Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары (8 сынып)

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары (8 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға құрмалас сөйлемнің түрлерінен, оның ішінде салалас құрмалас сөйлемнің түрі қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, білімдерін жүйелеу.
2. Тәрбиелік: Жаттығулар орындату арқылы оқушыларға идеялық - саяси тәрбие беру, туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, қазақтың мақал - мәтелдерін құрметтеуге, еңбексүйгіштікке, бірлікке баулу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың қабілетіне сай тапсырмалар беріп, байланыстырып сөйлеуді, өз бетінше сөйлем құрауды дамыту - өз ойларын еркін айта білуге, тиянақты, мәдениетті түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас «Бәйге сабағы»
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, жинақтау, іздену, мысал келтіру т. б.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, кеспе қағаздар, компьютер, телеэкран, тақта т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу
- түгендеу
- сабаққа бейімдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасына шолу жасау.)
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
2. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы бар ма, бар болса ол қандай айырмашылықтар?
3. Жай сөйлемге қандай интонация тән?
4. Құрмалас сөйлемге қандай дауыс ырғағы тән?
5. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір - бірімен қалай байланысады?
6. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары бір - бірімен қалай байланысады?
7. Ал сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы баяндауыштары бір – бірімен қалай байланысады?
8. Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер қанша түрге бөлінеді?
9. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
10. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара қенше түрлі жолмен байланысады?
11. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?
12. Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір - бірімен мағыналық қарым - қатынасына қарай, салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
13. Ыңғайлас салалас сөйлем дегенім қандай сөйлем?
14. Себеп - салдар салалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама - қарсы болатын салаластың түрін қ а р с ы л ы қ т ы с а л а л а с дейміз.
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты. Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді,- жұмыстан қолы тимеді.
2. Оқушыларды екі топқа бөлемін.
І - топ. «Қожанасыр» тобы деп аталады. Бұл топтың эмблемасы қызыл түсті болып келеді. Берілген тапсырмаларға толық жауап берсе, қоржындарын дөңгелек ұпайлармен толтырады.
ІІ - топ. «Алдар көсе» тобы деп аталады. Бұл топтың эмблемасы сары түсті болып келеді. Берілген тапсырмаларға толық жауап берсе, қоржындарын дөңгелек ұпайлармен толтырады.

Сабақ жарыс сабағы болғандықтан ІІ айналымнан тұрады.
І айналым «Қарсылықты салаласқа» байланысты мақал - мәтелдердің сыңарларын табу
«Қожанасыр» ауылына:

Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,
Көптің жоғы жоғалса табылады.

Көппен тентек болсаң да,
Көпке тентек болма.

Көз - қорқақ, қол - батыр.

Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.

Аттан айырылсаң да,
Ер тоқымнан айырылма.

«Алдар көсе» ауылына:
Шақырған жерден қалма,
Шақырмаған жерге барма.

Қонағыңның алтынын алма,
алғысын ал.

Кекшіл болма, көпшіл бол.

Көзіне қарама, сөзіне қара.

Жолаушының кешіккеніне сүйінбе,
Аңшының кешіккеніне сүйін.

ІІ. Тақтамен жұмыс істеу. Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама - қарсы мәнді жай сөйлем ойлап, қарсылықты салалас құрау керек.
1. Жел саябырлаған сияқты,...
2. Теңіз тынышталды,...
3. Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс екен,...
4. Бұрын бай еді,...
5. Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді,...
6. Қыстың ортасы болып қалды,...
ІІІ. Семантикалық картаны толтыру.(әр оқушыға таратып беремін)

Мысалдар
1 Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
2 Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады.
3 Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.
4 Күн сайын бір жаңалық болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.
5 Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді.
6 Бас болмақ оңай,- бастамақ қиын.
7 Мұхит келіп еді, Қайырбек шыға жөнелді.
8 Олар қыстаудан шықпайды, өйткені жас төлді қорада ұстау керек.
9 Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.
10 Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарынан тұрды.

ІҮ. Дәптермен жұмыс. Мәтін құрау.
І - топ. Қожанасыр ауылы.
«Мен жыл мезгілдерінен қыс мезгілін ұнатамын, бірақ...»

ІІ - топ. Алдар көсе ауылы.
«Мен жыл мезгілдерінен жаз мезгілін ұнатамын, алайда...»
(жоғарыда берілген мәтіндерді қарсылықты салалас құрмаластың жалғаулықтарын пайдалана отырып толықтыру)

Ү. Сабақты бекіту.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары бойынша сұрақтар қою.

ҮІ. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды тиісті бағаларымен бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма.
Әдеби көркем шығармалардан қарсылықты салалас құрмалас сөйлемге байланысты 10 сөйлемнен теріп жазып келу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2016 3834
    • DOCX 18.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айнабекова Жанар Рауановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айнабекова Жанар Рауановна
    Айнабекова Жанар Рауановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24219
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе