Инфоурок Другое Другие методич. материалыАдамгершілік -асыл қасиет сайыс

Адамгершілік -асыл қасиет сайыс

Скачать материал

Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Адамгершілік асыл қасиет» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын Тореғалы Төралінің «Бір кем дүние» бейнебаянымен бастауға рұқсат етіңіздер!!!

Тақырыбы:  «Адамгершілік – асыл қасиет»

Мақсаты:

 1. Білімдік - танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік бағыттағы сауаттылығын жетілдіру, адамгершілік қасиеттерін шыңдау.

2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой - санасын оята отырып, өзін - өзі тануға және бағалауға, өз ойын еркін ашып айтуға, өз пікірін қорғауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани тұрғыда байыту жетілдіру.

Міндеті:

1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан - жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.

2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.

Түрі: Пікір алмасу,сұрақ- жауап

Әдісі: сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі

Көрнекілік: слайдтар, нақыл сөздер

Тәрбиелік бағыты: Рух. Адамгершілік.

Барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі.

Тәрбиеші: Сіздердің алдарыңызда тұрған «Адамгершілік», «Қайырымдылық», «Ізгілік»топтары бүгінгі пікірталасқа қатысайын деп тұр .

 Шараның бағдарламасымен таныстыру.

1. Адамгершілік деген не?  Рух дегенді қалай түсінеміз? Рухани бай адам қандай болу керек? (пікірлесуге мүмкіндік жасалады көрермендерге сұрақ беріліп,жауаптары тыңдалады).

2. Ата - ананың қадірін, адам қасиетін, рухани құндылықты түсіну.(Слайд көрсету және талдау)

3. Бір кем дүние» Әнін тыңдау

4.Мағынаны тану( Кәмпиттерді ашып  тапсырманы орындау)

 «Балам анау не?» жағдаят сұрақтарына ой жүгірту.

5.Шығармашылық жұмыс. «Ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақ беріледі Топтық жұмыста оқушылар өз ойларын ортаға салып,қорытындысын әр топтан оқушылар шығып қорғайды.

6.Диалог пікір алмасу 2 кәмпит ашылып  тапчсырма оқылады. «Әдептілік» қағазды жырту арқылы адам бейнесін шығару.

7.3 кәмпит ашылады. Мұндағы тапсырма «Ізгілік» Құпия хатқа жауап  беру.

8.4 кәмпит ашылады.. Тренинг ойыны «Білгенге маржан» (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы ).

9. «Көңілдің бұлтын сейілтейік» Сұрақ-жауаптар.

10.Рефлексия

 «Адамгершілік қасиет» бейнефильм көрсетіледі.

 Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға қонақтар келген екен қарсы алайық.

/Ата-аналар балалармен кіреді.Тәрбие сағаты ашылды шашу шашылды деп қыздарыма кәмпит таратып берейін ,Бұл жай емес, сиқырлы кәмпиттер балалар сырын кейінірек білерсіңдер.

Кіріспе

     Тәрбиеші: Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның рухани қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір - бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады. Өйткені біз,сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан - жақты  тәрбиелеу үшін алдымен  рухани жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен осы шараны, «Адамгершілік-асыл қасиет» деген сөздің астарына, терең бойлай отырып, қазіргі кездегі бала мен ата – ананың,ұстаздардың арасындағы қарым - қатынасқа арнаймын.    «Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады. Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді.

  1.Бейнефильм «Адами құндылықтар» көрсетіледі

Бейнефильм бойынша әңгімелету.Пікір алмасу.

1 топ: Адамгершілік деген не?

2 топ : Рух деген не? деген сұрақтарға пікір алмасайық.

3 топ : Рухани байлық дегеніміз не?

/Оқушыларға пікірлесуге мүмкіндік жасалады, жауаптары тыңдалады./ көрермендерге сұрақ беріліп, пікірлесуге мүмкіндік жасалады).

(Жауаптары)

 1-топ :   «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама    Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі.

 2-топ :  Рух деген- адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі.

 3-топ :  Рухани бай адам қандай болу керек?

- Ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды,болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылығы мол болады.

Көрермендерге сұрақ.

2. « Жақсы қыз бен жаман қыз» бейнефильм бойынша бойынша әңгімелету.

 Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )Оқушылар жауабы тыңдалады.( Бізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек).

Жаңа аталған адамгершілік қасиеттерінің қайсысын көруге болады? /Топтардың жауаптары тыңдалады/.

(Дұрыс жауап)

1 топ -    Адамгершіліктің қарапайым қағидалары:Қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау, мейірімділік, дінін саттау,  үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.

 2 топ -   Үлкен адамға сәлем беру- кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші  адам үлкен кісіге сәлем ермей кетсе, ол - әдепсіздік, көргенсіздік.

 3 топ  ата-ананы сыйлау- халықтық дәстүр, әдеп. біз осы адамгершілік  қағидаларды сақтай білсек, ұлттық әдетті қорғай білеміз.

4.Мағынаны тану.

 3 топтың оқушылары 1 кәмпитті  ашып ішіндегі тапсырманы оқиды. «Қайырымдылық» деген сөздің мағынасын айтады.

 5. 3 топ: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» бейнефильмді  талдайды.

 6. Оқушыларға  «Балам анау не?»атты жағдаят сұрақтарына ой жүгірту

Жағдаят: «Балам, анау не?»

... Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:

- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

- «Балам, анау не?» деп сұрапты.

- «Ол - түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

- «Ол - түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?- деп ренжіпті. Сонда әкесі:

- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

  Топтық жұмыс. Шығармашылық жұмыс. (Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата - ананың ақысы дегенді қалай түсінетіндіктері сұралады.)

-«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз. Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік, олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастырайық.

1 топ: «Адамгершілік» Бейне фильм көрсетіледі.(Адамгершілік тобы 2 топқа тапсырма береді)

6. Диалог. Пікір алмасу.  2 кәмпит ашылады  мұндағы тапсырма. «Әдептілік»( Тренинг, қағазды жырту арқылы адам бейнесін шығарып, жаман сөз адамды кеміс етеді қолын қайырып қоямыз.т.б түсіндіру)

-Әдептілікті қалай түсінесіңдер?

-«Әдепті жан ілімсіз болмайды.

Қанша ілім қуса да, әдепсізден ғалым шықпайды».Демек, әдептілік бар жерге ілім ұялайды. Ендеше әдепті, ақылды бала қандай болу керек екенін Айса мен Аяулым  өлең жолдарымен толықтырсын.

Аяулым;

 Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер,

Қашан да мен үлкендерге жол берем.

Абайсызда қалса біреу сүрініп,

Сол мезетте сүйініш боп қол берем.

Мені үлкендер әдепті деп  мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егерсен жалқау болсаң тілазар,

Ондай қылық жақсылыққа жатпайды.

Айса:

Ақыл әліппесі:

 Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің.

Тәртіпті бала сүйеніш

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш

Төмендеп басың кетеді.

 Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып құр қаңғыма.

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Тәрбиеші: Жақсылық жасау- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныту.

2 топ: «Өтірік айту деген жаман әдет» Бейне фильм көрсетіледі.  Қайырымдылық тобы бойынша әңгімелету.

Тәрбиеші: Адамда асыл, игі қасиеттермен қатар жағымсыз жаман қасиеттері де болады. Олар қандай қасиеттер? ( Ызақорлық,қызғаншақтық,жалқаулық, ұрлық, өтірік айту,ұқыпсыздық, өзімшілдік ).

3 топ: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» бейнефильмді  талдайды.

7. 3 кәмпит ашылады. «Ізгілік»

«Құпия хатқа» жауап беру

Хаттың мазмұны:

Топ ішіндегі бір баламен көншілігі қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті қалғандары да басқаларына қосылғандай. Ол бала болса жақсы, арам, қулықты білмейтін сияқты болып көрінеді. Өйткені мен бұл топқа жаңадан келдім.Сендер қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?( Сол ойды дәлелдеп, түйіндейді) Топтағы балалардың қарым-қатынасын жақсартуға тырысуы керек.Ойлары толық болмаған жағдайда үйге шешімін тауып келуді тапсыру

Сондай ақ күнделікті өмірде қолданылатын сиқырлы сөздер де бар, біз оны жиы айтамыз.

Сиқырлы сөздер:Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! Рұқсат етіңіз, рақмет,кешіріңіз.

-Балалар біз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ түреміз.

 1 топ: 1. Адамға ақыл беретін кімдер? ( ата-ана, дос, ұстаз)

            2.Адамның ақылы қайда?

              Ханнның ақылы тағында,

              Әкімнің ақылы жанында,

              Ғалымның ақылы басында,

             Ананың ақылы жасында,

              Жігіттің ақылы жақсылығында,

             Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.

 2 топ:  3.Дос табу оңай ма?

Өмірде ақылдыға дос тау қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп. Ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ.Жақсылығы жоқ адамның қастығы аяқ астында жатады.

   3 топ: 4.Үйдегі алтын қазық кім?

Үйдегі алтынқазық – ана. Ана ақылды болса, ала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәриесі ұлғаүдгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың.

Көрермендерге сұрақ.

5. Өмір сүру үшін не қажет?

Адам өмір сүруі үшін –су, от,тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді,от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл –мәнін береді.

6. Достықты нығайтатын не? Достық пен жолдастықты нығайтатын ынтымақ, ірлік, теңдік, бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рақмет те айта алады. Жөн сөз көңіліңді көтереді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.

 7.«Көргені жақсы көш бастар», - демей ме, «халық айтса - қалып айтпас»- деген тағы бар, олай болса адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? Бұл сұраққа пікір білдіруді қатысып отырған қонақтарға береміз. 

8.Слайд көрсету « Мақал –мәтелдер»

«Жүректің түріп құлағын,

Ойланып тағы қарашы,

Кімсің сен? Қайда тұрағың?

- Енді қайда барасың?» - деп Омар Һаям жырлап өткендей ата - ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсінуде ойларын айтқан халық пікірі мен заңгер, ғалым ағаларымыздың ой - пікірлеріне назар аударалық. ( нақыл сөздер көрнекі слайд түрде жазылып қойылады.)

9. Ырымдар мен тыйымдар.

  Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.

1топ    Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.

2 топ   Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

3 топ   Дастарқанды, тамақты баспа.

Көрермендердің жауабы тыңдалады.

1.Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

2.Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.

8. Диалог, Жинақтау

 4 кәмпит ашылады. «Білгенге маржан». Орнын тап.  Оқушыларға ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер беріледі. Оқушылар сол сөзге орай өз ойларын қысқаша қағазға жазып «Адамгершілік» ағашына  іледі. Берілетін сөздер:

- рух

- ақыл             

- қайырымдылық

- қанағат

-ізеттілік

  Тәрбиеші: Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың

«Бес нәрседен қашық бол,

«Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз» деген жолдарын қалай түсінуге болады?

Ол қандай қасиет? (Үш-ақ нәрсе адамның асыл қасиеті: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек») деп Абай атамыз айтқан екен.

Неден жирену керек?(өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

Неге үйрену керек? ( Талап, еңбек, терң ой,қанағат, рақым) Бұл сұрақ көрермендерге қойылады.

9.тапсырма.  «Көлеңке сезімін сейілтейік»

 Жарқын күн көлбейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.(Жағдаят сұрақтарына жауап береді)

1 бұлт. Топ ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым –қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар» деп үгіттейді. Ал сен не істер едің?

2 бұлт. Сенің жан досың «Киноға барайық» деген болатын, ал сенің уақытың болмай жатыр. Не істер едің?

3 бұлт.  Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік, сен де, оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі, сен қандай шешімге келер едің?

Ашылған күннің соңында кемпірқосаққа көңіл аударайық. Бұл ретте қыздарыма мына түстердегі ақыл кеңестерді естеріңде сақтап алыңдар.

1 қызыл түс. Әр күнді жақсы ойлаумен бастаңдар

2. көк түс. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды ,жұбатқаныңды, күлдіргеніңді, еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.

3.сары түс. «Жақсылыққа –жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» деген сөз жадыңда жүрсін.

4. ақ түс. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

5. жасыл түс. Тыныштық сақтай білуге үйрен Нәзік үнмен сөйлеуге тырыс.

6. сиякөк түс. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

 Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық, артынан жадырап кемпірқосақ керілді, міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік. Осы әсем ағаш алдағы уақыттарда сендерге сая болсын, бір-бірлеріңе деген ықылас сезімдерің еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, адал, ақкөңіл, әділ, ақылды,парасатты болыңдар!

10.Рефлексия. Кәмпиттерін бір топтан бір оқушы тілек айтып басқа топқа сыйлайды. Топ бірігіп қағазға оралған кәмпиттерін апайларға сыйлайды.(ұстаздар өз тілектерін оқушыларға айтады.) Білген түйгендерін айтады.

Қорытынды.

Бүгінгі біздің пікір алысымызда еліміздің кез - келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой - пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін - өзі тануын, өз рухани-жан дүниесіне үңілуін таразыладық.

Сонымен балалар, жаман қасиеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез- келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір  адамгершілік-асыл қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.

Үлкенге иман керек, Кішіге иба керек.

Адамгершілік, ізетпен , Адамдар бірін- бірі

Құрметпенен, сыйлау керек.

 

«Өткенім бүгінгінің баспалдағы,

 Бүгінгім ертеңіме бастар тағы» - дегендей  тәрбие сағатымызды Нұрмұхамед Жақыптың орындауындағы «Бала тілегі» әнімен аяқтайық.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Адамгершілік -асыл қасиет сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 271 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2017 2861
    • DOCX 28.2 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимжанова Айгул Халеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахимжанова Айгул Халеловна
    Рахимжанова Айгул Халеловна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74983
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой