Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Ана тілі - ғажап тіл" атты ертеңгілік (бастауыш сыныптар үшін)

"Ана тілі - ғажап тіл" атты ертеңгілік (бастауыш сыныптар үшін)

Скачать материал

Тақырыбы: Ана тілі-ғажап тіл

Мақсаты:

Оқушылардың ана тіліне  деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу Ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндерді мәнеріне келтіріп айту, сөздік қорларын байыту.

Көрнекілігі:  «Қазақ тілі болашағым, ертеңім...» атты газет көрмесі  , нақыл сөздер , шарлар

Сабақтың жүрісі:

-Құрметті оқушылар, ұстаздар . Бүгін біздің «Ана тілі-ғажап тіл»ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

-  Балалар,  біз қай тілде сөйлейміз?

- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс  айтасыңдар. Ана тілі –атаңның , анаңның тілі, тауған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі , білімді, мәдениетті    қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз.  Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығамасын анатілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.  Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін  тіл мен ата-дәстүрі.Біздің тіл туралы заңымыз 1997 ылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының  ₺ Тіл туралы₺ жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан- балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жылға ақау болған.  Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.    Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның ьнегізігі мекені -Қазақстан.  14 желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттіктіл күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу- ізгілік пен мәдениеттің белгісі.

- Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

  Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

  Ел бетіне қалай түзеу қараймын,

  Ана   тілім сені егер білмесем-дегендей енді балалр қазір біздер сайыс жүргіземіз. Мен әулеі сіздерге сайыстың жүрісімен таныстырып өтейін.

   Жүрісі: 1. Кім көп біледі?  Сұрақтарға жауап беру

                 2 Тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу

                 3 . Даналар сөзінің сырын аш! Тіл туралы айтылған ой-пікірлерді  мағынасын түсіндіру.

                4  .  Тіл туралы берілген тақырыпқа шығарма жазу.

                5. Өз өнерін көрсету.(  Өлең айту, би билеу, көрніс көрсету)

                6 . Ұйқасын тап.  Өлең шумақтарын құрастыру.

- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.   Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.   ( Әділ қазылар алқасымен таныстыру)

Кім көп біледі?  бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.

Сұрақтар:                                                                                                                                                                                      

1.Қазақ тілі туралы заң қашан қабылданды?     2.21қандай мереке?   3.Мәтін дегеніміз не?                                                                                                                                                                                            4.Туған тілім тірлігімнің айғағы,   тілім барда айтылар сөз ойдағы- деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Ары қарай жатқа айт.                                                           

5.Буын үндестігі дегеніміз не?  6.Ең бірінші бақытым-халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін- деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Ары қарай жатқа айт. 7.Дыбыс үндестігі  дегеніміз не?                                                                                                                                     

2. Тамаша өлең таңдайға татып балдай,                                                                                                             Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!                                                                                                                  Жан-дүниең жарқырап сала берер,                                                                                                                 Ағарып келе жатқан атып таңдай-  деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр оқушы өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту.

Мұхтар Шаханов  Рух пен тіл  Қадыр Мырза Әли Қ. Кайымов  Ана тілім -әнім. Cырбай Мәуленов    Қазақ тілі  Мұзафар Әлімбаев 

Ана тілім ғажап деп айта аламын Тілім менің! Несіпбек Айтұлы Ана тілім Ш.Айтматов.  Тілім менің!
3.  Мәңгі өлмес, мейлі , заулап көшер заман,                                                                                                      Жиреншедей дария шешен бабам.                                                                                                                 Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,                                                                                                               Екі ауыз сөзбен шешкен шешен бабам –деп сайысымыздың келесі кезеңіне өтеміз. Бұл кезең « Даналар сөзінің сырын аш» деп аталады. Бұл жерде әр топқа еліміздің белгілі ақын-жазушыларымыздың тіл туралы айтылған пікірлері беріледі.  Сол пікірлерді сіздер түсіндіруіңіз керексіздер. 

1. Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов

2.Ана тілін білмейтін адам- бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ.Мұстафин

3. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесіннің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі.   Ж.Аймуытов

4. Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.   Мағжан Жұмабаев

5.  Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.   Б. Момышұлы

4. Тіл туралы берілген тақырыпта шығарма жазу.

Тақырыптар:

1.Жасай бер , ана тілім, қазақ тілім!2.Тіл біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.  3. Анамның тілі –ардақтым менің!

Оқушылар шығармаларын жазып тіл бірлестігінің жетекшісі Қойшина Айнаш апайға тапсырып, қорытындысын апталық біткен кезде жариялап жеңімпазды марапаттайды.Барлық оқушыларға сәттілік тілей отырып, бірдей ат салысуға шақырамыз.

Әуелі үш мақал айтып, жалғасын тез табу. Тез тапқан  үш оқушыны ортаға шығару. Оларға тапсырма;                                

1.Тіл туралы мақал-мәтел айту. 2.Берілген суреттегі затты жұмбақтап айту.   3. Мағынасын ашу.

5. Өз өнерін көрсету.   Әр оқушы өздері дайындалып келген  өнерлерін көрсету.

Би:Үнді биі билейтін «Аққу» би тобы

Ән: «Балдәурен» хор

Би: қазақ биі билейтін «Бақыт» би тобы

6.Берілген өлең жолдарына ұйқас құрастыру. Тез айту.                                                              

 а) Ана тілім-бала шағым өркенім,                                                                                                                        Ана тілім –болашағым, ертеңім, ...

ә) Ана тілім- бәрін сөйлер шежірем,                                                                                                                   Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

б) Ана тілін білмеген                                                                                                                                          ақылы жоқ желік бас.

в) Бұл жанды тіл- менің азат тілім,                                                                                                                      Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаздарды ау.  

-          Ал, балалар, тіл туралы көптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Халқымыздың бай тілін меңгеру, көркейту, қыр-сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние.  Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!

Қорытынды.

Оқушылар  ана тілі туралы белгілі ақындардың өлең жырларын оқи отырып, тілді құрметтеуге, анасындай қастерлеуге, бағалы мұра екендігін түсініп, сайыс барысында сөздік қорлары мен дүниетанымдарын  кеңейтіп, өз ойларын ортаға салып тақырыпқа сай ой түйіндерінің бағалы екендігін көрсете білді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұхтар Шаханов  Рух пен тіл

Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,
Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.
Ұлтсыздану заманында,
Тілің нарық табанында,
Көнбістік бар қадамыңда,
Рухыңды басып кетті қарын.
Тіліңді жоғалтсаң,
Діліңді жоғалтсаң
Жоғалтасың ² бәрін.
Адам қанша болғанымен дарынды әрі табанды,
Туған жерін сүймей тұрып сүймек емес ғаламды.
Өзге ананың мазмұнына, мерейіне тор құрар,
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар.
Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?
Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,
Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да.

Қадыр Мырза Әли

Тілсіз келген білімнің
Түбі нағыз қиғылық.
Көсегесін тілімңің
Көтеремін ту қылып.
Дәулет деген-
Ұғыңдар!-
Кеше болса, бүгін жоқ..
Тілің болса-күнің бар,
Тіл болмаса-түгің жоқ!
Тілім шипам, дәрім де.
Мәңгүрт болып күн көрмен
Абыройдың бәрін де
Маған осы тіл берген.
Тілсіз ақын жеңді ме
Айтысқанда мықтымен?!
Отанды да, Елді де
Тіл арқылы ұқтым мен.

Қ. Кайымов  Ана тілім -әнім.
Ана тілім –менің
Әлдилеген әнім.
Ана тілім –демім,
Ана тілім жаным
Жанымнан да қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзді тыңдап
Үлгі-өнеге алам
Ана тілім-ана
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған шамым.

            

 

Cырбай Мәуленов    Қазақ тілі

Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағында көк мұздың.
Қасіретімді
қазақ тілін қанат қып,
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Көкірегінен атылса да оқ күздің,
Жаз етіп мен күздің өзін өткіздім.
Шаттығымды
қазақ тілін қанат қып,
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Сол тілменен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тілменен махаббатша тіл қаттым,
Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.
Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,
Талайлардың көз жастарын құрғаттым.
Сол тілменен аспан көрдім,
жер көрдім,
Сол тілменен көгершінге жем бердім.
Сол тілменен дүниеден кетемін,
Сол тілменен дүниеге мен келдім

Мұзафар Әлімбаев  

Ана тілім ғажап деп айта аламын
Ана тілім ғажап деп айта аламын,
Жәннаттай жан балқыта жай табарым.
Шырқатып ғұмыр бойы айтар әнім -
Келеді толас таппай қайталағым.
Тозбайды сыны кетіп, сұры қашып,
Біз әлі қанған жоқпыз сырын ашып...
Қазағы қадырына жеткен сайын
Жайнайды,
Ертеңге де нұрын шашып

   

Ш.Айтматов.  Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
 

 

 

 

Несіпбек Айтұлы
Ана тілім
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім,
Егер сені ұмытсам.
Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,
Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен!
Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ,
Ана тілім,
Арыңа дақ түсірсем.
Ағытатын тасқын ойдың тиегін,
Өзің ғана сыйынатын киелім!
Ризамын отқа жанып сен үшін,
Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім,
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ана тілі - ғажап тіл" атты ертеңгілік (бастауыш сыныптар үшін)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Ана тілі-ғажап тіл

Мақсаты:

Оқушылардың ана тіліне  деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу Ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндерді мәнеріне келтіріп айту, сөздік қорларын байыту. 

Ана тілі –атаңның , анаңның тілі, тауған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі , білімді, мәдениетті    қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз.  Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығамасын анатілінде жазып қалдырады. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 731 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2015 3072
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нигметуллина Арухан Дарханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 80148
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 387 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 369 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 286 человек
Сейчас в эфире

Консультация иммунолога-аллерголога. Индивидуальный подход к вакцинопрофилактике детей: кому, когда, как и зачем?

Перейти к трансляции