Инфоурок Другое КонспектыӨзін-өзі тану пәні.САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЖЫЛЫ ЖҮРЕК-ЖАҚСЫ ТІРЕК

Өзін-өзі тану пәні.САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЖЫЛЫ ЖҮРЕК-ЖАҚСЫ ТІРЕК

Скачать материал

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп                         Мерзімі                     №1

Тақырып: Жылы жүрек – жақсы тілек

Құндылық: Дұрыс әрекет ету

Қасиеттер:Адалдық,адамгершілік, әділ болу.

Мұғалім:                              Сынып – 3 сынып     Оқушылар саны

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жақсы тілек тілеуге, адамдарға мейірімділік танытуға баулу, дұрыс әрекет етуге үйрету.

Міндеттері:

     • Оқушыларды адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеуге тәрбиелеу.

     • Оқушыларға «Жақсы сөз жарым – ырыс» дегенді түсіндіре отырып, мейірімділікке, сүйіспеншілікке баулу.

     • Оқушыларды жақсы сөздер мен жылы тілектермен сөйлуге тәрбиелеу.

 

Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты  ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 

1.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақта үйренген жақсы сөздер мен жылы тілектеріңді жазыңдар.

 

2.Дәйексөз

Жақсы сөз – жан жылытар.

Халық даналығы

 Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

 

 Жаңа тақырыпқа дайындық.

 

«Көңілді балалар» атты өлеңді оқып, талдау.

 

1.Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?

2.Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

3.Әңгімелеу

 Жақсы ата

Ерасыл биыл төртке толды. Оның туған күніне атасы Қуандық пен әжесі Күміс әдемі шана сыйлады. Бірақ ол өздігінен жүре бермейді. Міндетті түрде бір адам сүйреу керек. Ал ондай адам көбіне – көп  табыла бермесі Ерасылдың бір өзіне ғана аян.

Міне, бүгін де шанасын сүйретіп, өзін ойнататын адам таппай әлекке түсті. Мамасына айтып көріп еді.

Ол:

-         Қолым тимей жатыр, - дегеннен аса алмады.

Әкесі:

-       Өзің ойнасаңшы, - деп сылап – сипап шығарып салды. Ендігі үміті әжесі Күмісте болатын. «Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, әншейінде айналып – толғанып отыратын әжесі есеп – қисап шығарып, өз бөлмесінен бой көрсете қоймады. Ерасыл ызасы келіп, жыларман болды. Мұның бәрін сырттай бақылап, көріп отырған атасы Қуандық:

-       Ерасыл, жүре ғой, жүр, құлыным. Мен сені шанаға сүйретіп, мұзға сырғанатып, Аққала жасап ойнатып келейін, - деді.

Ерасыл мұндай қуанбас. Сол күні атасы екеуі әбден құмары қанғанша ойнады. Сырғанақ тепті, аққала соқты, шанаға мініп, қырдан оқша зулады. Үйге қайтып бара жатып атасына:

-       Ата, бұл дүниеде Сізден өткен жақсы ата жоқ, - деді көңіліндегі қуанышын жасыра алмай.

-       Құлыным, мен де әлемді жеті айналсам сендей балдан тәтті немере таба алмаспын, - деді мейірленіп.

1.Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?

2.Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?

 

 

4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жағдаятты шешіңдер.

Демалыс күні достар саяхатқа шықты. Түс кезінде олар тамақтануға дастарқан басына жиналды. Айбек шеткерірек барып тұрған еді.

-         Сен неге дастарқан басына жақындамай тұрсың ? - деді Қайрат.

-         Дайындап қойған тамағымды үйде ұмытып кетіппін.

-         Қиын болған екен, - деді Досан, нанын аузына қомағайлана тығып жатып.

-         Кел, бөле жейік, - деді Қайрат.

 

1.     Досан мен Қайраттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

2.     Сендер мұндай жағдайда не істеген болар едіңдер?

 

 

5.Топпен ән айту

Бала тілегі

 

с. Х.Талғаров

ә.И.Нүсіпбаев

 

1.Бал – балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.

 

2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан – байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

 

3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.

 

 

6.Үй тапсырмасы

«Жақсы сөз – жан жылытар» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.

 

7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану пәні.САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ЖЫЛЫ ЖҮРЕК-ЖАҚСЫ ТІРЕК"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 887 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2017 675
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусапирова Багдат Жакыповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусапирова Багдат Жакыповна
    Мусапирова Багдат Жакыповна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7781
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе