Пәні:
Өндірістік оқу
Күні: 29.01 .2017
жыл
Тақырыбы: Ашытылған
қамырдан өнімдер, ірімшік қосылған ватрушкалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Студенттерге ашытылған қамырдан өнімдер, ірімшік қосылған ватрушкалар
тағамдар туралы жалпы мағлұмат
беру.
Дамытушылық: Пәнге
деген қызығушылығын арттыру, өздігінен қорытындылығын, дағдыландыруын арттыру.
Тәрбиелік:
Студенттерді сыйластыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі:
Плакат, сұрақ-жауап, слайд.
Сабақтың түрі:
өндірістік сабақ.
Әдіс-тәсілдер:
Түсіндірмелі,сұрақ-жауап.
Пәнаралық
байланыс:
Биология, химия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі
а) Студенттермен
сәлемдесу, түгендеп, олардың сабаққа әзірлігін тексеру
б) Назарын сабаққа
аудару, сабақтың мақсаты мен міндетін айту
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Студент:
Ø Шикізаттың
сипаттамасын;
Ø Қопсытудың
әдістерін;
Ø Ашытылған қамырды
және өнімдерді даярлаудың технологиялық процесін;
Ø Сапасына қойылатын
талаптарды, тарату мерзімін;
Ø Санитария және
гигиена негіздерін білуге тиісті;
Оқушының
қолынан келу керек:
Ø Технологиялық
процесін сақтай отырып, ұн өнімдерін даярлау;
Ø Ұн өнімдерін
даярлауға арналған шикізат және жартылай дайын өнімдердің сапасын анықтау;
Ø Дайын өнімдердің
сапасын анықтау;
Ø Дайын өнімдерді
ұсыну.
Дайындай
алу керек:
Ірімшік қосылған
ватрушкалар.
Анықтай
алу керек:
1. Өнімдерге
арналған қамырдың массасын.
2. Бөлшектелген
өнімдердің массасын.
3. Өнімдерді
пісірудің ұзақтығын.
4. Өнімдердің
массасының өзгеруін.
Құралдар,
саймандар, ыдыстар
Сыйымдылығы 1 л
және 2 л кастрөлдер; аспаздық пышақтары; кепсер, елгезер, тақтайлар, табалар,
ағаш қалақтар, майда тәрелкелер, көпүлестік табақтар.
Сүзбелі
тәтті
Керекті
заттар:
·
Ұн
500 грамм
·
Сүт
250 мл
·
1,5
шай қасық құрғақ ашытқы
·
6
ас қасық қант
·
Май
30 грамм
·
Сүзбе
300 грамм
·
Жұмыртқа
1 дана
·
1
шай қасық крахмал
·
Қалауынша
тұз,мейіз қосыңыз
Дайындалуы:
Ашымалы
әдіспен даярланған қамырдан шар қалыптайды да, май жағылған табаға бір-бірінен
7-8 см қашықтықта орналастырып, 20-30 минутқа көтерілуге қояды, сосын ағаш
оқтаумен ортасын үңгірлейді де, ірімшік толтырады. Ватрушкаларды жалпы жерге
қойып, меланж жағады да 230-240˚С температурада 20 минут пісіреді. Оларды
қойыртпа немесе джеммен пісіруге де болады.
Сапасына
қойылатын талаптар:
Өнімдер домалақ
пішінді, алтын түсті, қамыры жақсы пісірілген болуы керек.
ІV.
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі өтілген
тақырыпты қорытындылау. Талдау.
V. Үйге
тапсырма.
1. Өзін-өзі
тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру.
2. Аспаздық
өнімдердің және тағамдардың рецептуралар жинағын пайдалануды үйрену.
VІ.
Бағалау.
Студенттерді бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.