Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ана- өмірдің қуанышы "

"Ана- өмірдің қуанышы "

Скачать материал

Тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы

Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Бейнеролик «Ана бақыты»

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, гүлдей құлпырған қыздар!Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Аналар сыныпты айналып қолдарындағы бақыт шырағын аналарға табыстайды.

Аналардың құрметіне бүгінгі кешіміздің қонағы Кабыкеева Дария мен Кабыкеева Толқынның  орындауында  «Испан биі».

Жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар- дей келе балаларды
ң аналарына арнаған өлең жолдарына береміз.

Еламан:Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз – 
Адамның
Анаға айтар лебізі.

Айзере:Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай.
    Расул:Үмітіңдей көзіме 
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзіме 
Ертеңіңіз тұр күліп.
Айым:Жүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан 
Мен мәз болып оянам.
Алан:Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
.
Айшанұр:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Ендеше біздің асыл аналарымыздың бақытты сәттерін  көрейік.
Жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

«Ана»  әні.

Жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесімен құттықтап аналарды,

Би жолдайды ұл-қыздар.

Би   «Қазақ вальсі»

Жүргізуші: 

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады. Оқушылар өлеңдер оқиды.

Тамерлан:Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Каусар:Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Тоқтар:Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.
Гүлжазира:
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Мұса:Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.
Амина:Ана өмірдің қуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дайым тыныштықты тіледі.

Жүргізуші:Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашы, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған биші қыздарға береміз. 

Би   «Қарлығаш»

Жүргізуші: Ойын: «Менің саған теңеуім»

 Жүргізуші: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар
балалар өлең шумақтарын сиздерге арнайды.

Еркежан:Аман бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегімде баулыған
Тілегім де мархабат
Анамызға мың алғыс!

МеруертАна біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Кәмшат:Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.

Айғаным:Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан 
Асқан сұлу бар мекен.

Айсұлу:Апатайым, анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің
Гүлі де сен әр үйдің.

Риза:Айтсаң болды тіл алам
Әйбат мамам, ай мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қашанда.

Жүргізуші:Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. Оқушылар кезек-кезек аналарға сұрақ қояды:

1. ең сүйікті мерекеңіз?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4.Ұл-қыздарыңызды қаншалықта дәрежеде жақсы көресіз?

5. Раушан гүлінің аудармасы?

6. Аналарды құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

8. 8 наурыз мерекесі дегенде көз алдынызға не елестейді?

9. Қанша әйел дасыныздын атын атап бере аласыз?

10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?

Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Аман болшы ақ жаулықты аналар!
Би  Айшанұр мен Меруерт.

Ән «Көктем»

Жүргізуші:Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ана- өмірдің қуанышы ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2018 569
    • DOCX 25.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанова Сауле Темирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспанова Сауле Темирбековна
    Оспанова Сауле Темирбековна
    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2634
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек