Инфоурок Другое СтатьиҚашықтықтан білім беру жағдайында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және саналы тәрбие беру мәселелері

Қашықтықтан білім беру жағдайында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және саналы тәрбие беру мәселелері

Скачать материал

Қашықтықтан білім беру жағдайында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру  және саналы тәрбие беру мәселелері

Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту заман талабы мен қажеттілігінен туындап отыр. Осы жағдайда ұстаздар қауымының міндеті білім сапасын жетілдіру және жастардың тәрбиесін назардан тыс қалдырмау. Бұл үрдістің де өзіндік қиыншылықтары мен көлеңкелі тұстары жетерлік.  Қашықтықтан оқытуда ұстаз үйлестіруші, бағыт беруші. Ал білім алушы тақырыптың негізгі мазмұнын түсініп, одан әрі өзінше ізденіп, тапсырмаларды дербес орындаушы. Осы өзара сенім мен жауапкершілікке негізделген оқу үрдісі, жастарға жаңа міндеттерді жүктейді. Қашықтықтан оқыту үрдісінің өзі жастардың өзінің болашақ мамандығына деген қызығушылығын, кәсіби сапаға ұмтылысын, заман талабына сай білікті маман болу қажеттілігін сынға салып отыр.  Қашықтықтан оқыту жастардың бойында саналылық пен өзіндік іс-әрекетшілдікті, ізденіске негізделген шығармашылықты дамытуға негіз болады деп ойлаймын. Өйткені, қазіргі заман бәсекелестік пен межелі нәтижеге жұмыс жасайтын заман болғандықтан жұмыс берушілер тарапынан сапалы маманға сұраныс өсуде. Көзі қырағы ата-ана да санасы ояу бала да мұны сезініп,түйсініп отыр. Сондықтан да қашықтықтан оқытуға бейімделіп, оңтайлы тұстарын жетілдіріп білім сапасын көтерудің тың жолдарын іздестірудің маңызы зор деп білемін. Осы тұста жастардың тәрбиесі, олардың азаматтық ұстанымы, қоғамдық белсенділігі де назардан тыс қалмауы тиіс. Онлайн оқыту арқылы тәрбиені де қатар алып жүру әрбір ұстаздың міндеті. Жастардың шығармашылық шыңдалуын түрлі байқаулар, форумдар, семинарлар, дөңгелек үстел, келелі кеңестер арқылы шыңдап отыруымыз қажет. Бүгінгі студент, ертеңгі елге қызмет ететін  маман, мемлекеттік қызметкер, қоғамды ізгілендіруші жанашыр азамат екенін естен шығармауға тиіспіз.Бүгінгі материалдық игіліктер басым түсіп жатқан заманда азаматтық патриоттық тәрбие берудің маңызы артуда. Бүгінгі маманның бойында белсенді азаматшылдық, ұжымдағы қарым-қатынасқа икемділік, көшбасшылық, өнерпаздық, салауаттылық қабілеттері болуы тиіс. Ал бұл қабілеттердің бәрі тиімді тәрбие беру үрдісінде жүзеге асады. Сондықтан да жастар бос уақытында спорттық, техникалық, кәсіби-эстетикалық бағыттағы үйірмелер мен клубтарға қатысуы тиіс. Адамның өмір бойы тәрбиеленетінін ескерсек онда оның нағыз қалыптасу кезінде, оның бойында жеке тұлғалық қабілеттердің, елжандылық мен отансүйгіштіктің қалыптасуына үлес қосуымыз қажет.

Ғаламдық жаһандану жағдайында орын алып отырған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге ұмтылуы – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Тәрбие беру өте күрделі үрдіс. Адамзат жаратылғалы бері өз ұрпағына  өнегелі тәрбие берудің  тиімді жолдарын іздеумен келеді. Үлгілі тәрбие берудің тұрақты қалыптасқан қатаң қағидасы жоқ екені белгілі. Тәрбие үрдісінің әдіс-тәсілдері адамзат қоғамымен қатар үндесе дамып жетілуде. Бүгінде дамыған өркениетті мемлекеттердің өзі де тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастырып, іздеумен келеді. Бүгінгі жаһандану заманында бұл мәселе одан әрі күрделене түсуде. Өркениеттер дағдарысы белең алып, рухани құндылықтар күйреп тұрған  заманда әрбір ел, мемлекет, халық  тәрбие берудің тиімді тетіктерін өзінше ізденуде.  ХХІ ғасырдың жастарының бойында көрініс беріп отырған рухани жұтаңдық, мейірімсіздік,, теріс қылықтардың белең алуы материалдық құндылықтарға  құнығушылық әлі де болса бұл салада тың ізденісті қажет етеді.

Қосымша білім беру мекемелеріндегі тәрбие үрдісінің  өзіндік ерекшелігі бар. Тәрбие жұмысы үйірме сабақтарында кәсіби біліктілікке баулумен, өзара ықпалдаса отырып  жүргізіледі. Ұжымдағы әрбір ұстаз өнегелі тәрбиенің жаршысы, жалғастырушысы. Күнделікті оқу үрдісінде жүріс-тұрыс, мінез-құлық, әрбір сөзі мен ойлары арқылы баланың  ой-өрісіне ықпал етіп, бүгінгі күн талабына сай бағыт-бағдар беріп отырады. Ал үйірме ұстазының міндеті топпен және балалармен етене жақын байланыста бола отырып, баланың бойына өзінің рухани бітім-болмысымен үлгі-өнеге дарытып, тәрбие үрдісінде тиімді  нәтижеге қол жеткізу. Бүгінгі заман талаптарына жауап беретін, еліміздің өркендеп дамуына үлес қосатын мамандарды дайындау тәрбие жұмысының тиімді жүйесінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Білім беру мен тәлім-тәрбие жұмысы оқу үдерісіндегі ажырамас егіз ұғымдар.

Бүгінгі күн талабы тұрғысынан,  ұстаздар қауымының алдына қойып отырған міндет-отаншыл азамат пен зияткер ұлт қалыптастыру. Осы талапты жүзеге асыруда қосымша білім беретін мекемелердің қызметінің маңызы зор. Осы орайда ұлттық-рухани құндылықтар, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың озық, өміршең тұстарын өнер мен мәдениет, кәсіпке баулу  арқылы бүгінгі жастардың санасына сіңірудің де маңыздылығы артуда. Мұндағы бір көңіл аударарлық жайт, біз ендігі жерде ғасырлар қойнауынан құнын жоғалпай бүгінге жеткен  халықтық тәлім-тәрбие көздеріне, көркем әдебиет пен тарих тағылымына терең бойлап, оны тәрбие саласында пайдалану. Демек,  ғасырлар тезінен уақыттың өзінен бүгінге жеткен халықтық тәлім-тәрбие қағидалары отаншыл, ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың тиімді жолы.

Жастар тәрбиесінде отаншылдық рухы үлкен маңызға ие. Бұл мәселені қазақ халқы, ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын деп  көркем сөзбен айшықтап жеткізген.

          Бүгінгі заман жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен ұстаздар ұжымы, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың ізденісінің нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігінің маңызы артуда. Осы міндетті жүзеге асыруда ұлттық-рухани құндылықтарды, салт-дәстүр мен  әдет-ғұрыптардың озық, өміршең тұстарын оқушылардың санасына сіңірудің маңызы зор. Осы орайда орталықта «Жас қаламгер», «Ұлттық қолөнер», «Былғары шебері», «Ағаш ою» үйірмелері қол еңбегі арқылы жастарға ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін танытуда. Мұндағы бір көңіл аударарлық жайт, біз ендігі жерде ғасырлар қойнауынан құнын жоғалпай бүгінге жеткен  халықтық тәлім-тәрбие көздерін оқушы балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарына кеңінен қолдануымыз қажет. Демек,  ғасырлар тезінен уақыттың өзінен бүгінге жеткен халықтық тәлім-тәрбие қағидалары отаншыл, ұлтжанды, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың тиімді жолы. Бүгінгі таңдағы тәрбие жұмысының жүйесі  интеллектуалдық, рухани-адамгершілік, салауатты өмір салтын ұстанатын  шығармашылық қасиеттерге ие тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу қажеттілігі айқын сезілуде. Мұның өзі қазіргі кезде білім беру мекемелерінде тәрбие беру мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды және студенттердің патриоттық сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Қоғамның бүгінгі күнгі талабы, еліміздің  әрбір азаматы Отанын сүю, туған жерін құрметтеу, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұту, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайту жолында талмай еңбек етуі қажет  деп санайды. Сондықтан болашақ жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне ерекше мән беру, олардың бойында отаншылдық рухын  қалыптастыру қоғам болашағының өркендеуіне жол ашып, елімізде тыныштық пен бейбітшіліктің орнауын қамтамасыз ететіні анық. Өйткені патриотизм әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзатқа қауіпті экстремизм мен терроризмге қарсы күреспен, халықаралық қатынастарда мемлекетаралық ынтымақтастық, өзара түсіністік қарым-қатынаспен, экономикада іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді.

Еліміздің тарихында ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсете білген ерлеріміз,  кейінгі жас ұрпаққа берері мол, ерлік пен елдікке толы тарихи оқиғаларымыз жеткілікті. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі жолында жан аянбай күрескен батырларымыздың ерлігі ұрпаққа ұран, жастарға үлгі өнеге. Жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухын сіңіруде  ірі тұлғаларымыз бен батырларымыздың  ерліктерін дәріптеп  насихаттау, жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бірден-бір тиімді жолы. Туған ел мен туған жердің  қадірін білетін, жанашыр, ұлтжанды, көзі ашық, көкірегі ояу  жастарымыз елдің ертеңі екені анық. Демек, жастар тәрбиесінде отаншылдық рухы үлкен маңызға ие. Сондықтан да оқу мен тәрбие үрдісінде болашаққа сеніммен қарайтын, елінің тарихын мақтаныш ететін, ардагерлерін ардақтайтын азаматтарды тәрбиелеу ісі мектеп қабырғасынан бастау алуы тиіс.

Жастарға  кемеңгер тұлғалардың өмір белестерін, атқарған игі істерін үлгі-өнеге ретінде  насихаттау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Оқу мен тәрбие өзара үйлесімді байланыста  дамиды. Демек,  оқу үрдісінде қосымша білім бере отырып,  ұстаздар ірі қоғам қайраткерлерінің ғибраты мол өмір белестерін  балаларға өз дәрежесінде дәріптеп, олардың тұлғалық қасиеттерін ашып көрсету  арқылы  отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде.  «Біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз» деген ұранды  үрпақ тәрбиесінде негізгі қағида ретінде қолдана отырып, жастардың санасына өз еліне, туған жеріне  деген сүйіспеншілікті сіңіру әрбір ұстаздың  азаматтық парызы.

       Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау. Отаншылдық рухын ұрпақ бойына сіңіру патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Ұлттық рухани құндылықтарды  сақтап тәрбие үрдісінде пайдалану – халқымыздың рухани мұраларын, ұлылығын, көрегендігін болашаққа жеткізудің бірден-бір тиімді жолы.

          Жасөспірімдермен жүргізілетін тәрбие жұмысы үнемі жетілдіруді талап ететін үрдіс. Бүгінгі таңда жастар тәрбиесіне отбасы тәрбиесінің осал тұстары, салауатты өмір салтын ұстанудың жеткіліксіздігі, ақпарат құралдарының жағымсыз әсері теріс ықпал етуде. Міне мұның өзі балалардың бос уақытын тиімді өткізудің маңыздылығын арттырып, олардың санасына оң ықпал етудің әдіс-тәсілдерін жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан да жасөспірімдермен жүргізілетін тәрбие жұмысы соны ізденістерді, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жүйелі тәсілдерді талап етеді. Тәрбие бүгінгі заман талаптарына жауап беру үшін қоғам құндылықтары мен идеологиялық ұстанымдарын басшылыққа ала отырып отансүйгіштік, елжандылық, жаңа қазақстандық патриотизм, ұлттық салт-дәстүр мен рухани-адамгершілік құндылықтарының қағидаларын жастардың санасына сіңіру арқылы жүргізілуі тиіс.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қашықтықтан білім беру жағдайында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және саналы тәрбие беру мәселелері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 003 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2021 276
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умбетова Айдана Сапаркуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Умбетова Айдана Сапаркуловна
    Умбетова Айдана Сапаркуловна
    • На сайте: 3 года и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6031
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе