Инфоурок Другое Другие методич. материалыАлғыс күніне арналған сценарий

Алғыс күніне арналған сценарий

Скачать материал

                       «БІРЛІГІ  ЖАРАСҚАН -  ҚАЗАҚ  ЕЛІ»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер.

І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар және оқушылар!
ІІ жүргізуші: 1 мамыр - Қазақстан Халқының бірлігі күніне және Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

                        Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалады

І жүргізуші:

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген, 
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 

І жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, 
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

ІІ жүргізуші:

Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

                                Ән «Тойла»  қабыл алыңыздар
І жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сыза түспесе екен.

І жүргізуші:

Мерекелік құттықтау сөз кезегін сонымен қатар осы мереке қарсаңында  мектебіміздің жас азаматтары, еліміздің нағыз патриоттарын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына қабылдау рәсімін өткізу үшін мектеп директоры                   ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші:

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына қабылданушыларға галстуктар байлансын.

І жүргізуші:

Назар аударыңыздар АНТ беру рәсімі

ІІ жүргізуші:

Құрметті  Жас Ұландықтар! Отанымыздың келешегі, көркеюі сендердің қолдарыңда. 
І жүргізуші:

1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
ІІ жүргізуші:

Ортақ мекен жер шары, 
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
І жүргізуші:

Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып,

«Ақ көгершін» биін тамашалауға шақырамыз. 
«Ақ көгершін» биі,  орындайтын  2 Б сынып оқушылары
ІІ жүргізуші:

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
І жүргізуші:

Ән «Қазақстан» қабыл алыңыздар

 

ІІ жүргізуші:

Тілегі бір, 
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
ІІ жүргізуші:

Ән «Туған жер»

І жүргізуші:

Біздің Мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан! 
ІІ жүргізуші:

Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын! 
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын! 
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! 
ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алғыс күніне арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.08.2016 1164
    • DOCX 15.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапарбаева Алия Азатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сапарбаева Алия Азатовна
    Сапарбаева Алия Азатовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18043
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой