Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Үздік панорамалық сабақ сайысы- 1 орын. Пәні Психология. Сабақ тақырыбы:Мінез-құлық.

Үздік панорамалық сабақ сайысы- 1 орын. Пәні Психология. Сабақ тақырыбы:Мінез-құлық.

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сұлтанова Ғ.Т.

Үздік панорамалық сабақ сайысы- 1 орын.


Пәні Психология.

Сабақ тақырыбы:Мінез-құлық.


Сабақ мақсат-міндеттері:

1.Мазмұны бойынша (білімділігі):Оқушылар тақырып мазмұнымен таныса отырып, өмірмен, тарихи тұлғалар тағылымымен байланыстыру арқылы негізгі ойды, идеяны ұғынады.

2.Сыни ойлауды дамытуға байланысты (дамытушылығы):Өз ойына қорытынды жасай білуге дағдыланады, мінездің сұлу қырлары мен тұрпайы түрін айырып, өздеріне өлшеп қарап, өмір тәжірибелерімен салыстырып айта алады.Өздерін зерттейді, ізденеді, алған білімдерін қолдана алады.

3.Топтық жұмыс үрдісіне қарай (тәрбиелілігі): Бірлесе оқуға ( топ ішінде жұмыс жасауға),талқылау нәтижесінде көп вариант ішінен дұрыс шешім табуы; өз ойын өзгелерге икемдеуі қалыптасады, бір-бірін оқыту мен дамытуға атсалысады, өз-өзін қалай тәрбиелеу керек екенін ажыратады, жағымды қарым-қатынас, шығармашылық ахуалды қалыптастырады.

Топтық жұмыс кезіндегі міндеттер:

Студенттер

-бір-бірінің ойын тыңдайды;

-қызығушылықпен араласады;

-ойларымен бөліседі;

Топтық қорытынды шығарады;

Топтық жұмыстың нәтижесін көрсетеді.


Сабақ типі: Жаңа білімді хабарлау сабағы.

/ танымдық сабақ/

Пәнаралық байланыс: этнопедагогика, педагогика, қазақ әдебиеті, педагогикалық зерттеу әдістемесі пәні, жас ерекшелік және педагогикалық психология, этнопсихология.

Сабақ әдістері: проблемалық сұрақтар мен жағдаяттар шешу, зерттеу. сын тұрғысынан ойлау және жазу. Стратегиялар: Болжау, топтастыру, 3 қадамды интервью, кеңейтілген лекция.

Сабақта қолданылатын құралдар: интерактивті тақта.

Көрнекіліктер: Мінез туралы цитаталар,, ұлы адамдар ойлары, сызба, таблицалар, сұрақтар жазылған парақшалар,таратпа материалдар.

(слайд)

Осы сабақты игеру үшін болуға тиіс алғышарттар:

а) бұрыннан өздері жинақтаған материалдары (ұлылардың ұлағатты сөздері, отбасындағы ереже-ұстанымдар);

б) сыни ойлау мен үйрену тәсілдерін қолдана алу қабілеттері болуы.


Ұйымдастыру

Әр топ құралдарын дайындап, топ жетекшісін сайлайды.


I. Қызығушылықты ояту: (слайд )


«Мен және менің әлемім» әдістемесі


Көрсетілген суреттерді өз еркіңізбен кез келген реттілікте, өзіңіздің қалауыңыз бойынша А, Б, В, Г деп әріптермен белгілеңіз.


hello_html_m3d87e1ff.gifhello_html_m5e0e527d.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_7074c244.gifhello_html_645808b7.gifhello_html_645808b7.gifhello_html_645808b7.gifhello_html_645808b7.gifhello_html_73ddc444.gifhello_html_m5e0e527d.gif

hello_html_m7e5a042e.gifhello_html_645808b7.gifhello_html_m9534073.gif


hello_html_m9534073.gifhello_html_m9534073.gif

hello_html_1fd429ff.gifhello_html_m2823cef2.gifhello_html_m2823cef2.gif

hello_html_m36d2df2a.gif


1. Көлденең жолақты бірінші етіп таңдасаңыз – мінезіңіз байсалды, салмақты, өзгені ішкі жан дүниеңізге жібере бермейтін сақ, көбіне үйде болуды ұнататын адамсыз.


2.Тік жолақ сіздің таңдауыңызда 1-ші ретпен hello_html_m262ea49d.gifhello_html_m262ea49d.gifhello_html_m262ea49d.gifhello_html_m262ea49d.gifhello_html_m2823cef2.gifтұрса – мінезіңіз тік, ашушаң, өзіңізге ұнамсыз ортаға қарсылық көрсететін адамсыз.


3. hello_html_1fd429ff.gifhello_html_4300318a.gifhello_html_m42cd4d1c.gifБірінші етіп конверт суретін таңдасаңыз, өзіңіздің ішкі жан дүниеңізбен үйлесімдігіңіз аз, бірнәрсені ойлап, айтасыз да басқаша істейсіз, яғни сөзіңіз бен ісіңіз сәйкес келмейтін адамсыз.

4hello_html_1fd429ff.gifhello_html_m262ea49d.gif. Тhello_html_m2823cef2.gifерезе суретті бірінші етіп қойсаңыз, үйлесімді, тәртіпті жақсы

көретін білімге ұмтылатын адамсыз. Сондай-ақ, салған суретіңіздің көлемі (үлкен не кіші екені) сіздің өзіңізді қалай бағалайтыныңызды көрсетеді.




(«Мен және менің қатынасым» әдістемесі)


1 2



3 4

hello_html_40862967.gif


hello_html_m59492c59.gif





Әр клетканың ішіне кез келген жан-жануардың (үй жануары болсын, дала жануарлары болсын) атын жазыңыз. Одан кейін оларға мінездеме беріңіз. Мысалы, 1-ші клеткада ит тұрса, ит – иесіне берілген, адал, өзгелерге қатал, жақсы көрген адамына еркелейді, көңіліне жақпаса қауып алады, шыдамды, қысылтаяңда көмек беруге дайын, кейде досы үшін жанын пида етеді...(Бұл Сіздің балаға деген қарым-қатынасыңыз).

Кілті:

1. Сіздің балаға қатынасыңыз.

2. Сіздің отбасыңызға, жарыңызға қатынасыңыз.

3. Қоғамға, ортаға қатынасыңыз.

4. Жұмысыңызға қатынасыңыз.

. II. Мағынаны тану сатысы: (слайд)

Интерактивті тақтада:

Әл-Фарабидің: «Жақсы мінез-құлық, ақыл-күші болып, екеуі біріккенде ғана адам бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ.» деген пікірі;

Абай: «Мінезіме көз салдым, жүрегім инедейін таза емес, көрінгенге қызықтым, жүректің әділетін бұзыппын, ақылменен білімнен үміт үзіппін, ар-ұяттан күсіппін, мақтанбасқа мақтанып»;

Рабиндранат Тагор: «Посеешь-поступок –пожнешь привычку,

Посеешь привычку – пожнешь характер,

Посеешь характер – пожнешь судьбу» деген пікірлері шығады.


Оқытушы: Осы үш ұлы адамның ойларынан қандай ортақ ұғымды, қандай сөзді көріп тұрсыздар?

(-М інез деген сөз.)

-Ал осы айтылған пікірлерден нендей қорытынды, түйіндеме шығарар едіңіз?

(Әр адам өзінің бақытты болуына, тағдырының қандай болатындығына өзі жауапты. Оның мінезіне байланысты...деген ойлар айтылады).

-Сонда бақыт деген не?

әр топ өз жауабын сызбамен («Топтастыру» стратегиясы бойынша жинақтайды). Мысалы, (слайд №13)


hello_html_3ad68d87.gif hello_html_3ad68d87.gif



-Қандай пайызға бақыттысың?


10 20 30 40 50 60 70 80 90 100

-Бұл қалпыңа мінезіңнің қаншалықты қатысы бар деп ойлайсың?

(Мінезің оңды болмаса, қайдан сыйластық болады; мінезі нашар адамды сүю де қиын, т.б. пікір айтылып, өздерінің бақыттылық пайыздарын 60-70 % қойғандары болды. (слайд)

Оқытушы: Біз осы мінезге қатысты психолог ретінде зерттеп көрелік, зерттеудің көмекші әдісі – интервьюді жаңа оқыту технологиясымен байланыстырамыз: (слайд)

Топ 3-3 тен бөлінеді: «3 қадамды интервью» әдісі бойынша осы сұраққа және тағы басқа дайындалған проблемалық сұрақтарға жауап алынады.

Ол былайша жүзеге асады:

А В С

(сұрақ қояды) (жауап береді) (жазады)


В С А

(алмасады)

С А В

Сұрақтар парақшамен таратылады, әр топқа бір сұрақ) (слайд )

  1. Мінез міндері дегенді қалай түсінесің?Оларға не жатады?

2.Халықта «сүтпен берілген мінез сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Ал Абай атамыз «Түзелмейтін мінез болмайды, егер мен қолымда закон қуаты бар адам болсам, онда мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген ғой. Осыны сен қалайша түсіндірер едің?

3..Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баянын оқыдық. Екі ағайынды жігітке мінездеме беріп көрші. Қалай ойлайсың, Баян інісін өлтірді, ол қатыгез бе? Ал Ноян қандай жігіт?

4.Ы.Алтынсариннің еңбектерін бастауыш сынып оқушыларына оқытамыз. «Мейірімді бала», «Аурудан аяған күштірек», «Шеше мен бала»,т.б. Бұл балаларда қандай қасиеттер тәрбиелейді?


( Слайд ) (1.Мінез міндері дегенді қалай түсінесің? Оларға не жатады? деген сұраққа 1-ші топ студенттері «Адам мінезі- жағымды мінез, жағымсыз мінез болып бөлінеді. Мінездегі міндер деп ортаға лайық емес мінезді айтамыз. Мысалы, былапыт сөйлеу, ішкіштік, нашақорлық сияқты өз-өзін меңгере алмайтын мінез- адам үшін мін» деп жауап берді. Осы кезде оның тобынан Айдана өздерінің жинаған портфолиосынан «Екі жүзділік, жағымпаздық үлкен кесел» деген Сухомлинскийдің, Жүсіп Баласағұнның « Арсыз- адамның қоры», деген ойын, Саиф Сараидың « Ұятсыз адам иттен де жаман» деген пікірлерін оқып, бұл мінездегі міндер деп қорытындылады.


2. «Сүтпен берілген мінез сүйекпен кетеді» деген мақалға қарсы Абайдың сөзін келтіргенде Динара деген студент: Менің ойымша, мінез адамға да жануарға да тән. Ал жануар өзінің инстинктіне, яғни туа берілген табиғи мінезіне сүйенеді, ал адамдар тек өзінің табиғи темпераментіне ғана сүйеніп, қызба, ашушаң болса, өзгере алмаймын деп жүре берсе, оның жануардан қандай айырмашылығы бар? Адам ақыл-ой, сана иесі емес пе? Өзін ерікті түрде тізгіндеп, жақсы болуға тырысып мінезді өзгертуге болады деп тұр емес пе Абай атамыз,деп жауап берді.


  1. Арайлым деген студент: М.Жұмабаевтың «Батыр Баянындағы» Батыр Баян ержүрек, батыл, отаншыл, дара тұлға. Жан дүниесі бай, қайрат иесі. Ол қатыгез емес, ал оның інісі Ноянды өлтіруін мен былайша түсіндірер едім: Ол да сол қызды ұнатты, алайда ол Ноянды қызғаныштан өлтірген жоқ. Бір қызға құл болып, отанын сату- ерге сын деп садақ тартты. Намыс, ар , ел үшін жан пида деген идея оны қатал еткен. Тәрбие сондай.

Сания: Ноян түкке алғысыз жаман жігіт емес, ол құмарлықтың, ғашықтықтың, бала сезімнің құрбаны деп түсінемін. Сүйгені үшін жазықты болып жаза басты. Мен болсам оны өлтірмес едім.


4.Альбина: Ы.Алтынсарин еңбектерін оқып отырып жақсы мінезге қол жеткізу, тәрбиелеуге болатындығын байқадым. Оның шығармалары адамгершілік сапаларын, яғни мінез-құлықтың жақсы сапаларын (мейірімділік, байқағыштық, тапқырлық, әділдік,т.б.) ту етіп көтереді. Осындай шығармаларды баланы жақсы адам етіп тәрбиелеуге мүмкіндік беретін құрал деп санаймын .


Сонымен, біздің бүгінгі тақырыбымыз: Мінез-құлық. Сіздердің жаңағы интервьюлеріңнен тақырыптың көп тұсы ашылды, демек, бұл тақырыпты толығырақ ашу мен үшін жеңіл болатын болды. Бірлесіп алған біліміміз берекелі болсын. Енді кеңейтілген лекцияға құлақ түріңіз.

Кеңейтілген лекция. /Сызбалар арқылы түсіндіріледі.(15 минут)

Жоспар:

1. Мінез туралы түсінік, оның мәні,табиғи және әлеуметтік мәні.

2.Мінездің физиологиялық негіздері

3.Мінез құрылымы және мінез бітістері

4.Ұлттық мінез.

5.Артық етпес білгенің: Мінезді зерттеу әдістері, тест түрлері, ұлы адамдардың өз-өзін тәрбиелеу үлгілері. Күнделікті жүргізу жолдары. «Өзім туралы кітап» атты күнделікті жүргізу үлгісі беріледі.(слайд)


Қосымша әдебиеттер тізімі.

1.Левитов Н.Д. Психология характера. М.:Просвещение, 1969.

2.Ковалев А.Г. Психология личности.-М.,1970.

3.Орлов Ю.М. Самопознание и самовоспитание характера.-М.,Просвещение,1987.

4.Симонов П.В. идр. Темперамент. Характер. Личность. М.: Наука,1984.

5.Құнанбаев Абай. Шығармашыларының толық жинағы. 2-том, Алматы,1954.

6.Қаратаев Мұхамеджан.Көргенім, мен көңілдегім. Алматы: «Жалын»,1982.

7.Жарықбаев Қ.Б. «Этнопедагогика –ұлт тәрбиесінің өзегі», А.»Білім»,2005.


/Кеңейтілген лекция және қолданылған сызбалар:

«Жер бетінде өмір сүретін барлық тіршілік

иелерінің ішінде тек адам ғана өзін

өзгерте алады». В.Джеймс.

«Мінез» ұғымын айналысқа алғаш енгізген –грек ғалымы Теофраст, (характер-өрнек,мөр, примета, чеканка деген сөздерден шыққан); оның трактаттарында 30-ға тарта мінез суреттелген,- қазақша- белгі, бітіс, ерекшелік деген мағынада қолданылады.) (слайд)


(слайд «Мінез туралы теориялар»



Психологтың аты-жөні

теориясы

Кречмер Эрнст

Мінез-адамның дене құрылысына байланысты:астеник,пикник, атлетик, диспластик деп бөлді

УснадзеДмитрийНиколаевич

Тұлғаның үш типін:-динамикалық- орнықты, үйлесімді тұлға;

Статикалық- мінез-құлқы нысанға бағытталған,оған өзіне өзі сенбеу тән;

Вариабелді, яғни ынта-ықыласы күшті іскер, алайда конфликтіге түскіш адамдар...

Зигмунд Фрейд

Тұлғаның «Мені немесе Эго», «Жоғары –Мені, немесе Мен –идеал» және «Бейсана-Мені(санадан тыс мені» болады,қайсысы күшті, сонысы адам мінезін анықтайды...

Павлов И.П.

Мінездің негізі –жүйке жүйесінің әрекеті- «ойшыл тип», «көркем тип», «орта тип» деп бөлді

П.Лесгафт; Рибо

Мінез дегеніміз – тек қана ерік...;

/Рибо: «Мінез –сезім + ерік+белсенділік»

Л.Н.Толстой

Мінез –тұлғаның сырт келбетіне із қалдырады, мінез-құлықты көз жанарынан байқауға болады...

А.Бек

Мінез-сезім, ерік, интеллект жиыны

Абай

Адам мінезін тәрбиелеп, өзгертуге болады...

Иман сақтауға қорықпас жүрек (ерік)айнымас көңіл ( мақсат) босанбас буын (күш) керек деген.

Жүсіп Баласағұни

Бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастыратын - отбасы мен білім, дағды, тәрбие...


Мінез дегеніміз- адамдардың істеген әрекетіне із қалдыратын өзіндік дара ерекшелігі. Мінез-адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктерінің үйлесімі. Мінез-фенотип-өмір, тәрбие процесінде қалыптасады, өзгереді.

Жүйке үрдістерінің ұстамдылығы немесе ұстамсыздығы, күші немесе әлсіздігі, қозғалғыштығы немесе енжарлығы – алдамның мінез құлқы мен іс-әрекетіне әсер етеді.

Мінездің физиологиялық негіздерін түсіну үшін И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы еңбектеріне сүйенеміз. Осындай физ.негіздің бірі –динамикалық стереотип (шартты тітіркендіргіштердің қайталанып отыратын жүйесіне жауап ретінде ұйымдасқан шартты рефлекстер жүйесі.

Демек, мінездің қасиеттерінің пайда болуының басты физ.шарты – бұл жүйке жүйесінің жалпы түрінің қасиеті.Осыдан темперамент пен мінездің арасында тығыз байланыс келіп шығады. Темпераменттің типі –мінездің дара, өзіндік қасиеттерінің шығуының негізгі психологиялық шарттарының бірі. Мінез қасиеттерін қалыптастыруда екінші сигнал жүйесі ерекше орын алады. 2-ші сигнал жүйесінің бірінші сигнал жүйесіне үстемдік етуінің дәрежесіне байланысты Павлов 3 түрлі адам типін қарастырды.– «ойшыл тип» -екінші сигнал жүйесі басым, «көркем тип»- 1 сигнал жүйесі басым, «орта тип» -екі сигнал жүйесі тепе тең келеді. Мінез-тұқым қуаламайды және туа біткен қасиет емес, ол тұлғаның өмір тәжірибесінің, тәрбиенің әсерімен қалыптасады және дамиды.

Слайд



hello_html_23666861.gif



Слайд. Мінездің физиологиялық негізі

hello_html_m20490963.gif




Мінездің құрылымы мен мінез бітістері

Мінездің құрылымы мен мінез бітістері

туралы білу үшін біз көркем әдебиеттердегі, күнделікті адамдарға берілетін мінездемелерге назар аударалық:

Әбіш Кекілбаевтың «Керек адам» әңгімесінен үзінді оқылады.

Автор бір топ тоғышарлар бейнесін ащы ажуалап, нұсқап көрсеткен.

Сондай-ақ, Мұхтар Шаханов, Мұқағали өлеңдерінен де адам мінезінің сипаттамаларын таптық. Орыс классиктері Гоголь, Достоевский, Толстойлардың әлемге танымал шығармаларының психологиялық мінездемеге бай екені айтылды.

Осыдан мінездеме қарапайым суреттеу емес, кейбір негізгі сапаларын бөліп қарау, талдау, қатынасын аңғару арқылы белгілі типтерге келтіру екенін түсінуге болады. Біз студенттерімізбен бірге мінез бітістерін шартты түрде мынадай бөліктерге топтастырып қарадық:

«Мінез бітістері: затқа, өзіне, өзгеге, іс-әрекетке қатынасы және еркі, эмоциясы мен интеллектісінің мінезге әсері»

Мінез бітістері (слайд)


Қоршаған ортаға, затқа қатысы бойынша

-сенімді-құбылмалы;

-ысырапшыл-қанағатшыл;

-таза-салақ,т.б

Іс-әрекетке, еңбекке қатысы

-бастамашыл немкетті;

-еңбекқор-жалқау;

-табанды- аумалы-төкпелі,т.б

Өзге адамдарға қатысына қарай

-көпшіл-тұйық;үйлесімді, тіл тапқыш, сыпайы, әдепті,(такт)

-мейірімді –қатал;

-ақкөңіл-арамза,т.б.

Өз-өзіне қатынасына қарай

-альтруист-эгоист;

-қарапайым-тәкаппар

-дербес -ергіш

Еріктік белгілеріне қарай

-тәуекелшіл –жалтақ

Батыл-қорқақ

Қайса, принципшіл, бос белбеу,т.б.


Эмоция, сезіміне қарай




-------------------------------------------------

Интеллект, ақыл-ойына байланысты

Сезімтал- салғырт;

Шапшаңшыл-баяу,

Көңілді- ашушаң

Шамданғыш-жарқын;т.б.

-----------------------------------------------

Алғыр- инертті

Тапқыр , білуге ынталы, ізденімпаз, тілдесу қабілеті жақсы,т.б.



Іс-әрекетінің әр түрінде байқалуын мінездің ерік-қайрат бітістері; Адамның ақкөңілділігі, жауапкершілігі, ұқыптылығы сияқты белгілерін мінездің іскерлік бітістері; тіл тапқыштығы, қызығушылығы, зейінділігін мінездің коммуникативтік (тілдік ) бітістері д.а.

Мінез – адамның өзіне, айналасындағы адамдарға, жұмысқа, өмірге, т.б. қатынасында айқындалатын жеке адамның тұрақты қасиеттерінің жүйесі.

Мінез типтері:

  • Гипертимді тип. Бұл адамдар сөзшең, бет пішінін және қолын қимылдатып сөйлейді. Олар бастамашыл, тез қимылдап, тез тіл табысады және сонымен бірге жеңілтек, ашуланғыш, қатаң тәртіпті және жалғыздықты ұнатпайды.

  • Дистимді тип. Жоғарыдағы гипертимді типке қарама-қарсы тип. Мұндай адамдарға түңілушілік, енжарлық, адамдармен аз араласу тән.

  • Циклоидты типті адамдарға себептен себепсіз жиі көңіл күйдің алмасуы тән;

Сондай-ақ, мінездің мынадай типтері болады:

  • -педантивті тип;

  • -демонстративті тип;

  • -экстравертті тип;

  • -интровертті тип. (мысалдар келтіріледі).

.Күнделікті өмірде біз адам мінезі туралы айтқанда әруақытта белгілі мінез бітістерін атаймыз: қатынас жасай білушілік немесе тұйықтық, батылдық немесе қорқақтық, т.б.

Қалыптасқан мінездің құрылымында біз мінездің екі жағын атап көрсетуге тиіспіз : мазмұн және түр. Олар органикалық бірлікте қарастырылады.

Мінез бітістері –бұл жеке тұлғаның мінез-құлқының тұрақты ерекшеліктері, өзіндік қасиеттері болып табылатын ерекшеліктері.

Халық даналығында тамаша тұжырымдар бар: «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің»,»Жақсы мінез –жарты ырыс», «Тұрпайы мінез –тағы жат, надандықтың белгісі». Қысқасы, халық педагогикасы ұлт психологиясының айнасы. Өз педагогикасын тудырған халық, әр дәуірдегі буын-буын ата-аналар арқылы сөзбен де, парасатты мінезбен де ұрпағын игілікке тәрбиелеген.


(слайд. «Мінез» , «Тәрбие әдістері»






hello_html_m4cddfa4e.gifhello_html_19428f91.gifМүдде Темперамент


hello_html_9b9a1bd.gifhello_html_m36d2df2a.gifhello_html_mea44051.gifтаным МІНЕЗ қабілет

hello_html_m7cdadb55.gifhello_html_4aea32df.gifерік

эмоция,сезім

сана қиял

Тәрбие әдістері


-үйрету -сендіру

-жаттықтыру -үлгі, өнеге

-ынталандыру -өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету

-талап -өзіне есеп беру,т.б.



Қазақтың ұлттық мінез бітістері

Қазақстан ұзақ жылдар бойы бірнеше ұлт мәдениетінің тоғысу орталығы болып келеді. Елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері тұрады. Ұлтаралық толеранттық қарым-қатынас біздің жетістігіміз. Қазақ ұлтына сыйлау, құрметтеу сезімі және басқаны қабылдау, сонымен қатар өзінің аз да болса маңыздылығын сезіну қасиеттері тән. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 70% қазақ халқы өкілдері мынадай қасиеттердің өздерінде жоқ екенін растайды: жаулап алу мен күш көрсету; бәсекелестік пен қақтығысқа ұмтылу. Мұнымен қатар, 60 % мынадай жақсы қасиеттерге ие екендігін атап көрсетеді: өзара келісіп барып шешім қабылдау; біреудің айтқанына көну; жол беру, тілектестік, төзімділік. Қазақ халқы – ашық, көпшіл,бауырмал, ақжарқын, қонақжай, қолынан келсе жақсылық жасауға, қол ұшын беруге әзір тұратын қасиеттері мақтан етуге тұрарлық.

Ал орыс халқына келетін болсақ, олар да өздерінің ынтымақтастықпен жұмыс жасауға және өзара бірігіп әрекет етуге бейім екендігін білдіріп тұрады. Олар әлеуметтік-кәсіби деңгейін сақтай отырып, нарықтық қатынас жағдайына тез бейімделіп кетті. Олардың басқа халықтарға қарағанда толеранттық деңгейі өте жоғары болып келеді.

Жауап бергендердің төрттен бір бөлігі ғана агрессия, қысым көрсетуге жақын ойларын білдірсе, 65% өзара келісімді шешім қабылдайтындықтарын білдіреді. Бүгінде Қазақстанда тұратын барлық халықтар үшін ұлтаралық қатынасты, байланыстарды кеңейту, ұлтаралық ынтымақтастық, бірігу, достық орын алып келеді және осылай жалғаса беруі керек. Әр түрлі экстремизм, төзімсіздік, этнофобиялық көріністерге жол берілмеуі керек.

Жалпы ұлттық болмыс-бітім адам мінезінен, іс-әрекетінен ерекшелене көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінездің қалыптасуына өскен ортасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы, мәдениетімен тарихы, географиялық табиғат жағдайы, өзіндік тәрбие ұстанымдары (салт-дәстүр,т.б.) әсер етеді. ...( Ғ.Сұлтанова. Мектеп психологының жұмыс кітабы-А.-2008ж. 174-178 ...беттерінен.)

Қазақ ұлтының ұлттық мінезі туралы Әлихан Бөкейханов, М.Дулатов; М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, т.б. ұлтжанды зиялылар толғанған. М.Әуезовтың мына ойына назар аударайықшы: «Әр алуан сорақы мін-мүскіндерді есептемегенде, қазақта қалып тұрған өзгеше мінездер: тілі айтқанды қолы қылмайтын тұрақсыздық, ұйымсыздық, басынан аспайтын өзімшілдік, ездік» (Қазақтың өзгеше мінездері» Алаш газеті, 16-саны, 1917 ж.30-наурыз.)

Соңғы кезде осы мәселені зерттеп жүрген қазақтың этнопсихологиясының атасы көрнекті психолог ғалым Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев. Осы ғалымның бірер ойын айта кетсем,:«Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі. Этнос-ру, тайпа, халық, ұлттың өзіндік рухани әрекеті мен (фольклор, миф, тіл, дін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениет, т.б.) олардың өзіндік психологиясын, сана-сезім ерекшелігін көрсететін негізгі өлшем. Қазақтың «жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін аталы сөзінің психологиялық мәні, жұрттың тыныс тіршілігі мен мінез-құлқына мықтап сіңген нормалар – имандылық пен инабаттылық жүйесі екендігі, «...иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл босанбас буын керек» (Абай). Қазақ мінезінің ерекшеліктері – имандылықтан туындайтындығы. Кейбір көлеңкелі жақтары –жалқаулық, немқұрайлылық, жалтақтық, ала ауыздық, күншілдік, іштарлық, т.б. Бұлар сайып келгенде адамды имансыздыққа, көргенсіздікке алып барары хақ. Бұлардан арылу керек».



III. Ой толғаныс сатысы (слайд )


Зерттеуге үйрену:

1)тест: «Менің мінезім осындай».

2) Мағжан Педагогикасын зерттеу.

3)Мен кіммін, қандаймын?

4) Мәтіндер не өлең жолдары (авторларды, ұлы тұлғалардың пікірлерін өз таңдауларымен) мінез, тәрбие жөнінде көзқарастар талданады..

.

1) Менің мінезім осындай...(тест) барлық топтың мүшелері орындайды. (слайд )


Өз мінез-құлқыңызды тексеруге мына бір әдіс көмектеседі:


Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.


1. Үйден шығып бара жатып, есікті қатты жабасыз ба?

2. Сабақ үстінде өзіңіздің мінез-құлқыңызды басқара аласыз ба?

3. Сабақ айтып тұрған оқушының сөзін бөлесіз бе?

4. Сіз өзіңізбен өзіңіз сөйлесесіз бе?

5. Екілік алсаңыз өзіңізге ренжисіз бе?

6. Абайсызда бірдеңені бүлдірсеңіз, өзіңізге өзіңіз ренжисіз бе?

7. Ата-анаңыздың айтқанын бұлжытпай орындайсыз ба?

8. Үйіңізде апа-ағаларыңыз бір жерге жұмсаса, ашуланбай барасыз ба?


Егер жауабында «иә» төрт рет қайталанса, онда баланың мінезі жақсы болғаны. Ал «жоқ» деген жауап алты рет қайталанса, бала мінезінің нашар болғаны.


Р.S.: Осы тестіге жауап беріп өздерін тексерген студенттердің көбі нәтижесіне риза болып жатты. Жинаған баллдарын жария етуді қаламадық, әркім өзін өзі зерттеп, тексерді.


Енді осы сатыдағы студенттердің жұмыстарын келтірсек,

1-топ:

Мағжан Педагогикасын зерттеу. (слайд)


Мағжан Жұмабаев:

« Мінез –бір адамның барлық ісін басқа адамдардың істерінен айыратын сипатта»


Мінез түрлері – қайратты мінез (сөзі мен ісі бір) және жұмсақ мінез (ойынан сөзі бөлек)

Мінездің жасалуы Мағжанша:

Тума –тұқым қуалайды (темперамент) соған қоса Сыртқы әсер де ықпал етеді.

«Темпераментті тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі тиіс» деп темперамент пен мінез тәрбиесін біріктіреді.

Бала мінезін қалыптастыру жолдары

Еhello_html_7dffccf3.gifhello_html_b1a841d.gifрік беру (еркін тәрбие) Қатаң тәртіпке бағындыру hello_html_70f324d.gif



жағымды

жағымсыз

Жағымды

жағымсыз

Батылдыққа, ерліккетәрбиелейді

Тентектікке, ессіздікке

Төзімділік пен жауапкершілік, табандылық

Қорқақтыққа тәрбиелейді,

Бастамшыл бола алмайды, жалтақ болады


Қорытынды: Мағжанның мінез тәрбиесіндегі бізге өсиеті:

«Тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ, талап қоя білетін жолдасы болсын»


2-топ:

4) Мәтіндер не өлең жолдары ( ұлылар шығармасынан ) мінез, тәрбие жөнінде көзқарастары талданды..Соның кейбіреуі (слайд)

1)

Болжау

Дәлел

Қорытынды түйін:

Абай: Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап

Бұларды керек қылмас ешкім қалап.

Терең ой, терең ғылым, іздемейді,

Өтірік пен өсекті жүндей сабап.

---------------------------

Мұқағали Мақатаев:

Мансапқордың қасынан

шықпайтындарға ашынам!

Жалданып өскен жасынан жағымпаздарға ашынам!

Өзіңе ғана бас ұрам,

Сенесің бе, Отан, осыған?!

Тек өзінің қарын қамын ойлаған, тән қажетін өтеуді ғана мақсат тұтқан, елдің ырысын жеп, табиғатты құртып отырған басшылар күні бүгін де бар!


-----------------------------

Өзіне сенімсіздігі көп, өзіне сенбейтін, сөйтіп біреудің протекциясына сеніп, өрге өрмелегісі келетіндердің қазір де жолы болып жүр. Кейде атақ-шенді- награданы орташалар алып, жақсылар шетте көрінбей қалатыны рас қой!

Жексұрын мінезден жиреніп, сұмдық пен сорақылықтан безінеміз,түршіге түңілеміз де сөйтіп балаларымызды таза, арлы, адал етіп тәрбиелейтін боламыз.

-------------------------

«Өткір қылышты қап түбінде сақтай алмайсың! Жақсы адам, тұлға бәрібір елге сыйлы, балаларына үлгі болып қалмақ! Шынайылық, адалдық туымыз болмақ!





3) Иассауи шығармасынан

(слайд)


Жүрекке тән имандылық қасиеттері

Іс-әрекетке қатысты имандылық қасиеттері

-кішіпейілділік, мейірімділік

-қайырымдылық,жомарттық

-ақкөңілділік,адамдық

-шыншылдық,сенімділік

-әділдік,

-инабаттылық, ізеттілік

-тілалғыштық

-көпшілдік

-ептілік

-сабырлылық

-еңбексүйгіштік

-өткірлік

-тазалық

-қайраттылық

Иассауи шығармаларынан түйін: Адамның рухани жетілуі мен оның кіршіксіз тазалануына өзін-өзі тәрбиелеумен қолын жеткізе алады. Иассауи шығармаларында адамды рухани тазалыққа үйретер тәубе ету, қанағат, сабырлылық, нәпсіні тыю сияқты адами болмыстық тағылымдық дүниелері көп екен.


4-топ: Мен кіммін? Мен қандаймын? немесе «Мен « -дене; «мен» -эмоция»; «Мен –ақыл-ой»; «мен –қоғам мүшесі», «мен –рухани» деп бөліп таблица құру деген тапсырмаға: (слайд №33)


Мен кіммін?

Мен қандаймын/жетістігім

Дені сау, саналы ақыл-ой иесі

Ана тілімді жақсы білемін, қазақ екеніме мақтанам;

Сабақтан қалмаймын, белсендімін

Сүйкімдімін, әдептімін

Адалмын;

Үйімді, ата-анамды сүйемін, сүйіктімін

Мен қандаймын/кемшілігім

Тәрбиелеу жолдары

-адаммын

-қазақпын



Студентпін


Қызбын


Доспын

Отбасы мүшесімін


-Еріншекпін

-кейде еліктеп орысша тілімді шұбарлап сөйлеймін;

-Сабақты оқуда бар мүмкіндікті жіберіп алып, өкінетінім бар.

-модаға еліктегішпін;

-Қызғаншақтығым бар

-Кейде олармен санаспай қоятыным бар, моданың кесірінен салмақ түсіремін..Еркемін.

Мақсат қойып, күнде өзіме есеп беріп, еңбек етіп нәтижеге ұмтылу;

Бар мүмкіндікті пайдаланып –ОҚУ,үйрену, даму керек!

Өзім қолдан келгенше тігіп, оқсатып отбасыма көмектесу!


Топтың түйіні: Менің қандай кім болатыным өзіме, тек Өзіме байланысты:

Еркімді, мінезімді қолға алуым керек! Өз-өзімді тәрбиелеу -өмір талабы.



IY. Қорытынды

Оқытушы: Сабағымызды қорыта келе, «Әдет-әдет емес, жөн әдет.

Жақсы әдетті үйрен, жаман әдеттен жирен» деп халық айтқандай,

Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады, әдет арқылы ғана адам өз мінезін қалыптастырады екен. Мінез – көптеген қасиеттердің бірлігі, түрлі жан құбылыстарының қосындысы, адамды әр қырынан көрсететін қасиет екен. Біз мінез деген не екенін біліп қана қоймай, көзқарастарды, сенімдерді, идеалдарды қалыптастыру мінезді тәрбиелеудің негізгі шарты екенін ескеруіміз керек.

Мінезді тәрбиелеуде мұғалімнің, тәрбиешінің жеке басы үлгісінің әсері орасан зор. Баланың мінез-құлқына ұстаздың шәкірттерге не айтқаны емес, не істегені, қылығы ерекше әсер етеді. Өз жұмысына қалай қарайды, қоғамдық мінез-құлық нормаларын қалай сақтайды, өзін-өзі, өз сезімдерін басқара біле ме, жұмысының стилі қандай – осының бәрі бала мінезін тәрбиелеу құралы екенін ұмытпайық.

Дана адамның ерекшелігі үшеу: біріншісі-басқаларға айтатын кеңесін өзі де орындау, екіншісі-әділдікке ешқашан қайшы келмеу және үшіншісі- айналасындағы адамдардың әлсіздігіне, білместігіне төзімділік танытады.

Л.Толстой.

Өзгенің мінезі қандай болса да ақылды адам оған бейімделіп, оны өзінің еркіне бағындыра алады.

Хитопадеша

Осы ұлы адамдар айтқандай, мұғалім-ақылды болса, толерант болса, мінезі қандай да баланы өзіне бейімдеп, бағындыра алады.

Әрбір баланың бойындағы жағымды қасиетіне сүйене отырып, оның құнды қасиеттерін дамыта отырып, бойындағы жағымсыз мінез бітістерін түзетуіне көмек бере білетін Ұстаз болуға тырысайық !

Сіздердің өздеріңнің мінездеріңізді, мектепте оқушыларыңды зерттеуге көмек болатын бірнеше әдістемелік материалдар – Практиканттарға «Артық етпес, білгенің» деген топтамамен (Оқушы тұлғасын зерттеудің жоба схемасы, «Менің мінезім қандай» –тест, Психогеометрия - тест. «Өз-өзін бағалау»-тесті таратылады).


Y. Бағалау. Топ мүшелері бір-бірін, топ-топты үнсіз бағалайды (парақша), оқытушы оларды өз парақшасындағы бағалармен салыстырады, қорытынды баға шығарылады. (Осы сабақтың нәтижесінде 6 оқушы-«5», 13 оқушы «4», 2-оқушы –«3» -ке бағаланды. Барлығы-25 бала. Сабаққа себеппен қатыспаған - 2оқушы, 3-оқушы белсенділік аз танытты, оқытушының зерттеуінше, олар көп тыңдап, аз сөйлейтіндер, әлі де аудиторияда сөйлеп үйренбегендер. Жазба жұмыстары бар. Келесі сабақта олар эссе жазып келді..)


Үйге деңгейлік тапсырмалар: 1.«Мектеп оқушыларының жағымды мінез-құлқын қалыптастыруда ата-ана мен мұғалімдерінің үлгі-өнегесі» атты тақырыпта реферат дайындаңыз. (Озат тәжірибелерді қараңыз).


2. «Мектеп психологының жұмыс кітабынан» өз мінезіңді, құрбыңның мінезін зерттеуге мүмкіндік беретін тестілерді қолданып, зерттеуге , жағымды мінез-құлқыңды дамытуға, жағымсызынан арылуға жоспар жасауыңа болады.


3.Сол нашар қасиеттеріңізден арылған, кемелденген шағыңызды көз алдыңызға елестетіп, «Мен 20 жылдан соң...» атты эссе жазыңыз.


4.Сабақта кейбір студент « мен автор болсам, не мен Баян болсам Ноянды өлтірмес едім» деген сияқты ой қозғап кеттіңдер. Сендерге мүмкіндік берейік: РАФТ стратегиясы бойынша қалам тербеп келіңдер: Кез келген авторға, кейіпкерге, оқырмандарға, бізге, болашақ оқушыларыңа осы тақырыпта хат, кеңес, өсиет, т.б. жазба жұмыс жасай аласыз. Бұл шығармашылық жұмыс, оны «Автор орындығында отырып, оқисыз да қол шапалақтың күшіне байланысты бағаланасыздар, яғни жолдастарың бағалайды.

Р.S: Осы жұмыстарыңыз портфолиоңыздан орын табады деп сенемін.


Шығу парағы: Сабақтан менің алған әсерім. Ұнағаны, ұнамағаны.Ұсынысым.




























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Сабақ мақсат-міндеттері: 

1.Мазмұны бойынша (білімділігі):Оқушылар тақырып мазмұнымен таныса отырып, өмірмен, тарихи тұлғалар тағылымымен байланыстыру арқылы негізгі ойды, идеяны ұғынады.

2.Сыни ойлауды дамытуға байланысты (дамытушылығы):Өз ойына қорытынды жасай білуге дағдыланады, мінездің сұлу қырлары мен тұрпайы түрін айырып, өздеріне өлшеп қарап, өмір тәжірибелерімен салыстырып айта алады.Өздерін зерттейді, ізденеді, алған білімдерін қолдана алады. 

   3.Топтық жұмыс үрдісіне қарай (тәрбиелілігі): Бірлесе оқуға ( топ ішінде жұмыс жасауға),талқылау нәтижесінде көп вариант ішінен дұрыс шешім табуы; өз ойын өзгелерге икемдеуі қалыптасады, бір-бірін оқыту мен дамытуға атсалысады, өз-өзін қалай тәрбиелеу керек екенін ажыратады, жағымды қарым-қатынас, шығармашылық ахуалды қалыптастырады.

Топтық жұмыс кезіндегі міндеттер: 

Студенттер

-бір-бірінің ойын тыңдайды;

-қызығушылықпен араласады;

-ойларымен бөліседі;

Топтық қорытынды шығарады;

Топтық жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

 

Общая информация

Номер материала: 297688
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>