Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты «Сәлем - сөздің атасы »»

Тәрбие сағаты «Сәлем - сөздің атасы »»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 қазақ қыздар гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қабдылова Альфия Мажитовна

Бастауыш сынып мұғалімі



Тақырыбы: «Сәлем - сөздің атасы »

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, бабалардан қалған ғибрат аралық сөздерді балаларға ұғындыру;

  2. Халық салт-дәстүрімен таныстырып,өз халқының дәстүрін,салтын , мәдениетін,әдет-ғұрыпын үйрете отырып, бойларына сіңіру;

  3. Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру,сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: ертегі, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі:

  1. Жақсы сөз –жарым ырыс

  2. «Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы»

  1. «Сәлем-әдептілік белгісі»

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздер ме?

-қыздар, қалай ойлайсыңдар адамдар бір-бірімен кездескенде не істейді?

-Амандасады. Неліктен?

-Өйткені, амандасу, сәлем беру әдептілік белгісі, ал әдептілік сәлемдесуден басталады.

-Жақсы .Ендеше біздіңгі бүгінгі тәрбие сағатымыз осы сәлемдесу,амандасуға арналады.« Үлкенге құрмет, кішіге ізет »

Мұғалім: Бүгінгі біз ата дәстүр, оның ішінде ең керектігі сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын тереңірек болып табылады.

Ендеше балалар, тәрбие сағатында білгенімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді осы сабақта үйрене алады екенбіз.

Көрініс:

Ерте, ерте, ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Шал шаршап, шалдығып, үйіне кіреді.

Шал:

-Амансыңба кемпірім?

Кемпір:

-Қош келдің .Отыр, шайға кел,мен саған ыстық бауырсақ пісіріп қойдым.

-Бауырсағым қайда кеткен?

Бауырсақ: -ля,ля,ля –деп әндетіп келе жатады.

Алдынан қоян шығады:

-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ:

-қоян, алдымен мені жемес бұрын амандаспаушымедің

Қоян:

-Не дейді мынау.Қайдағы сәлем, өзімнің қарыным ашып тұрғанда.

Бауырсақ:

-Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.Олай болса мен саған бір өлең айтып берейін:

Өлеңдетіп бауырсақ қояннан қашып кетеді.Бауырсақ әндетіп келе жатады .

Алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр:

-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін .

Бауырсақ: Қасқыр мені жемес бұрын ең алдымен амандаспаушымедің

Қасқыр: Қайдағы амандық,қайдағы сәлем беру өзімнің қарным ашып тұрғанда.

Бауырсақ:

-«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді»-деген әдепті сөз бар. Енді тыңда мен саған өлең айтып берейін:

Бауырсақ өлеңін айтып ақырын қасқырдан қашып кетеді.

Әндетіп келе жатса алдынан аю шығады.

Аю: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

  • Бауырсақ мені жемес бұрын амандаспаушымедің аю аға

Аю қайдағы амандасу ,сәлем беру менің қарным ашып тұр.

Бауырсақ:

-Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген кіші адамға, үлкен адамдар өздері сәлем береді. Әнін айтады.

Аюдан ақырын әндетіп қашып кетеді.

Алдынан түлкі шығады.

Түлкі: Амансың ба бауырсақ?

Бауырсақ: Ой, сәлеметсіз бе түлкі ?

Түлкі : Сен неге сонша қорқып тұрсың?

Бауырсақ: Орманды аралап келе жатып,қанша аңдарды көрдім,олар менімен амандаспай бірден жегілері келді.Ал мен олардан қорықпай сәлемдесудің мән-мағынасын түсіндіріп қашып кеттім.Ал сен амандасуды қайдан үйрендің?

-Менің құлағым жақсы естейді, сенің сонау жақтан жан-жануарларға үйретіп келе жатқан әндеріңді естіп үйрендім.Сәлемдесудің маңыздығын түсіндім.

Қоян,қасқыр, аю барлық аңдар жүгіріп келіп:

-Бауырсақ,бауырсақ саған рахмет,сен кеткен соң көп балалармен таныстық,олар бізге амандасу туралы тағы көптеген кеңестер берді.Сәлемдесу арқылы адамдаға да сыйлы болуға болады екен.Сол балаларды осы жерге алып келдік:

1-ші оқушы : Сәлемдесу-тұңғыш рет немесе араға белгілі уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз ишарат не дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай таңытуы.

2-ші оқушы. Сәлем -әдептілік белгісі

3-ші оқушы.Сәлемнің сәлемдесу,сәлем беру,сәлем қылу сияқты түрлері бар.

4-ші оқушы: Сәлемдесу- кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп,қуанышқа бөлінуі.Бір-біріне аман-саулық тілеп,тілектестігін,ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп,жақсылыққа жарқылдауы.

5-ші оқушы: Әрбір адам « қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амадасуға қосып тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.

6- оқушы : Амандасу адамгершіліктің,әдептіліктің бір белгісі болып табылады.

7-оқушы: Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып,басын изейді. Не болмаса қолын береді.

8-оқушы: « Сізді шын жүректен құрметтеп,амандығыңызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.

9-оқушы: Сәлемдесудің бірнеше түрлері бар.

-Сәлеметсіз бе?

-Сәлеметте болыңыз!

-Аман саусыз ба?

-Аман сау болыңыз!

-Аман есенсіз бе?

-Аман есен болыңыз!

-Бала-шағаңыз,мал-жаныңыз аман ба?

-Үй –ішіңіз аман ба, Лені қарныңыз сау ма?

10-оқушы: Әсіресе араб тілінен енген:

-Ассалаумалейкум!

-Уаалайкум салам!

Яғни: -Сізге амандық тілеймін!

-Сізге де амандық тілеймін! Деген сәлемдесу түрлері қолданылады.

11-оқушы: Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне «Сәлем» деп қолмен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай сәлемдесу көбінесе еуропа халықтарында кездеседі.

12-оқушы: Үлкен адамға сәлем беру-кіші адамның міндеті.

13-оқушы : Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді»-деген әдеп сөз бар.

14-оқушы: Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады.

15-оқушы: Сәлем беру-амандық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе,оны таныса да, танымаса да кіші адам оған сәлем беруге міндетті,ол әдептіліктің бір белгесе ретінде қалыптасқан дәстүр.

Мұғалім: Әл елде әр түрлі амандасу дәстүрі бар екен. . Солардың бірін көрейік.

16-оқушы: Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші, не сәлем беруші қол алысады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып құшақтасады.

Ал Қытайда бас ию, үнді халқында екі алақанды түйістіріп,қолды маңдайға тигізу,қазақтарда оң алақанын жүрегіне қойып басын иіп амандасу тәсілдері бар.

-Ал сендер білесіңдер ме, ауғандықтар алдымен қолын маңдайларына тигізіп,иіліп,изет жасап, сәлемдеседі екен. Олар-«басымыз аман болсын! « дегенді білдіреді.

17-оқушы: Тибеттіктерде тіпті қызық бір-бірімен амандасқанда, сол қолын құлағының артына ұстап,тілдерін шығарады екен.

18-оқушы: Ерте кезде Қытайда дос-жарандарымен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысыу болыпты.

19-оқушы: Латын Америкасындағылар бір-бірімен құшақтасып сәлемдеседі екен.Француздар бірінің-бірі маңдайларынан сүйіп амандасады. Жас америкалықтар аман-сәлемі бір-бірінің иғын қағу болса, өзара мұрындарын сипасып,бірін-бірі иіскеп амандасатын халықтарда бар екен.

Мұғалім: ал қазір солардың бірнешеуін қимыл –қозғалыстармен көрсетейік:

1.Қазақстан халқы қол беріп амандасады.

2. Италияда құшақтасып амандасады.

3. Зимбабвада арқаларын төс қақтырып амандасады.

4. Никарагуада шынтақтарын тигізіп амандасады

5. Бразилияда арқаларын сипап амандасады.

6. Австралияда үш түрлі амандасады екен.

А) қол шапалақтайды

ә) Секіреді

б) Жамбаспен оң жақ бүйірге,сол жақ бүйірге соғып амандасады


Ал енді бұл сабағымыздан не білдік?

Үлкендермен амандасқанда не істеуге болмайды?


  • Үлкендердің-иғын қағуға болмайды

  • Амандасқанда-танауыңды көтеруге болмайды

  • Жетесіздей жеңіл-желпі-бас изей салуға болмайды екен.

Ал не істеу керек ?


  • Үлкеннің алдында-кішілік көрсету керек

  • Амансаушы амандыққа-қуанышы мен тілектестігін білдіру керек

  • Сәлем бергенде-сыпайы, әдепті болуы керек.

-Сонымен әдептілік,мәдениеттік тек амандасу ғана емес,ол сенің мектептегі жүріс-тұрысың, қонақта болсаң өзіңді дұрыс ұстауың, әрбір адаммен, сыныптас құрбыларыңмен мейіріммен сөйлеуің т.б















25 қазақ қыздар гимназиясы













Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Сәлем түзелмей, Әлем түзелмейді»








Екібастұз -2010




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

1.     Оқушыларды  әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, бабалардан қалған ғибрат аралық сөздерді балаларға ұғындыру;

2.     Халық салт-дәстүрімен таныстырып,өз халқының дәстүрін,салтын , мәдениетін,әдет-ғұрыпын үйрете отырып, бойларына сіңіру;

3.     Оқушыларды қазақ халқының сәлем беру,сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз  негізінде тәрбие беру.

Сабақтың  әдісі: ертегі, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі:

1.     Жақсы сөз –жарым ырыс

2.     «Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы»

3.     «Сәлем-әдептілік белгісі»

Сабақ барысы: Ұйымдастыру  кезеңі

  -Сәлеметсіздер ме?

-қыздар, қалай ойлайсыңдар адамдар бір-бірімен кездескенде  не істейді?

-Амандасады. Неліктен?

-Өйткені,  амандасу,  сәлем  беру әдептілік белгісі, ал әдептілік сәлемдесуден басталады.

-Жақсы .Ендеше біздіңгі бүгінгі тәрбие сағатымыз осы сәлемдесу,амандасуға арналады.« Үлкенге құрмет, кішіге ізет » 

Мұғалім: Бүгінгі біз ата дәстүр, оның ішінде  ең  керектігі сәлем беру, сәлем алу сияқты  қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын  тереңірек  болып табылады.

Ендеше  балалар, тәрбие сағатында білгенімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді осы  сабақта үйрене алады екенбіз.

Көрініс:

Ерте, ерте, ертеде  ата мен әже өмір сүріпті. Шал шаршап, шалдығып, үйіне кіреді.

 Шал:

-Амансыңба кемпірім?

Кемпір:

-Қош келдің .Отыр, шайға кел,мен саған ыстық бауырсақ пісіріп қойдым.

-Бауырсағым қайда кеткен?

Бауырсақ: -ля,ля,ля –деп  әндетіп келе жатады.

Алдынан қоян шығады:

-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ:

-қоян, алдымен  мені жемес бұрын  амандаспаушымедің

Қоян:

-Не дейді мынау.Қайдағы сәлем, өзімнің қарыным ашып тұрғанда.

Бауырсақ:

-Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.Олай болса мен саған бір өлең айтып берейін:

 Өлеңдетіп бауырсақ қояннан қашып кетеді.Бауырсақ әндетіп  келе жатады .

Алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр:

-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін .

Бауырсақ:  Қасқыр мені жемес бұрын ең алдымен амандаспаушымедің

 

Қасқыр: Қайдағы амандық,қайдағы сәлем беру  өзімнің қарным ашып тұрғанда.

Общая информация

Номер материала: 371287
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>