Инфоурок Сайты учителей Мукашева Галина Шараповна Страницы Физика сабағында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі.
Физика сабағында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі.

Оқытудың жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан – жақты технологияны жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Жас ұрпақтың сапалы білім алып, өскелең өмірімізге лайықты адам болып шығуы- қазіргі өмір талабы, ал уақыт талабының күннен күнге күшейе түсуі және қоғам өміріндегі өзгерістер оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етіп отыр.

Ақпараттық технологияның оқыту жүйесінің тиімділігі - уақытты үнемдеу.Оған қойылатын мақсаттары:

- жас ұрпақтың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыру,ойлануын және қабілеттерін дамыту.

- оқушының ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалануға дағдыландыру.

Ақпараттық-коммуникативті технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі. Сонымен қатар оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады, бала өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйренеді.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Физика сабағында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі:

- уақытты тиімді пайдалану

-әлемдік ақпараттық кеңістігіне шығу

-пәнге қызығушылығы артуы

-өз бетімен жұмыс істеуі

-пәнаралық байланыс

Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу - оқытушыға сабақты физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді. Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан оқушылардың шығармашылық пен белсенді түрде жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы арқылы білім алуы өмір қажетіне айналып отыр.

Елбасымыздың білім сапасына қойып отырған талабы - оқушылардың ғылым мен техниканы кез-келген саласын меңгере отырып, бәсекелестікке қабілетті, құзырлы болуы. Білім жүйесінің соңғы жетістіктерінің бірі кез-келген сабақты интерактивті тақтамен өткізу болса, сол тақтаны емін-еркін пайдалануды тек мұғалім ғана емес, оқушының да білгені абзал.Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық , шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеті қалыптасады. Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. Ақпараттық – коммуникативтік технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі.Мысалы физика сабақтарын оқытуда қолданылатын тиімді әдістерінің бірі – компьютерге енгізілген тест жүйелерін сабақта қолдану.Тест жүйесі мұғалімнің уақытын үнемдегуге бір уақытта бірнеше топтарға бақылау жасауға пайдасы зор.Сонымен бірге бұл сабақтарда электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, ғылыми жобаларға нұсқау. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық – коммуникативтік технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң нәтиже беріп отыр. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.10 сыныбында "Заттың күйлері және оны молекула - кинетикалық тұрғыдын түсіндіру" тақырыбындағы сабағымды СТО технологиясының элементтерін пайдаланып өткіздім.

Мақсаты: Заттың күйлері және оны молекула - кинетикалық тұрғыдын түсіндіру,алған білімдерін өмірмен байланыстыратын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,электрондық оқулық.

Әдісі: СТО технологиясының элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы: I.Қызығушылықты ояту.

а) ой қозғау стратегиясы

б) топтастыру стратегиясы

II.Мағынаны тану "түртіп алу" стратегиясы

III.Ой толғаныс

1.Сұрақтар

2.Семантикалық карта толтыру.

3.Тест тапсырма.

Үйге тапсырма. Венн диаграмасын құру (су,бу,мұз)

Оқушыларды ынтымақ-бірлікке,тез ойлауға және теориялық білімдерін бір жүйеге келтіруге,электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін,белсенділігін арттырдым.

Қазақстандағы дарынды балаларға білім беруді ақпараттандыру мәселелері; - білім берудің жаңа технологияларын (оқу теледидарлары, Internet Telekom, Relkom және қашықтықтан оқытудың өзге түрлері) жасау, жүзеге асыру - дарынды оқушылар мәселесінің және балалардың ақпарат алмасуының бағдарламаларын әзірлеу.Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.Мысалы: Ғылыми жоба жұмысының тақырыбы: "Энергоүнемдегіш шамдардың тиімді және тиімсіз жақтары" 10 сынып оқушылары қорғады.

Мақсаты:әртүрлі шамдардың жұмысын зерттеп,арзан емес "Энергоүнемдегіш" шамдарды ауыстыру бізге қаншалықты тиімді?!

Кезеңдері: 1.Әртүрлі шамдар туралы мәліметтер жинау.

2.Қыздыру,люминесцентті,жарықдиодты шамдардың сипаттарын салыстыру.

3.Шамдардың тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау.

Зерттеу бөлімі: 2.Мектеп оқушыларына сауалнама жүргізу.

2.Энергоүнемдегіш және қыздыру шамының шығынын есептеу.

3.Шамдардың сезімталдығын анықтау.

4.Шамдардың қызу температурасын анықтау.

5.ТКА-ПКМ құрама құрал арқылы шамдардың жарықтылығын анықтау.

Қорытынды:Энергия үнемдеуші шамдардың қыздыру шамдардан артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар,олар адам денсаулығымен

қоршаған ортаға зиянды әсер етеді.

Ұсыныс: 1.Қораптың сыртына қауіпсіздік ережесін енгізу керек.

2.Энергоүнемдегіш шамдарды утилизациялайтын бірнеше мекеме керек.

3. Энергоүнемдегіш шамдардың бағасын арзандату керек.

4.Энергоүнемдегіш шамдардың үнемді және зиян екенін халыққа насихаттау керек.

Бұл тапсырмаларды орындай келе, оқушылар қосымша ақпарат көздерінен (Интернет желісі, ғылыми мақалардан, анықтама) өз бетінше қажетті мәліметті іріктеп алады. Сонымен, оқу - жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану келесі нәтиже береді:

- оқушылар электронды оқулықтармен, виртуалды лабораторияда және интернет желісімен жұмыс істей алады;

- қайталау мүмкіндігі кеңейді

- орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады

- интерактивті тақтаны еркін қолданады;

- ақпараттық мәдениетін дамытады;

- оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;

- зерттеу дағдылары дамиды;

- оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады

- әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Демек, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникативті технология элементтеріне:

  • Электрондыоқулықтар мен әдістемелер,
  • интерактивті тақта,
  • электрондыэнциклопедия мен анықтамалар,
  • Интернетжелісі,
  • суреттер мен көрнекіліктері барDVDжәнеCD дискілер,
  • видео и аудиотехника,
  • ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар
  • Power Pointбағдарламасында жасалынған презентациялар жатады.

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған жаңа ақпараттық технология әдістерін пайдала отырып, мемлекеттіміздің ертеңі- бірінші ұрпақтың еңбексүйгіш, ақыл-ойы жан- жақты дамыған, өздігінен ізденгіш, өз ойын ашық айта алатын жеке тұлғаның қалыптасуы болып табылады. Жоғарыда айтылған ой-пікірімді тұжырымдай келе ақпараттық технологияны қолдану негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асырылса, білім санасының артуына әкеледі. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Сондықтан, өз шәкірттеріме білімімді одан әрі жетілдіре отырып беру, талантты да талапты оқушылар оқытып тәрбиелеу - негізгі мақсатым.

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.