Курс профессиональной переподготовки
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
1 слайд
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам.
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?!
2 слайд
Үй тапсырмасы:
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
Ақын өмір сүрген жылдар?
Ақынның біліммен сусындаған оқу ордалары?
Ақын поэмаларын атаңдар.
Алаш ардагерлері туралы не білесің, оның ақын өмірінде қандай
орны болды?
“Таныстыру” поэмасы арқылы ақын кімдерді таныстырады?
С.Торайғыров “Айқап” журналының редакциясында қай жылдары еңбек етті және ақынның қандай мақалалары осы журналда жарық көрді?
Сұлтанмахмұттың қандай романдарын білесіңдер?
3 слайд
Ақын өмірінен деректер:
Әкесі Сұлтанмахмұтты ауыл молдаларына (Әлі, Тортай, Мұқан) оқуға береді.
Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі жылдай оқиды.
Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен сабақ алады.
Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай
Оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады.
Ақындыққа ден қойып, өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды.
Осы тұста “Қамар сұлу” атты романын жазуды бастады
Троицкі маңындағы ауылдарда бала оқытады. Күзде Троицкідегі “Айқап”
журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасады.
Жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмыстарын
жүргізетін “Шоң серіктігі” ұйымын ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспайды.
“Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкеледі.
Тарбағатайдағы Терісарық болысындағы Құрбан қажының ауылында бала
оқытады.
4 слайд
Семейге келіп, одан Томскіге сапар шегеді. Сол қалада Әлімхан Ермековтер
ашқан дайындық курсына түсіп, жарты жылдай орысша білім алады.
Қиыншылықта өмір сүреді. “Жұмасына екі рет “обед” етем, құр шай мен нан.
Киім алғаным жоқ. “Кинематограф”, вечерлерге бәр мәрте барғаным жоқ.
Күндіз-түні айналдырғаным ала қағаздың беті,”- деп жазатыны осы тұс.
Ақпан төңкерісінен кейін Семейде құрылған Алаш партиясы мен Алашорда
үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялайды.
Сәуірде ауруы асқынып, оқуды да, жұмысты да тастап, еліне біржола оралады.
“Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларын жазды.
21 мамырда аурудан қайтыс болды. Небәрі 27 жас өмір сүрген ақынның соңғы
сөзі “Тым болмаса екі жыл тұра алмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара
алмай кетіп барамын” болған екен.
5 слайд
Жаңа тақырып:
“Қамар сұлу” романы
Білімділік: С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімді
тереңдете отырып, «Қамар сұлу» романы көтерген әлеуметтік мәселе,
кейіпкерлер дүниесі, романның қазақ әдебиетіндегі маңызы мен
ерекшелігіне талдау жасау, романға әдеби-теориялық талдау жүргізу
арқылы көркем шығарманы саралай білуге дағдылану.
Тәрбиелік: Кейіпкерлер іс-әрекетін талдай отырып, жаманнан жиреніп, жақсыдан
үлгі алуға, достық қасиеттерді бағалай білуге, адамгершілікке, қайырымдылыққа,
алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге дағдылану.
Дамытушылық: Шығарманы талдап, кейіпкер іс-әрекетіне баға беруге,
ойымызды жүйелі баяндай білуге дағдылану, қоғамдық-әлеуметтік
жағдайларды саралай отырып, өзіндік өмірге деген көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты:
6 слайд
Роман кейіпкерлері:
Қамар негізгі кейіпкер (15 жаста).
Ахмет негізгі кейіпкер. Қамардың сүйген жігіті, Жәукенің баласы.
Омар Қамардың әкесі. Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан
көзі ашық адам.
Қасен Қамардың ағасы.
Жорға Нұрым Қамардың күйеуі (50 жаста).
Қалтан қажы, Оспан би Нұрымның жемтіктес достары.
7 слайд
Роман мазмұны:
Қамар мен Ахмет сынды сауатты, саналы жастардың ескілік
ғұрпын бұза алмай, сүйіспеншілігін тежеуге мәжбүр болуы, он
бес жастағы Қамардың әкесінің қарсылығына қарамай, Қалтан
қажы, Оспан би деген туыстары қатыны өлген Нұрым болысқа
айттырып, қалыңмал алуы, қыздың көнбейтінін көрген соң,
зорлықпен алып кетуі, басқа түскен қасіреттен ауру болған
Қамардың надан бақсыбалгерлердің «емдейміз» деп көрсеткен
азабынан өлуі, мұнша озбырлыққа шыдамаған Ахметтің
Қамарды іздеп келіп, зорлықшылдан кек алмақ болып
әрекеттенгенімен, өзі де ажал тұзағына душар болуы.
8 слайд
Кейіпкерлер әлемі
1. Шығармадағы адамдардың тұрмыстық жай-күйлері қалай
берілген? Әңгімеле.
2. Роман кейіпкерлеріне талдау жаса.
3. Нұрым- қандай адам?
4. Қамар мен Ахметтің қосылмау себебі неде?
5. Сол замандағы бақсы-балгерлердің іс-әрекеті романда қалай
берілген?
9 слайд
Проблемалық сұрақ
1. Романда кездесетін қарама-қайшылықтар осы заманда
кездесе ме? Кездессе, қандай түрде?
2. Неліктен «қатігездік-надандық белгісіне» саналады?
3. Қазіргі заман туралы (ауызша) ой толға.
10 слайд
Төмендегі шумақтардан
қазақ қызына тән қандай
қасиеттерді көруге болады?
Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
Балауыз балбыраған тәні қандай?!
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сәні қандай?!
Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай,
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай?!
Жұп-жұмсақ бып-биязы ішке кіріп,
Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай?!
Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып,
Бойының мінсіздігі онан асып.
Өзгеден сып-сыпайы Һәм сүйкімді,
Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып.
Талайы бозбаланың болған ғашық,
Уай, шіркін!Болсайшы деп бізге нәсіп.
Егер де Қамарменен тіл қатысса,
Құдай ұрып жым болар қара басып.
11 слайд
Үзіндіде қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері бейнеленген?
Жазушы оны қандай бояумен, қандай әдіс-тәсіл
арқылы жеткізеді?
«Уәделі күнінде басшы, қосшы, сауықшысымен сәулеттеніп, ілу
жыртыс, кәдені адам айтар емес мол қылып, көшкен елдей, пай
шіркін, біздің ынтығып отырған болыс күйеуіміз де келіп қалды-
ау!»
12 слайд
Тұжырым кестесі
13 слайд
Ойтолғау
«Егер мен Қамардың орнында болсам, қиындықты
былай жеңер едім» немесе «Егер мен жазушы
болсам...» тақырыбында ойтолғау жазу.
14 слайд
Тақырыптық тест
1. С.Торайғыровтың өлеңмен жазылған романын табыңыз.
а) «Бақытсыз Жамал»
ә) «Ақбілек»
б) «Кім жазықты?»
в) «Ботагөз»
2. Омар, Жорға Нұрым қай шығарманың кейіпкерлері?
а) «Бақытсыз Жамал»
ә) «Қамар сұлу»
б) «Кім жазықты?»
в) «Әнші»
3. С.Торайғыровтың романын көрсет.
а) “Қалың мал”
ә) “Ақбілек”
б) “Кім жазықты”
в) “Абай жолы”
4. «Қамар сұлу» романындағы Қамардың басына түскен жағдайға қабырғасы қайысып, араша түскен
жанды табыңыз?
а) Нұрым
ә) Омар
б) Қалтан қажы
в) Оспан би
15 слайд
Тақырыптық тест
5. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы қандай туынды?
а) психологиялық роман
ә) романтикалық поэма
б) әлеуметтік роман
в) эпостық шығарма
6. «Қамар сұлу» романындағы ұнамды кейіпкерлерді табыңыз.
а) Батыраш, Қотыраш
ә) Жорға Нұрым, таз Жұман
б) Қалтан қажы, Оспан би
в) Ахмет, Омар, Қасен
7. С.Торайғыров қандай ұйым ашпақ болған?
а) «Қазақ жастары»
ә) «Алға»
б) «Біздің мақсатымыз»
в) «Шоң серіктігі»
8. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатысып, «Алаш ұранын» жариялаған ақынды табыңыз.
а) М.Дулатов
ә) А.Байтұрсынов
б) С.Көбеев
в) С.Торайғыров
16 слайд
Біліміңді тексер
Б) “Кім жазықты” романы
Ә) «Қамар сұлу»
Б) “Кім жазықты”
Ә) Омар
Б) әлеуметтік роман
В) Ахмет, Омар, Қасен
В) «Шоң серіктігі»
В) С.Торайғыров
Бағалау:
1-4 балл – “2”
5-6 балл – “3”
7 балл – “4”
8 балл – “5”
17 слайд
Үй тапсырмасы
6 273 130 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Мейрбекова Салтанат Ботабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Контент-маркетинг: целевая аудитория
Управленческая деятельность в сфере проектов в ДОУ
Психологические методы развития навыков эффективного общения и чтения на английском языке у младших школьников
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.