Сабақтың
тақырыбы: Саяхатқа шығайық
Сабақтың мақсаты: 1. Диктант
бойынша жіберілген қателермен жұмыс.
Өткен
модуль бойынша жұмыс
істей отырып,
білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара
байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын
қалыптастыра
отырып, грамматикалық тақырыптар
бойынша
түсінігін пысықтау.
2. Өткен модуль
бойынша өткен сөздермен сөз
тіркестерін дұрыс
айту, сауатты жазу
дағдыларын және
ауызекі сөйлеу тілін,
сөйлемдерде
сөздердің дұрыс жазылуын,
орын тәртібін
сақтай білу дағдысын дамыту.
3. Қазақ халқының
салт-дәстүріне баули отырып,
адал еңбек етуге,
мәдениеттілікке, ұқыптылыққа,
үлкен-кішілерді құрметтеуге,
қазақ тіліне деген
қызығушылығын арттыра отырып
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
қорытынды сабақ
Сабақтың
әдісі:
түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, топтық
жұмыс
Сабақтың
көрнекілігі:
тақырыпқа байланысты
суреттер.
Сабақтың
пәнаралық байланысы: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.
Мақсат қою кезеңі.
1. Диктант бойынша жіберілген
қателермен жұмыс.
2.
Саяхатқа шығайық тақырыбы бойынша жұмыс.
3.
Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
4. Үй
тапсырмасы.
ІІІ. Үй
тапсырмасын тексеру кезеңі.
Өткен тақырыптарды қайталау. 3-4
нұсқадан тест тапсырмаларын қарастыру.
Үй тапсырмасын
толық тексеріп шығу.
ІҮ. Білімді тексеру кезеңі.
1.
Диктант бойынша жіберілген қателермен жұмыс.
А) Үндестік заңынан жіберілген қателер.
Ә) Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуынан
жіберілген қателер.
Ережелерді толық қайталап шығып, дұрысын дәптеріне жазу.
2.«Саяхатқа шығайық» тақырыбы бойынша жұмыс.
- Саяхатқа қалай шығасың?
- Саяхатқа немен шығасың?
- Анықтама бөлмінде нелерді
білуге болады?
- Қай қалаға саяхат жасайсың?
- Саяхаттың тағы қандай түрлері
бар?
Ү.
Бекіту кезеңі.
Грамматиканы қайталау .
Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
Топтық жұмыс.
Жазбаша орындайды.
Сыныпты үш топқа бөлу. Дайындалған
тапсырмалар ішінен әр топ өз тапсырмаларын алады. Дайындыққа 15 минут уақыт
беріледі.
І, ІІ, ІІІ, ІҮ топ өздеріне берілген
тапсырмаларды орындайды.
Әр топтан бір оқушы шығып, үстелдегі
конверттің бірін таңдап алады.
Конвертте өткен грамматикалық тақырыптарға
жазылған тапсырмалар бар.
Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін жауап
үлгісі бойынша бір-бірінің
тапсырмасын тексереді.
ҮІ.
Үй тапсырмасы.
Өткен тақырыптарды қайталау. 3-4 нұсқадан тест
тапсырмаларын қарастыру.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.