Инфоурок Другое КонспектыАшық сабақ "21 ғасыр көшбасшысы" (8-сынып)

Ашық сабақ "21 ғасыр көшбасшысы" (8-сынып)

Скачать материал

Алгазиева Айдана Руслановна

Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының өлкетану бөлімінің меңгерушісі, ІІ санатты қосымша білім беру педагогы

«ХХІ ғасыр өлкетанушылары.»

Мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
Дамытушылық: Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, логикалық ой - өрісін дамыту, интеллектуалдық қабілетінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация

Тренинг «Мозайка» әдісі бойынша сурет арқылы сыныпты топқа бөлу топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастыру  Оқушылар амандасады .Әрбір оқушы суреттер арқылы өз жартысын тауып, шыққан сурет бойынша тиісті орнына отырады. «Астана», «Ақорда», «Бәйтерек» топтары құралады. 
Сабақтың  жүрісі:

 3 айналымнан тұрады. 1. Бәйге 2. Полиглот 3. «Жорға»

Мұғалім: 

 «ХХІ ғасыр өлкетанушысы» сайысын біз бастаймыз!

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен сайыскерлер!
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек.

Мұғалім: «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!

 I – айналым «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ 10 сұрақ оқылады, қойылған сұрақтың дұрыс жауабын білген топ қолдарындағы жалауды көтереді де жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Сұрақтар: 1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра) 2. Қасиетті рухани тілек. (Бата) 3.Үш байлық деген не?(денсаулық, ақ жаулық, он саулық) 4.Астана қаласының символы (Бәйтерек) 5.Мұсылмандар діні (Ислам) 6. Шығыстың Аристотелі кім (Әбу Насыр әл-Фараби) 7. Абайдың шын аты (Ибраһим) 8.Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық) 9. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)10.Жер серігі (Ай) 11.Қазақтың тұңғыш 1909 жылы дүниежүзілік чемпионы атағын алған палуан? (Кажымұқан Мұнайтпасов) 12.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42) 13. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киімі (сәукеле) 14.Үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ) 15.Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек) 16.Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс). 17.
Сиырдың пірі( Зеңгі баба). 18. Абайдың әжесі ( Зере)

Мұғалім : ІІ айналым Полиглот

Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады. Шарты: Жасырған жұмбақтардың жауаптарын үш тілде айтуларың керек.Әр топқа  жұмбақтан жасырамын әр дұрыс жауап 10 ұпайды құрайды. 

«Астана» тобына. 
1. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
2. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үйірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
3
. Таба алмай оң менен солыңды,
Адассаң қапылыста.
Дәл сiлтер көрсетiп жолынды,
Шығысқа,
Батысқа.    (компас (бағдарнама) -компас -
compass)
4. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. ( ауа-воздух-air ) 

 «Ақорда» тобына
1. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven» 
2.
Даңғыл жол етемiн,
Тiлгiлеп ақ қарды.
Шарықтап кетемiн.
Қапталды,
Шатқалды.    (Шаңғы – лыжа - )

3. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
4. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолына алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем    (Кітап - книга - book) 

 «Бәйтерек» тобына
1.Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүретін жолы жоқ
Мініп алсаң зулайды
Бірақ ізі қалмайды (қайық – лодка - boat )

2. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық – кошка-cat )
3. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады
4. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен  (су – вода - water ) 

ІІІ айналым –«Жорға»

Мұғалім: Келесі айналым «Жорға» бұл сайыста Әр ұяшықта жазылған сандарына байланысты ұпай сандары беріледі. Топтар ұяшықтарды кезектесіп таңдайды.

­«Қазақстан»  10 Қ. Р тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)

«Қазақстан»  20  Н. Ә. Назарбаев қашан, қай жерде дүниеге келді?( Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы 1940ж. 6 - шілде)

«Қазақстан»  30 Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік елтаңбасының  негiзi — (шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. )

«Қазақстан»  4 0 Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен шың. (Талғар шыңы)

«Орал» 10 Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Өлең жолдарының авторы кім? (Қадір Мырзалиев)
«Орал» 20
Орал қаласы шамамен қай жылы белгілі бола бастады?( 1613 жылдары)

«Орал» 30 А.С.Пушкин Оралға не мақсатпен келген? (Е.Пугачев көтерілісі жайында материал жинауға)

«Орал» 40 сурет сұрақ. Бұл не? Қашан тұрғызылған? (Бұл Ротонда. 1860 жылы тұрғызылды.

«Туризм және экология» 10 Орал тауынан басталып, Батыс Қазақстанның территориясымен өтіп,Каспий теңізіне құяды.Ұзындығы-2428км,республика жеріндегі ұзындығы-1082км.Негізінен қарсуымен қоректеніп, көктемде тасиды.  Бұл қай өзен? (Жайық) 

«Туризм және экология » 20  видео сұрақ  Танымал қазақ альпинисті,  Қазақстан альпинистері құрамасының капитаны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, біздің жерлесіміз (Мақсот Жумаев Сағынтайұлы)

«Туризм және экология » 30 сурет сұрақ  байламдар

«Туризм және экология » 40 Жайық өзенінен шоқыр,майшабақ,көксерке,Каспий қаракөзі,табан балық,сазан,жайын ауланады.Ауланатын тағы бір балықтың түрі аталмады.Оның маңыздылығы өте жоғары,ендеше бұл балық қалай аталады? (Бекіре) 

«Әр түрлі» 10 Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқан басында айтылатын тілек түрі)

«Әр түрлі» 20 Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)

«Әр түрлі» 30  Ән сұрақ  Осы әннің аты, әнің жазған, сөзін жазған кім? («Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келген. Ескендір Хасанғалиев шетелдерде гастрольдік сапарлармен жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазуды қолға алады. Ұзақ толғаныстардан кейін, ән әуені жазылады. Әуен дайын болған соң, Ескендір Хасанғалиев әннің сөздерін жазуды ақын Қадыр Мырза Әліге тапсырады.)

«Әр түрлі» 40 Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

Мұғалім:  Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,
Тілеймін, о, туған жер, пейілім шың – деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "21 ғасыр көшбасшысы" (8-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2017 2038
    • DOCX 148.8 кбайт
    • 32 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алгазиева Айдана Руслановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алгазиева Айдана Руслановна
    Алгазиева Айдана Руслановна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32363
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой