Инфоурок Другое Другие методич. материалыАна өмірдің гүлі тәрбие сағаты 2 класс

Ана өмірдің гүлі тәрбие сағаты 2 класс

Скачать материал

Тақырыбы: Ана – өмірдің гүлі

Мақсаты: Ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көріністер, әндер, оқушылар әңгімелері, суреттер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздер, оқушылар суреттері.

Барысы: І бөлім.

Кіріспе әңгіме 
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.Өздеріңізге арналған «Арулар, аналар, асыл жандар, жүрегі жарқын жандар» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп Ән маржанын шашайық
1-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.дей келе
                                  әнін қабыл алыңыздар.

7.  Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,-
8. Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

9. Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана –күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын
10.Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.

11.Анам менің панам ғой

Содан қорған табам ғой

Асықпа анам ертеің - ақ

Отын болып шабам ғой

12.Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.


 
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да, 
Хал сұрауды көздеді.
Тахмина:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай, 
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма, 
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)

1-Жүргізуші:
Анасының артынан, 
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та, 
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым, 
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)

13. Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
14.Аман бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегімде баулыған
Тілегім де мархабат
Анамызға мың алғыс!
15.Ана өмірдің қуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дайым тыныштықты тіледі.

  2 – кезең. «Баламның қолы» Оқушыларды ортаға шақырып, көздерін байлап қояды. Аналарымыздың да көздері байлаулы. Бір – бірлеп оқушыларға жақындап, қолдарынан ұстап, өз балаларын тауып алулары қажет.

 

16.Қайырымды, қасиетті.

 Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.


17. Апатайым анашым,

Ақылы мол данасың

Қамқоры сен сәбидің

Гүлі де сен әр үйдің

18. Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп, ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз!

19.Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат мамам, ақ мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің қашанда.

20.Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам берекең

Құтты болсын аруларым

Қуанышты мерекең

Хор: Ақ мамам

1-жүргізуші:

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жартысын сыйлаған - анамыз емес пе?
Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Аналарымызға сәттілік тілеп, сайысқа дайындалуларына рұқсат етеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

2-жүргізуші

Әлпештеген баласын

Ана-бақыт, ана-күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Ананы жырлаймын деп ақын тебіренеді. Ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойлананды. Біздің оқушылар да құр алақан емес. Оқушылар өз аналарына арнап шығарған жыр шумақтарын немесе жаттаған тақпақтарына кезек берсек.

2.Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз – 
Адамның
Анаға айтар лебізі.
3.Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай

4.  Үмітіңдей көзіме 
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзіме Ертеңіңіз тұр күліп.
5.:Жүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан 
Мен мәз болып оянам.

Аналарымызға сәттілік тілеп, сайысқа дайындалуларына рұқсат етеміз.

1 – кезең. «Кім жылдам?» Әр анаға екі тарелка ұсынылады. Бұл ыдыстың ішінде күріш пен гречка араласып жатыр. Аналарымыз күрішті бір бөлек, гречканы бір бөлек ыдысқа салулары қажет. Көмекке балаларын ортаға шақырамыз.
6.Диана: Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.

2-жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге 
Қол соғып қарсы алайық деп келесі кезекті орындауындағы «Қазақ» биін тамашалаңыздар. 

2-жүргізуші: 8 наурызға арналған мерекелік іс шарамызда би де биленіп жатыр, ән де шырқалып жатыр, ендігі кезекті сіздерге арналған «Үш ана» көрінісін тамашалаңыздар. Көрініс «Үш ана»
Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз
Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да, 
Хал сұрауды көздеді.
Тахмина:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай, 
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма, 
Тамақтанып аласың

(
Қуыршағын алдына алып отырады)

2-Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт, 
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі
Анасы:
Әйгерімжан, бүгін сен, 
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды, 
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай, 
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып, 
Осы сені не істеймін (отырады)

2-Жүргізуші:
Аналардың елжіреп, 
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып, 
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы, 
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес, 
Білсеңіздер ана болу!

2-жүргізуші: Аналар, қалқап бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі « Аналар, асыл жандар» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ана өмірдің гүлі тәрбие сағаты 2 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 423 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.07.2018 891
    • DOCX 26.6 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ниязова Айгул Жоламановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ниязова Айгул Жоламановна
    Ниязова Айгул Жоламановна
    • На сайте: 5 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13032
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе