Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Алтын күз" Күз - 2015

"Алтын күз" Күз - 2015

Скачать материал

                      «Қарлығаш» тобының

«Астыққа бай-алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігі.

                                (3-4 жас)

Зал іші күз мезгіліне байланысты безендірілген.Бұрышта көрме балалар ата-аналарымен бірлесе жасаған кол еңбек.

Балалар әдемі жүріспен отырғыштарына отырады.

Лаззат;-Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар

 Бүгінгі «Астыққа бай-алтын күз»мерекемізге қош келдіңіздер.

-Жаз жайнап егін тойын тойлап күзде,

    Мал бағып,бақ орнатқан дала түзде.

     Армысың туған жерім,байтақ елім,

   Ата-ана доспен бауыр есенсізбе.

Армысыздар құрметті ата-аналар және кішкентай бүлдіршіндер.

Сіздерді «Астыққа бай-алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз.

Күз-еліміз үшін,береке,молшылық мезгілі болады.

 «Алтын астық»

                 Көктемде егін егетін,

                 Күзде жиып беретін.

                 Біздің дала-бай дала,

                 Алтын астық айнала.

  Ел егінді жинайды

  Қырманға дән сыймайды.

  Біздің дала-бай дала,

  Алтын астық айнала.

Астық-дала сәулеті,

 Астық-Отан дәулеті

                       Біздің дала-бай дала,

                      Алтын астық айнала.

-деп айтқандай,біздің де балаларымыз осы күз мерекесіне арнап өлеңдерін оқып береді.

1Мадияр

Армысыңдар халайық,

Бармысыңдар халайық.

Күзгі тойда жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық.

2-Кәусар

Келді міне алтын күз,

Талдарға алқа тағатын.

Шаруакер халқымды,

Бір тілекке бағатын.

3Алдияр

Әнге салып әр қилы,

Бозторғайлар шалқиды.

Жер ананың төсінен,

Дәннің исі аңқиды.

4-Алихан

Ерте тұрып ақ таңнан,

Қара жерге дән құйған.

Айналайын диқаннан,

Егін егіп дән жиған.

5 Балжан-

Дала гүлге бөленді,

Қуанышқа кенелді.

Орман тоғай бақтарда,

Құстар сайрап жөнелді.

6 Канат-

Қайың терек басынан,

Сарғыш тартып жапырақ.

Жерге түсіп шашылған,

Жел үрлесе қалтырап.

Балаларды орындарына отырғызамыз.Музка ойнап әуенмен Динара кіреді.

Динара-Сәлеметсіндер ме балалар?Бүгін сіздерде мереке болып       

жатыр екен,мен сендерге құр қол келген жоқпын,өзіммен бірге жүмбақтар

ала келдім.(жұмбақ жасыру)

1 Жиып-теріп болатын,

   Қамбаға астық толатын.

   Қызыл қырман ойнайтын,

   Қай мезгіл деп ойлайсың?            (күз)

 2 Жерге тырс-тырс тамады,

   Сайға қарай ағады.

   Шешуін кім табады?                  (жаңбыр)

3 Бұл недеген көп киім,

   Жетпіс қабат көк киім.

   Түймелеуге жетпейді,

   Жаңбыр одан өтпейді.               (қырық қабат)

4 Қалың киім ұнатады,

   Шешіндірсең жылатады.          (пияз)

5 Жер бетінде шашы бар,

   Жер астында басы бар.

   Қоянға ұнайтын дәмі бар.          (сәбіз)

6 Калпағы бар дөңгелек,

   Біледі оны барша адам.

   Қараған соң күнге көп,

   Мойыны талып шаршаған.      (күнбағыс)

7 Көппенбек еді көктемде,

   Дәмі тәтті жегенде.

   Қызарды күзге жеткенде.          (алма)

8 Талдан талға секірген,

   Жаңғақтарды жеп өскен.

  Өзі сондай сүйкімді,

  Табыңдаршы кім екен.(тиын)

-Ойын ойнағыларың келеме?

Жарайды балалар,олай болса ойын шартын мұқият таңдаңдар.

(жаңғақтармен «кім жылдам» ойынын ойнату)

Жүргізуші-жарайсың,ал енді бізбен бірге отырып балалардың өнерін

тамашалайық.

Лаззат;-Күз айы тамаша,

                     Ән айтық балаша.

                     Би билеп бәріміз,

                     Қуанайық балаша.

Би:Қыздардын орындауында «Чужаларым»

7 Назжибек-

Ой,алақай,тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едік жатып ап?

8Аружан-

Жаңбыр,жаңбыр жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын даланың,

Тазартасын ауасын.

9 Інкәр-

Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырақ.

10 Әдемі-

Ой,балалар,балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

11Алдияр

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Жүргізуші-өте тамаша балалар,олай болса мерекемізді ән мен жалғасты-

райық. Ән: Хор «Күз тамаша»

Динара:

Балалар сендер білесіңдерме?

Асымыз,нанымыз біздің дастарқанға қалай келеді,нанды кім пісіреді?

(балалар аспазшы деп хормен жапуап береді)

Өте жақсы балалар олай болса ортаға аспазшыны шақырамыз.

(музыка ырғағымен аспазшы ортаға нан әкеледі)

(Аспазшы өлең шумағын оқып береді)

    «Дән»

Жарып шыққан қауызын,

Дән-өмірлік азығың.

Жегеніңде ақ нанды,

Нәрге толар ауызың.

Ерте тұрып ақ таңнан,

Қара жерге нәр құйған.

Айналайын диқаннан,

Егін егіп, нан жиған.

Балалар:Хормен «Нан қоқымын шашпаңдар»

Динара:

Балалар,мен күз мезгілінде піскен астық пен жемістердің байлығын , құрметті қонақтар жемістер мен көкөністердің шеруін қарсалыңыздар.

1- -(алма)Айым

Мен алмамын,алмамын, 

Таңдайда қалар бар дәмім.

2-(алмұрт)Інжу

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

3- (жүзім)Аружан,Нұрай

Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім,

4- (шие)Қанат

Тіл үйірген шырыным,

Жемістердің бірімін.

Мен маржандай шиемін,

Ұнатамын күн нұрын.

5- (пияз)Інжу

Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

6- (сәбіз)Айым

Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық.

7- (қызанақ)Жанарыс

Аласа тал.

Тамаша тал.

Самсап тұр алмасасы,

Ол-ал қызыл

Ол-қып қызыл

Боялғанша алмашы.

8- (қырыққабат)Мадияр

Доптар жатыр желісі бар,

Қабат-қабат терісі бар.

Лаззат;-өте тамаша ,жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші;-міне құрметті қонақтар,балалар,«Астыққа-бай алтын күз»

мерекесіне арналған ертеңгілігіміз де аяқталды,келесі кездескенше

қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Барақ батыр негізгі орта мектебі

                    

Астыққа бай алтын күз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған тәрбиеші:

Куренбаева Л.Е.

2015-2016 оқу жылы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Алтын күз" Күз - 2015"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 409 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2016 1311
    • DOCX 410.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куренбаева Лязат Ерсалимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куренбаева Лязат Ерсалимовна
    Куренбаева Лязат Ерсалимовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12832
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой