Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты: Рахмет саған, Әліппе!

Тәрбие сағаты: Рахмет саған, Әліппе!

Скачать материал

Тақырыбы : «Рахмет саған, Әліппе!»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру.Оқушыларды ғылым дүниесінің бірінші баспалдағы «Әліппенің» ролі және маңызымен жете таныстыру. Ата-аналарға балаларының 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.

Құрал- жабдықтар: «Әліппе», «Математика», «Ана тілі», «Дүниетану» мұқабасы, тақырып аты, слайдтар, шарлар.

1 «В» сыныбы туралы видео

Кіріспе сөз

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар бүгін сіздер 1«в» -сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына қалам ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілікке келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер!

«Друзья» әуеніне флешмоб


Ата-ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығады,

Барлық маман мектептен аттанады.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың!

Азель:Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың,

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

Санжар: Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хор: Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе.

Санжар: Олай болса, бәрімізге қымбат дос, «Әліппені» ортаға шақырайық.

Хор: «Әліппе», «Әліппе» (Әліппе шығады ) «Менің атым, менің атым Әліппе» әнімен ортаға шығады.

Әліппе:

-Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

«Әліппең» келді ортаға

Білім деген ғажаптың,

Әліппенсін меңгерген

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Жақсы білім- көрімдік,

Болсын сізге, халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане ортаға салайық!

Азель: Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.

Санжар: Сабина мен Айгерімнің орындауында өзбек биі

Азель: Аружан, Әлихан,Нарқыз

Аружан : Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Әлихан: Мынау сенің Әліппең

Оқы сен де жалықпа

Үйреніпті әріптен

Ұстаз, ғалым, алып та!

Нарқыз: Әнімізге ұласар

Әннің аты Әліппе!

Бәрімізге тіл ашар

Кітап аты Әліппе!

Санжар: Хор: Әліппе

Азель: Аделия, Нұрбек, Ердаулет

Аделия: Барша-барша ғылымның

Әліппеден басталар

Жалғастырған білімін

Жақсы бала дос болар

Үздік болам десең сен

Үзбей оқы, сен оны

Әліппе саған төселсең

Білім нәрін береді.

Нұрбек: Өтті оқу, сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Басқа оқулық достаспақ

Әліппемен қоштаспақ.

Хор: Құтты болсын тойымыз!

Ердаулет: Ең алғаш қолға алғанда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

Санжар : Ән «Мұғалім ол біздің»

Азель:Данеля, Заңғар, Ғ. Даулет,Айбек, Ерсултан.

Данеля: Бар кітапқа бас болған

Әліппе- ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Заңғар : Үйретті бізді Әліппе

42 дербес әріпке

Сөз, сөйлем құрап әріптен

Лайық болдық дәріпке.

Ғ. Дәулет: Әліппем, менің Әліппем

«А» деген бастап әріптен

Сөз құрап жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен.

Айбек: Әліппем, менің Әліппем

Өшпейтін нұрлы әріптен

Есігін аштым білімнің

Өзіңнен кілт алып мен

Ерсултан:Осылай алға аттадым

Әр әріпті жаттадым,

Жаттаған сайын әріпті

Сөз құрап жаза бастадым.

Санжар: Вальс

Азель : Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?

Санжар: Аделия, Аружан, Данияр, Ж. Даулет, Әлихан,Еркебұлан, Анель, Данеля, Заңғар.

Аделия:Ілім іздер даналы

Аделиямын саналы

"А" әрпінен басталар

Азим мен Алиманың

Қызы болам қалаулы

Аружан:Алдыңызға шығады

Аружан атты қызыңыз

Білімге бастау алады

Қол соғып бір қойыңыз

Данияр:Әлиұлы Данияр деген мен едім,

Білім іздеп, оқу оқып терлеген

Үздік оқу, саналы өріс біліммен,

Айтыңызшы , бәйгеден кім келмеген?

Даулет:Д әрпінен басталатын Дәулетпін

Әріптерден алыс болып қалмаспын

Егеменді еліміздің төрінде

Үлесімді қосудан мен қашпаспын

Әлихан:Әлихан деген мен болам,

Әдептіліктен аспаған

Мынау әйбат әліппе

Әріптерді басқарған,

Мені жақсы көретін

Әркез мені күтетін

Әжем менен әпкем де

Ә әрпінен басталған

Еркебұлан:"Е" дегенің Еркебұлан балаңыз

Қуанышпен айналаға қараңыз

Риза болсын біліміңе балдырған,

Еліміздің игілігіне жараңыз.

Анэль:"А" деген мен Анэльмын ақылды,

Мені мектеп ең бірінші шақырады

Данеля:Д деген мен Данелямын дарамын

Әліппеден әріп танып биіктерге барамын.

Заңғар: Ата-әже бәрінің

Қарашығы Заңғармын

Майталманы спорттың

Заңғар батыр мен дағы.

Санжар: Әліппе оқуға, 
Үйреткен әр күні 
-Үйретіп санауды, 
Көп еңбек сіңірген 
Мұғалім апай ғой! 

Еркебұланның орындауында «Ұстазым» әні

Санжар : Мектепте кімдер оқиды?

Хор: Біз!

Азель : Бақытты балалар кім?

Хор: Біз!

Санжар : Осындай бақытты тұрмысқа жеткізген кім?

Хор: Отан, Ата-ана, Мектеп, Мұғалім, Әліппе! Біз бақытты баламыз.

Азель : Балалар әліппемен бірге математиканы да оқыды. Бұл кітапты жыл бойы оқимыз.

Санжар: Көрініс: «Кірпі, қоян, түлкі, аю.»

Кірпі (Сабина) :Сәлеметсіздер ме балалар

Кәне, отырыңдар

Біз сабақты бастаймыз

Қайталаудан аспаймыз

Кәне, көжек ойланып

Екіге үшті қоса ғой

Көжек (Кәусар): (орнынан тұрып) Білмедім мен шешуін

Мүмкін құлап кетуім.

Кірпі (Сабина) : Қос көрінер қорыққанға

Қорқу деген жаман іс

Екіге үшті қосқанда

Шығады міне үлкен «5»

Енді түлкі сен келші

Өнеріңді көрсетші

Екіге екіні қосқанда

Не шығады тез айтшы.

Түлкі (Адильхан) : (дәптерін ақтарады)

Кірпі (Сабина) : Дәптерге өйтіп қарама

Алдауға бізді бола ма?

Аспай-саспай ойланып

Шешуін тап толғанып.

Түлкі қолын санап (4) дейді.

Кірпі (Сабина) : Сен де дұрыс жауап бердің

Сұрағымды беске білдің

Енді қонжық келе ғой

Үшке үшті қоса ғой

Аю (Гильман): Үшті үшке қосқанда:у-у-у.

Кірпі (Сабина): Сенде дұрыс жауап бердің

Асықпай- ақ тауып кеттің

Міне осындай тапқыр болыңдар

Ақылды да күшті болыңдар.

Сұрақ бердім саспаңдар

Осы еді тосқаным

Сабақ бітті осымен

Сау болыңдар достарым.

Азель: Кәне енді балалар қонақтарға біз қандай оқушылар екенімізді танытайық.

Сыйлап үлкен ағаны,

Сәлем берген баланы,

Кім дейміз?

Хор: Әдепті екен бұл дейміз.

Санжар:Кітап, дәптер, қаламы,

Кір шалмаған баланы,

Кім дейміз?

Хор:Ұқыпты екен бұл дейміз.

Азель:Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы,

Кім дейміз?

Хор:Үлгілі екен бұл дейміз

Санжар:Бұғынбаса қорғалап,

Үлкенге болса қолқанат

Кім дейміз?

Хор:Еңбек сүигіш бұл дейміз,

Азель:Өтірік сөз айтпаса,

Уәдесінен қайтпаса,

Кім дейміз?

Хор:Шыншыл екен бұл дейміз.

Санжар: Азель, осы бізбен бірге әліппені ата-анамыз да оқыды. Олардың да ойынға араластырайық. «Шармен ойын». Шарлардың ішіндегі тапсырмаларды орындау қажет. Ол үшін мына шарларды жарып , ішіндегі тапсырмаларды оқимыз.

Азель: Табылған ақыл. Ал , ендеше бастайық. Ортаға 4 қыз баланың және 4 ұл баланың ата-анасы шықсын. (шарларды ата –аналарға ұсынады).

  1. Қосарлы дыбыстарды атаңыз. (ю, я, ё)

  2. Жуан ағаш- ... ағаш, тар жол- ... жол, жаңа орамал- ... орамал, аласа тау- ... тау. (қарсы мағыналы сөз тап)

  3. Менің ешкім, сенің ..., оның .... .

  4. Тауық- тауықтар, үйрек-..., қаз- ... .

  5. «Ауыл маңында» өлеңін жатқа оқу.

  6. Әліппеден ең алғаш өткен дауыссыз дыбыс. (р)

  7. Кесе ,шыны, пиала.

Олрсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? Шешуінде неше дыбыс, әріп? (ыдыс)---4дыбыс, 4 әріп.

  1. Ә әрпінен басталатын 5 сөз атаңыз. (әже, әке, әтір, әпке, әскер)

(әр жауапты мадақтап тұру)

Санжар: Нұрасхан, Ж. Даулет,Нурдаулет.

Нурасхан: Әліппем, менің әліппем

Өмірді танып келем мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет.

Ж. Даулет:Қош бол , құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатыпсөйлеттің.

Нурдаулет:Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті, Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.

Азель: Ал енді, Санжар, балалармен ойын ұйымдастырсақ , сендерге бірнеше сұрақ, тапсырма беруге рұқсат етіңіздер.

Санжар: Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

Азель: дауысты дыбыстар қалай айтылады?

Санжар: қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан кім?

Азель: сөйлемде сөздің бірінші әрпі қандай әріппен жазылады?

Санжар:Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
Азель:Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
Санжар: адамның аты қалай жазылады? (үлкен әріппен)
Азель: Жуан дауысты дыбыстарды айт? (а, о, ұ, ы)
Санжар: Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
Азель: Жіңішке дауысты дыбыстарды айт. (ә, ө, ү, і)

Санжар: «Қоян» өлеңін жатқа айт.

Азель:парта сөзінде неше дыбыс, әріп бар?

Санжар:отан сөзін буынға бөл.

Азель: дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

Санжар: Көзіне әйнек тағамын... деген қай өлеңнен алынған үзінді?

Азель: 3 сөзден тұратын сөйлем құрап айт.

Санжар:сурет сөзінде у дыбысы қандай? Неге?

Азель: қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама. (жұмбақты шеш) кітап

Санжар: алма, шие, өрік, алмұртты бір сөзбен ата. ( жемістер)

Хор:Рахмет саған Әліппе!

Азель: Хор: «Рахмет саған, Әліппе!»

Азель: Көрініс:«Кітаптар мұңы»

Математика мен дүниетану кітабы алқа-салқа болып бір жерден қашып келе жатады. Оларға кітапханашы қарсы шығады.

Кітапханашы (Нарқыз) :Неге осыншама түрлерің жаман, өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар.

Дүниетану (Кәусар): -иә, ауырып тұрмыз.

Математика (Ерсұлтан): Әрең дегенде Елдостан қашып құтылдық.

Кітапханашы (Нарқыз) :Жағдайларың белгілі болды. Сендер салақ, ұқыпсыз оқушыға түскенсіңдер. Содан ол сендерді қалай болса солай ұстаған. Жүріңдер мен сендерді кітап емханасына апарайын.(емханаға келеді)

Кітапханашы (Нарқыз): Мен сізге оқушыдан қашып кеткен оқулықтарды алып келдім. Екеуі де қатты соққы алған, жарақаттанған, ауырып тұр.

Дәрігер (Данияр): Кел, дүниетану ,тыңдап көрейін.(ішін тыңдап) Ия, түсінікті, Сенің І диагнозың су тиген.Су тиген соң кітаптың беттері құлбырайып, тез сынғыш болып кеткен. ІІ диагнозың кір қолмен ұстаған, кір майдың іздері түскен,беттерің бүктелген.Сол себепті парақшаларың қатты зақымданған. -Математика оқулығы ,кел, сені де көрейін. Ойбай, сенің түрің не болып кеткен өзі? Бір қорлық көрген адамға ұқсайсың ғой? Сенің І диагнозың сені қолшоқпарға ұқсатып сенімен қатты заттарды ұрған, содан кітаптың сыртқы мұқабасы сынып кеткен де, түбі түсіп, беттерің бөлек шашылып қалған.ІІ диагнозың беттерің шимайланған, белгі соққан.Жағдайларың өте ауыр Енді мен сендерді үйлеріңе жібермеймін. Ия, сен енді балаларға білім беруге жарамайсыңдар?

Емханада жатып, емделесіңдер.

Сол кезде Елдос (Адильхан)есікті қағып кіреді.

Маааа, математика мен дүниетану оқулықтарым осында жүр екен ғой? Қатырасыңдар жаңа математика сабағым өтіп кетті, енді дүниетану сабағы басталайын деп жатыр, жүріңіздер-(деп оларды алып кетейін деп жатады)

Дәрігер (Данияр): Жоооқ, балақай! Олардың жағдайы өте ауыр, мен оларды жібере алмаймын!

Елдос (Адильхан): оларға не болып қалыпты?

Дәрігер (Данияр): көрмейсің бе түрлерін, сыртқы киімдері жоқ, тіптен шаршап кеткен.Алдымен сен маған уәде бер, кітаптарыңды таза ұстауға, оларды жыртпауға. Сонда ғана мен сенің кітаптарыңды қайтарамын.

Елдос (Адильхан) : кешіреңдер, кітаптарым. Енді мен сендерді таза ұстауға уәде беремін.Үйге барған соң сіздерді емдеп аламын.(деп оқулықтарын жетектеп алып кетеді)

Санжар : Оқушылар, ал біздер оқулығымызды ырың-жырың ғып,жыртып ұстаймыз ба?

Оқушылар: жоқ, күнде таза ұстаймыз

Азель : беттеріне су тигіземіз бе?

Оқушылар: жоқ

Санжар : рахмет

Әліппе: Балалар менің сендермен қоштасуға уақытым таяп қалды. Сендерге рахмет, өздеріңдегі тәртіпті, оқуға ынталы балаларға қуаныштымын.Қош болыңдар!

Азель : Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Санжар: Адильхан, Айгерім, Әсем.

Адильхан :Әліппе деген алтын жол,

Апрар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Айгерім:Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тоймадық.

Әсем:Барлық әріп бағалы,

Айттық дәл бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды.

Санжар: хор: «Қош бол , құтты әліппем!»

Азель: сөз кезегін бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Жеңіс Кәкібайұлына береміз. (марапаттайды)

ммұғалім: бүгінгі кеш әр үйдің

Той басы боп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Азель: сөз кезегін бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Жеңіс Кәкібайұлына береміз. (марапаттайды)

Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып, ендігі сөз кезегі өздеріңізде.
























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: Рахмет саған, Әліппе!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

№ 46 жалпы орта білім беретін мектебінің сертификатталған І санатты бастауыш сынып мұғалімі Балгабаева Жанаргуль Женисовна Орал қаласы Батыс Қазақстан облысы

Тақырыбы : «Рахмет  саған, Әліппе!»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру.Оқушыларды ғылым дүниесінің бірінші баспалдағы «Әліппенің» ролі және маңызымен жете таныстыру. Ата-аналарға балаларының 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.

Құрал- жабдықтар: «Әліппе», «Математика», «Ана тілі», «Дүниетану» мұқабасы, тақырып аты, слайдтар, шарлар.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2015 1563
    • DOCX 80.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балгабаева Жанаргуль Женисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6271
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2690 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 490 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе