1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10 .11. 12 .13. 14 .15. 16 .17. 18. 19. 20. 21. 22. 23. 24. 25. 26. 27. 28. 29. 30. 31. 32. 33. 34. 35. 36. 37. 38. 39. 40. 41. 42. 43. 45. 46. 47. 48. 49. 50. 51. 52. 53. 54. 55. 56. 57. 58. 59. 60. 61. 62. 63. 64. 65. 66. 67. 68. 69. 70. 71. 72. 73. 74. 75. 76. 77. 78. 79. 80. 81. 82. 83. 84. 85. 86.Жас келсе – іске, кәрі келсе – асқа .
* * *
Жасыңда салақ болсаң,
Өскенде олақ боларсың.
* * *
Жұмыс шеберден қорқады.
* * *
Жеті рет өлше, бір рет кес.
* * *
Жігіт адамға 70 өнер де аз.
* * *
Зергерлік түбі – зейнет,
Делдалдың түбі – бейнет.
* * *
Зейнет еңбектің жемісі,
Бейнет еріншектің жемісі.
* * *
Зейіні бар жігітке өнер өзі келеді.
* * *
Заманды өнер жасайды.
* * *
Зер шеккен тонды аяққа баспас.
* * *
Зергерің білімді болса,
Зейнет береді.
Зергерің білімсіз болса,
Бейнет береді.
* * *
Қараған қарап қалар,
Іздеген өнер табар.
* * *
Қызды күте білмеген күң етеді,
Жібекті түте білмеген жүн етеді.
* * *
Қолымнан келеді, қонышымнан басам деу асылық.
* * *
Қойныңнан төгілсе де,
Қонышыңда жүрсін.
* * *
Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас.
* * *
Қарманған қарап қалмас.
* * *
Қисық ағашты тез түзер,
Қисық сызықты көз түзер.
* * *
Кейбіреулер көрмекке бар, өрнекке жоқ.
* * *
Кісіден дәметкенше, күшіңнен дәмет.
* * *
Кісі киімді көркемдесе,
Киім кісіні көркемдейді.
* * *
Күміс жақсы, алтын одан да артық.
* * *
Кенересіне қарап бөзін ал,
Өнегесіне қарап сөзін ал.
* * *
Кілемге бергісіз алаша бар,
Ұрысқа бергісіз араша бар.
* * *
Кәсібі молдың, нәсібі мол.
* * *
Өнегелі елден өнерлі бала туар.
* * *
Кестені көңіл сызады,
Қол тігеді, көз сынайды.
* * *
Кейбіреудің қолы өнер,
Қолымен тіккен тоны өнер.
* * *
Көз көрерге тоймас,
Көңіл өнерге тоймас.
* * *
Кестенің сыры түрінде,
Кілемнің сыры түгінде.
* * *
Киім пішсең, кең піш,
Тарылуы оңай.
* * *
Кең пішкен тон келте болмас.
* * *
Күшің барда тауды тес,
Тісің барда түйін шеш.
* * *
Мал жұтаса да өнер жұтамас.
* * *
Он саусағынан өнері тамған.
* * *