Инфоурок Другое СтатьиАқпараттық қауіпсіздік және оны қорғау жолдары

Ақпараттық қауіпсіздік және оны қорғау жолдары

Скачать материал

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ЖОЛДАРЫ

                                                                                           

 

ХХ және ХХІ ғасырлар тоғысуындағы ғылыми – техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиміді өңдек құралы – компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендірілді. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырылады. Ақпарат жүйесінің теориясы деп, ақпаратты алуға, өткізуге, өңдеуге және сақтауға байланысты сандық заңдылықтарды меңгеретін ғылымды айтуға болады.

Ақпарат – латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай – күйі немесе біреудің іс - әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды.

Ақпаратты қорғау – информациялық қауіпсіздікті (информацияның бүтіндігін, ену көздерін, шектулілігін, ақпарат және оның ресурстарын қолдану барысында)  қамтамасыз етуге бағытталған іс – шаралар комплексі. Жүйе қауіпсіз деп атайды – егер ол сәкесті ақпараттың және программалық жабдықтарды қолдана отырып, информацияны тек белгіленген шектеулі пайдаланушылар ғана қолдана алатын болса. Қолдану аясы – оқу, жазу, жасау, өшіру. Жалпы алғанда абсолюттік қауіпсіз жүйелер болмайды. Бұл жерде сенімді жүйелер туралы айтып отырмыз. Жүйе сенімді болады – егер алдын-ала анықталған белгілі-бір қолданушылар тобына информацияны программалық және ақпараттық жабдықтар негізінде өңдеуге мүмкіндік береді. Сенімділіктің  негізгі қолданушылары қауіпсіздік саясаты және қорғаулы болып табылады. Қауіпсіздік саясаты – жүйеге көнетін қауіп қатерлердің түрін анықтап соған сәкесті түрде одан қорғанудың жолын қарастыруға мүмкіндік беретін арнайы ережелермен іс-шаралардың нақты жиынтығы жүйенің қорғаулы – аппараттық жабдықтарына және жүйенің орындалуына байланысты қолданылатын сенімділік бағасы.

Ақпарат қауіпсіздігі деп – оның оған түрлі қарсылық білдіруші әсері кезінде жүйенің иеленушілері мен қолданушыларына зиян  келтіру әрекетіне қарсы әрекет жасау қабілетінен көрінетін қасиетін түсінеміз. Ақпарат қауіпсіздігіне оның өңдейтін ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етумен, сондай-ақ жүйенің компоненттері мен қорларының тұтастығы және рұқсат берілуімен қол жеткізеді. Ақпараттың құпиялылығы -  бұл ақпараттың тек рұқсат етілген және тексеруден өткен жүйенің субъектілеріне белгілі бөлу қасиеті.

Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Қолдануға қажетті кез-келген басқа программаның тұжырымдамасы сияқты қорғаныс жүйесін құру тұжырымдамасы да мынадай сұрақтарды қарастырады: ақпаратты қорғау аймағындағы практикалық зерттемелердің өзектілігі, қорғаныс жүйесін құрудың негізгі кезеңдері және қорғаныс мәселесін шешудің әр түрлі әдістемелерінің салыстырмалы талдауы.

Қорғаныс жүйесін құрудың негізгі кезеңдері төмендегідей болып жіктеледі (сурет 1):

 

Сурет 1. Қорғаныс жүйесін құру кезеңдері 

 

1. Мүмкін болатын қауіп-қатердің талдауы келесі қауіп-қатерден қорғанудың негізгі түрлерін зерттеумен айналысады:

-   Ақпараттың конфиденциалдығының бұзылуының қауіп-қатері;

-   Ақпараттың бүтінділігінің бұзылуының қауіп-қатері.

Бұл кезең шындығында да барлық қауіп-қатердің жиынтығынан байсалды зиян (вирус, ұрлық) келтіретіндерін таңдаумен аяқталады.

2. Қорғаныс жүйесін жоспарлау кезеңі қорғалатын құрылымдар тізімінен және оларға мүмкін болатын қауіп-қатерден тұрады. Бұл кезде қорғанысты қамтамасыз етудің келесі бағыттарын назарға алу қажет:

- құқықтық-этикалық;

- моральды-этикалық;

- қорғанысты қамтамасыз етудің әкімшіліктік шаралары;

- қорғанысты қамтамасыз етудің аппараттық-программалық шаралары.

3. Қорғаныс жүйесін іске асыру ақпаратты өңдеудің жоспарланған ережелерін іске асыруға қажетті құралдарды орнату мен баптауды қамсыздандырады.

4. Қорғаныс жүйесін сүйемелдеу кезеңі жүйенің жұмысын бақылау, ондағы болып жатқан оқиғаларды тіркеу, қорғанысты бұзуды айқындау мақсатымен оларды талдау және қажетінше қорғаныс жүйесін түзетумен сипатталады.

Ақпаратты қорғау әдістері төмендегідей болып жіктелінеді (сурет 2).

 

Сурет 2 Ақпаратты қорғау әдістерінің жіктелуі

 

Қорғаныстың аппараттық әдістерін қолдану мынадай техникалық құралдарды пайдалануды ұсынады:

1. Тыңдалатын және жазылатын құрылғылардан қорғайтын TRD-800 категориялы радиохабарлағыштар мен магнитофондар детекторы;

2.  Жасырын бейне бақылау құратын модульдік нөмірлер;

3.  Ақпаратты жеткізудің дұрыстылығын қамтамасыз ететін ақпаратты анықтылыққа тексеру сызбалары;

4.   Құпиялы құжаттарды жіберуге арналған SAFE-400 категориялы факстік хабардың скремблері.

Қорғаныстың аппараттық әдістері ресурстардың үлкен шығынын талап етеді.

Программалық әдістер есептеуіш алгоритмдер мен қатынауды шектеуді қамтамасыз ететін программаларды және ақпаратты рұқсатсыз пайдаланудан шығаруды ұсынады. Программалық әдістер келесі функцияларды іске асырады:

1.  Идентификация, аутентификация, авторизация (Pin кодтар, парольдер жүйелері арқылы);

2.  Резервті көшіру және қалпына келтіру процедуралары;

3. Антивирустық программаларды белсенді қолдану және антивирустық қорларды жиі жаңартып отыру;

4.  Транзакцияны өңдеу.

Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдісі – бұл ақпаратты шифрлаудың, кодтаудың немесе басқаша түрлендірудің арнайы әдісі, мұның нәтижесінде ақпарат мазмұнына криптограмма кілтінсіз және кері түрлендірмей шығу мүмкін болмайды. Криптографиялық қорғау – ең сенімді қорғау әдісі, өйткені ақпаратқа шығу емес, оның тікелей өзі қорғалады, (мысалы, әуелі тасуыш ұрланған жағдайдың өзінде ондағы шифрланған файлды оқу мүмкін емес).

Мұндай қорғау әдісі стандартты операциялар немесе программалар дестесі түрінде жүзеге асырылады. Операциялық жүйенің негізіндегі қорғау көбінесе қатынас құруды басқарудың процедураларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мәліметтер қорын басқару жүйелері деңгейіндегі қорғау құралдарымен толықтырылуы керек.

Қазіргі кезде ақпарат қорғаудың криптографиялық әдісінің көпшілік қаблдаған жіктеуі жоқ. Дегенмен, жіберілетін хабарламаның әрбір символы шифрлауға түскенде шартты түрде 4 негізгі топқа бөлуге болады:

- ауыстыру шифрланушы мәтіннің символдары сол немесе басқа алфавит символдарымен алдын ала белгіленген ережеге сәйкес ауыстырылады;

-  аналитикалық түрлендіруде шифрланушы мәтін қандай да бір аналитикалық ереже бойынша түрлендіріледі;

-  орын ауыстыру шифрланушы мәтіннің символдарының орны жіберілетін мәтіннің берілген блогының шегінде қандай да бір ереже бойынша шифрланады.

Ақпаратты шифрлаудың сенімділік дәрежесі бойынша көптеген программалық өнімдер бар. Кең таралған программалардың бірі болып Циммерменн құрған Pretty Good Privacy (PGP) болып табылады. Оның криптографиялық қорғау құралы өте күшті. Танымдылығы мен ақысыз таратылуы іс жүзінде PGP-ны дүние жүзінде электрондық хат алысу стандартына айналдырды. PGP программасына желіде көпшіліктің шығуына мүмкіндігі бар.

Ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық әдісі келесі іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен іске асырылуын қарастырады:

1.  өртке қарсы қорғаныс;

2.  жанбайтын сейфтерде аса қажетті құжаттарды сақтау;

3.  өту жүйесі арқылы қатынау регламенті;

4.  бақылау жүйесін ұйымдастыру;

5.  қолданушылардың әр түрлі категорияларының қорғаныс объектілері мен олардың орындалу талаптарына қатынауды регламентациялайтын көмекші нұсқамаларды даярлау.

6.   мамандарды таңдау мен даярлау;

7. қауіпсіздік мәселесі бойынша семинарларға, конференцияларға қатысуды қамтасыз ету мен ұйымдастыру.

Дербес компьютердің программалық өнімі мен жіберілетін ақпаратқа рұқсатсыз шығудан ең сенімді қорғау - әр түрлі шифрлау әдісін (ақпарат қорғаудың криптографиялы әдістері) қолдану болып табылады.

Қорғаудың криптографиялық әдістері деп ақпаратты түрлендірудің арнайы құралдарының жиынтығын айтамыз, нәтижесінде оның мазмұны жасырылады.

Криптографиялық әдістердің маңызды аймақтарда қолданылуына қарамастан криптографияны эпизодтық қолдану оның бүгінгі қоғамда атқаратын ролі мен маңызына тіптен жақын көрсеткен жоқ. Криптография өзінің ғылыми пәнге айналуын көрсеткен жоқ. Криптография өзінің ғылыми пәнге айналуын электрондық ақпараттық технологиямен туындаған практиканың қажеттілігіне парыз.

Криптографиялық әдістердің теориялық негізі болып математика мен техниканың төмендегідей бөлімдерінде қолданылатын математикалық идеялар табылады:

-  қалдықтар кластарының жүйесіндегі модульдік арифметика;

-  сандардың жай көбейткіштерге жіктелуі;

-  ақырлы өрістердің математикалық ақпараттары;

-  алгебралық көпмүшеліктер қасиеттері;

-  дискреттік логарифм мәселесі;

-  кодтау теориясы.

Криптографиялық шифрлау әдістері шифрлау кілтіне және оларды қайта ашу белгісі бойынша симметриялық және ассиметриялық деп 2-ге жіктеледі.

Симметриялық әдісте жіберуші мен қабылдаушыда тек бір ғана кілт қолданылады (құпия кілт).

Ал ассиметриялық әдісте 2 кілт қолданылады: құпия және ашық кілт.

Симметриялық әдістер: DES, IDEA, ГОСТ

Ассиметриялық әдістер: RSA, Diffi-Hellman

Шифрлауға және шифрланған ақпаратты ашуда қолданылатын ақпарат ретінде – белгілі бір алфавитте құрылған мәтіндер қарастырылады.

-   алфавит-ақпарат белгілерін кодтауда пайдаланатын соңғы көбейтінді;

-   мәтін – алфавит элементтерінің реттелген жиыны.

Қазіргі ақпараттық жүйелерде қолданылатын алфавитке мысал ретінде келесілерді келтіруге болады:

-   алфавит Z33 – орыс алфавитінің 32 әрпі және бос орын;

-   алфавит Z256 – ASCII және КОИ-8 стандартты кодына кіретін символдар;

-   бинарлы алфавит - Z2=(0, 1);

-   сегіздік немесе он алтылық алфавит.

 

 

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.                  «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» Қ.С.Аяжанов, Алматы, 2011 ж.

2.                  «Ақпараттық жүйелер теориясы» Қ.С.Байшоланова, Алматы, 2002 ж.

3.                  «Информатика мен есептеуіш техника негіздері» А.Г.Кушниренко, Г.В.Лебедев,

            Р.А.Сворене

4.                  «Информатика жәе компьютер» Б.Бөрібаев, Алматы, 1995 ж.

5.                  «Информатика» К.М.Беркінбаев, Алматы, 2005 ж.

6.                  «Информатика негіздері» Г.Ә.Жапарова, Алматы, 2006 ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақпараттық қауіпсіздік және оны қорғау жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 652 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2019 20205
    • DOCX 181.5 кбайт
    • 402 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксыгулов Серик Орынбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаксыгулов Серик Орынбекович
    Жаксыгулов Серик Орынбекович
    • На сайте: 4 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21631
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов