Инфоурок Другое Другие методич. материалыВоспитательная работа "Тәуелсіздік-ел тірегі"

Воспитательная работа "Тәуелсіздік-ел тірегі"

Скачать материал

Тақырыбы: Тәуелсіздік- ел тірегі.

Мақсаты:

1. Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.

2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аяңбай еңбек етуге шақыру.

3. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.

 

Көрнекілігі: Тәуелсіздік құрбандарына арналған стенд, буклет, еліміздің рәміздерінің суреттері.

 

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздік- ел тірегі» атты салтанатты кешімізді ұсынамыз.

Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.

Әнұран орындалады.

 

1-жүргізуші: Тәуелсіздік, еркіндік- ежелден ел тірегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі, тарихының нәтижесі.

2-жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан- әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері бай, халқы бай ел.

Қазақстан- туған Отан, алтын бақ,

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.

Қазақстан- көпті көрген қария,

Қазақстан- мейірімді ана, жер қымбат.

Атады әлі тағы да бір таң күліп,

Жүректерге арман отын жандырып.

Қазақстан- біздің туған ұлы Отан,

Жайнай бер сен, жайнай бер сен мәңгілік!

Хор: Қазақ жыры

1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің тәуелсіздігін жария еткен ұлы заң қабылданды. Біз бақытты өмірдің есігін аштық.

2- жүргізуші: Қазақ хандығы ХҮ ғасырда, яғни 1456 жылы тұңғыш құрылса, арада 535 жыл өткеннен кейін Қазақстанның нағыз тәуелсіз мемлекет екендігі жарияланды.

Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Респібликасының Конститутциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы ансаған арманы жүзеге асты.

1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта көптеген жетстіктерге жетті. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші:

 

·         1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.

·         1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

·         1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш президентміз сайланды.

·         1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.

·         1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конститутция қабылданды.

·         1993 жылы 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз- теңге айналымға еңді.

·         1994 жылы ядролық қаруды таратпау туралы келісімшартқа қол қойылды.

·         1996 жылыАлматы қаласында тәуелсіздік монументі ашылды.

·         1998 жылы Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Ән: Атамекен

 

2-жүргізуші: Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, з жерін жатқа силамаған және сатпаған халық. Ұланғайыр жерінің ұлтарақтай жері үшін жанын жалау еткен бабаларымыз белін үзген. Сол марқасқа батыр, бабаларымыздың өмір өткелдерінен, ерлік жорықтарынан деректер білу- ұрпақтарға парыз, міндет.

1-жүргізуші: Қазақ халқы осы тәуелсіздік жолында небір қиын-қыстау кезеңді бастан кешірмеді ме десеңізші! Арыға бармай, 1720 жылдан бергі тарихқа қысқаша тоқтала кетсек. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда» 1млн. Адамнан, яғни сол кездегі халықтың 40 пайызынан айырылды.

2-жүргізуші: 1916 жылы патша үкіметі қазақтарды тыл жұмыстарына мобилизациялаудың тәртібін жариялады. Ашу-ыза кернеген жұмысшылар мен шаруалар көтеріліске шықты. Өзінің сипаты жөнінен ол отаршылыққа және феодализмге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс еді.

1-жүргізуші: Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға- апайларымыз- Қайрат, Ләззат,Ербол, Сабира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі», Ләззаттың зарлы үні артында қалды.

 

«Ақтық сөзің не?» деген,

Бүгін қойды сот сұрақ,

Айтайын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ,

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жерің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Салт- санадан айыпрылып,

Арақтан ұрпақ азбасын,

Қызғаныштан тозбасын,

Қолдаушысыз болмасын.

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңілің қалмасын.

Ендігі жерде басыңнан,

Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым.

Мойыныма алып жаланы,

Мен болайын құрбаның!

 

    Ләззаттың әні:

17 жыл мен жатырмын,

Ақжазықтың түбінде.

Мені өлтірген таксист жігіт,

Тірімісің бүгінде?

Тірі жүрсен өткен күнді,

Еске алғанның несі бар?

«Желтоқсанда» құрбан болған,

Ләззат қызды есіңе ал!

Халқым, саған ризамын!

Батыл бас аяқты, жас достар,

Бұл жерде- батыр жоқ қол бастар,

Бұл жерде- жүректе... мұз жатыр,

Бұл жерде- өрімдей... қыз жатыр.

Бұл жерден мәңгілік аттанған,

Халқымның есіңде сақталған!

  Ән: «Желтоқсан желі»

 

2-жүргізуші: Желтоқсан қаһармандары Қайрат Рысқұлбековтың, Ербол Сыпатаевтың, Ләззат Асанованың, Сәбира Мұхамеджанованың рухына тағзым етеміз.

1-жүргізуші: Еліміздің еркіндігі жолында жанын қиып, тәуелсіздімізге көре алмай кеткен боздақтарды 1 минут еске алайық...

2-жүргізуші: 2006 жылы 26 мамыр Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың студенттерге арнап оқыған лекциясында:

«Біздің бабаларымыз қазіргі Қазақстанның ұлан-байтақ аумағын, төлтума мәдениетін және өмірді қабылдау мен түсінудің айрықша рухын қорғап, бізге мұраға тапсырды.

Енді сендердің уақыттарың туып келеді. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның ертеңі өз қолдарында екенін әрдайым естен шығармандар. Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніңдегі біздің барлық ойларымыз бен жоспарларымызды қисынды қорытындысы жеткізетін нақ сендер боласындар»,- деген сөзін әрдайым естен шығармай,аянбай еңбек етіп, білім алуымыз керек.

  Қорытынды:

1-жүргізуші:Тәуелсіз елдің ұлы- өжет, қызы- қайратты, қаһарман.

2-жүргізуші: Тәуелсіздікті анаңдай артақта, балаңдай мәпеле, құдайда құрметте!

1-жүргізуші: Еліміздің белгісі- көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!

Той тойға ұлассын!

Хор: Тәуелсіз Қазақстан  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательная работа "Тәуелсіздік-ел тірегі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 111 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2016 489
    • DOCX 17.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимбекова Бактыгуль Сайдахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2709
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой