Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Зат есімнің тәуелденуі" тақырыбына ашық сабақ жоспары.

"Зат есімнің тәуелденуі" тақырыбына ашық сабақ жоспары.

Скачать материал

Ашық сабақ "Зат есімнің тәуелденуі"

Қазақ тілі 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тәуелдік жалғаудың мағынасын байқату, яғни қандай да бір нәрсенің біреуге тән, соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру.

Дамытушылық: Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбие беру, таза, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаз, слайдтар, /әр түрлі/ қағаздар, семантикалық карта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Қызығушылықтарын ояту «Кімге қай түс ұнайды?»

Қызыл, сары, жасыл, көгілдір түстердің бірін таңдайды.

Топқа бөлініп бөлініп отыру.

ІІІ.Жаңа сабақ

1-слайд. Зат есімнің тәуелденуі

1.Зат есім дегеніміз не?

2. Тәуелді, тәуелдену дегенді қалай түсінесіңдер?

-Меншіктеу, заттың біреуге тән екенін білдіреді.

2-слайд. Тәуелдік жалғаулары ІІІ жақта айтылады.

Жекеше: Көпше:

І.жақ. Менің балам Біздің баламыз

ІІ жақ Сенің балаң Сендердің балаларың

Сіздің балаңыз Сіздердің балаларыңыз

ІІІ жақ . Оның баласы Олардың балалары

 

3-слайд. Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулары деп атаймыз.

4-слайд

Жақ

Жекеше

Көпше

І

-м, -ім, -ым

-міз, -мыз, -іміз, -ымыз

ІІ

-ң, -ің, -ың

-ың, -ің

 

-ңіз, -ңыз, -іңіз, -ыңыз

-ыңыз, -іңіз

ІІІ

-сы, -сі, -ы, -і

-ы, -і

 

 

 

Топқа тапсырма: Түстеріне сай затты тәуелде

Қызыл түсті топ – алма, қызанақ

Көгілдір түсті топ – ту, аспан

Сары түсті топ – қауын, күн

Жасыл түсті топ – шөп, жапырақ

Оқулықпен жұмыс

38-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Суретпен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. Менің сағатым үйде қалды. Сенің күшігін терезенің алдында отыр. Жақсылықтың қаламы партаның үстінде жатыр.

5-слайд. Жеті жұрттың тілін біл.

1. Төрт аяқсыз жүйрігім

Бұлғар салар құйрығын. /балық, рыба/

2. Жазда әрине саспайды,

Қыста көзін ашпайды.

Жазда сондай бал құмар

Қыста сондай шалдуар /аю, медведь/

3.Танымасын танымас

Бейтанысқа қаны қас /ит, собака/

4.Табаны - пүліш,

Тырнасы - қылыш

Туғаннан мұртты,

Мұрттыны құртты /мысық, кошка/

Семантикалық картамен жұмыс.

Сөздер

І менің

ІІ сенің

Сіздің

ІІІ оның

Әкем

Борың

Кітабың

Сызғышым

Орамалы

Беті

Дәптерім

Кітабыңыз

Поэзия минуты: (өлеңнің авторы мен тақырыбын табу, өлең ішінен тәуелдік жалғауларын табу)

Енді қайттік? Амал –айла азайып,

Құтылуға өткел іздеп тарықтық.

Менің досым ұяң еді ғажайып,

Әкем өте қатал еді, жарықтық!

Достық өлкесінің заңы. М.Шаханов

 

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен күнге жол ашқан.

Менің байтақ Республикам таулары,

Менің көгім – мөлдіреген сол аспан.

С.Мәуленов. Менің Республикам

Бейнеті мен зейнеті

Ырыс болып құйылған

Маржаны мен меруеттері

Туған елге бұйырған.

Ғ.Қайырбеков. Комбайыншы

Машина сенің –серігің,

Жолға шықсаң –көлігің

Айта қойшы, сен, інім,

Шығаратын оны кім?

Оразақын асқар. Машина

6-слайд.

Жатқа жазу.

41-жаттығу.

Түйем шықты өріске,

Боталары маймаңдап.

Қойым өрді қапталдап,

Қозыларым салды ойнақ. /Ж.Жабаев/

Тәуелдеулі сөздерді тауып, астын сыз.

Қарамен жазылған сөздерді түбір мен қосымшаларға ажырат.

7-слайд.

Қорытынды.

Мына сөздерді тәуелде: іні, қой, кітап.

8-слайд. «қай түс ұнайды?» Түсті таңдаған оқушылардың ерекшілігі

Қызыл түс – ізденімпаз

Көгілдір түс – шығармашыл

Сары түс - өнерпаз

Жасыл түс – ойшыл

9-слайд. Үйге тапсырма: ереже жаттау. 159 –бет.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Зат есімнің тәуелденуі" тақырыбына ашық сабақ жоспары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 100 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2017 1980
    • DOCX 42 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Халыкова Зергул Аманбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Халыкова Зергул Аманбаевна
    Халыкова Зергул Аманбаевна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3828
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой