Инфоурок Другое СтатьиҰйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Қоянға арналған сәбіз"

Ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Қоянға арналған сәбіз"

Скачать материал

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: Шығармашылық                                                                                                                                          Бөлімі: Мүсіндеу.

Пән аралық байланыс: «Таным»-Сенсорика, Жаратылыстану, «Коммуникация»-Көркем әдебиет

Тақырыбы: Қоянға арналған сәбіз.

Мақсаты: балаларға ермексаз бөлшектерін алақандарына салы есуді, әртүрлі форманы қалыптастыра білуді үйрету; мүсіндей білу және саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру; ойла" қабілетінің логикалық дамуын қалыптастыру; сонымен қатар көмекті қажет ететін әлсіз жануарларға көмектесуге әрқашан дайын  бол, керектігін қорқақ қоянның кейпіне кіре отырып көрсету; балаларды эмоциялық көңіл күйін бақылау; балаларды қоршаған ортаға, табиғатқа жануарларға жанашырлық танытуға тәрбиелеу.                                                                                                                                                               Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: түрлі түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған   құрал, тұғырық үлестірмелі материалдар, ойыншық қоян.                                                                         Сөздік жұмыс: ұзын құлақты, бадырақ көзді.

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шенбері

Амансың ба, Алтын күн!                                                                                                Амансың ба, Көк аспан!                                                                                                  Амансың ба, Жер Ана!                                                                                                                 Амансың ба, достарым!

- Балалар, бүгінгі бізге қонақ келеді.                                                                                         ¥зын кұлақты, бадырақ көзді.                                                                                                 Ойлы-қырлы жерлермен ытқып-ытқып жүгіретін, ең сүйікті асы – сәбіз жануар. Ол не?

- Дұрыс айтасындар, ол – қорқақ қоян. Ал бәріміз бірге оны ортаға шақырайық.

Сөздік жұмыс: ұзын құлақты, бадырақ көзді. Ұйымдастырушылық-ізденістік Ғажайып сәт  Хормен: «Қоян, ортаға кел».

Біраз уақыттан кейін қоян келіп кіреді.

Қоян:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар.

- Балалар, оны сипап көріндерші, оның тоны қандай?

- Ол несімен ерекше?

- Оның құлағы қандай?

- Ал мынау несі?

- Оның кұйрығы қандай?

- Дұрыс айтасыңдар. Қояннын кұлағы ұзын, ал құйрығы қысқа болады екен. Қоян тағы не істей

алады?

- Ендеше қалай секіретінін көрсетіңдерші. Қолымызбен құлақ жасаймыз, бәріміз бірге секіреміз.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

- Мұнда қоян не жасырып қойды екен? Себетгің ішінде не бар екенін көрейік.

Себеттің ішінен көкөністерді біртіндеп шығарып, балаларға түсіндіремін.

- Бұл не?

- Ол үлкен доп тәрізді көлемде, жасыл, көп қабатты.

- Ал мынау не?

- Ол кішкене көлемді, дөңгелек, қызыл түсті.

- Ал мынау не?

- Бұл үлкен, ұзын, қызыл сары түсті.

- Ал мына көкөніс қалай аталады? Оны қоян бізге сыйға әкелген.

- Еламан, бізге қоян не әкелді?

- Жәнібек, қоян бізге не әкелді?

Ойын. Ал енді қоян бізбен ойын ойнайды. Ол өзіне қатты ұнайтын көкөністі жасырады, ал сендер оның қандай көкөністі жасырып тұрғанын табуларың керек. Мұқият тыңдандар.

Қоян:

- Ол ұзын, үлкен қызыл сары түсті. Бұл қандай көкөніс?

- Ол кішкене көлемді, доп тәрізді, қызыл түсті, жұмсақ. Бұл не?

- Ол үлкен доп тәріздес, жасыл түсті, көп жапырақ оралған. Бұл не?

Үлестірмелі материалда бейнеленген қоянға арнап көкөністер әзірлейік.

- Қоян қандай көкөністі ұнатады деп ойлайсыңдар?

Балаларға жұмысты орындаудың ретін түсіндіремін: ермексазды алақанға салып, сәбіз көлеміне келтіріп есеміз, бас жағын жуандау етіп, төменгі жағын жіңішкертеміз.

- Қараңдаршы, сәбізге ұқсады ма?

- Енді сендер алдарыңда тұрған ермексазды алып, өздерің сәбіз сомдап көріңдер.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Рефлексиялық-түзетушілік

- Ал қоян қандай көкөністі жақсы көреді?

- Ал сендерге қандай көкөніс ұнайды?

- Бүгінгі сабақга сендерге не ұнады?

- Қоян сендерге рақмет айтып, сау болыңдар деп қоштасуда.

Әр баланың салған суреті мен сомдаған сәбізін ата-анаға арналған көрме тақтасына қоямын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Қоянға арналған сәбіз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 536 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.12.2016 1178
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турысбаева Назира Нурланбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7575
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой