Күндер барометрі

Цитаталар- ақыл-ойдың жемісі, цифрлар-ой мен істің жеңісі. Күндердің бір-біріне ұқсап өтуі қамсыз әрекет. Әр күнде бір жақсы іс болуы керек.Кейде.. Иә кейде деп бастайыншы. Мен өзім ойға батқанда немесе жабыққанда немесе қуанғанда қағаз бен қаламды серік етерім анық. Бұл менің бала кезден басталған жақсы әрекетім. Цитаталар, өзіме ұнаған афоризмдерді де тере жүрем, жаза жүрем. Жаныңды нұрландырып,көңіліңді көріктендіретін және рухыңды асқақтататын да сөз. Сондықтан осылайша жазуды күндердегі ұмытылмас сәттерді жазуды ұнатамын. Ұстаз бақыты-озып туған шәкірті демекші, балалардың өзіңнен артық болуын қалайтын 2 адам болса, біреуі-әке, екіншісі-ұстаз дейді. Мен енді ғана жаңа бет ашып "Күндер барометрі" деп атауымның негізі бар. Осылайша ой-толғау да ұстаз шығармашылығын ұштағышы десем де болады.

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.