Инфоурок Другое КонспектыАлтын адам. Оқшау сөздер

Алтын адам. Оқшау сөздер

Скачать материал

Сыныбы :         10

Күні: 19.04.17.

Сабақтың тақырыбы

«Алтын адам» .Оқшау сөздер

Мақсаты

 

 

Қазақстанның азаттық символына айналған "Алтын адам" туралы, оның тарихи маңызы бар құнды мұра екендігін түсіндіру, тың деректер мен мәліметтер беру.

Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру

Халықтың мәдени мұрасын,  өнерін, тарихи ескерткіштерімізді, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету

Күтілетін нәтижелер

 

 

  • оқушылардың жаңа сөздерді меңгеруі
  • оқшау сөздердің  түрлеріне мысалдар келтіріп, ажырата алуы
  • күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде қолдануы

"Алтын адам", жалпы, тарихи ескерткіштер туралы түсініктері кеңейеді

Керекті жабдықтар

кеспе қағаздар, семантикалық карталар, сызбалар, бейнематериалдар

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

 

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу, сыныпты даярлау,тексеру.

 Психологиялық сәт.

 

2.Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары.

«Ыстық орындық» әдісі. (жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеремін).

Шаттық шеңбері

 

Оқушылардың жауаптары

MSOfficePNG(8)

Тұсаукесер

 

 

 

 

Алтын киімді адам

Кім тапты?

Қай жерден, қай жылы табылды?

Бірінші

Кемал Ақышев

Алматы облысы Есік қорғаны

1970

Екінші

Зейнолла Самашев

Атырау облысы Аралтөбе қорғаны

1999

Үшінші

Әбдеш Төлеубаев

Шығыс Қазақстан облысы Шілікті жазығы 2003

Төртінші

Арман Бейсенов

Қарағанды облысы Талды 2 қорымы 2010

 

Бейнебаян көрсетіледі  «Алтын адам құпиясы»

Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.[1] Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.

 

 

 

 

https://arhivurokov.ru/videouroki/html/2017/01/17/v_587d9c55120ac/99677514_2.png

 

 

Алғашқы «Алтын адам». Алматы облысындағы Есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде алыс –жақын елдердің барлығы елең еткен-ді..Бұл 1970 жыл болатын. Археологиялық олжаны тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев басқа да ғалымдармен кеңесе отырып бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді. Аталмыш олжаның көшірмесі Алматыдағы Орталық мұражайға қойылды, кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдерде қойылған көрмелерге шығарылды. Оңтүстік астананың орталық алаңында (Республика алаңы) Тәуелсіздік монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам». 
Екінші «Алтын адам». 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Олжаны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген жанды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматттардың көсемі деген қорытындыға келген екен. 
Үшінші «Алтын адам». 2003 жылы табылған. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы бұл олжаны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң- құс белгілеріне қарағанда сақ патшасына келетін бұл олжа әлі де зерттелу үстінде. 
Міне, сонымен күні бүгінге дейін бір емес үш « Алтын адам» табылғанынан хабардар болдыңыздар. Ұлан байтақ жері бар Қазақстан жерінде әлі қанша «Алтын адам» жатқаны белгісіз.
Оны зерттеу уақыттың еншісінде.

 

Бейнекөріністі тамашалайды

 

 

 

 

Мәліметті тыңдайдыhttps://arhivurokov.ru/videouroki/html/2017/01/17/v_587d9c55120ac/99677514_1.png

Негізгі бөлім

 

 

 

 

1         .«Сөздік қор қапшығы»

 

төбесі - макушка

өңірі - борта одежды

әшекейленген - разукрашен

етегі - подол

тауешкі - горный козел

мөр - печать

тәж - корона

оба - курган

алқа - колье

былғары -  кожа

бұралған - обвитое

зерлі - позумент

бейнеленген - изображен

семсер - сабля, меч

қоныш - голенище

 

2 Мәтінмен жұмыс

Есік Алтын адамы. 
Алтын адам – Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969 – 1970 жылдары археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.
Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында.Қып – өызыл қамзолы құрастырмалы ап – ауыр белбеумен буылған. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. 

 

 3 .«Артық болмас білгенің»

"Миға шабуыл" әдісі. Интерактивті тақтада "Алтын адам" туралы бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар тың деректермен таныс болады

«Қазақстан жерінен 3 алтын адам табылды»

 

 

4 Сөйлесім. 
- Алтын адам деген кім? 
- 5 ғасырдағы сақ жауынгері.
 
- Сақ жауынгері қай жерден табылған?
 
- Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы Есік обасынан табылған.
 
- Қандай сақ жауынгері жерленген?
 
- Бұл қабірде басын батысқа беріп шалқасынан жатқан
 17-18 жастағы жауынгер жерленген. 
- Оның басында не бар?
 
- Ол басына 200-ден астам алтын әшекеймен безендірілген шошақ төбелі биік бас киім киген.
 
- Үстіне не киген?
 
- Үш мыңға жуық алтынмен әшекейленген қып - қызыл былғары бешпент, оның ішіне матадан тоқылған ішкөйлек киген.
 
- Сен ол Алтын адамды мұражайдан көрдің бе?
 
- Әрине. Сен де барып көре аласың. Ол экспонат Орталық мұражайда тұр.
 

 

5 Деңгейлік тапсырмалар. 
II деңгей. 
Сөйлемдерге мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып жазыңдар. 
1) Алтын адамды 1969-1970 жылдары ... . 2) Алтын адам киімі төрт мыңға жуық ... . 
3) Бас киімінің ұзындығы ... . 4) Алтын адам – Қазақстанның ... . 
5) Оның тұлғасы Алматы қаласының ... . 

IIІ деңгей. 
 Сөздерді бағдарсызықпен сәйкестендір. 
Алтын                     Ақышев 
IV - V                      жылдары 
Кемел                      адам 
қып – қызыл             ғасыр 
1969 – 1970              символ 
Азаттық                    бешпент 

 

І деңгей:

Берілген сөйлемдерден ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер жасаңдар.

 

Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен байланысқа түспейтін, сондықтан сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркестері болады. Бұларды оқшау сөздер дейді.
Мысалы:
Өлеңім, шарла, ауылды.
Тыңда, дала, Жамбылды! (Ж. Ж)
Осындағы өлеңім, дала деген сөздер – сөйлем мүшесі емес, ақынның өз сөзіне елдің көңілін аудару үшін келтірілген сөздері. Бұлар сөйлемдегі басқа мүшелерден оқшауланып тұрады.
Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді.

Қаратпа сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады.
Мысалы: Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз.
Кейде қаратпа сөз жансыз заттар да болып келеді, бұл, көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. Мысалы, Жамбылдың өлеңге, далаға қаратып айтқаны.
Қаратпа сөз сөйлемнің басында, ортасында, соңында келе береді. Қаратпа сөз басқа сөйлем мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.

Қыстырма сөздер. Өзі қатысқан сөздерге қыстырмалар сөйлеушінің көзқарасын - күмандылықты, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай - ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін - білдіру үшін қолданылады.
Мысалы: Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.
Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді.
Бірінші сөйлемде бәсе сөзі сөйлеушінің ризалығын, екінші сөйлемде меніңше болжамды мағынаны білдіреді..
Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: әрине, сөз жоқ, шынында, мүмкін, сірә, сонымен, сөйтіп, біріншіден, т. б.
Қыстырма сөздер кейде сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келе береді. Олар басқа сөйлем мүшелерінен үтірмен ажыратылады.

Одағай сөздер: Қаратпа, қыстырма сөздер сияқты одағай да сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағайлар сөйлеушінің сезімін, көңіл - күйін - қуанышын, ренішін, таңдануын, ризалығын - білдіру қажет болғанда қолданылады.
Мысалы: Па, шіркін! Дауысы дауыс - ақ екен.
Жұмысты істеген соң осылай істеу керек, бәрекелді!
Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлесуде қолданылады және көркем әдебиетте жұмсалады. Сөйлемнің басында келеді, кейде сөйлемнің соңында келеді.
Одағайдан соң леп белгісі, кейде үтір қойылады.

 жаңа сөздермен танысады

    жаңа сөздердің жазылуын есте сақтай отырып, сөздік дәптерлеріне жазады

  қазақ тіліне тән дыбыстарға мән бере отырып, ауызша қайталау.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ойлан, бірік, бөліс»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнебаянды тамашалайды.

 

 

 

 

 

Жұптық жұмыс

 

 

 

 

get_img?ImageId=13728

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Деңгейді таңдап орындайды.

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnjhttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUg

Қорытынды

 

 

 

 

Тест. 
1. Алғашқы Алтын адам қайдан табылды?
 
А) Алматы облысы Есік қаласы Б) Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы
 
В) Түркістан қаласы Д) Шығыс Қазақстан облысы
 
2. Алтын адам Қазақстанның ... айналды. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңдар.
 
А) бостандық белгісіне Б) тәуелсіздік тұғырына
 
В) адалдық символына Д) азаттық символына
  т.б.

Рефлексия: «Алма ағашы»

 

 

Үй тапсырмасы: әңгімелеу, ереже

Тестті орындап, бір-бірін тексереді

 

4479_html_4efc452b

 

 

 

Сабақтан алған әсерлері туралы стикерлерге жазады

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

                                                                                                                            

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алтын адам. Оқшау сөздер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 078 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2017 1525
    • DOCX 579 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Екпинова Айгерим Мадениетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Екпинова Айгерим Мадениетовна
    Екпинова Айгерим Мадениетовна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28123
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе