- 08.01.2021
- 224
- 9
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не?Мақсаты: 1. Оқушыларға ғарыш туралы түсінік қалыптастыру.Ғарышкерлер туралы білімдерін кеңейту,Байқоңыр ғарыш айлағы туралы айту.2.Дүниетанымдарын ой-өрістерін кеңейту.3.Ғарыш әлемі туралы ізденуге, зерттеуге және адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.Түрі: Ізденіс,дамытпалыТипі:Жаңа білімді меңгерту.Әдісі: СТО технологиясының стратегиялары.Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Сәлемдесу, түгелдеу.2.Оқушының назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық Қайырлы таң! Ормандар мен далалар. Қайырлы таң! Достасқан бар балалар, Қайырлы таң! Сүйікті біздің ұстаздар, Қайырлы таң! Жора-жолдас ұл мен қыз.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.Тау өсімдіктері мен жануарларын қорғау.«Тез ойлап, жауап бер». Тестік тапсырмалар«Жер бетінің өкпесі» деп нені айтады? А) тауды Б) шалғындыӘ) орманды В) жазықтыОрман не береді? А) ағаш, әйек Б) қағаз, (жапырақ) астықӘ( жеміс-жидек, цемент В) дәрі-дәрмек, жиһазЕліміздегі әйгілі қарағайлы орман курорты қайда орналасқан? А) Қостанайда Б) АлматыдаӘ) Көкшетауда В) АқтөбедеСу бетінде сырғанап жүретін қай жәндік? А) қоңыз Б) суаршынӘ) инелік В) ұлуБиік тауды мекендейтін ерекше сымбатты, епті, батыл аң А) аю Б) арыстанӘ) қасқыр В) барысҚай аңды будандастырудан арқар-меринос қойы алынды? А) бұғы Б) арқарӘ) марал В) таутекеБиік құзды мекендейтін қай құс? А) жапалақ Б) қырғауылӘ) құр В) ұларТаулы жер қорығы қайсы? А) Барсакелмес Б) НаурызымӘ) Қатонқарағай В) ҚорғалжынІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауынан не оқыдық, не білдік?Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.Дала өсімідіктері мен жануарлары.Су қоймасы өсімідіктері мен жануарлары.Қорықтар туралыТаулы жер өсімідіктері мен жануарлары.«Қызыл кітаптың» қажеттілігіІV. Жаңа сабақБалалар, біз бүгін жаңа тарауды бастаймыз. Жер-Ғарыш денесі деп аталады.Бұл бөлімнен сендер!-Ғарыш жайлы түсінік аласыңдар:-Күн-жарық пен жылудың көзі екендігін:-Глобус- Жердің үлгісіжәне градус торы,экватор сызықтарының қалай берілетіндігімен:-Жердің өз білігінен айналуын және Күн мен түннің ауысуын, жыл мезгілдерінің ауысуымен танысатын боласыңдар.Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымызға көшейік.Ғарыш дегеніміз не?-Балалар ғарыш туралы естігендерің бар ма?-Кім қалай түсінеді?1.Ой қозғау 2.Мұғалім түсіндірмесі Бұлтсыз ашық түнде аспанан жапырлаған сансыз жұлдыздарды көреміз.Олардың кейбіреуі солғын жарық нүктеге ұқсайды.Біреулері кейде күшейіп, кейде әлсіреп алыстағы отты елестетеді.Олар өте алыста орналасқан, сондықтан солай көрінеді.Жұлдыздың әрқайсысы Күнге ұқсас,жанып тұрған, орасан зор газ шарлар.Ең үлкендері Күннен ондаған, жүздеген есе үлкен. Жермен қарайластары да бар. Жай көзбен қарағанда 3 мыңдай жұлдыз көрінеді.Ал қазіргі жаңа құралдармен есептегенде бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша миллиардтан асқан. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн.Оның төңірегінде ірі аспан денелері(планета ) бар. Сөздік жұмыс Планета – грекше адасқан жұлдыз. Планеталар өздігінен жарық шығармайтын салқын денелер.Олар түнгі аспанда Күн сәулесінің шағылысуынан жұлдыз сияқты жалтырап тұрады. Жердің серігі – Ай. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Жар де Әлем денесі. Жерді қоршаған бүкіл дүние - Әлем немесе Ғарыш деп атайды. Адам ерте кезден- ақ Ғарыш денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ғарышқа адам ұщыруды бұрыннан ғалымдар әртүрлі жануарлармен көптеген тәжірибе жүргізді. «Белка»мен «Стрелка» иттерді ұшырып тірі ағзаға әсерін анықтаған. Ғарышқа алғаш 1957 ж. Жол ашылды.Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағына жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 ж.12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю.А.Гагарин ғарыш кемесімен Жер айнала ұшты. 12сәуір тарихта «ғарышкерлер»күні болып қалды.Ғарыштағы адам үстіне арнайы киім, яғни скафандр киеді.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер төңірегінде 2000 – ға жуық жасанды серік ұшырылды. Адам ұзақ уақыт жүріп зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық станцалар бар. Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі,алыс жерлермен радио,телефон байланыстары жүргізіледі. Балалар біздің елімізде Қызылорда облысында «Жер кіндігі- Байқоңырда»ғарыш айлағы бар.Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері – Т.Әубәкіров және Т.Мұсабаев тар аспан әлеміне саяхат жасады. 3.Оқулықпен жұмыс. V. Қорытынды. Ойын «Ғарышқа ұшу» Мақсаты:Ғарышкердің денсаулығы мықты,өзі батыл,әрі білімді болуы керек.Сондықтан бүгінгі ғарыш туралы білімдерімізді көрсету. 1.Жұлдыз деген не? 2.Ғарыш деп нені айтады? 3.Ғарышқа алғаш ұшқан кім және қашан ұшты? 4.Қазақтың ғарышкерлері кімдер? 5.Күн жүйесі құрамына қандай аспан денелері кіреді? 6.Ғарышкерлер күні қай күн? 7.Ғарыш айлағы қай жерде орналасқан? Тұжырым:Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылықпен қарап, қорғауымыз керек. Хормен: Әрқашан ерлікке құштармыз, Қажымас дарынды жастармыз. Жол салып ақмаңдай айға да, Достарды жұлдызға бастармыз. Қанат берді еліміз, Ұлы Отанның ері біз. Ертең-ақ Марсқа барамыз, Ұшамыз біз айға да, Ұшамыз біз ғарышқа, Ғарышкер де боламыз.VІ.Бағалау -«5» -«4» -«3» VІІ.Үйге тапсырма Ғарышкерлер,ғарыш, «Жер кіндігі- Байқоңыр»туралы реферат,іздену,зерттеу.
6 671 826 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Маркова Наталья Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Мини-курс
3 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.