Тлеуова Роза Жолбайқызы
№30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымы
Ақтөбе қаласы
Отыз жыл мектепке дейінгі ұйымда жұмыс жасау, жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысу біреу үшін көп уақыт сияқты көрінуі мүмкін. Ал мен үшін...
Мен жас өспірімдерге арнаған осы уақыттарды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Балабақшаға кіргенде жас бүлдіршіндердің жағымды үндері, сыңғырлаған күлкілері «Сәлеметсіздер ме, балалар?» деген сөзіме берген балалардың «Саламатсыз ба ?» деген жауабы бір сергітіп, серпілдіріп тастайды. Сондықтанда, бұл сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз.