Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы.." әдеби - музыкалық кештің сценарийі

"Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы.." әдеби музыкалық кештің сценарийі

Скачать материал

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы…»  атты әдеби кеші

 

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Абдикаримова А.Ж.

Алматы қ.

«№ 18гимназия» КММ

 Жүргізушілер: 9- сынып оқушысы Поленов Д.

                           10-сынып оқушысы Васинович О.

 

        Фанфар қойылады. Жүргізушілер сахна төріне шығады.

 

І жүргізуші:Армысыздар

Қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

Биыл 2011 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды.

Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына  25 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы…»  атты әдеби - музыкалық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ жүргізуші:

Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым,  Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.

Слайд «Тәуелсіздіке жол»

1 - оқушы

Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге  ел тосқан

Атамменен барған күн.

2 - оқушы: 
Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған 
Қазақ деген қалың жұрт 
Бәрін кешті басынан 
3 - оқушы: 
Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

4- оқушы:

Бас алаңда ел жосқан, 
Жастар қаны жуған түн. 
16 желтоқсан- 
Тәуелсіздік туған күн! 

5- оқушы:

Мерекеге шығады

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік – ұлық той!

6- оқушы:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Музыка

 І жүргізуші:

Құттықтау сөз гимназия директорының міндетін атқарушы

Некрасова Оксана Алексеевнаға  беріледі

І жүргізуші:Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында  қаншама қан төгілді,

қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл,  бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.Осы  арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы  бір зер салайық.

ІІ жүргізуші:

Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан

кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл

сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

Музыка

9 «В»- сынып оқушылары шығады:

І ж:   1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

ІІ ж:   1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

І ж:    1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

ІІ ж:   1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

І ж:    1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

ІІ ж:   1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

І ж:    1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

ІІ ж:   1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

Көрініс «Жатақанада» .Жас мұғалімдер мен 11сынып оқушылары

Айқай- шу дыбыстары

Жүргізуші:

Озбырлық күшпен  тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан күн!

                                                            Музыка

Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Подозреваемый Рысқұлбеков, сен Мира мен Сәтбаев көшелерінде бодың ба?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Ты убил Савицкого?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Есть свидетели. Тебя видели когда ты избивал его.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, ты лучше признайся, скажи, что убил  Савицкого, тебе же лучше.Срок сократят… может
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,Не глупиі Просто кажи,
«Я убил Савицкого»  и все.

Қайрат: 
Жолдас тергеуші! Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. 
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! 
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар, 
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.

(Қайратты кісендеп алып кетеді.)

Слайд. «Желтоқсан құрбандары»

 «Тәуелсіздік - тірегім» өлеңі. Оқитын ұстаз: Конарбаева А.Т.
I оқушы:

Қазақ халқын дүниежүзіне танытқанбұл оқиғаның  алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова,Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды ексе алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.

IІ оқушы:1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғаршашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды.

IІІ оқушы:Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсізкүйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Жүргізуші: Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

Үнсіздік

Музыка . Үш буын өкілдері шығады

«Мен қазақпын» Т. Молдағалиев

Мұғалім:

Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел өстім мен.

Мен – қазақпын, қаныммен, сүйегіммен,
Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен. 
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін оған да иемін мен.

Орта буын оқушысы:

Мен - Жамбылмын, жаугер жыр ел тілеген,
Қазған ормын дүшпанға ентелеген.
Мен - Москва қорғаны, Жиырма сегіз,
Мен - Әлия, мен - Мәншүк, мен – Төлеген

Мен - қазақпын, жаныммен, жүрегіммен,
Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен.
Алабөтен болмаймын өзгелерден,
Өзгемен бір өзім боп жүремін мен.

Бастауыш сынып оқушысы:

Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, айта бергім!

«Көк тудың желбірегені» әні .

Орындайтын  6 «В» сынып оқушылары

 

Музыка. Оқушылар Отан, туған жер тақырыбында  өлең оқиды:

Томирис, Вильдана, Ахмад, Дима, Султана, Костя, Данияр,Байсал, Асан

Слайд+ музыка

Қазақ биі. Полина 5 В сынып

 

ІІ жүргізуші:

Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан ел тарихына  көптеген оқиғалар, мерекелер қосылды.

Музыка. 5 «Б» оқушылары шығады:

16-желтоқсан –Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні.Ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.

1- желтоқсан - еліміздің  Тұңғыш президенті күні

8- мамыр - кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы күні.

4- маусым- еліміздің мемлекеттік рәміздері күні.

15- қараша  мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгенің күні

7 шілде – Бас қала – Астананың туған  күні

Ән  «Астана». Орындайтын мұғалімдер: Рахимқызы Р., Абдикаримова А.Ж. Құдайбергенова А.С. және 3 «Д»сыныбының бишілер тобы

ІІ жүргізуші: 

Армандаған күнге де жеттік.

Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.

І жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, елтаңбасы мен Гимні қабылданды.  Қазақтың жаңа астанасы бой көтерді. 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

                           Қазақ биі. Орындайтын  5 «Б» сынып қыздары

ІІ жүргізуші: 

Жиырма жыл, жиырма жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

                                 «Балбырауын» күйі .Орындайтын мұғалім: Ыбышева Л.Т.

І жүргізуші:

25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім

Бодандығым ғасырларға жалғасқан

Қазір, міне артта қалды келмес күн

ІІ жүргізуші: 

Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл -елім

І жүргізуші:

Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

ІІ-жүргізуші

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

І – жүргізуші

Тәуелсіздік деген ұғым нені білдіреді?

Оқушылар шығады:

Т – татулық.Қазақстанда барлық ұлттар тату.

Ә — әдептілік.Қазақстандықтар әрқашан әдептілікті сақтайды.

У – уайымсыздық. Біз Елбасымызбен бірге уайымсызбыз!

Е – егемендік. Бізді бүкіл әлем таниды.

Л – лайықтылық. Біз бар құрметке лайықпыз!

С – сенімділік. Біз болашаққа сенімдіміз.

І – іскерлік. Іскер адамдар Қазақстанды дамытады!

З – зиялылық. Біз үшін, білім – болашаққа апаратын жол.

Д –достық.Біз халықтар достығын мақтан етеміз

І ілгері басып, алға жүреміз! Қазақстан алға!

К – кең пейілділік. Біз кеңбіз, ал кең болсаң, кем болмайсың!

Жүргізуші:

І жүргізуші:Далада думан, қалада думан, жыр бүгін

ІІ жүргізуші:Ғасыр бойы аңсаумен күткен бұл күнім.

І жүргізуші:Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

Хормен:  Жаса,Қазақстан!

Ән «Атамекен».Орындайтын барлық қатысушылар

І-жүргізуші.Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы…»  атты әдеби  - музыкалық  кешіміз аяқталды.Келесі көріскенше аман сау болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы.." әдеби - музыкалық кештің сценарийі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 151 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2017 1909
    • DOCX 29.3 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдикаримова Айгуль Жангабыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37969
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой