Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие на тему" Тіл- татулық тірегі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Внеклассное мероприятие на тему" Тіл- татулық тірегі"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Тіл- татулық тірегі»

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі, болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру, Қазақстандықтарды патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету, бейбітшілік пен достықты нығайту. 
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер 
БАРЫСЫ: 
І жүргізуші:  Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар

2 жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Тіл-ұлт тірегі» тақырыбындағы салтанатты кешімізге қош келдіңіздер! 

1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

2
жүргізуші:  Ынтымақ, бірлік, келісім - ең асыл іс ел үшін! Бұл Қазақ елінің азаттық алғалы бергі ұраны.Биыл, 2015-ші жылды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды. Биыл 20 жыл толып отыр.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. «Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір», мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте.

ІІ жүргізуші:  Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл - бейбітшілік мәдениеті мен келісімнің іргетасы.

2 жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, 
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі. 
Толқынында тарихтың қуғын көрген, 
Барша ұлтқа құт мекен болған еді. 
Зобаланда көп шеккен қасіретті, 
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті. 
Риза көңілменен елге деген, 
Арнайды барша халқы ақ тілекті. 
1 жүргуші:  Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 
2 жүргізуші: 

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, 
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. 
Татулығын жырға қосам ұлттардың, 
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін. 
1жүргізуші:  Тілі бөлек болған менен тілек бір, 
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл. 
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ, 
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. 
2 жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен. 

Бұл достықтың түбі тереңде жатыр. Елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін ата - бабамыз кезінде құшақ жая қарсы алып, жерімізге қоныстануға, тату - тәтті бірлікте болып өмір сүруіне жағдай жасады. Тіпті сол ұлт өкілдеріне қыз беріп, қыз алып туыстасып кеткен жай да бар. Міне сол бауырлас халықтардың салт - дәстүрі, өнері, мәдениеті күнделікті өмірімізге сіңісті болып кеткен. Ата - бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір. шат көңіл, жайқалған дала, гүлденген қала болмақшы. Шет елдердегі соғыс жағдайын көріп отырсыздар. Біздегідей бейбіт өмір оларда жоқ. Күнде қорқыныш пен уайым - қайғымен, ауру сырқаумен, аштықпен өліп жатқан жағдайлары бар. Құдай оның бетін аулақ қылсын! Елімізде тыныштық, бейбіт өмір болсын деп тілейік.

 Ән «Көк тудың желбірегені»

1жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Р.Д.Аманбаеваға беріледі. 
Бүгін міне, Халықтар достығы Ассамблеясының
20 жылдығына арналған мерекелік сайысымызды бастаймыз.



2-жүргізуші: Тілім менің – байлығым да қуатым,

Қастерлеген мың жазушы,мың ақын.

Өршіл ұрпақ келеді әлі өмірге,

«Тілім үшін жан пида» деп тұратын.

1-жүргізуші:

Тілім менің – тірлігім, бар бақытым!

Келді сенің жарқырайтын уақытың.

Ақ бұлағым шөліркесем сусындар,

Тілім менің – жүректегі жақұтым



2-жүргізуші: Ана тілім – күн шуағым, айбыным,

Сенсің менің таусылмайтын байлығым.

Күш – қайратым. Сенен мәңгі нәр алған,

Сенсің менің аққу жүзер айдыным.

1-жүргізуші: Ана тілім, сен арқылы жанамыз,

Сен арқылы білім нәрін аламыз.

Ата – бабам мұра еткен біздерге,

Өзіңменен өрге шығып барамыз.

2-жүргізуші: Қазақ елі көпке ортақ үй еді,

Ал, қазаққа Ана тілі киелі !

Тілімізге тас лақтыра көрмеңдер,

Ол қазақтың жүрегіне тиеді.

1-жүргізуші: Тілім менің – байлығым да қуатым,

Қастерлеген мың жазушы,мың ақын.

Өршіл ұрпақ келеді әлі өмірге,

«Тілім үшін жан пида» деп тұратын.



2-жүргізуші: Тілім менің – тірлігім, бар бақытым!

Келді сенің жарқырайтын уақытың.

Ақ бұлағым шөліркесім сусындар,

Тілім менің – жүректегі жақұтым!



1-жүргізуші: Ана тілім – күн шуағым, айбыным,

Сенсің менің таусылмайтын байлығым.

Күш – қайратым. Сенен мәңгі нәр алған,

Сенсің менің- аққу жүзер айдыным.



2-жүргізуші: Ана тілім, сен арқылы жанамыз,

Сен арқылы білім нәрін аламыз.

Ата – бабам мұра еткен біздерге

Өзіңменен өрге шығып барамыз

2-жүргізуші: Қазақ елі көпке ортақ үй еді,

Ал, қазаққа Ана тілі киелі !

Тілімізге тас лақтыра көрмеңдер,

Ол қазақтың жүрегіне тиеді.

І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып,өзге ұлт өкілдерінің мемлекттік тілде өтетін сайысын тамашалауға шақырамыз. 

ІІ. Әділқазы мүшелері мен сайыскерлерді таныстыру


Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады.

  1. Таныстыру (презентация.)

  2. Мәтінді аудару.

  3. Викториналық сұрақтар.

1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?(қазақ тілі)
2. 30 тамыз қандай мереке?
(Конституция күні)

3. Қазақтың жаңа жылы қай күні тойланады?(22 наурыз)
4. Қазақстанның астанасы қай қала?
(Астана)
5. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
(теңге)
6. Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды?
(16 желтоқсанда)
7. Мемлекеттік Рәміздерге нелер жатады?
(ту, елтаңба, әнұран)
8. ҚР Мемлекеттік туында нелер бейнеленген?
(Күн, қыран бүркіт, ұлттық ою-өрнек)
9. Тудың авторларын ата?(Шәкен Ниязбеков)
10. Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?
(Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев)

11. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыз?(бесбармақ, қуырдақ, бауырсақ, жет нан т.б)

12. Қазақша ай аттарын атаңыз? (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан)


  1. Ситуациялық диалог құрастыру.(Кітапханада, мұражайда, дүкенде, театрда, автобуста, мейрамханада, дәріханада, ауруханада, мектепте, киім дүкенінде, дәрігерде.)

  2. Сайыскерлердің орындауындағы өз өнерлері. Ән немесе Би.

І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір! 

ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын! 
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын! 
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын! 
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! 
ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. 
І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар! 




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров226
Номер материала ДВ-154642
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх