Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Қайырымдылық-адамгершілік белгісі"

Тәрбие сағаты "Қайырымдылық-адамгершілік белгісі"

Скачать материал

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі.

 

Мақсаты: Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Халықтың тілін, салт-дәстүрін оқушының бойына сіңіру. Оқушыларды елжандылыққа, достыққа, қайырымдылыққа баулу.

 

                  Түрі: Дәстүрлі емес.

        

Нақыл сөздер:

«Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» /И.Песталоций/. «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек.»/Әл-Фараби/.

 

Әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап.

 

Көрнекіліктер: Нақыл, даналық сөздер, плакат, суреттер т.б.

 

 

Өту барысы.

 

1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі   «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Адам қоғамда адамдар арасында өмір сүреді. Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс. Сыртқы келбет пен жүріс-тұрысын адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуінен әдептілігін көруге болады.

Әдептілік – қоғамға, қоршаған ортаға, яғни өмір сүріп жатырған жерімізге сай қалыптасқан тәрбиесі. Әдептілік ол қайырымдылықтың белгісі.

Әдептілік – ар-ұят

Адамдықтың белгісі

Тұрпайы мінез тағы жат

Надандықтың белгісі.

        

         2-жүргізуші: Қазақта «Жақсыдан – шарапат, жаманнан - кесапат»  деген мақал бар. Мұндағы «Шарапат» сөзі қайырым, мейірім деген мағынаны білдіреді. Шарапатты іс жасау кез-келген адамның қолынан келеді, бірақ оны тек адамгершілігі жоғары, рухани әлемі бай, жан дүниесі таза адамдар ғана жасайды. Ол басқаның жағдайын өз қамындай шынайы, жүрегімен қабылдап, қандай қиын болса да, амалын табуға тырысады, не сөзімен, не ісімен жәрдем береді, шарапатын тигізеді. Шарапатты адам – Абай армандаған кемел адам:

Өзек қуа ағады,

Өзен судың саласы

Алыстан сәлем береді

Әдепті елдің баласы.

 

1-жүргізуші: «Сөздің көркі мақал» деп қазақ атамыз босқа айтпаса керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізіп отырған. Енді қаншалықты білімді екендеріңізді мақал-мәтел айтудан байқап көрелік.

 

2-жүргізуші:         Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен,

                                Үйреніңіз жақсы мінез ідеппен.

 

Бұл ойынның шарты, оқушылар, мақалдың бірінші бөлімін мен айтамын, ал келесі бөлімін сіздер айтуларыңыз керек.

1.     Әдепті бала – арлы бала.......................

(Әдепсіз бала – сорлы бала).

2.     Дос жылатып айтады.............................

(Дұшпан күлдіріп айтады).

3.     Сыйлай білсең кәріні...............................

(Жарылқаймын бәріңді).

4.     Аға әдепті болса, іні әдепті,....................

(Апа әдепті болса, сіңлі әдепті).

5.     Ардагер аға алдында тұрсын,...................

(Әдепті іні ортасында тұрсын).

6.     Балапан ұяда не көрсе,.............................

(Ұшқанда соны іледі).

                  

1-жүргізуші: «Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» деген. (И.Песталоций).

Яғни қазақ халқы қашанда жоғары бағалаған қасиетінің бірі – адамгершілік. Адамгершілігі бар адамды барлық жерде сыйлаған, дәріптеген, қасиеттеген және үлгі тұтқан. «Адамгершілік – асыл қасиет», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілік ниетінде» деп сол сияқты нақылдар халқымыздың адамгершілікті қаншалықты қастерлегендігін айқын байқатады.

Қайырымдылық – жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек көрсету (Жылы сөзбен қолдау, шаруашылық жұмыстарға көмек көрсету, жұмыс ұсыну және т.б.).

Адамгершілік қоғамның өмір заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болатын белгілі бір ізгілік ұстанымдарын моральдық ұғыну. Адамгершілік адамның адамды құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады.

 

2-жүргізуші: Адамдық асыл қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, үлкенді сыйлау, кісілік жатады. Ал енді, оқушылар, мен сіздерге қағазға жазылған сұрақ берейін, соның жауабын мына бөлшектенген қағаздың ішінен шығарасыңдар.

 

1.     Адамдар бірін-бірі көргенде қандай сөз айтады?/сәлемдесу/

2.     Бала бойындағы жақсы қасиеттердің бірі?/әдепті/

3.     Жақсы оқитын, көп білетін оқушыны қандай оқушы дейді?/білімді/

4.     Отбасында ата-аналар, мектепте ұстаздар баланы неге баулиды?/тәрбие/

5.     «Өкпелемеңіз» сөзіне мағыналас сөз?/ренжімеңіз/

6.     Қазақ халқында қыз балаларды қандай мінезді болуға тәрбиелеген?/инабатты/

7.     Қиын жағдайда досыңа не істеуің керек?/көмектесу/

8.     Әрбір бала көп нәрсені үйренгісі келіп тұрады, ондай балаларды қандай балалар дейміз?/талапты/

 

1-жүргізуші: Әдептілік туралы барлық тапсырмадан мүдірмей өттіңдер. Ендігі кезекте күнделікті өмірде болатын жағдайларға жауап берейік.

1. Сынып оқушылары еңбек сабағында оқу тәжірибе участігінде жұмыс істеуге қажетті еңбек құралының бірі күректің сабын дайындап жатты. Оқушылардың барлығы ынтамен жұмыс істеп жатқанда, тек Арман ғана басқа жұмысқа алаңдаумен болды. Мұғалімнің ескертуіне ол «Мен болашақта дәрігер боламын. Маған күректің қажеті болмайды» - деп тәкаппарлықпен  жауап берді. Мұндай жағдайда мұғалім не істеуі керек деп ойлайсыздар?

2. Сен автобусқа мініп, алдыңғы орындыққа отырдың. Себебі артқы орындықтар бос емес еді. Келесі аялдамада бір үлкен кісі мен балалы әйел адам мінді. Сеннен басқа адамдар үлкендер. Сен үлкен кісіге ме әлде балалы әйелге орын бересің бе? Сенің баратын жерің алыс. Өз ойыңды жеткіз.

3.  Бірде Сәкен мен Мұрат мектептен шығып, автобусқа отырды. Соңғы   орындыққа екеуі отырып алды. Сәлден кейін бір қарт әже кіріп, қастарына келіп тұрды. Осы кезде Сәкен мен Мұрат не істер еді? Олардың орнында сіздер болсаңыздар не істейсіздер?

4.  Света мен Самал жақын достар. Олар үнемі асханаға бірге барады. Бірде Самал самса алатын ақшасын жоғалтып алды. Ал Света дәмді самсаны алып жеп тұрды. «Самал, мен саған ақша берер едім, бірақ анам ұрсады »,-деді Света. Қалай ойлайсыздар, мұндай жағдайда не істеу керек еді? Нағыз достар қалай әрекет етер еді?

5.  Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе жолдастарынан қалып қояды. Жарыстың аты жарыс, Қанат қарияның жолын кесіп өтеді. Қанаттың қылығы дұрыс па? Әлде бұрыс па?

 

               Қорытынды: Мына сөздерге көңіл аударайық. Не ұғынып отырсыңдар? Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? Ауызша ойлап, айтып көрейік. Әрбір адамда намыс оты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер береді. Бойыңда ерік-жігерің болса, бас тықтырар ақылың болса, неден кемдік көрмексің! Еркін еңбегіңнің ертеңгі игілігі өзіңдікі емес пе? Соған жетер қайрат, адами асыл қасиеттер берсін деп тілейік. «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек» дегендей, бүгінгі «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.

 

   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Қайырымдылық-адамгершілік белгісі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі.

 

Мақсаты: Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Халықтың тілін, салт-дәстүрін оқушының бойына сіңіру. Оқушыларды елжандылыққа, достыққа, қайырымдылыққа баулу.

 

                  Түрі: Дәстүрлі емес.

        

Нақыл сөздер:

«Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» /И.Песталоций/. «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек.»/Әл-Фараби/.

 

Әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап.

 

Көрнекіліктер: Нақыл, даналық сөздер, плакат, суреттер т.б.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 409 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2015 23126
    • DOCX 42.5 кбайт
    • 338 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жубангалиева Марина Исатаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жубангалиева Марина Исатаевна
    Жубангалиева Марина Исатаевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36190
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек