Инфоурок Другое Другие методич. материалыТренинг тақырыбы: «Жобалау қызметі: ойдан іске»

Тренинг тақырыбы: «Жобалау қызметі: ойдан іске»

Скачать материал

Тренинг тақырыбы: «Жобалау қызметі: ойдан іске»

«Жоспар – ештеңе емес, жоспарлау – барлығы»

                                                                        (Эйзенхауэр)

 

Мақсаты: Мұғалімдерге жобалау қызметі, сабақты нәтижелі жоспарлаудың  маңыздылығын түсіндіру, жоба жұмыстары құрылған жоспарға сай орындалуы тиіс екендігі және жобаның үнемі нәтижеге, белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталатындығы туралы білімдерін жетілдіру.

 

Мұғалімдердің тренинг барысындағы мүмкіндіктері:

Мәдени мәнмәтінге қол жеткізеді;

Жеке адамдар арасындағы қатынастардың маңыздылығын түсінеді;

Тыңдап, сұрақ қоюға дағдыланады;

Жұмыс атмосферасын сақтап тұруды үйренеді.

 

Күтілетін нәтиже: Тренингке қатысушы жас мамандар мен тәлімгерлердің педагогикалық  шеберліктері жоғарылайды, педагогикалық процесті жетілдіруге мақсатты түрде бағытталған іс-əрекет екенін, жоспарлар құруды және оның тиімділігін түсінеді.

 

Тренингті өткізу әдістері:

Ойларын еркін ортаға салуға жетелейтін сұрақтар;

Теориялық мәлімет беру;

Шығармашылық жұмыс;

Шығармашылықты қорғау;

Кері байланыс.

*Түйінді идея: Білгеніңді үйрету, білмегенді меңгеру.

 

ЖОБА деген не?

·         Жоба – грек тілінен аударғанда – бұл зерттеу жолы яғни арнайы үлкендердің басшылығымен ұйымдастырылып және балалардың кешенді әрекетімен дербес орындалып, шығармашылық жұмысты жарыққа шығара қорытындыланады.

·         Жобалау әдісі – жүйелі оқыту, балалар жоспарлау процесінде және тәжірибелеі жобалау тапсырмаларын үнемі күрделендіре орындайтын білімге ие болады. Жобалау әдісі тәрбиеленушілерге үнемі әлдеқандай тапсырмаларды шешуге бағдарлап отырады.

 

ЖОБАЛАУ ӘДІСІ

          Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді

         Жобалау технологиясының мақсаты  баланың еркін шығармашыл тұлғасын дамыту.

  • Бала үшін жобалау деген не:
  • Шығармашылық потенциалын ашу;
  • Топпен жұмыс істеуге үйрету;
  • Баланың өзі қалыптастырған, қызықты мәселелерді шешу әрекетіне бағыт беру;
  • Өз жұмысын тарту етуге уйрету.

 

Жобалау

         Жобалау - кәсіпорынды, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама (жоба) кешенін әзірлеу.

 

Жоба түсінігі және жоба түрлері

         Жоба дегеніміз, бір жағынан, қандай да бір идея, объектінің сипатталған, нақты есептелген, сызба, бизнес-жоспар түріндегі бейнесі.          Екінші жағынан, жоба – ойды жүзеге асыруға арналған іс-әрекеттердің бағдарламасы.

         Қазіргі әдебиеттерді талдай отырып, жобаларды 2 түрлі көзқараспен анықтауға болады:

- жобаны қызмет түрі, шаралардың кешені түрінде анықтау;

- жобаны құжат түрінде анықтау.

         Жоба үрдістер мен қосалқы жобалардан тұрады. Үрдіс – нәтиже әкелетін іс-әрекеттердің жиынтығы.

     Жоба түсінігі бірнеше белгілермен сипатталатын түрлі қызметтерді біріктіреді.

Олардың негізгілері:

- нақты мақсаттарға, нәтижелерге жетуге бағытталу;

- белгілі ресурстар;

- басталу мен аяқталуы белгіленген шектелген уақыт ұзақтығы.

 

         Жалпы алғанда, жоба – бұл жоспарланған немесе ойластырылған нәрсе.

Жобаның элементтері:

-ой (мәселе, міндет)

- жүзеге асыру құралдары (шешім)

- жүзеге асыру мақсаттары (нәтиже, шешім)

 

Жоба қатысушылары

     Жоба үнемі нәтижеге, белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталады. Жобаны жүзеге асыру жобаның өкілетті басшылығымен жүзеге асырылады: жоба менеджері және оның басшылығымен жұмыс жасайтын жоба командасы. Жоба үрдісі бойынша жекелеген ерекше қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да қатысушылар болады.

     Жоба қатысушылары — жоба құрылымының негізгі элементтері.

Жоба типіне байланысты оған қатысушылардың саны әртүрлі болып келеді.

 

Жобалау әдісі

      Әлемдік педагогикада жобалау ісі түбегейлі жаңа әдіс емес. Жобалау әдісі ХХ  ғасыр басында АҚІІІ-та пайда болған. Бұл әдіс сондай-ақ проблемді деп те аталған және ол американдық философ-педагог Дж.Дьюи және онын ізбасарлары У.Килпатрик ұсынған философия және тәлім жүйесіндегі гуманистік бағыт идеяларына сабақтаса келеді. Дж. Дьюи тәлім, білім үйретуді баланың қызығуына сәйкес белсенділік негізінде, нақты мақсатты көздеген іс-әрекет арқылы ұйымдастыруды ұсынды, осылай болған да ғана нақты өмір, тұрмыстан туындаған проблема бала үшін таныс әрі маңызды келіп, игерген білімін оны шешуге пайдалану қажеттігі өріс алады.

      Мұғалім жаңа ақпарат көздерін ұсынып немесе шәкірт ойын қажетті бағытқа бұрып, дербес іздену жолына салып, белгілі білімдер қорын игеруді керек ететін нақты проблемаларға ынталандыра, қызықтырып, бір, бірнеше проблемалар шешімін көздеген жобалау іс әрекеті арқылы жинақтаған білімдерінің тұрмысқа қолдану жолдарын көрсетуі тиіс, яғни теориядан практикаға өтіп, академиялық білімдерін іскерлік прагматизммен байланыстыра, тәлім-тәрбиенің әр кезеңінде олардың әрқайсысының қай шамада қажет боларын ұқтыру - мұғалім парызы.

      Шәкірттер білімді шынайы қажеттік ретінде қабылдауы үшін оның өзіне маңызды келген проблеманы қойып, өз белсенділігімен шешу талабын тарту лазым. Нәтижені сырттай көруге, ұғуға, тұрмыс-тәжірибеде қолдануға болады. Ал іштей нәтиже сол білімге деген ынта мен ептіліктер, біліктілік және құндылықтар.

      Жоба әдісін дайындап, әлемде бірінші болып білімдену жобаларын ажырата топтастырған американдық профессор Коллингс болды. Оның ойынша, тәлім-білім тиімділігін көрсетуге бағытталған жобалар түрі келесідей болуы мүмкін:

      Ойындық жобалар - әрқилы ойындар, халық билері, сахналық қойылымдар және тағы басқалар. Мақсат – балаларды топтық қатынастарға тарту.

      Саяхаттық жобалар – қоршаған табиғат және қоғамдық өмірмен байланысты жағдайларды мақсатты түрде зерттеп үйрену.

      Баяндама жобалары – мақсаты - әрқилы формада әңгімелесуден (ауызша, жазбаша, ән орындау, күй тарту және т.б) қанағат табу.

      Құрастырушылық жобалары - нақты пайдаға жарағандай өнім жасау (құс ұясын жасап, жоғарыға ілу, мектеп театры сахнасын құру, көпір салу, ойын алаңын түзу және т.б.)

      Жобалау әдісінің негізіне шәкірттердің таным дағдыларының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құрастыра алу ептіліктері, ақпараттық кеңістікте бағдар таңдау шеберліктері, сындарлы ой дамуы алынған

      Жобалау әдісі әрдайым балалардың белгілі уақыт аралығында орындайтын дербес - жеке-дара, жұптасқан жұмыстарына бағдарланады. Бұл бағыт шәкірттерді топтастырып үйрету, білім игеру істерімен сәйкес келеді. Жобалау әдісі қай уақытта да, бір жағынан, әрқилы әдістер мен құралдарды пайдалануға, екінші жағынан - әртүрлі ғылымдар, техника, технология, шығармашылық саласынан қажетті білімдер мен ептіліктерді біріктіре ұсынуға қолайлы. Жобалардың орындалу нәтижесі барша уақытта сезімді болуы қажет, яғни, егер проблема теориялық болса, оның шешімі, ал практикалық болса, оның нақты пайдалануы, көзге түсер нәтижесі болуы шарт.

      Жобалау әдісін пайдалана білу ептілігі мұғалімнің жоғары біліктілігінің, баланың білім игеруі және дамуына тиімді озат әдістемесінің көрсеткіші. Бұл технология, ең алдымен, адамның постиндустриялды қоғамның шалт өзгрістеріне икемденуін көздеген XXI ғасыр технологиясы деп бекер аталмаған.

      Жобалау әдісін пайдалануда қойылатын талаптар:

      · шешімі бірігімді білімдерді, ізденісті зерттеулерді қажет ететін тұрмыстық мәнді де маңызды тапсырмалардың болуы (мысалы, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу, қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға келтірер зиянын ашу және т.б.);

      · ниетті нәтижелердің тәжрибелік, теориялық, танымдық маңызының болуы (мысалы, аймақтың демографиялық жағдайы жөнінде тиісті орындарға хабарлап тұру, әртүрлі жерлердегі тоғай, орманды қорғау, мәдени-қоғамдық шаралар жоспарын түзу және т.б.). Шәкірттердің дербес (жеке-дара, жұптасқан, топтық) іс-әрекеттері;

      · жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру (кезеңді нәтижелерін көрсетумен);

 

Жобалау технологиясының бастау бағыттары:

      · басты назарда - тәрбиеленуші шәкірт, оның шығармашыл қабілеттерінің дамуына көмектесу;

      · тәлімдік жүйе сыныптық пән кисынымен құрылмай, шәкірт үшін тұлғалық мәнге ие іс-әрекеттердің қисынына негізделеді, осыдан баланың тәлім, білімге деген талпынысы артады;

      · жоба бойынша жеке-дара жұмыс қарқыны әр шәкірттің өз даму деңгейіне орай іс жасауына жол ашады;

      · тәлім жобаларын дайындаудағы кешенді бағыт шәкірттің негізгі физиологиялық және психологиялық мүмкіндіктерінің теңдей дамуына жәрдемдеседі;

      · базалық білімдерді әрқилы жағдайларда әмбебап қолдануға үйренеді.

 

Педагогика ғылымындағы «жобалау» ұғымының мəні

         Болашақ педагогтарды кəсіби даярлау процесінде олардың жобалау іс-əрекетіне даярлығын қалыптастыру мəселесінің орны ерекше. Себебі жалаң білімдер, іскерліктер жəне дағдылар қалыптастырудан құзыреттіліктер қалыптастыруға көшіп отырған бүгінгі күнгі білім парадигмасына сəйкес ең алдымен педагогты шығармашылықпен жұмыс жасауға дайындау қажеттігі туады. Ал оның шығармашылықпен жұмыс жасай алуы аталған даярлықтың, яғни жобалау іс-əрекетіне дайындығының, қалыптасуымен тығыз байланысты.

         Оқыту мазмұнын жобалау, оқыту процесін басқаруды жобалау, оқыту нəтижесін бақылау жобасы, оқыту əдістерін жобалау, білім беру жобасы, білім беру технологиясын классификациялау т.б ұғымдарын оқытудың технологиясы, ал «шəкірттердің дүниетанымдары мен қабілеттерінің мазмұнын жобалау, даму процесін жобалау», «даму нəтижелерін жобалау», «даму əдіс-тəсілдерін жобалау» ұғымдарын дамыту технологиясы біріктіреді.

         ХХ ғасырдың соңында «жобалау» адамның шығармашылық іс-əрекетіндегі ойлаудың өзіндік ерекшелігі бар түріне жəне жіктемелік белгісіне айналды. «Жобалау» іс-əрекеті ғылымға, өнерге жəне жалпы адамның қоршаған дүниеге қатынасына тəн іс-əрекет түріне айналды. Яғни ол адам өмірінің барлық сфераларында өз орнын алады.

 

         «Жобалау» сөзі қазақтың «жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нəрсенің жобасын, сұлбасын жасау. Ғылымда ол тек қана жаңа нəрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу, басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да қолданыс таба бастады.

 

         Педагогикалық жобалау көптеген ғалымдардың зерттеулерінде əр қырынан көрсетілді (В.С. Безрукова, Н.В. Борисова, А.Н. Дахин, В.В. Краевский, В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, Н.А. Шайденко, Т.К. Смыковская, Е.А. Крюкова жəне басқалар). Аталған авторлардың еңбектері мен басқа да педагогикалық-психологиялық зерттеулерді талдау олардың көпшілігінде «жобалау» түсінігінің «жоспарлау», «болжау», «құру» түсініктерімен байланыстырылатыны байқалды.

 

         Мəселен, В.С. Безрукова педагогикалық жобалауды «оқушылар мен мұғалімдердің алда тұрған іс-əрекетінің негізгі детальдарын алдын ала жасау»  ретінде қарастырады. Бұл анықтама мұғалімнің педагогикалық процесті жоспарлауының жалпы алгоритмін көрсетеді. В.В. Краевскийдің айтуынша, «педагогикалық жобалау əлеуметтік мақсат қоюдың өзіндік формасы болып табылады». Дегенмен, бұл анықтама бойынша, «жобалау» жəне «жоспарлау» іс-əрекеттері бір-бірімен сəйкестендіріледі, ал олардың əрқайсысының өзінің жеке мағынасы бар іс-əрекет екендігі көрсетілмейді. Себебі педагогикалық жобалау – тек мұғалімнің сабақты жоспарлауы ғана емес, ең алдымен оқу-тəрбие процесінің логикалық құрылымын жасау.

         Н.В. Борисова жобалаудың білім беру жобаларын жасауға жəне іске асыруға бағытталған іс- əрекет екендігін көрсетеді.

         А.Н.Дахин болса, жобалауды «қандай да бір жүйені, объектіні немесе модельді құру (жасау, жоспарлау, құрастыру) жөніндегі іс-əрекет» деп біледі.

 

         Сонымен, жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: педагогикалық жобалау дегініміз – белгілі бір жағдайларда педагогикалық процесті жетілдіруге мақсатты түрде бағытталған іс-əрекет. Біз өз зерттеуімізде осы анықтаманы негізге алатын боламыз.

 

 

Жобалау әрекетінің түрлері  Дара Топ бөлігімен Отбасымен Жұптасып Топпен  Қатысушылар құрамымен Бір жоба (бір білім саласы) Ықпалдасқан жоба (екі немесе бірнеше жоба  Мазмұнына қарай Ұзақтығына қарай Қысқа мерзімді (1-4 апта)   Орташа мерзімді (1 айдай)   Ұзақ мерзімді(жарты жылдық, 1жылдық)  Жобалау әрекетінің үстемдік түріне қарай Ақпараттық   Зерттеушілік   Шығармашылық   Жобалық-бағытталған

 

 

Жобалау әрекетінің түрлері:

 

1) Қатысушылар құрамына қарай (Дара, топ бөлігімен, отбасымен, жұптасып, топпен)

2) Мазмұнына қарай ір жоба (бір білім саласы), ықпалдасқан жоба (екі немесе бірнеше жоба)

3) Ұзақтығына қарай: (қысқа мерзімді (1-4 апта), орташа мерзімді (1 айдай), ұзақ мерзімді (жарты жылдық, 1жылдық))

4) Жобалау әрекетінің үстемдік түріне қарай (Ақпараттық, зерттеушілік, шығармашылық, жобалық-бағытталған)

 

Жоба құрылымы

1 кезең – Жоба тақырыбын таңдау. Мәселе қалыптасады, мақсат, міндет, ойын жағдаяттары жүргізіледі. Тәрбиеші- бастаушы, ата-аналардың сұраныстары, баланың қажеттілігі мен қызығушылығы қанағаттандырылады. Бұл кезеңде баланы ролі: мәселеге кіру. Ойын жағдайына кіру. Міндеттерді қабылдау.

2 кезең - Жоспарлау. Тәрбиеші әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, мәселені шешуге көмектеседі:

3 кезең – Жобаны жүзеге асыру. Тәрибеші балалар әрекетін мәселе ортасына қарай ұйымдастырады, жоба тақырыбына қарай материалда және құралдармен қамтамасыз етеді, жүзеге асуын және бақылап бағыттап отырады. Балалар өзіне тән білім, білік, дағдысын қалыптастырады.

4 кезең - Жобаның қорытындысы. Педагог дайын өнімнің презентациясын дайындайды. Көрсетілім ұсынылады. Балалар дайын өнімді (көрерменге және эксперттерге көрсетеді.

 

Жобадағы жоспарлау

 

         Жоспарлаудың қажеттігі және жоспарға не енгізу қажет? Сонымен, жоба жарғысына қол қойылды. Келесі қадам – жоспарлау. Бұл жобаларды басқарудағы өзекті фактор. Ол шешуші мәнге ие. Нені жоспарлауға болмаса, – соны жасауға да болмайды. Кім көп жоспарласа, сол жеткіліксіз креативті, икемді және туындаған мүмкіндікті пайдалануға қабілетсіз деген пікір кең тараған. Бұл қате болып қана қоймай, жобалар үшін қауіпті пікір. Әлбетте, жәй және ешбір жоспарсыз жұмысқа кірісуге болады. Бірақ, жоба – бұл маңызды мақсаттар, кешенді міндеттер, шешімнің анықталмаған жолдары, жоғары тәуекелділік, әртүрлі ролдерді ойнайтын көптеген орындаушылар. Сондықтан да кім өз жобасын бақылауда ұстағысы келсе, сол жоспарлаудың жауы болмауы керек.

         Жоспарлау мақсаты барлығын тұрған орыннан қозғалтуға мүмкіндік беретін бастапқы идеяны нақты және анық құрылымға келтіру болып табылады. Ал ол үшін әрекеттердің, ресурстардың, аралық мерзімдердің немесе нәтижелердің бірізділігін анықтау қажет. Жобаны басару жоспары – жобаны іске асыру жолының бірыңғай және тұтас көрнісі. Ол жоба қалай орындалатыны, мониторингті қалай жүргізуді және жобаны басқаруды, жоба қалай аяқталатындығы көрсетілетін бекітілген ресми құжаттар (жеке жоспарлар) топтамасы ретінді ұсынылған. Жоспарды тек ресми түрде «жоспар құрылды» деген атақ үшін ғана құрудың қажеті жоқ. Жоба жұмыстары құрылған жоспарға сай орындалуы тиіс. Сонымен қатар, жоспарды бойкүйез қызметкерлерді жазалау құралы ретінде пайдаланудың да қажеттілігі жоқ.

         Жоспар – бұл жобаны орындауға арналған құрал, топтың нәтижеге қол жеткізу бойынша бейімділігі, коммуникация мен жоғарғы басшыларға берілетін есептерге арналған әдіс.

         Нені жоспарлауымыз керек? Жоба бірыңғай тұтас болып жоспарланатынын айта кету қажет. Жобаны басқару жоспары – барлық жоба жоспарларының жиынтығы, бұл барлық жоба жоспарларының жалпы атауы, олардың әрқайсысы жеке «өмір сүреді» және тұтасымен топ үшін «ойнайды».

 

 

Жобаның аяқталуы

Егер нүктені білмейтін қол қойса, – үтір болып шығуы мүмкін.

        

         Жоба немен аяқталады? Жобаның басы ғана емес, айқын көрінетін аяғы да болады. Жобаның аяталуы – бұл жоба нәтижелерін ресми мақұлдау және рәсімдеу.   Осы сатыда жоба бойынша барлық жұмыстар аяқталғанын, жобаның мақсаттарына қол жеткізілгенін қарастыру қажет. Сонымен бірге, жобаның соңғы нәтижесін ғана емес, жүзеге асырылуының толық үдерісін талдау қажет.

         Әрине, көбінесе жобаның тиісті түрде аяқталуы – бұл бір қалыпты жұмыс. Алайда, ол нақты осы жоба үшін ғана емес, бүкіл ұйым үшін, оның бұдан кейінгі қызметі үшін өте маңызды.

 

Жас мамандармен жұмыс (шығармашылық жұмыс)

1)    Қысқа мерзімді сабақ жоспарының жобасын құру.

2)    Мұнара тұрғызу жобасы. Жоба тапсырмаларына кіретін құжаттар:

-мұнара салынатын аймақтың табиғаты мен ауа райы туралы деректер;

-құрылыс алаңдарының ерекше жағдайлары (жер сілкінісі, кен-тау жұмыстары, топырақтардың ерекшеліктері);

-жобалау кезеңдері;

-мұнараның құрылыстық сипаттамалары (биіктігі, құрылыс көлемдері, сыйымдылығы);

-жоспарлау;

-конструкциялық шешімдер;

-инженерлік және технологиялық жабдықтардың сипаттамалары;

-құрылыс бұйымдарын дайындап шығаратын мекемелер туралы мәліметтер;

-мұнараны салу мерзімі мен кезегі;

-мұнараның қаржылық, ақшалай құнын анықтайтын құжаттар;

          -қажетті зерттеу жұмыстарын орындау нұсқаулары.

 

Қорытынды. Сонымен, «Ойымыз биік, ісіміз оң болсын...» деген сөйдеммен аяқтағым келіп отыр.

 

Кері  байланыс.  «Екі жұлдыз, бір тілек» 

Нұсқау:  Тренингтен қандай әсер алғандықтары жайлы жазуды сұраймын.

Сұрақтар: Қандай әсер алдыңыз? Жобаға қатысқың келе ме? Қай жерлерде? Неліктен? Мысал келтірсеңіз? Қандай жаңа жобалау қызметін ұсынар едіңіз?

 

        

 

 

 

 

 

 

 

            

              Бекітемін:

Мектеп директоры А.К.Ильясов

«       » ......................2019 жыл

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг тақырыбы: «Жобалау қызметі: ойдан іске»

 

Жас маман жетекшісі З.З.Уайсова

 

2018-2019 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг – ол оқыту, дамыту, білім беру.

  • Тренинг – ол оқыту, дамыту, білім беру.
  • Тренинг бұл тренировка сияқты, ақыл-ой, іс-әрекет дамиды.
  • Тренинг бұл активті оқу, білім беріледі.
  • Тренинг бұл қатысушылардың өзін-өзі ашуына, өздігінен ізденуіне, өз проблемасын шешуге ұмтылуына көмектеседі.
  • Тренинг бұл дрессура түрі, мұнда позитивті, негативті жағдаяттар арқылы мінез-құлық дамиды.

Тренинг әрқайсысы қатысушылардың даралық ерекшеліктері мен тұлғасын ашып, басқалармен қарым – қатынасқа түсуді жан – жақты қарастыру мақсатын жүзеге асыратын үш кезеңнен тұрады. Олар:

1. Диагностикалқ - бағдарлы кезең .

  • 1. Диагностикалқ - бағдарлы кезең .
  • 2. Негізгі кезең.
  • 3. Қорытынды кезең

І. Диагностикалық – бағдарлы кезең. «Өз есіміңді айт»

  • Шеңбер көлемінде отырып, өз есімін және өз есімінің бас әріптен басталатын жағымды қасиетін айтуы қажет.
  • Жаттығу аяқталғаннан соң талқылау жұмысы жүргізіледі: өз жеке бас қасиеттерің ұнайды ма? Қандай сезімде болдың? Жағымды қасиет табу қиынға соққан жоқ па?

ІІ. Негізгі кезең. Тұлғаның негізгі және жанама қабілеттілігін анықтау.

  • Мақсаты: Тұлғаның негізгі және жанама қабілеттілігін анықтау, өзін-өзі тану қабілетін дамыту, өзіне-өзі баға беруге қалыптастыру, сенім, қатынас, шыдамдылық, шыншылдық және сыпайылық, өзіндік дербестік. басқалармен санаса білуге үйрету.

«Сенім өлшемі»

  • Қатысушылар ойдан жасалған «сенімсіздік пен сенімділік» аталатын координата түзуінің бойынан, өз қалаған жерлерінен орын тауып тұрулары тапсырылады. Координата түзуінің шеткі нүктелерінде тұрған қатысушылар өз әсерлерін ортаға салулары тиіс. Қалған қатысушылар оларға көмек ретінде өз ойларын ортаға салғаны жөн. Қорытындылау мақсатында мақал-мәтелдер, ертегілерді пайдалануға болады.

Қорытынды кезең Қорытынды кезеңнің мақсаты тренинг барысы бойында қатысушылардың алған тәжірбиелерін жинақтау, өзі туралы ойларын бекіту болып табылады .

  • Қорытынды кезең Қорытынды кезеңнің мақсаты тренинг барысы бойында қатысушылардың алған тәжірбиелерін жинақтау, өзі туралы ойларын бекіту болып табылады .

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тренинг тақырыбы: «Жобалау қызметі: ойдан іске»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 484 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2019 6622
    • DOCX 121.6 кбайт
    • 95 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уайсова Зинегуль Закиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Уайсова Зинегуль Закиржановна
    Уайсова Зинегуль Закиржановна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75181
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов