Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Тәуелсіздік-бойтұмары елімнің" сыныптан тыс

"Тәуелсіздік-бойтұмары елімнің" сыныптан тыс

Скачать материал

Концерттің тақырыбы:  Тәуелсіздік бойтұмары елімнің.

 

1-жүргізуші: Қазақстан-Тәуелсіз ел , егеменді ел,

Болашаққа нық басып буынған бел.

Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!

2-жүргізуші: Тәуелсіздік бастауы бар бақыттың,

Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның.

Шартарапта  шаттығыңдай азаттық,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

1-жүргізуші: Тәуелсіздік бізге оңай тимеді,

Асау аттай өз тізгінін бермеді.

Қазағымның алтын басын иілтіп,

Талай дұшпан төрімізге төрледі.

2-жүргізуші:Тәуелсіздік бізге оңай тимеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?!

Жылап тұрып аналарым бұл жолда

Сан перзентін қара жерге жерледі.

1-жүргізуші: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне  Тәуелсіздік, ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

2-жүргізуші:   Армысыздыр, құрметті де , қадірлі Тәуелсіз еліміздің тұрғындары. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- бойтұмары елімнің» атты  мерекелік  кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Бұл күндері барлық Қазақстандықтар еліміздің басты мерекесі- Тәуелсіздік мейрамын тойлауда.

1991 жылы 16-желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет- Қазақстан Республикасы пайда болды.

2-жүргізуші: Иә, бұл  мереке-ұлық мереке, шын мәнінде  ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас,  етектен кесіп жең болмас» деген екен. Арғы замандарымызды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ға сырдың ішінде халқымызы өз бостандығы жолында  екі  жүзден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққаны –осының дәлелі.

1-жүргізуші: Мұнан 25 жыл бұрын қазақ жерінде атқан Тәуелсіздік таңы- Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың  мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз.

2-жүргізуші: Олай болса, Құмжарған орта мектебінің оқушыларының Тәуелсіздік туралы монтаждарына кезек берсек.

Әдеби монтаж.

Хор: «Атамекен»

Қарлығаш:  25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін,

Күмандана қоймас бүгін  енді ешкім.

Бодандығым ғасырларға жалғасқан,

Қазір міне, артта қалды, келмес күн.

                 Дамуымыз керек енді қарқынмен,

                 Уақытымыз есептеулі алтынмен.

                 Тәрбиелеп, саналы ұрпақ өсіріп,

                 Өркендейміз ата-баба салтымен - дей келе мектебіміздің әншісі Есет Қаржаубай-ұлының орындауында «Қазағым-ау» әнін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:  Тәуелсіздік! Тәуелсіздік-жыр әнім,

Ел іргесі берік болсын - ұраным.

Тәуелсіздік- өзіңді еркін сезіну,

Салт-дәстүрім- қолдан түспес құралым.

   2-жүргізуші:  Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік – ар-ожданың, кісілік.

Адамға адам жолдас, туыс- бауыр гой,

Ел-жұртыңнын алма құнын түсіріп- « Туған жер» әнін  Айжан Салауатқызының шәкірттерімен бірге орындауында қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:   Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,

                          Шуағын күн төгеді  енді көктен.

                          Шылбыр үзді даланың арғымағы

                          Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

2-жүргізуші:  Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,

Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты

Қазақстан бет алды мәңгілікке! – әнші  жігіттеріміздің орындауында «Қазақтай ел қайда?» әнін қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші:  Тәуелсіздік-бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары

2-жүргізуші:  Тәуелсіздік түнектерде тұншығып

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

1-жүргізуші:  Тәуелсіздік-халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі

2-жүргізуші:  Тәуелсіздік- елдіктің киелі кепілі, келелі келешегіміздің, ұлттық татулығымыздың нышаны. «Қазақ»   биін тамашалайық.   Ортада мектебіміздің бишілері,  қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:   Қуаныштан жасқа толды жанарым,

                         Ұрпағы едім көк бөрідей дананың.

                         Енді міне, билік алып қолыма,

                         Желбірейді күн  үстінде жалауым- Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» жырын аудандық «Жиенғали жолы-2016» көркем сөз оқу байқауына қатысып, І орын иеленген 10-сынып оқушысы Шамитова Толқын оқиды.

 

1-жүргізуші:  Абай туған, Сәкен туған

Құрметте, досым, қазақтың жерін.

Сан түрлі ұлттың өкілі болған,

Қазақстан- Республикам менің.

2-жүргізуші:  Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім,

Жасай бер, жаса асқардан аса бұлбұлым,

Тәуелсіз Қазақстаным! – аудандық патриоттық ән байқауының бас жүлде иегері Қуанышбаева Нұрбақыттың орындауында «Қазақстаным, алға» әнін қарсы алыңыздар.

 

 1-жүргізуші:  Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім қан тұтылып,

Қуанғанда  күлкімнен түн түрілген.

 

2-жүргізуші:  Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім- аудандық ін байқауына қатысып І орын иеленген әншіміз Таңатар Бейбарыстың орындауында «Дайдидау» әнін қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші:  Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген,

Жанып жатқан лапылдап отқа түскен.

Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын,

Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.

2-жүргізуші:  Біз қазақпыз қастерлер баба салтын,

Аман бол, айналайын дана халқым!

Күн туса атқа қонам бір сен үшін,

Міне жаным, міне қаным, міне антым! - дей келе мектебіміздің  жас буын әншілерінің орындауында «Ризамын» әнін қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші:  Тәуелсіз 25 жыл,

Сенің нұрың сөнбесін,

Ашық аспан жарық күн.

Келешегі сөнбесін

Қазақ деген халықтың!

 

2-жүргізуші:  Тәуелсіз 25 жыл

Күн болды  бұл керемет

«Ақ түйе қарны жарылған»

Ел болдық,  шүкір таңқалар

Әлемге аты танылған!

1-жүргізуші:  Тәуелсіз 25 жыл!

Тәуелсіздік-тәтті ұғым, қандай  ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Зеңгір көкте желбіреді көк байрағы!

2-жүргізуші:  Тәуелсіз 25 жыл!

Туыңды биік ұстадық,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап  бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!- дей келе  мектебіміздің аудандық ән байқауында ІІІ орын иегері Байтақов Мерейдің орындауында  «Бір жұлдыз болайын мен де» әнін қабыл алыңыздар.  

1-жүргізуші:  

Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата баба рухына 
2-жүргізуші:  

Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі- дей келе мектебіміздің «Ерке» би тобының орындауында «Жорға» биін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:  

Жасасын жаса, азат күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.

1-жүргізуші:  

Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер қазақ елі, ,
Қуанышқа бөлен де-
«Қазақ елі» әнін  Айжан Салауатқызының шәкірттерімен бірге орындауында қабыл алыңыздар.

 

Есет:   Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам- деп мектебіміздің әншісі  Тынымқұлова Қарлығашты «Атамекен» әнімен қарсы алыңыздар!

 

1-жүргізуші:  

Көк майсалы жерім менің,
Егеменді елім менің.
Бас имеймін ешкімге,
Тәуелсізбін мен бүгін.

2-жүргізуші:  

Егемен болмай ел болмас,
Етек - жеңі кем болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.

1-жүргізуші:  

Өзімдікі елім де,
Өзімдікі жерім де.
Би - билейтін күн бүгін,
Тәуелсіздік төрінде- оқушыларымыздың орындауында  «Жаса, Қазақстан» әніне шығарылған биді тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:  Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

2-жүргізуші:  Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі тең болдық 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай 
Отан үшін болуға да құрбандық мектебіміздің ұстаздарының орындауында хор «Қазақстан-қыран далам»

1-жүргізуші:  Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

2-жүргізуші:  Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

1-жүргізуші:  

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

2-жүргізуші:  

Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

1-жүргізуші:  Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
2-жүргізуші:  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- бойтұмары елімнің» тақырыбындағы концерттік кешімізді аяқтаймыз.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құмжарған орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тәуелсіздік-бойтұмары елімнің»

(Мерекелік концерт)

 

 

Картинки по запросу тәуелсіздікке 25 жыл суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіздік-бойтұмары елімнің" сыныптан тыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 827 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2017 879
    • DOCX 186.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Идрисова Жанар Карабалаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Идрисова Жанар Карабалаевна
    Идрисова Жанар Карабалаевна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16992
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой