Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Воспитательная работа на тему "Елбасы мақсаты - ел мұраты,гүлденген Қазақстан"

Воспитательная работа на тему "Елбасы мақсаты - ел мұраты,гүлденген Қазақстан"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:













Елбасы мақсаты- ел мұраты,

гүлденген Қазақстан































Сабақтың тақырыбы: Елбасы мақсаты- ел мұраты, гүлденген Қазақстан

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

а) Білімділік мақсаты: Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жас мемлекет Қазақстан үшін жас өреніміз, ертеңгі елдің тұтқасы бүгінгі ұландардың білім, ғылым үйреніп мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуы және ғылым, білімінің адам өміріндегі маңызы зор екендігін айту.

Ата заңымызға -15 жыл толуына орай, Қазақстанның әр азаматы үшін ерекше мәнге ие екендігінен терең түсініктер беру.

ә) Тәрбиелік мақсаты: «Тәрбие бесіктен басталады» дейді халық. Сол көп салалы тәрбиенің ең бастысы: Отбасы – Отанды сүю , адамгершілікті, еңбекқор болу, өз Отанына, халқына адал қызмет етуге, сонымен бірге қазақтың әрбір ұл –қызын өз халқының тегін, тарихын білуге үйрету;

б) Дамытушылық мақсаты: Конституция баптарына сүйене отырып мемлекет, қоғам, парламент, үкімет деген ұғымдарға кең тоқталу. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы олардың пікірін білу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Көрнекіліктер: ОТҚ, слайд, газет-журналдар, т.б.


Сабақтың мазмұны мен өту барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Жаңа оқу жылымен құттықтау


Жоспар:

  1. 1 қыркүйек – Білім күні

  2. Ата Заңымыз


Сабақтың басталуы:


Білім күнінің мәніне тоқталу

Мұғалім сөзі: Ұлы ағартушы, педагог Ы.Алтынсарин алғаш рет қазақ мектебін ашып, балаларды білім алуға, өнер үйренуге шақырды.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей –ақ табылар,-деген еді.

Білім кемесін мініп ілім іздеп, алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Сондықтан осынау киелі қара шаңырақ – мектеп ордасына қош келдіңіздер.

1-оқушы

Келді міне, қоңыр күз,

Келді қағып қоңырау.

Мектеп –ана жылы жүз,

Ашты құшақ омырау.

2-оқушы

Мектеп –анаң бүгіннен,

Мектеп- алтын босағаң.

Мектеп берген білімнен,

Марқаясың, жас ұлан.

Осыдан 19 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Конституциясын қабылдағаны баршамызға мәлім. Бірақ,1993 жылы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік қоғам ережелеріне, көбіне кеңестік демократия принциптеріне негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына сай сәйкес келмеді. Осылайша, 1993 жылғы Конституция өмір талабына сай келмегендіктен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қайтадан жаңа Конституция қабылдау керектігі туралы ұсыныс жасады. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда ел тарихында алтын әріппен жазылған кез.

Осы күні Конституцияны қабылдаған еді. Бұл республикамыздың тәуелсіздікке қол жеткеннен бері екінші Конституциясы еді.

Сұраққа жауап берейік.


-Балалар, ҚР Конституциясының құрылымы қанша бөлімнен, қанша баптан тұрады?

Көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

І бөлім – Жалпы ережелер

ІІ бөлім – Адам және азамат

ІІІ бөлім – Президент

ІV бөлім – Парламент

V бөлім – Үкімет

VІ бөлім – Конституциялық кеңес

VІІ бөлім – Сот және Соттар төрелігі

VІІІ бөлім – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару

ІХ бөлім – Қорытынды және өтпелі ережелер.

-Заңды кім шығарады?

-Парламентте халық сайлаған кімдер отырады?

1995 жылғы Конституцияның І бөлімінің 1-бабында:

ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары деп жариялаған.


- Қазақстан қандай мемлекет?


hello_html_m5628152c.gifдемократиялы зайырлы



құқықты көпұлтты



әлеуметті біртұтас



Ата Заңымыздың 17 бабында «ҚР –ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған.

-Тіл туралы Заң неше тараудан, неше баптан тұрады?

- ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қай жылы қай айда енгізілді?

Сан ғасырлар бойы қалыптасқан, қазақтың байырғы тұрмыс – салт рәсімдері, тәлім –тәрбиелік әдеттері мен ережелері жас ұрпақтың жан дүниесіне әсер етіп санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиетті тұлғаларға айналмақ.

Біздің Ата Заңымыз Конституция , оның негізі заң деп аталу себебі, бүкіл мемлекеттің, қоғамның ең маңызды басты мәселелерін: азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның экономикалық негізін мемлекеттің құрылуымен қарастырады.

Конституция – бүкіл заңдардың қайнары болады. Қандай да болсын қаулы, шешім тек конституция негізінде қабылданады.

Бұл заңда балалар мен жасөспірімдерге ерекше қамқорлық жасау үшін, балалардың құқықтарын қорғайтын “Бала құқықтары туралы конвенция” 1989 жылы 20-қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған. Конвенция 3 бөлімнен, 54 баптан тұрады. Яғни, біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз анық көрсетілген.

3-оқушы

Ата заңға қарағым,

Шексіз болсын құрметің.

Туған елдің талабы,

Заңды орындау міндетің!






Біз кімбіз?” ой-толғанысы



Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада

қол жеткізген білімге құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз

hello_html_999f52a.gifhello_html_5e91caf0.gif

hello_html_m3e70bb37.gif


hello_html_2eafc8ef.gifhello_html_m752dcca.gif

hello_html_420f5bed.gif

Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін

өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз

жастармыз.


Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,

жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.


Еліміздің аз уақытта өркендеп, өркениетті елдермен терезесі тең болуына сүбелі үлес қосқан еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Н.Ә.Назарбаев еліміздің егемендігін тұңғыш жариялап қана қоймай, елдік пен даналықты әлемдік саясатпен ұштастыра білген айтулы тұлға, сондай-ақ елдің ел болып өркен жаюына, өркениетті мемлекет дәрежесінде танылуына білімі мен билігін, ойы мен парасатын, күш –қуаты мен жігерін жұмсап отырған қайраткер. Ол мемлекет басшысы ретінде елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын кемеңгерлікпен айқындап, ел ішінде жаңа халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік жүргізу құқығын ҚР Конституциясына сай жүзеге асырып келеді. Н.Назарбаевтың алдына қойған ең басты мақсаты да адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының Конституцияға сәйкес іске асуы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ел бірлігін сақтау.Мемлекеттің экономикасын және саяси жүйесін дамыту,халықтар достығын нығайту, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу екені баршаға аян. Мемлекетіміздің атынан өкілдік етіп келе жатқан ең жоғары лауазымды тұлға Президент Н.Ә.Назарбаев еліміздің абыройы мен атағын асқақтатып, Отанымыздың беделін биікке көтеріп келе жатыр. Елбасының беделі елдің берекесі, барды бағалай білу елдің әрбір азаматының қасиетті борышы.

Қорытынды.

Мұғалім сөзі: міне, балалар, Ата Заңымыз бізге осыншама мүмкіншіліктер беріп, біздің тиісінше біліп алып, жақсы өмір сүруімізге қамқорлық жасауда. Сондықтан өміріміздің кепілі, қорғаушымыз – Конституцияның міндеттерін бұлжытпай орындап, құрметтей білейік.



Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров62
Номер материала ДВ-443878
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх