Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш кенті
№19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Берсүгірова Мирамкүл
Тренинг
Тақырыбы:«Баланың бас ұстазы ата-ана!»
Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Оқушының ата-анасымен жақын танысу. Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу ерекшеліктерін білу, ойларын ашық айтуға баулу
Көрнекілігі:
Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы,еңбексүйгіштігі ,оқу мен еңбектегі табыстары.Бала ата-ана өмірінің жалғасы.Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.Жазушы педагог Ж.Аймауытов:
«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек.Себебі,бала айтып ұқтырғаннан гөрі,көргеніне көп еліктегіш келеді.»
Баланы бастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата –ана.
Тренинг барысы:
1. Таныстыру.
2. Ой қозғау.
3. Кесте толтыру. «Мадақтау мен жазалау» видео
4. Ойын
5.Жүректен-жүрекке.
– «Таныстыру», «Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Ой қозғау Сұрақ-жауап
1)Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
2)Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?
3)Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
4)
Кесте толтыру «Мадақтау мен жазалау»
Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,
ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.
Ойын:
1) «Мен және айна»
2) «Анаңды таңы»
3) Балаңды жақсы танисың ба?
-Балаңыздың ең жақын досы кім?
-Балаңыз қай пәнді жақсы көреді?
-Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
-Балаңыздың сүйікті асы қандай?
-
4) Шар жару
Сергіту
Ата-аналар берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.
-Балаңыздың туған күні?
-Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
-Балаңыздың парталас көршісі кім?
-Балаңыз қандай өлшемелі аяқкиім киеді?
-Балаңыз кеше қандай баға алды?
-Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
-Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
-Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
-Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
-Балаңыздың үйдегі сүйікті ісі?
-Балаңыздың арманы не?
-Бос уақытын қалай өткізеді?
Балаларға берілетін сұрақтар
-Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?
-Анаңның туған күні қашан?
-Үйдегі адам саны қанша?
-Бауырың неше жаста?
-Үйде ыдысты кім жуады?
-Үйді кім жинастырады?
-Таңертең сені кім оятады?
-Әкеңнің туған күні қашан?
-Отбасында неше адам бар?
-Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
«Жанұя бақыты»
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
«Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.
“Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
- Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі....
- Отбасы бұл....
- Отбасым бақытты болу үшін....
- Отбасымда зорлық-зомбылыққа жол жоқ, себебі....
- Мен қалар едім отбасымның....
Жүректен-жүрекке
Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсың!
Олай болса,ата-ана жүрегі қашанда бала,ал бала жүрегі ана деп соғуы керек.
Сонымен бүгінгі тренинг өз шегіне келіп жетті .
Ата-ана көз қуаныш,
Алдыңа алған еркесі.
Көңіліңе көп жубаныш,
Гүлденіп ой –өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы,гүлденген үміт арманы тек перзент сүю,оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық.
6 664 934 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Берсугирова Мираш Файзурахмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
36/72 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.