Инфоурок Другое КонспектыУрок "Өмірі өнегелі қаламгер"

Урок "Өмірі өнегелі қаламгер"

Скачать материал

 

Ақтау қаласы «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық  колледжі»


 


 

Джакаева Гульзира Баженовна. Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы



 «Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс».

Ыбырай Алтынсарин.

 

Сабақтың тақырыбы: Өмірі өнегелі қаламгер

Сабақтың мақсаты:

1. Студенттерді көсемсөзші, философ, жазушы, драматург, ақын, аудармашы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларымен таныстыру, білімдерін толықтыру.

2. Маңғыстау өлкесінің тарихы туралы ұғымдарын молайту. Шығармашылық ізденіске баулу. Логикалық ойлауын, зеректік, шешендік қабылетін қалыптастыру.

3. Шығармаларын оқу арқылы адамгершілік, туған деген сүйіспеншілік қасиеттерге баулу.

Сабақ түрі: интеллектуалды танымдық ойын сабағы

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайдтар, кітап көрмесі, ұяшықтар

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, СТО, интербелсенді әдіс

 

Ұйымдастыру кезеңі

Студенттерді екі топқа бөлу (Топқа бөлу төмендегідей жүзеге асырылады: Ә.Кекілбаевтың  «Теңіз жағасындағы ой» және «Шағала» өлеңдерінен студенттерге  бір жолдан беріледі. Құрастырған студенттерге екі топқа бөлінеді.)

1. Мекен етіп көкшіл теңіз, көкшіл аспан ортасын,
2.Тұрмын басып құзар таудың қына басқан жартасын.
3.Төменде мың иретіліп бұрқыраса көк толқын,
4.Төбемде шың шуақтайды күнге тосып арқасын.
5.Теңіз, Теңіз?... Теңіз неткен, теңіз неткен ашулы!
6.Білмейді екен бұл жалғанда ол ашуын бір басуды!
7.Көкжал толқын айбат шегіп мүйіздесе жағаны,
8.Жалына кеп жартастардың күс-күс қолы асылды.

(Осы өлең жолдарын құрастырғандар «Каспий» тобы аталады.)

1.Көк толқын көк айдында кілкіп, қалқып,
2.Қайықты мазалайды түртіп, тарпып.
3.Сүйкеніп жөңкіп кейін шегінеді
4.Жағаның жағасынан сілкіп, тартып.
5.Өзді-өзі кейде күшін байқасады,
6.Бұқадай буырқанып шайқасады.
7.Өкіріп, өршеленіп сүзіссе де,
8.Жеңілсе, жентектеліп жай қашады.
(Осы өлең жолдарын құрастырғандар «Шағала» тобы аталады.)

 

Ойын шартымен таныстыру

1. Қанат қақты (әр топқа Ә.Кекілбаевтың нәр алған бұлақтарынан және мектебі туралы  6 сұрақ қойылады, ұпай беріледі)

1 топқа:

1. Әбіш Кекілбаев тілімен айтқанда «Сөйлеу мәнері, жүріс – тұрысы, салбыраған аппақ мұртына дейін ешкімге ұқсамайтын бұл адамды Алтынсариндей көретінбіз. Оқушыларды жалықтырмаудың түрлі тәсілдерін пайдалана білетін».

Сұрақ: қай ұстазы туралы айтқан? (Төрәлі Самалықов)

2. Шәкірт Әбіштің шыңдалуына үлес қосқан ұстаз – кім? (Торғай Шоңқал)

3. Бала Әбіштің бойынан кемел қасиеттерді көре білген академикті ата? (И.И.Бок)

4. Әбіш әлемінің ашылуына, қанаттанып қалыптасуына игі әсер еткен кім? (Иманғали Бөлтеков)

5. Көркемсөз, көсемсөз құпияларын ашқан ұлағатты ұстазы?  (Тауман Амандосов)

6. Шәкірт Әбіштің шырағының жануына жол ашып, үміт қосқан академик – жазушы? (Зейнолла Қабдолов)

2 топқа:

1.Әбіштің алдағы уақытта талант иесіне болатынына болжам жасап, жек тапсырмалар беріп, шығармашылыққа жетелеген мектептегі ұстазы? (Айтмағанбет Құдайбергенов)

2. Әбіш Кекілбаев ол туралы: «Менің рухани қалыптасуыма сондай шешуші ықпал еткен адам. Өзімнің тарихи «төркінімнің» талай қатпарын да сол ашып берген еді. Өлке мен ұлттың тарихынан ондай хабардар сұңғылаларды көп кезіктіре қоймайсыз.»

Сұрақ: кім туралы айтылған? (Алшын Меңдалиев)

3. Әбіш Кекілбаев бастауыш мектепті қайда оқыды? (Таушықтағы бастауыш мектеп)

4. Ә.Кекілбаев атындағы мектеп қай жерде орналасқан? (Онды ауылында)

5. «Егер ғазиз Мұқаңның алдын көрмесе, қазіргі қазақ зиялыларының өресі әлдеқайда аласа, парасаты әлдеқайда тайыз болған болар еді.»

Сұрақ: Ә.Кекілбаев  қай жазушы туралы айтқан?

6. Әбіш Кекілбаев Таушықтағы бастауыш мектептен басқа қайсы мектепте білім алды? (Үштаған орта мектебінде)

2. Шырқау

Студенттерге интербелсенді тақтадан бірнеше сурет қатар көрсетіліп, тапсырма сұрақ беріледі. Әр топ өзіне көрсетілген тапсырмадағы суретті табу керек. Тапқан топқа ұпай саны беріледі.

1 топқа:

1. Мынау жатқан Мырзайырдың құдығы,

    Сусындатқан Әбіш сынды ұлыны.

Қай суретте бейнеленген?

2. Мырзайыр – Басқұдықтың тауы мынау,

    Бала Әбіш басқан талай мауығын – ай.

Қай суретте бейнеленген?

2 топқа:

1. Кекілбайдың жүзген қиял кемесі,

   Аты әйгілі – Сарышоңғал төбесі.

Қай суретте бейнеленген?

2. Айсәуле ана – парасаттың панасы,

Сол кісіден туған қазақ данасы.

«Әбішжанды ренжіте көрмеңдер»,

Деп аманат етіпті асыл анасы.

Қай суретте  Айсәуле әже бейнеленген?

3. Серпілу

Әдебиет  әлемінің  жеті  асқар  биігіне   жеткен   ұлы  қаламгерді   қазақ          жұрты  ақын  ретінде  қабылдаған.  Жалпы поэзияда ең бірінші жинақта жарқ етіп көзге түсіп, ауызға ілігу  үрдісі көп емес. Санамалап қарасақ, бұлардың қатарында Төлеген Айбергенов пен Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырзалиев, Сағи Жиенбаев пен Мұқағали Мақатаев секілді қазақ поэзиясының ерен жүйріктері бар.   Ә.Кекілбаев жырлары осы көшке заңды қосылған сыбаға еді.

Ендеше, ақын жырларынан мәнерлеп жатқа өлең оқу кезегі. Әр топтан қанша өлең оқылса, сонша ұпай беріледі.

4. Шарықтау

Ақын боп туған жаратылыс ешқашан жоғалып та, жойылып та кетпейді. Қайта   ол проза   жазса да, тіпті әдебиеттанудың   теориясы мен сынына қалам тартса да   жарқырап     көрініп жатады.   Ақындықтан   прозаға келудің   жақсы    жақтарын Әбіш Кекілбаев шығармашылығынан үнемі көріп,сезініп отыратынымыз      сондықтан.   Жазушының   көркем    прозасындағы шұрайлы тіл,   шырайлы теңеулер мен шынайы бейнелеулер алғаусыз ақындықтың айқын белгісі.   Сондықтан да    Әбіш Кекілбаев прозасы  өлеңдей оқылып, тереңдей сіңіп, адамның сезім    айлақтарын шарпып кететінін  жұртымыз жақсы біледі.

Әбіш Кекілбаев шығармаларынан үзінді оқылады. Қай шығармасынан екенін табу.

1 топқа:

1.«Марқұм, осы үйдің адамы осы баласы туғанда қолындағы жалғыз қашарын кіндік кесерге беріп еді. «Ертең балаңның таңдайын ағартатын бауырынан тартар жалғыз сиырыңды жетектете салғаның не?»  дегенімде «Әй, біздің үйдің әйелі бүлк етпе. Мойныма ала дорба іліп ел ақтасам да, қарағымның қарнын аш етпеспін» - деп еді. Аш етпеді ғой.»

Қай повесінен үзінді? («Құс қанаты» повесі)

2.  «Міне, маңдайымыздағы жалғыз машина шофер жоқтықтан қарап тұр. Техниканың маманы өзімізден шықпай, көсегеміз көгермейді. Ауданда жүргізушілер дайындайтын курс ашылыпты. Соған сені жіберсек қайтеді».

Қай повесінен үзінді? («Автомобиль» повесі)

2 топқа:

1. «Қараман атаның басына жиналған қара - құрым жұрттың ішінде түрікмен жағының ең белдісі, әрі би, әрі бай Жұма болды. Екі жақтың да аузы дуалылары қауымның терістік бетіндегі шыңдағы кеуекте жатқан Қараман атаның басына барып құран ұстасып, ант берісті».

Қай повесінен үзінді? («Күй» повесі)

2. «Суыт жолаушы күн батқасын жөнді дұрыстап бағдарлай алатын жұлдыз көрінгенше, ал жұлдыз жоғалғанда айналаға жарық түсіп, таң сыз бермей тұрып, еру көшті жолға салмайтын. Ондай алакеуімде аттанған керуенді әлденелер алжастырып, адастырып кетеді деуші еді.»

Қай романынан  үзінді? («Елең-алаң» романы)

5. Қорытынды тапсырма

    «Кубизм» әдісі арқылы әр топ  Әбіш Кекілбаев туралы 1 сөйлемнен ой тиянақтау.

     «Салыстыру» әдісі арқылы әр топ  «Үркер» мен «Елең - алаң» романдарын салыстыру

     «Зерделеу» әдісі арқылы 2 топтың басшысы сабақты бір – бірінің тобына жақсы тілекпен қорытындылайды. Әр топтың ұтымды, білгір жерлерін атайды.

6. «Көңілдегі көрікті ой» айдары  бойынша оқытушы қорытындылайды:

Әбіш Кекілбаев туралы сөз айтуға талпынсақ – оның азаматтық қызметінің кең ауқымдылығы мен тұтас тұлғасының жан-жақты, көп салалығымен бетпе-бет келетініміз хақ. Біразын айтып көрейік. 
Әбіш Кекілбаев – жазушы. 
Әбіш Кекілбаев – философ. 
Әбіш Кекілбаев – тарихшы. 
Әбіш Кекілбаев – аудармашы. 
Әбіш Кекілбаев – шешен. 
Әбіш Кекілбаев – шежіре. 
Әбіш Кекілбаев – мәдениеттанушы. 
Әбіш Кекілбаев – ғалым. 
Әбіш Кекілбаев – публицист. 
Әбіш Кекілбаев – өнертанушы. 
Әбіш Кекілбаев – әлеуметтанушы. 
Әбіш Кекілбаев – саясаттанушы. 
Әбіш Кекілбаев – кітапхана. 
Әбіш Кекілбаев – энциклопедия. 
Әбіш Кекілбаев – гуманист. 
Әбіш Кекілбаев – қайраткер. 


7. Рефлексия 
1. Менің сабақтағы көңіл-күйім?
2. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
3. Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
4. Маған бүг
інгі сабақтан ұнамағаны?

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Өмірі өнегелі қаламгер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2017 1358
    • DOCX 130.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джакаева Гульзира Баженовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джакаева Гульзира Баженовна
    Джакаева Гульзира Баженовна
    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 174721
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек