Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

Ашық тәрбие сағаты «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

Скачать материал

Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

 

Мақсаты:

Студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;

Студенттерді өз құқықтарын қорғай білуге үйрету; 

Студенттерді патриоттық тәрбиеге баулу.

 

            Құрметті оқытушылар мен студенттержәне кеш қонағы бүгінгі «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Ашық тәрбие сағатын бастамас бұрын ҚР әнұранын орындауымызға рұқсат етіңіздер.

          Бүгін біздің  топ үш топқа бөлінген. «Тәрбие», «Адал» және «Білім» тобы. Бұл топтар өзара сайысқа түседі.

Ресей отарына айналғанша, дәстүрлі қазақ қоғамында жемқорлықтың етек жаюына алғы шарттар қалыптаспаған еді.

«Көшпелі қазақ қоғамының саяси - әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық билік бидің қолында болды. Ауыл арасында жанжалдасқан немесе дауласқан адамдар арадағы дауды шешу үшін, сол ауылдағы қазақтың ғұрыптық заңдарын жақсы білетін, өзінің әділдігі, шешендігімен көзге түскен кез келген адамға жүгінуге құқылы болды. Даудың әділдігі күмән тудырған жағдайда дауласушы тараптар басқа билерге жүгінді. Осылайша, түйіні қиын дауларды әділ шешкен бидің атағы елге жайылып, абыройы арта түсті. Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды». «Билердің әділетсіз шешіміне шағым жасау ілуде бір рет, өте сирек кездесетін. Би дұрыс үкім шығармаған жағдайда өзінің абыройы мен беделінен жұрдай болып, би атағынан айырылып қалатын. Би өзінің сіңірген еңбегі үшін «бидің билігі» деген сыйақы алатын. Ол кінәлі жақтын есебінен өндірілетін. Сыйақының мөлшері дауда өндірілетін мүліктің оннан бір бөлігіне тең болатын». «Елдестірмек-елшіден, Жауластырмақ -жаушыдан», «Кілемге бергісіз алаша бар,Ханға бергісіз қараша бар», «Тура биде туған жоқ,Туғанды биде иман жоқ», «Туғанына бұрғаны-Биді құдай ұрғаны», «Төбе би де өзіміз,Төре би де өзіміз. Қисық болса сөзіңіз, Құрулы тұр тезіміз» деген мәтелдер сөзіміздің айғағы.

Ресей империясының 1822,1824, 1867-1868, 1886-1891 жылдардағы Қазақстандағы жүргізген реформаларының ең басты  мақсаттарының бірі, қазақ қоғамының ғасырлар бойы қалыптасқан саяси - әлеуметтік құрылымын ыдратып, жойып жіберу болды.

Қазақ жері мен Түркстанды әкімшілік басқару реформаларының жобасын жасау бойынша Ресей  Әскери Министрі Д.А.Милютин басшылық еткен  комиссия 1867 ж. 11 тамызда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Далалық облыстарын басқарудың уақытша Ережелері»  деген құжатты жасады. Дала комиссиясы жаңа болыстықтар мен ауылдардың әкімшілік жобасын дайындай отырып, дәстүрлі басқару институттарының саяси қаупін бір сәтке де естен шығармады. «Орыс зерттеушісі А.К.Гейнс «Үкімет күштеріне қарсы тұрмас үшін, ең алдымен қырғыз халқының сайланбалы билігін біртіндеп жою, қырғыз халқын өз билеушілері мен рулық құрылысқа негізделген өмір салтынан ажырату қажет» -деп жазды.

XIX –ғ. екінші жартысынан бастап қазақ жеріне қоныстана бастаған Ресейлік келімсектердің маскүнемдік, парақорлық, жағымпаздық т.с.с. жағымсыз әдет-ғұрыптарын қазақ халқы да бойларына сіңіре бастады.

1890 жылдары болыстық орын үшін берілетін пара мөлшері 9000 сомға жетті. Ал, Түркістан өлкесін тексеру үшін  Ресей Сенаты құрған комиссияны басқарған сенатор граф Паленнің есебі негізінде жасалған  Әскери Министрліктің 1906 ж. «Түркістан өлкесінің  мемлекеттік  және қоғамдық-экономикалық мұқтаждықтары туралы жазбаларында»  көшпенділер арасындағы болыс, старшын, би  сайлаулары туралы былай дейді: «...сайлаушыларды сатып алу мен үгіт-насихат жұмыстарына  40-50 мың сомға жететін орасан көп ақша жұмсалатын болды. ...Сайлаушыларды сатып алу жүйесі кең етек алды», «Билікке осындай жолмен келген лауазымды қызметкер ең алдымен өз шығынын қайтаруға тырысатыны –табиғи жағдай, сондықтан лауазым иесі тегін саусағын қимылдатпайды, ал сыйақы үшін барлығын шешеді».

«Болды да партия, ел іші бүлінді...»,  «Қалың елім - қазағым...» ―деп Ұлы Абайдың күңіренетіні осы кез.  Қазақтың жаңа атқамінерлері параға жұмсалған шығынның барлығын қара халықтың мойынына салды.  Елде арты адам өлімімен аталатын «барымта, барымтаға қарымта» дегендей ұрлық-қарлық, оның арты бірінің үстінен бірі оязға шағымданып, пара беріп, екі жақты жем болу көбейді.

Кеңес билігі тұсында Сталиннің жүргізген қатаң репрессиялық шаралары арқасында жемқорлық түбегейлі жойылып кетпегенмен аздап саябырсығанмен, Л.И.Брежнев басшылықта болған, тарихқа «Тоқырау жылдары» деген атпен кірген кезеңде жемқорлық өрши түсті . Тіпті, оны ату жазасы да тоқтата алмады.

Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында  айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.

 

Ендеше сайысымыздың 1 кезеңіне өтейік.

 Ата - ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.

Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.

Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.

Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.

 

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. 
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Ендеше видеороликке жол берейік. «Жемқорлық-қоғам дерті»

Сайысымыздың 2-ші кезеңіне өтеміз.

Студенттер дайындаған видероликке кезек береміз. Көрсетілген видеороликті келесі топ түсіндірме жасайды.

 

Дегенмен, еліміз тәуелсіз алғалы бері жемқорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы мақсатта көптеген заңдар қабылданған. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

 

Сайысымыздың 3-ші кезеңіне өтеміз.

5 мақал-мәтел қоямын, соның жалғасын табуларыңыз керек. «Тәрбие» тобына қойылатын мақал-мәтел.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, 
            (Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.) 

 

           Әдепті бала – арлы бала,( әдепсіз бала – сорлы бала. )

           Балапан ұяда не көрсе,
           (Ұшқанда соны алады. )

 

Ағаштан ағаш сәнін алады, 
           (Адамнан адам тәлім алады.)

 

Тәрбиелі адам (тағаланған атпен тең.)

 

«Адал» тобына қойылатын мақалдар.

 

Адалдық — ардың ісі.(Ауырды көтеру-нардың ісі)

 

Адалдық жүрген жерде, (адамдық жүреді.)

 

Ағын су жолын табады,  (ақ адам оңын табады)

 

Арамдықты адалдық жеңеді, (жамандықты адамдық жеңеді)

 

Ақыл — жас ұланнан,

(Жүйрік — тай құнаннан.)

«Білім» тобына қойылатын мақалдар


Өз білмегеніңді кісіден сұра,(Үлкен жоқ болса кішіден сұра.)

 

Білім гауһар, бағасы жоқ. (Надандық кесел, дауасы жоқ.)

 

Ақыл - тозбайтын тон,(Білім  таусылмайтын кен.)

Оқу - білім бұлағы, (Білім - өмір шырағы.)

Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні қаріп.)

Ендеше 4-ші кезеңге көшсек, бұл кезеңде алдарыңызда тұрған қағазға өз топтарыңыздың аттарыңызбен қорғай алатындай шағын газет шығарымыз, сыбайлас жемқорлықты суреттей отырып.

 

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай , сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. 

Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот,құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайдылығы, тоңмойын шенеуініктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. 
Көптеген заң бұзушылықтарға, жергілікті атқарушы орган басшылары тарапынан жол берілетіні байқалады. Олар тарапынан өздерінің қарамағындағы қызметкерлерден болмашы жайтқа бола ауыр алым-салымға жүктеу жайттары жиі кездесіп жатады. 
Алайда, осындай заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Осындай олқылықтарға жол беруден аулақ болған жөн.

 

Ендігі кезекте қорытындылау үшін сөз кезегін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қосназарова Мира апайымызға береміз.

«Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген  тікелей қатер болып саналады.Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

Шалқар аграрлық-техникалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

 

 

Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Смагулова Айым Нуржаубаевна

№19 «Тепловоз машинисінің көмекшісі» тобының топ жетекшісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шалқар, 2016ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 641 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2017 30200
    • DOCX 29.4 кбайт
    • 332 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смагулова Айым Нуржаубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смагулова Айым Нуржаубаевна
    Смагулова Айым Нуржаубаевна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39340
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе