Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ Тақырыбы: А.Құнанбаев Отыз бірінші қарасөзі

Ашық сабақ Тақырыбы: А.Құнанбаев Отыз бірінші қарасөзі



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

3-апта

5-күн

3-сабақ 24.10.14ж

Сыныбы

6 «Ә»

Пәні

Әдебиет

Пән мұғалімі

Мұқанбетова Айнаш

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Отыз бірінші қарасөзі»

Жалпы мақсаты

Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, отыз бірінші қарасөзінің мазмұнын меңгерту. Оқушыларды өзінше ой қорытуға, шығармашылық жұмысқа баулу.

Сілтеме

6-сыныптың әдебиет оқулығы, Абай Құанбаевтың өлеңдер жинағы, 1-2 том, «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы, «Мұғалімге арналған Нұсқаулық», Абай Құнанбаев 2 томдық шығармалар жинағы, «Жақсы ата-ана» электронды оқулық.

Оқыту нәтижеле-рі

Қарасөзінің мәнін ұғынып, ой-тұжырым жасай алады, ақынның өсиетін күнделікті тәжірибемен байланыстыра алады. Ой кеселдерінен бойларын аулақ ұстауға үйренеді.

Негізгі идеялар

Абайдың философиялық ой-түйінін терең түсіну.

Әдіс-тәсілдер

«Ойлан, топтас, талқыла», серпілген сауал, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, сауалнама

Дереккөз-дер

тапсырма жазылған кеспе қағаздар, бағалау бетшелері.Қима қағаздар, АКТ, слайдтар, плакат, түрлі маркерлер, стикер, тілек ағашы,


Мұғалім жазбалары

Уақыты




1 минут






2 минут






4 минут










5 минут







5 минут









2 мин



5 минут

2 минут







8 минут




8 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Сыныппен сәлемдесу. Топ аттары жазылған қима қағаздарды суыртамын.

Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,

Еңбекті сат, ар сатып неге керек.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті-

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп сынып оқушыларын «Ақыл», «Қайрат», «Жүрек» тобы деп үшке бөлемін.

Үй тапсырмасы «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін сынып оқушыларынан жаппай бірге жатқа сұраймын.

Жаңа сабаққа шолу.

Интербелсенді тақтадан слайдттар арқылы мәлімет беру.

Абай қарасөздері – ғақлиялық даналық сөздер, өмір тәжірибесінен туған ой-толғамының қорытындысы. Ол қарасөздерін 1890-1898 жылдар арасында, өмірінің соңғы кезеңдерінде жазған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа келгенде, яғни 45 жасында жазған. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген қарекеті, мінез-құлқы, адамгершілік, имандылық секілді бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды. Үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.

«Отыз бірінші» қарасөзін электронды оқулықтан тыңдау.

Оқулықпен жұмыс

«Ойлан, топтас, талқыла» топта талқылайды.


Серпілген сауал

1.Осы қарасөзінде ақын не нәрсені тілге тиек етті?

2.Есте сақтаудың, ұмытпаудың төрт түрлі себебі қандай? (сенім, үлгі алу, бірнеше рет қайталап отыру, ой кеселді нәрселерден аулақ болу)

3. Ой кеселді нәрселерге нелер жатады? (уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, қызығу (құмарлану).

4.Бұл қарасөздің идеясы қандай?

5.Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?

6.Егер болса, ол кім?

7.Абайдың қарасөзі кімнің ойын білдіреді?

8.Абай бар асыл ойын кімге арнады?

Сөздік (дәптермен ) жұмыс:

Ғибрәтлану-(араб) үлгі, өнеге алу

Уайымсыздық-еш нәрсеге алаңдамаушылық, ойламау.

Салғырттық-әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.

Топтық жұмыс 31қарасөзді постерге түсіру.

Сергіту сәті. «Кім есінде жақсы сақтай алады?» тренингі

Берілген сөздерді екі рет оқимын, есінде қалған сөздерді ретімен жазып шығу керек. (ағаш, қоян, торғай, ешкі, қалам, ұшақ, ғаламшар, сырға, кітап, құман, кілем, машина, бұлт, алма, есек)

Шығармашылық тапсырма

1-топ Сөзжұмбақ құрастыру

2-топ «Ұлы ақынға арнау» өлең құрастыру

3-топ «Абай қарасөздерін оқығаннан кейін түйген ойым» немесе «Абай атаға хат» эссе жазу

Сауалнама.Тізбектелген сабақтар бойынша білімдерін тексеріп, жиынтық бағаларын шығару

1.«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»,- сөзінің авторы кім? А) М.Жұмабаев Ә) С.Торайғыров Б) М.Әуезов

2.Абайдың ән құдіреті жайлы өлеңін табыңыз.

А) «Ғылым таппай мақтанба»

Ә) «Құлақтан кіріп бойды алар»

Б) Кейде есер көңіл құрғырың»

3.Абай ХІХ ғасырдың 90-жылдарында қандай еңбек жазды?

А) қарасөздер Ә)аудармалар Б)өлеңдер

4.Абайдың неше поэмасы бар?

А) 2 Ә) 4 Б) 3

5.Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуін не дейді?

А) Бунақ Ә) тармақ Б) Ұйқас

6. Өлең жолындағы қалдырылған сөзді табыңыз.

Ұршығы төмен біткен, ... ... етті.

А) жұмыр Ә)жазық Б) шақпақ

7. Шапқат сөзі қандай мағына береді?

А) мейірім Ә)мезі етуші Б) әділет

8. «Абай – қазақ әдебиетінің күн шуақты асқар биігі» деген пікірдің авторы кім?

А) М.Әуеов Ә) Ш.Құдайбердіұлы Б) І.Жансүгіров


9.Абай қай рудан шыққан?

А) Тобықты Ә) үйсін Б) Алаша

10. Абай «Приходская школада» қанша уақыт оқыды?

А) 3 ай Ә) 5ай Б) 1 жыл

11.Абайдың ән шығарған өлеңін табыңыз.

А) «Интернатта оқып жүр»

Ә) «Болыс болдым, мінеки»

Б) «Сегіз аяқ»

12.Абай қай жылдарда өмір сүрді?

А)1846-1905

Ә)1845-1904

Б)1845-1900

Оқушының іс-әрекеті

Мұғаліммен сәлемдесу.

Қима қағазды суырып, өз тобына отырады. Топ лидері бағалау парағын толтырып отырады.

Критерийлер арқылы топ лидері бағасын қояды.

















(2-3 оқушы мәнерлеп оқиды.) топ болып пікірлеседі.



Сұрақтарға жауап береді.













Дәптерге жазып алады.

Топтық жұмыс жасайды. Постер дайындап, қорғайды.

Көп сөз жазған балаларды үш шапалақ әдісімен мадақтау.

Тапсырмаларды орындайды. Дарынды, талантты оқушыларды мадақтап, тәтті тарату.



Дұрыс жауаптарын тексеріп, ұпай сандарын шығарып, өз-өздерін бағалайды.

1 – ә, 2 – ә, 3 – а,

4 – б, 5 – б, 6 – б,

7 – а, 8 – а, 9 – а,

10 – а, 11 – б, 12 – ә



12-10 ұпай – 5

9-7 ұпай – 4

6-4 ұпай – 3

3-ұпай - 2








1минут

Бағалау. Формативті -Гүл, жүрек жапсырмаларын ұсыну. Жиынтық бағаларын шығару.

.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

1минут

Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек


Стикерге жазып тілек ағашына іледі.

1 минут

Үй тапсырмасы Қарасөзін жаттау. Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мәнжазба жазу.

Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров170
Номер материала ДВ-336584
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх