Инфоурок Русский язык Презентации"Жетістікке бағыттау" сыныптан тыс тәрбие сағаты

"Жетістікке бағыттау" сыныптан тыс тәрбие сағаты

Скачать материал
Скачать материал ""Жетістікке бағыттау" сыныптан тыс тәрбие сағаты"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тақырыбы: “Жетістікке бағыттау” Педагог-психолог: Бекетаева Самал Камбарқызы

    1 слайд

    Тақырыбы:
    “Жетістікке бағыттау”
    Педагог-психолог: Бекетаева Самал Камбарқызы

  • Мақсаты: Ұстаздардың өз-өзіне деген сенімін күшейту, 
оптимистік сезімді артт...

    2 слайд

    Мақсаты: Ұстаздардың өз-өзіне деген сенімін күшейту,
    оптимистік сезімді арттыру,
    эмоциялық күйзелісін түсіру,
    мақсатқа жетуге талпындыру,
    жетістікке бағдарлау.

  • Жетістіктің тоқсан пайызы тер, 
он пайызы – шабыт 

Эдисон

    3 слайд

    Жетістіктің тоқсан пайызы тер,
    он пайызы – шабыт

    Эдисон

  • Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді, әрі бақытты болуды армандайтыны шынд...

    4 слайд

    Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді, әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Оқуға түссем, табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінен шыға алмайды, көксегені де орындала бермейді. Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады. Осындай көзқарастар илеуінде кетіп, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс бойымен жүзіп жатқан кеме ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа немесе оң жаққа бұрылатынын таңдап, қадағалай алады. Сонымен, адам таңдау жасай алады, жетістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның не екенін білу керек және оған қалай жетуге болатынын білу керек?

  • Жетістік дегеніміз не?Жетістік дегеніміз – рухани әрі қуатын бір мақсатқа бағ...

    5 слайд

    Жетістік дегеніміз не?
    Жетістік дегеніміз – рухани әрі қуатын бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезімде арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету жолының бірі – жетістік.

  • Мақсат – Әрекет – жетістік

    6 слайд

    Мақсат – Әрекет – жетістік

  • Алдыңа мақсат қоюСені жетістік күтіп тұрғанына үміттенуІске дайы...

    7 слайд














    Алдыңа мақсат қою
    Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену
    Іске дайын болу
    Адымыңды
    анық басу
    Алға ұмтылу
    Қорықпау,
    күмәнданбау
    Көңіліңді
    тоқ ұстау
    Жаңашыл
    Жетістікке жету жолындағы ұстанымдар
    Басқалармен
    кеңесу
    Тәуелсіз болу
    Біртұтасты
    бөлшектеу
    Жетістіктеріннің қайдан келуін ұмытпау

  • 1. «Өмірлік мақсат» тренингі

Мақсаты: өз алдына мақсат қоя білу. 
Жүргізілуі...

    8 слайд

    1. «Өмірлік мақсат» тренингі

    Мақсаты: өз алдына мақсат қоя білу.
    Жүргізілуі: Ұстаздар шеңберге тұрып сағат тілі бойынша байланысқа түседі.
    Олар кезекпен қасындағы көршісіне мына сөздерді айтады:
    «Маған осы өмірде бәрінен бұрын...»
    Көршісінің жауабы: «Ол үшін сен...»
    Осылайша диалог шеңбер бойынша жалғаса береді.

  • 9 слайд

  • 2. «Аяқталмаған сөйлем 
«Жетістікті, бақытты күн бұл...»

Жүргізілуі: Бір мин...

    10 слайд

    2. «Аяқталмаған сөйлем
    «Жетістікті, бақытты күн бұл...»

    Жүргізілуі: Бір минуттың ішінде қатысушылар «Жетістікті, бақытты күн бұл...»
    деген сөзге сөйлем құраулары керек. Осыдан кейін әр қатысушы кезекпен оқып, таныстырады, жаттығуды қорытындылайды.

  • 11 слайд

  • «Жетістікке  қалай жетуге болады?»
3. «Жетістік жолдары»
Мақсаты: Жеке тұлға...

    12 слайд

    «Жетістікке қалай жетуге болады?»
    3. «Жетістік жолдары»
    Мақсаты: Жеке тұлға мен топ қатысушыларының арасындағы келісімділік деңгейін анықтау. Жеке тұлғаның ұжыммен келісімділік қасиетін туғызуға жағдай орнату.
    Керекті құралдар: ақ парақ бет, қарандаштар, қалам.
    Жүру барысы: Топ екі командыға бөлінеді. Әрбір топ жетістік және жетістікке жету жолдары туралы топтық әңгіме құрастыруы керек. Қатысушылардың біреуіне «жазушының еңбек құралы» қаламсап немесе қарындаш беріледі. Қатысушы қаламды алып бірінші сөзді жазады: мысалы, «жақсы ауа-райы болды...» - және қаламды келесі қатынасушыға береді ол жазылған сөзді оқып, өзі сөзбен жалғастырады мысалы, «жақсы ауа-райы болды және барлығының көңіл –күйі жақсы болды...», осылай қатысушылар жалғастыра береді. Қатысушылардың барлығы жазып болғаннан кейін қайтадан бірінші қатысушыға қалам ұсынылып әңгіме қорытындыланады.
    «Жетістік құпиялары-кері байланыс»
    1. «Менің құндылықтарым» әдісі

    1.
    2.
    3.
    2. «Менің перспективаларым» әдісі
    (мақсат – міндеттерім)
    Жақын перспектива (6 айға дейінгі)
    Орта перспектива (6 айдан 1,5 жылға дейінгі)
    Алыс перспектива (1,5 жылдан бірнеше жыл)

  • 13 слайд

  • 4. «Жетістікке жету, сәттілікке бағыттау» жаттығулары
Мақсаты: Бұл жаттығу өз...

    14 слайд

    4. «Жетістікке жету, сәттілікке бағыттау» жаттығулары
    Мақсаты: Бұл жаттығу өзіңе деген сенімсіздіктен, эмоционалды компоненттерді, әлеуметтік қорқыныштың деңгейін анықтап талдауға көмектеседі.
    “Мен қорқамын” жаттығуы
    Нұсқау: Сіздің тапсырмаңыз өзіңізден қорқыныш шегін табу,өзіңіз қорқатын,бірақта көп адамдар бұдан қорықпайды.
    “Мен неден болса да қорқамын,бірақта басқалары бұл жағдайдан қорықпайды”.Тапсырма, әрбіруіңіз өзіңізден кем дегенде 3 қорқыныш табыңыз.
    Талқылау.
    “Кей уақыттарда қорқуға тұратын заттар болады,мысалы электорлы проваттар,жабайы аңдардан, улкен жылдамдықпен келе жатырған машиналар.
    Кейде қорқыныштар рационалды болып келеді,мысалы,айқай кезіндегі қорқыныш,жетістік қорқынышымұғалімге сұрақ қою кезіндегі қорқыныш.Осы айтылған қорқыныштардың ішінен біз абсолютті рационалды немесе абсолютті рационалды емес қорқыныштарды таба аламыз ба? ”
    Егерде көп уақытқа дейін топтағы қатысушылар үндемей отырса,онда жүргізуші өзінен бастау керек,яғни ашық түрде өзі неден қорқатынын айту керек.Тренер қатысушыларды вербальды емес және фразалармен белсенді түрде қолдайды:”Иә,бұл қорқынышты екен,бұдан қорғану керек” т.б.
    “Мен қорықпаймын” жаттығуы
    Нұсқау: Сіздің тапсырмаңыз өзіңізден “батырлық шегін” іс-әрекетін табу болып табылады, яғни өзіңіз қорықпайтын,бірақта көптеген адамдар бұл істеген іс-әрекетінен қорқады. Әрбір адамның тапсырмасы 3 фразаны айту.
    Мүмкін өздеріңіз байқаған шығарсыздар,ол қорқатын заттан басқа топтың қатысушылары бұл заттан қорықпайды. Егерде топ көп уақытқа дейін үндемей қалса,онда тренер қатысушыларға қорқынышты фразаны айтуы мүмкін :
    “Мен айқайдан қорықпаймын,бірақта қорқатын адамдар бар”
    “ Көп адамдар баршаның алдында сөйлеуге қорқады ал мен қорықпаймын”.

  • 15 слайд

  • “Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық – шын мәнінде қымбат табыс”.
М....

    16 слайд

    “Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық – шын мәнінде қымбат табыс”.
    М. Әуезов

  • Жетістікке жету үшінӨз потенцалыңды білӨзіңе шектеу қоймаӨзіңді мойындатСезім...

    17 слайд

    Жетістікке жету үшін
    Өз потенцалыңды біл
    Өзіңе шектеу қойма
    Өзіңді мойындат
    Сезіміңді сыйла
    Әдетке айналдыр
    Құндылықтарыңды таны

  • Жетіктікке жетудің екі жолы бар: 
өз ақылыңды пайдалану 
және 
басқалардың ақ...

    18 слайд

    Жетіктікке жетудің екі жолы бар:
    өз ақылыңды пайдалану
    және
    басқалардың ақылын пайдалану

    Ле Бруйер

  • Ақылың мен ерік-жігеріңді 
мақсатыңа жұмса!Нені не үшін қалайтыныңды біл!Мақс...

    19 слайд

    Ақылың мен ерік-жігеріңді
    мақсатыңа жұмса!
    Нені не үшін қалайтыныңды біл!
    Мақсатыңның пайдасын біл!
    Алдыңа мақсат қойғанда:

  • Ісіңді қадағала және басқар:1. Көп ізден 2. Ақыл мен жүректің шешімін айт3. С...

    20 слайд

    Ісіңді қадағала және басқар:
    1. Көп ізден
    2. Ақыл мен жүректің шешімін айт
    3. Сақ бол
    4.Төзімділік таныт
    5. Өзгеріске бейімдел
    6. Сапаға мән бер
    7.Ісіңнің нәтижесін талда

  • 4,9 сынып оқушыларын МАб-ға дайындау 
кезінде жүргізілетін 
сенімділікті артт...

    21 слайд

    4,9 сынып оқушыларын МАб-ға дайындау
    кезінде жүргізілетін
    сенімділікті арттыруға арналған жаттығулар:

    «Балдырлар» жаттығуы
    «Шеңберді бұзып кір» жатығуы
    «Біздің топ жүрегі» жаттығуы
    “Базар” жаттығуы
    “Гүл сыйлау” жаттығуы
    “Поезд” жаттығуы
    “Мен саған сенемін” жаттығуы
    “Атомдар мен молекулалар” жаттығуы

  • Танымдық белсенділіктерін арттыруға 
арналған жаттығулар:


“Сандарды есіңе с...

    22 слайд

    Танымдық белсенділіктерін арттыруға
    арналған жаттығулар:


    “Сандарды есіңе сақта” жаттығуы
    “Сөздерді жаттап ал” жаттығуы
    “Кім жылдам” жаттығуы
    “Мүмкін жауаптар тізімі” жаттығуы
    “Синонимдер” жатығуы
    “Ұқсастықтар іздеу” жаттығуы
    “Заттардың қасиеті” жаттығуы
    “Артық сөзерді тап” жаттығуы
    “Заттың қолдану тәсілдер” жаттығуы



  • Стрестен арылу жаттығулары:
«Кемеге жүк арту» жаттығуы
«Эстафеталық таяқша» ж...

    23 слайд

    Стрестен арылу жаттығулары:
    «Кемеге жүк арту» жаттығуы
    «Эстафеталық таяқша» жаттығуы
    «Қорқыныш» жаттығуы
    “Тазару” жаттығуы

    Релаксациялар:
    “Жедел хат” жаттығуы
    “Шамшырақ” жаттығуы
    «Зоопарк» бұлшықет жаттығуы
    «Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы

  • Өмірдегі жетістікті және өзіне сенімді адам.
Мақсаты: Адамның өзіне деген сен...

    24 слайд

    Өмірдегі жетістікті және өзіне сенімді адам.
    Мақсаты: Адамның өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.
    1. Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды есепке алып мойындаңызда соған байланысты өз мақсатыңызды алдыңызға қойыңыз.
    2. Сізге не құнды, неге сенесіз. Өз өміріңіздің қандай болғанын қалар едіңіз соны шешіңіз. Өзіңіздің жоспарыңызды бүгінгі күннің жағдайымен талдап көріңіз.
    3. Өткен өміріңізді талдап көріңіз. Ол жағдайға неліктен кезіккеніңізді ойластырып көріңіз. Сізге қайғы, өкініш , әкелген адамдарды түсініп және кешіре алыңыз. Өткен өміріңіздегі қателіктермен сәтсіздіктерді, адасу – қателесулерді кешіре алыңыз. Өткен өміріңіздің көңілсіз жақтары сіз оны саналы түрде шығарып тастамасаңыз есіңізден кетпейді. Одан да алдағы өміріңізде болатын жақсылықтарға орын қалдырыңыз.
    4. Өзіңізді кіналы сезіну сізге жетістікке жетуге көмегін тигізбейді.
    5. Өткен қателіктеріңіздің ішінен өзіңіздің жеке басыңыздың кемшілігін емес, дене, әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайлардан іздеңіз.
    6. Әрбір жағдайда әртүрліше талдауға болатынын есіңізге ұстаңыз. Бұлай жасауыңыз адамдардың барлығына мейірімді қарауға көмектеседі.
    7. Өзіңіз туралы жаман ойламаңыз; соның ішінде мынадай қолайсыз қасиеттерді өзіңізге теңестірмеңіз- жарымес, кеміспін, қолымнан ештеңе келмейді, сәтсізбін.
    8. Өзіңіздің толық жетілмегендігіңізді сездіретін адамдармен татуласуға бірге жүруге тырыспаңыз. Егер сізге ол адамдарды немесе өзіңізді соларша өзгерту қолыңыздан келмесе , ең қолайлысы олардан бұрылып кету. Өмір өте қысқа өкінішке уақыт кетіріп отыратын уақыт аз.
    9. Өзіңізбен өзіңіз қалып өзіңізге ұнайтын жүрегіңізден шығатын іспен айналысуыңыз, өзіңіздің ойларыңызды тыңдаңыз. Осы жағдайларда ғана сіз өзіңізді түсіне аласыз.
    10. Қарым-қатынасқа байланысты жаттығыңыз. Сіздің ағаларыңыз бен апаларыңызды ойлаңыз. Сіз олардан қандай көмек сұрар едіңіз оларға сіз неден көмегіңізді берер едіңіз.
    Сіз өзіңізді өзгелерге ашық адам екеніңізді сездіріңіз.
    11. Өзіңіздің «меніңізді» қорғаштай бермеңіз. Ол сіз ойлағаннан да берік әрі икемді. Ол жарақаттанғанмен сынбайды, оданда ол аз да болса соққы алсын әрекетсіз оқшаулана бергеннен.
    12. Алыс бірнеше мақсат қойыңыз алдыңызға оған жетуге уақ мақсаттар аралық әрекеттер болуы керек. Ойластырыңыз осы аралық мақсаттарға жету үшін қандай құралдар қажет. әрбір сәтті қадамыңызды көңілден шығармаңыз. Өзіңізді мақтап, қолдап , қолпаштап отыруды ұмытпаңыз.
    13.Сіз- енжар обьект емессіз, барлық сәтсіздіктерге төзе беретін.
    Сіз- эволюциялық пирамиданың биігісіз.
    Сіз- ата-анаңыз үміт күткен болашығысыз.
    Егер сіз өзіңіздің күшіңізге сенетін болсаңыз , қолыңыздан барлығы да келеді.
    Соған сеніңіз.

  • Сергіту жаттығулары
1.«Салат» ойыны: оқушылар шеңберге тұ...

    25 слайд

    Сергіту жаттығулары
    1.«Салат» ойыны: оқушылар шеңберге тұрып, жеміс атаулары бойынша саналады: алма, алмұрт, өрік, шабдалы. Олардың берілген команда бойынша орын ауыстырулары сұралады, әуелі алмалар, сосын алмұрттар т.б.
    2. «Көңіл күй» жаттығуы
    Оқушыларға өздерінің көңіл күйлерін 5 баллдық жүйе бойынша бағалау сұралады: «Мен өзімнің көңіл күйімді 3 балл деп бағалаймын, себебі ұйқым қанған жоқ.
    3. «Есте сақта» жаттығуы
    Назар мен бақылушылықты дамытатын ойындар. Столға бірнеше кез келген зат қойылады. Өз қалауы бойынша оқушылардың біреуі заттарды назар аударып қарап шығады, сосын аудиториядан шығып кетеді.Оқытушы заттардың біреуін алып тастайды. Ерікті қайта шақырылып, стол үстінде қай заттың жоқ екндігін табады.
    4. «Менше жаса» жаттығуы
    Қатысушылар шеңберге тұрады, жүргізуші сайланады, ол бір дене жаттығуын көрсетеді, оны қалғандары қайталайды. Сосын жүргізуші рөлі басқаға ауысады.
    5. «Мен қандаймын» жаттығуы
    Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші допты кез келген қатысушыға лақтырады да өз атының бірінші әрпінен басталатын анықтауышты қосады. Мысалы, Болат-белсенді, Алма-ақылды т.б. Келесі оқушы допты лақтыруды ары қарай жалғастырады, яғни өз атына анықтауыш қосады.
    6. «Карусель» жаттығуы
    Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы ішкі және сыртқы шенберге тұрады. Белгі бойынша сыртқы топ оңға қарай бір адым жылжып отырады. Әр жылжыған сайын қарсысында тұрған әріптесінің қасиетіне байланысты бір мадақтау сөз айтуы керек: «Мен сен сияқты шыдамды болғым келеді», «Сенің жайдары мінезің маған ұнайды» т.б.

  • 7«Тез орында»
Оқушылар екі командаға бөлінеді. Ары қарай олар туған айлары бо...

    26 слайд

    7«Тез орында»
    Оқушылар екі командаға бөлінеді. Ары қарай олар туған айлары бойынша бір қатарға тұрулары керек. Оқушыларға сөйлеуге тыйым салынады. Мимика мен қимыл арқылы байланысуға болады. Тапсырманы тез орындаған команда жеңіске жетеді.
    8.«Көршіңді біл»
    Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірімен байланысқа түседі. Әрқайсысы өз көршісіне бір сұрақ қояды: Мысалы, «Хал жағдайың қалай ?», «Ден саулығың жақсы ма?» т.б. Сұрақ қойылған адам оған қысқа жауап қайтарады:
    «Рахмет, жаман емес» т.б. және өзінен кейінгі тұрған көршісіне ол да сұрақ қояды. Сөйтіп, ойын тізбек бойынша жалғаса береді. Қатысушылар ойынды бақылай отырып, қойылған сұрақтарды қайталамауға тырысады.
    9.«Егер мен...»
    Шеңберде тұрған оқушылар бір-бірінің сөйлемдерін аяқтайды. Барлығы да шынайы болулары керек. Мысал: 1) Егер мен милиционер болсам... 2) ...Мен балалар үшін ақысыз Диснейленд жасар едім...т.б.
    10. «Бәрібір сен азаматсың, себебі сен...»
    Оқушылар шеңберге тұрып команда бойынша байланысты бастайды. Бір бала оң жағындағы көршісіне бұрылып, өзінің бір сәтсіздігі туралы қысқаша хабарлайды. Көршісі оны тыңдап болған соң: «Бәрібір сен азаматсың, себебі...» деп, көршісінің бір жақсы қасиетіне көңіл аударады. Сосын өзі оң жағындағы көршісіне бұрылып, өз басындағы бір сәтсіздігін жеткізеді...Осылайша ойын барлығы қатысып болғанша жалғаса береді.





  • 11.«Сенімді тірек»
Оқушылар шеңберге бір-біріне иық тірестіріп тұрады. Мұғалі...

    27 слайд

    11.«Сенімді тірек»
    Оқушылар шеңберге бір-біріне иық тірестіріп тұрады. Мұғалімнің командасы бойынша оңға, сосын жәйімен солға қисаяды.Оқушылар өз жолдастарының иықтарына сүйенгендіктен құламағандарын, сенімді тірек тапқандарын сезінулері қажет.
    12.«Жұмбақ көсем»
    Қатысушылар шеңберге тұрады ( не партаның қасында ). Біреуі бөлмеден шығып кетеді. Бұл кезде топ өз арасынан
    «Көсем» сайлайды. Шығып кеткен адам қайтып оралғанда «Көсем» белгілібір қимылды көрсете бастайды(саусағын сартылдату, қолын айналдыру, шапалақтау т.б). Топ оны бірден қайталайды, яғни байқатпай «Көсемнің» қимылын бақылауға тырысады. Жүргізуші «Көсемге» арқасын беріп, сырт айналғанда, «Көсем» қимылын өзгертеді, қалғандары оны қайталайды. Жүргізушінің мақсаты-«Көсем» кім екендігін анықтау.
    13. «Жаңбыр»
    Сол алақанымызға оң қолымыздың сұқ саусағымен соғамыз. Сосын оған екінші саусағымызды қосамыз, сосын үш саусағымызды. Төрт. Бес. Сосыналақанымызбен түгел соғамыз. Содан кейін керісінше бір саусақтан кемітіп, бір саусағымыз қалғанша қайталап шығамыз.

  • Тренинг:  “Таным”                                    Қазына картасыМені тығы...

    28 слайд

    Тренинг: “Таным”
    Қазына картасы
    Мені тығырықтан алып шығады...
    Мені достарым бағалайды...
    Мені ата-анам құрметтейді ...
    Мен құрбыларыма көмектесе аламын...

  • Есіңде сақта: 
Жетістік те оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғал...

    29 слайд

    Есіңде сақта:
    Жетістік те оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр.
    Әуелі адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін
    Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес, өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады.
    Өзгеге жалтақтаушы болма, кісілігің қалмайды
    Ең үлкен жетістік – қоғамға пайдалы істі тыңдару
    Жетістіктің ең үлкен жауы – «кейін істермін» деп айту
    Жетістікке апаратын жолдан қаймықпау және әрқашан үмітті болу үмітсіз тек шайтан ғана

  • Осыны біл!
 
 әрбір сәтсіздік тәжірибеңді арттырады

    30 слайд

    Осыны біл!

    әрбір сәтсіздік тәжірибеңді арттырады

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Ұстаздардың өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді арттыру, эмоциялық күйзелісін түсіру, мақсатқа жетуге талпындыру,жетістікке бағдарлау. Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді, әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Оқуға түссем, табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем  деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінен шыға алмайды, көксегені де орындала бермейді. Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады. Осындай көзқарастар илеуінде кетіп, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс бойымен жүзіп жатқан кеме ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа немесе оң жаққа бұрылатынын таңдап, қадағалай алады. Сонымен, адам таңдау жасай алады, жетістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның не екенін білу керек және оған қалай жетуге болатынын білу керек?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2015 9844
    • PPTX 3.3 мбайт
    • 244 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекетаева Самал Камбаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекетаева Самал Камбаровна
    Бекетаева Самал Камбаровна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22644
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель русского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Лингвокультурологический подход в обучении русскому языку как обеспечение принципов и требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек