Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок по қазақ әдебиеті на тему «Қорқыт» (5 класс)

Урок по қазақ әдебиеті на тему «Қорқыт» (5 класс)


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сегізінші ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының атақты ақыны, күйші Қорқыт туралы білім беру.
Оқушылардың тілдерін дамыту, Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық дағдыларын арттыру.
Өз елінің тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт ата портреті, Қорқыт атаның кесенесі жайлы бейнефильм, Power Рoint бағдарламасында жасалған презентация, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:тарих, география.
Сабақтың түрі: таным сабақ.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үш топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру: - Құрметті оқушылар, өткен сабақта сіздер қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиетімен таныстыңыздар. Осы сабақта біз ежелгі дәуір әдебиеті туралы білімімізді толықтырамып, тереңдете түсеміз. Сегізінші ғасырда өмір сүрген атақты ақын, күйші Қорқыт ата туралы әңгіме қозғаймыз.
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
. Ежелгі дәуір әдебиетінің басты-басты әдеби мұраларын есімізге түсіріп өтейік. (Интерактивті тақтадан ежелгі құлпытастар туралы оқушылардың өздері жасап әкелген презентациясы көрсетіледі):
- Орхон-Енисей ескерткіштері (VІІ ғ.): «Күлтегін» жыры (Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендерінің бойында табылған).
- «Қорқыт ата кітабы» (VІІІ ғ.). Осы күнге дейін Германияда 12 жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталған.
- «Оғыз-нама» (ІХ ғ.). Оғыздар мен олардың ханы Оғыз қағанның әскери жорықтары, ерлік істері жырланады.
- Әл-Фараби, М.Қашқари, Қ.А.Йасауи, Ж.Баласағұни сияқты ұлы ойшылдар, ғұлама ғалымдар, ақындардың еңбектері.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Қызығушылықты ояту: (Тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі)
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар?
- Музыкалық аспап.
- Қандай музыкалық аспап?
- Қазақ халқының ұлттық аспабы – қобыз.
- Қобыз туралы не білесіңдер? Қандай аңыз білдіңдер?
(Балалар өздері қобыз туралы не білетіндерін, қандай аңыз оқып келгендері туралы айтып береді).
Мұғалімнің сөзі:Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт атамыз туралы әңгімелесеміз. (Тақтадан Қорқыт ата портреті және жерленген кесенесі туралы бейнефильм көрсетіледі).
- Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған – Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады:
- - Дерсехан ұлы Бұқаш туралы жыр,
- - Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр,
- - Оғыз қаған жыры т.б.
Келесі сабағымызда осы Қорқыт атаның «Дерсехан ұлы Бұқашжан туралы жырымен» танысамыз.

Мәтінмен жұмыс:
А) сөздік жұмысы:
Желмая – верблюдица
Ажал – смерть
Әуен – музыка, мелодия
Зират – могила
Үздіксіз – непрерывно

Ә) мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы
Б) мәтінді оқушылардың өздерінің оқып шығуы
В) мәтін бойынша әр топқа тапсырма беру. Әрбір топ өз тапсырмалары бойынша мәтіннен керекті үзінділерді тауып, өз сөздерімен әңгімелеп айтып береді
І топ – Қорқыт – ақын
ІІ топ – Қорқыт – күйші
ІІІ топ – Қорқыт – мәңгілік өмірді іздеуші.

Интерактивті тақтамен жұмыс:
Символ-сөздердің астын сыз:
а) өлімді білдіретін сөздерді қара сызықпен;
ә) өмірді білдіретін сөздерді жасыл сызықпен;

Оқушылар сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазып, астын сызады.

Интерактивті тақтаның көмегімен кроссворд шешу:

1
Қ о р қ ы т
2
3
4
5
6

Кроссвордты дұрыс шешсеңдер, боялған бөліктерден «Қорқыт ата кітабы» қазіргі кезде қай қалада сақталғанын оқисыңдар.

1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
2. Қорқыт атаның түйесі. (Желмая)
3. Миф, легенда сөздерінің аудармасы. (аңыз)
4. Қорқыт ата қай өзеннің жағасында туып-өскен? (Сырдария)
6. Музыка, мелодия сөздерінің аудармасы (әуен)
7. Қорқыт ата ненің уынан қайтыс болды? (жылан)
(жасырын сөз – «Дрезден»).

Дәптермен жұмыс: оқушылар Қорқыт атаның ұнаған нақыл сөздерін дәптерлеріне көшіріп жазады.
Қорқыт атаның нақыл сөздерінен
Ана үшін бала – екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе – от басының мерейі, бас-көзі.
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың тумағаны артық.
Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке кобейтіп өмір сүрген де аз.
ІV. Сабақты қорытындылау. Балалар, бүгінгі сабағымызда Қорқыт ата туралы білімімізді толықтырдық. Қорқыт бабамыз туралы не білдік?
(Балалардың жауаптары)
V. Үй жұмысы, бағалау.



Общая информация

Номер материала: ДВ-237097


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Основы религиозных культур и светской этики: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс «Логистика»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Страхование и актуарные расчеты»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс повышения квалификации «Международные валютно-кредитные отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Управление корпоративной информационной безопасностью: Администрирование и эксплуатация аппаратно-программных средств защиты информации в компьютерных системах»