологы «Менің Президентім».

Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.

Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?

оқушы

Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл даланы атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!(Қ.Аманжолов)


ІХ “Ел ертеңін ойлаған-Елбасы”


Елбасының өзекжарды ойлары

Ферангиз

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының жолдауында көрсетілген: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа,Қазақстан жастарына арнасам деймін.Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда»,-деді.

Дияс

Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Бірнеше әннің авторы.

Мұғалім Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел»

Мәңгілік ел –

Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

Ол – Мәңгілік ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.

Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!

Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.

«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.

Мұғалім

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім,елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз».


Мұғалім


Қорытынды

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының жолдауында көрсетілген: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа,Қазақстан жастарына арнасам деймін.Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардыең бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда»,-деді.

«Қазақстан-бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға-елдің тұғыры, Тұлға-елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

Хор «Қазақ елі»

ІІ бөлім Мектеп оқушыларымен дайындалған концертімізді тамашалаңыздар




































Мәңгілік ел –

Мәңгілік ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

Ол – Мәңгілік ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.

Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!

Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы.

«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.

Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 03.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров321
Номер материала ДВ-225158
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх