Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сценариі

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сценариі

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған

«Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылдығы» атты мерекелік кеші

Гимн орындалады:

 

1-жүргізуші:

Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:

Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім!

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылдығы» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2 жүргізуші:  мерекелік құттықтау сөзі мектеп директоры:  Ақылбек Шакаровичке беріледі.

 

Баяу «Елім-ай» музыкасы естіліп тұрады

1-жүргізуші:

Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізнтін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.

2-жүргізуші:

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді. Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.

 Көрініс «Ордабасындағы жиын». Баяу «Елім-ай» музыкасы естіліп тұрады Ордабасында Абылай хан, Төле би,.қасында Қабанбай,Бөгенбай сынды баһадүр қолбасшылары жиналады. Ордаға Бұқар жырау келеді.)

Бөгенбай: Бұқар жырау келеді!

Қабанбай:Арқаның ардагерін қарсы алайық!

(Ордаға Бұқар жырау  келеді.Абылай хан амандасып,оң жағынан орын береді)

Бұқар жырау:Армысың,Абылай?!

Абылай:Бармысыз,Бұқар баба?!

(Бұқар сәл ойланып,Абылайға қарап сөз бастайды)

Бұқар:Біз бармыз-ау, хан ием.Қазақтың халін айтсаңдаршы,сол мендегі зар, сол мендегі запыран…Қандауыз жоңғар қазағымды құл қылғысы келеді. Қызымды басыбайлы күң,ұлымды мұрны тесілген құл қылмақ. Қайран қазақтың халі өте нашар,Берекесі жоқ елдің бірлігі жоқ. Не қылмақ ойың бар, а,Абылай?

(Ордада үнсіздік)

Бұқар:(Абылайға түйіле қарап) Бар сенгеніміз сенсің,Абылай! Баста мына еліңді!

Төле би:Алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді.Тұрған жерін тұрақтаған,тұғыры биік ел едік,іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып,атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.

Бөгенбай:Қарт баба дұрыс айтады.Үш жүздің қазағының басын қос,баста мына еліңді!

Бұқар:Сайдың тасындай даңқты батырларың мен қаны қазақ сені қолдамаса,маған кел! (Абылай ойланады)

Абылай:Ақиқатты ғана айтасың-ау,жырауым! Ақтабан шұбырындының кегі үшін ғана емес,қазақтың бостандығы үшін бүгін осы Ақордаға жиналып отырмыз.

Қабанбай: (Оң қолын кеудесіне қойып,сөз сұрайды) Хан ием,қазақтың шүршітте кеткен қанды кегі бар.Жорыққа аттануға біз дайынбыз.Құдай қаласа,қазақ жері азат болады!

Барлығы:Аттанайық,аттанайық!

Бұқар: Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек!Қазақтың жағдайы қыл үстінде тұр,ағайын.

Бәрі шулап:

-Иә,жырау!

-Табанды боламыз!

-Жауға құл болғанша,өлгеніміз артық!

-Аттан,аттан!

Әр ру батырларды өз таңбаларын тасқа салады. (Шам сөнеді.Көшпенділер фильмінен  үзінділер  көрсетіледі).

Ән: «Жаса қазағым» орындайтын 7 «А» сынып оқушысы

 1 жүргізуші:

Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы 2016 жылы Алаш көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, журналист, ғалым, халқымыздың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. ЮНЕСКО-ның 2015 жылы 18 қарашада Парижде аяқталған Бас конференциясының 38-ші сессиясында осындай қаулы қабылданды.

2 жүргізуші:

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан - 5наурыз 1866 жылы Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала өлкесінде дүниеге келді.  XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің тұңғыш төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

 

«Алаш» өлеңі оқитын Мубарак Әуетай (күй орындалып тұрады)

 

Қазақ биі орындайтын 9 сынып қыздары

1 жүргізуші: Халықтың шын жанашыры болып туған, қте алыс болашақты ойлап, мәңгілік маңызды істерді атқарған ақын жазушыларымыздың бірі- Міржақып Дулатов. Ол нағыз ұлтжанды, қз ұлтының шамшырағы секілді біртуар ұлы. Құрметті құдіретті сөздердің иесі, Міржақып қазақ даласын жанындай сүйіп, оның келешегін ойлап «Оян, қазақ!» деген атпен өлеңдер жинағын жазғанда 25 жаста еді.

 

2 жүргізуші: Жас та болса бас болып, әу дегеннен ел назарына ілікті. «Оян қазақ» өлеңің патша өкіметі жақтырмады. Ақын өзінің «Оян қазақ» атты өлеңдер жинағын Уфадағы Шарх матбуғасынан жарыққа шығарады

 «Оян қазақ» өлеңі: оқитын «» сынып оқушысы Қантарбаев Бекболат

1 жүргізуші:

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

 

2-жүргізуші: 

Желтоқсан айы…

Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылына дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы, және бір қыстың атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді. «Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды  да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.

 

Аудиотрек: желтоқсан желі

 

Ән: «Қарабауыр Қасқалдақ» орындайтын 8-11 оқушылары (Альфия,Сания, Сабина, Дильназ, Бекболат, Руслан, Арыстан, Төлеген)

 

1 жүргізуші:

Азаматтық айбарымен еркіңнің,

Желтоқсанда намыс үшін желпіндің.

Алаңдағы әділетсіз дауылға

Қайсарлықпен қарсы келіп сен тұрдың.

Жапа шегіп жатсаңдағы жаланың,

Жарамады арашаға жан адам.

Желтоқсанның желбіретті жалауын,

Төрт жылдан соң мұхтар атты жан ағам.

 

2 жүргізуші:

Желтоқсан деп жүрегім сыздар әлі,

Шырқалады Қайрат деп қыздар әні.

Көк байрағым сені еске сап тұрады,

Желтоқсанның жеңілмес мұзбалағы.

Жиырма бір жасың жатыр пешенеңде,

Айналар атың әлі неше өлеңге.

Жастар жүрер рухыңа тағзым етіп,

Рысқұлбеков атты бақ пен көшелерде!

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.

 

Ән: орындайтын 10 сынып оқушылары: Төлен, Темірлан

 

Экраннан  Елбасының суреттері , еліміздің сұлу көркем ғимараттары көрсетіледі, «Жас Отан» партиясының өкілдері шығады.

Баяу «Тойбастар» күйі орындалады.

 

Экраннан Елбасының ұлықтау рәсімінің видеосы көрсетіледі

 «Жас Отан» партиясының өкілдері: (Бекболат, Руслан, Арыстан)

1-оқушы:   Дүниеде тәуелсіз  Қазақ елі бар; Әлемде егемен Қазақстан бар;

2-оқушы: Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;

Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар;

3-оқушы:  Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел  болашағы бар;

Сол күнге берік сеніміміз бар!

Бәрі бірге: Біз, тәуелсіз елдің жас патриоттары елбасы саясатын қолдаймыз!

Келешектің іргетасын бірге қалаймыз!

 

Ән: орындайтын «Алға Қазақстан» 9 сынып оқушылары

 

1-жүргізуші:

Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.

2-жүргізуші:

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Бесігімде тербеледі дос үні,

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың

Тұғырыңа қонуда сан қыраның.

Отан деген оранып от құшаққа,

Кәусарыңа шөліңді қандырамын.

Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек  деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған  «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылдығы » атты іс-шарамызды аяқтаймыз

 

Ән: «Көк тудың желбірегені» барлығы сахнаға шығып бірге орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің

 25 жылдығына арналған

«Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылдығы»

 атты мерекелік кеші

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сценариі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 311 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2017 1122
    • DOCX 29.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманова Жулдуз Кыдыргазыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аманова Жулдуз Кыдыргазыновна
    Аманова Жулдуз Кыдыргазыновна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20578
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой