Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖапырақ тамырдан нәр алады тренинг

Жапырақ тамырдан нәр алады тренинг

Скачать материал

    «Жапырақ тамырдан нәр алады»  атты тренинг

Мақсаты:
1. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.
2. Ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасының жүйелері, яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету.
3. Тәрбиенің ең тамаша жері – отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.
Көрнекілігі: «Тәрбиесіз берілген білім, білім емес…». Әл-Фараби.
«Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады…». Ы.Алтынсарин.

Баланың бас ұстазы- ата-анасы.  Видеоролик

Нақыл сөздер:Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта,

                          Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

 

                          Есіңде болсын, балаларыңның көзі сенде

                          Сен жақсы деп есептеген нәрсе олар үшін де, жақсы

                          Сондықтан әуелі өзіңді түзе.

 

                          Ал  Бала махаббаты деген- сіздердің балаларыңыздың ақ 

                          алғыстары, күміс күлкілері
Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5. Төзімділік.
6. Сыйластық.

Тренинг мақсатын түсіндіру.( Мұғалімнің кіріспе сөзі)
— Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі  «Жапырақ тамырдан нәр алады» атты тренинг кешімізге қош келдіңіздер!
       Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

        Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру, күн сайын емес, сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын, жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап, жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі – ата-анадан жауапкершілікті талап етеді. Бала Отанына қызмет етсін десек, халқына адал, бақытты болып, өмірде өз орнын табуын естен шығармай, үнемі көңіл бөліп отыруы қажет.
      Біздің мақсатымыз – балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

         Тренинг барысы:
1. Топқа бөлу

2. Сан  сұраққа –бір жауап
3. Ситуациялық   жағдайдан шығу
4. «Сиқырлы қоржын » сауалнамасы

5.  Өсиет әңгіме

6. Әуенді терапия» жаттығу жұмысы

7. Баланың бас ұстазы ата-анасы   видеоролик

8. Ата-анаға кеңес «Баламен сөйлесудің он ережесі»
9. «Өмір ағашы»  тілектерін ағашқа жапсыру

1. Топқа бөліну, түске қарап психологиялық мінездеме беру
       Әр ата-ана, түсіне орай топқа бөлініп отырады.
Сары түсті таңдағандар – өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы адамсыз. Сіз бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз. Балаңыздың өсіп дамуына үнемі көңіл бөліп отырасыз. Балаңыздың болашағынан үлкен үміт күтесіз.

   Жасыл  түс . Бірбеткей мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз. Балаңызға көп талап қоясыз, қатал қарайсыз. Айтқаныңызды орындатасыз.

 

             2.  Сан  сұраққа –бір жауап

 Сұраққа жауап беру.(ата –аналарға )

1.Тәрбие ісінде отбасынң рөлі қандай деп ойлайсыз?

2.Ең алдымын  қандай  тәрбиеге  ерекше  көніл бөлер едініз? 

3.Сіз мерекелерде баланыздың дайын сыйлық бергенің қалайсыз ба?

4.Баланы сенің қолыңнан келмейді,кеддергі жасама, теледидар көр,демал деп шеттететің ата-аналарға не айтар едіңіз?

5.Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяк жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті.Фильм біткесің қызыңыз сізге «шеше6 ыдысты таңертен жуа салайыншы»десе, сіз не жауап берер едіңіз ? Құптайсыз ба?

6.Баланыздың қандай да бір жат қылықтарын көрсеніз , қалай тәрбиелер

едіңіз?

7.Бала тәрбиесі үшін отбасы тәрбиесі Басым ба, мектептің ықпалы басым ба?

8.Анашым ,мен бүгін сабаққа бармай-ақ  қоянышы ,үй тапсырмасын орындай алмадым ,текке екілік алып қаламын.Апайға телефон шалып : «ауырып жатыр » деп айта салшы...деген өтінішін қалай қабылдар едіңіз ?

9. Ата-ана мен бүгін мектепте линейкакға шығып қалдым. Алысып-шулағанымды  кезекшілер жазып алыпты. Апайға айтыңызшы ... деген сөзін қалай қабылдайсыз?

10.Күніне балаңызға ақанша уақытыңызды бөлесіз?

11.Отбасында қандай мерекелермен дәстүрлер аталып өтіледі?

13.Балаңыздың сүйікті ойыншығы қаңдай?

14.Үлкендер баламен қандай ойыңдар ойнағанды ұнатады?

15.Отбасында баланың бос уақыты қалай өтеді?

16.Отбасыңызда бала тәрбиесімен кім айналысады?

17.Балаланың теледидар мен қарым- қатынасы қалай?

18.Балаңыз  неден қорқады?

19.Сурет сала ала ма?

20.Балаңыз қалай тамақтанады?

21.Қалай  ұйықтайды?

22.Аға, іні, қарындас, сіңілдері бар ма?

23.Достары бар ма?

24.Балаңыз жиі аура ма?

25.Көбіне көңіл күйі қандай, үйде.

26.Бала тәрбиесі жөңіндегі көтерілген мәселені кім шешеді?

27.Балаңыз бала-бақшада болды ма?

     3.Ситуяциялық  жағдайлар.

       Стол үстінен кез-келген алып ситуациялық сұраққа жауап  берулеріңіз керек делік.

 1-жағдаят.Тоқсандық қорытындысы бойынша сіздің баланыз бір сабактан «үшке»кетті делік.Сіздің іс –әрекетініз .

 2-жағдаят.Баланыз мектептен жылап келді. «Мұғалім маған  ұрысты» деп...Сіз не істер едіңіз?

3-жағдаят. Бала мен бала мектептен келе жатқанда бір- бірімен төбелеіп  қалды.Ол бала сіздің баланыздың өте жақын жолдасы еді. Сіздің іс –әрекетіңіз ?

4- жағдаят.Ұлыңыз келе сала «Қүрысын мектеп !  Мұғалімдрдің

бәрі әділетсіз!»күйіп піседі. СІз не істейсіз.

5-жағдаят.Балаңыз – өте жақсы оқитын бала.Бір күні сабақтан «екі»  мұғалімнің ескертпесі күнделікке жазылып келді.Сіз не істер едіңіз?

6-жағдаят.Сіздің балаңыз басқа сыныптың бір баласын ұрып, зжараалап тастады.Сізге сол баланың  ата- анасы хабарласып ренжіді. Бұндай жағдайда балаңызға не шара қолданар едіңіз?

 7-жағдаят.Жанұядағы еңбек тәрбиесі - баланың мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Мысалы: ер балаға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй-ішін жинастыру жұмыстары тапсырылады. Балаңыз сіз тапсырған жұмыстарды жақсы орындады, бірақ сабағына дайындалмады. Не дер едіңіз?

8-жағдаят.Балаңыздың оқу үлгерімі орта деңгейде. Үйде ешкім жоқ болып, бүгін үйде қалуды ескерттіңіз. Балаңыз сабақтан қалғысы келмейді. Сіз былай деп жеңдіңіз: "Сен мектепке барғанмен не бітірем дейсің, оқығанмен сенен бәрібір ештеңе шықпайды, сенің басың істемейді". Ата-анасы ашумен айтып қалды. Сіз не дер едіңіз?

9-жағдаят. Балаңыз сыныптасымен керісіп, көйлегін жыртып келді. Сіз не істер едіңіз? Баланың арасына түсесіз бе?

 10-жағдаят. Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?" Ата-аналарға сауалнама Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.

 

     4 .Сиқырлы қоржын.

Ойлауға  арналған сұрақтар.Әр адам қоржыннан аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады даөз сөздерімен сөйлемді аяқтайды.

1.Ең үлкен қорқынышты бұл-.....

2.Мен мынадай адамдарға сенбеймің.....

3.Мен ренжимін, егер ......

4.Мен қуаныштымын, себебі .....

5.Баланы үнемі қорғап отырса...

6.Мен үшін бақыт деген..

7.Отбасының қорғаны кім?

8.Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді,сіздің әрекетіңіз.

9.Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық (қалай исең, солай иіледі)

10.Ана бауырындағы бұлақ (бала жағасындағы құоақ)

11.Балаңыздын қандай да бір іске өнері, қызылушылығы байқалса сіз не істер едіңіз?

12.Сіздің баланыз сізге түн неге қаранғы?Күн қайда кетті?деген сұрқтар қойса қалай жауап берер едіңіз.

13.Балаңызды еркетлетен кезде қандай сөздер айтасыз?

14.Балаңыз сізді ренжітті, сіздің  іс - әрекетіңіз?

Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келдеі.

 

           5.  Өсиет әңгіме

         Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсірігіс келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының  бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-аныс жұмысқа бармаса болмайиынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал , баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

    Сол күннен бастап ата-анасы өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды.Жинаған ақшасын ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні  бала ата-анасына өтініш жасайды.

  -Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

 Бір күнге табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді? )

  ( жауабы)  Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

6. Әуенді терапия

   Мақсаты: Ата-ананың кәсіби құлшынысын арттыру,жігерлендіру көніл-күйін көтеру.

Кіріспе;

·        Көз алдынызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.Терең дем алып,әуеннің ырғағына зейін аударып,менің сөзіме құлақ салыңдар. Ал бастаймыз

·        Соқпақ жолмен жүріп келесіз...

·        Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз...

·        Кенет алдыныздан ғажайып бақ көрінді...

·        Алма бағы...

·        Қып-қызыл алмалар қол созым жерде...

·        Үзіп алып жей бастадыңыз...

·        Дәмі керемет...

·        Жеген сайын жегіңіз келеді...

·        Қалтаныздаң дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз...

·        Күн кешкірді ..Қайту керек ...Бақтан шығып жолға түстіңіз ...

Иығыңызда дорба..

·        Жүгініз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді...

·        Сіз дорбаны емес, жалқау ойынызды тастап кетіңіз...

·        Міне қалашыққа да жеттіңіз... Алдыныздан қуана секіріп балалар шықты...

·        Оларға өзініз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз...

·        Алма тергеніңіз мұнша абырой болар ма ?Сізге балаларыңз  дән риза...

·        Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көніліңізді көкке көтереді! Осындай қуанышты көніл-күйде аудиторияға қайта оралыңыз.

7. Баланың бас ұстазы ата-анасы Видео көрсету

 8. «Баламен сөйлесудің он ережесі» (ата-анаға кеңес)
1. Үйге ашығып келмеңіз. Ашыққан адам шыдамсыз, мазасыз болады.
2. Өте шаршап қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл-ой жүктемелер өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Жұмыстағы қиындыққа бала кінәлі емес.
3. Қызметіңіз туралы айтқанда бала қызметтің одан маңызды екенін сезінбесін. Қызметіңіз сізге ұнайды, баланы – жақсы көресіз.
4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды. Ас дайындауда немесе басқа жұмыс барысында келген баланы итермеңіз. Бала – бұл адам, ал кешкі ас пен жұмысты күтуге болады.
5. Бала көмекші әрі отбасының тең құқылы мүшесі. Ыдыс жуу, еден жуу сияқты үйдегі ең ұнамсыз жұмыстарды тапсырып, баланы жалықтырмаңыз. Неге қоқысты бала төгу керек? Себебі, сіз бұйырасыз!
6. Бала арқылы мен білемге салмаңыз. Сіз ересексіз, сондықтан көп білесіз. Егер де балаңыз басқалармен салыстырғанда өзіне, өз күшіне сенімді болсын десеңіз, бала ересектердей ой түйетінін сезетіндей сөйлесіңіз.
7. Жұмыс – бұл жанұяны қамтамасыз ететін құрал. Егер өз өміріңіз үшін жұмыс маңызды болса, бала өзін бақытсыз сезінеді және тез ержетуге асығады.
8. Тыңдай біліңіз. Көпшілігімізге баланың ісі шала, сөзі маңызды емес деп санаймыз. Ол кішкентай болғанмен «ауқымды» болуы мүмкін. Негізінде оның ісі мен сөзі өзіміз сияқты маңызды. Егер балаға сондай көзқарас танытсаңыз, онда ешқандай сенімділік болмайды.
9. Баламен кеңесіңіз. Өз ойларыңыз бен уайыммен бөлісіңіз. Ақыл- кеңес сұраңыз және соған жүгініңіз.
10. Бір тілім нан үшін қинай бермеңіз. Балаңыз сізден материалды тәуелді екенін айтудан қашыңыз. Балада сізге ауыртпалық түсіремін деген ой туады, бұл баланы жаралайды. Қарттық шағыңызда осындай жағдайлардан ұялуыңыз әбден мүмкін.
Соңында келген әрбір ата-анаға «Баламен сөйлесудің 10 ережесі» парақшасы  таратылып берілді.

 

 

               9 .  «Өмір ағашы» жаттығуы
             Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтан да бала тәрбиесіне жете мән беріп, «Адамның бір қызығы – бала деген» ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
        Біздің алдымызда тамыры тереңге жайылған үлкен ағаш ол сіздерсіздер, сіздердің алдарыңыздағы жапырақ балаларыңыз, енді осы жапыраққа өзіңіздің балаңызға немесе отбасыңызға жылы тілектеріңізді жазасыз. Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, саялы бәйтерекке айналыңыздар.

      "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. "Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады"дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. "Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі"- деп Әл-Фараби айтқандай.

   Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын,

Суымыз мөлдір болсын,

Ұл-қызымыз аман болсын!

Оған ата-ана өзін қызықтыратын сұрақтары немесе ұсыныстары болса жазып кетуге болады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жапырақ тамырдан нәр алады тренинг"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 771 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.12.2016 2216
    • DOCX 29.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Думан Жаксылыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Думан Жаксылыковна
    Искакова Думан Жаксылыковна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14140
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой