Инфоурок География Рабочие программыАустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Скачать материал

Тақырыбы: Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік:             Оқушыларға Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята отырып, картамен жұмысты жандандыру, танымдық белсенділігін дамыту.

  1. Тәрбиелік: Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін сүюге, құрметтеуге, табиғатты аялауға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Аустралияның физикалық  картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км². Материк атауының өзі латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді. Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кесіп өтеді. Ауданының кіші болуына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар:

  • Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м.
  • Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк.
  • Аустралия — Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.
  • Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар эвкалипттер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталып қалған
  • Материк жағалауындағы ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан.
  • Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр.
  • Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-16м).

Географиялық орны. Аустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады. Материктің жағалауындағы нашар тілімденген, материктің оңтүстік-шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28ºС-қа жетсе, қыста +20ºС-тан төмен түспейді. Сондықтан материк жағалауларын бойлай, әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көптеп кездеседі. Толысу кезінде ғана кемелер олардың арасымен ашық мұхитқа шыға алады. Аустралияны жан-жағынан мұхит сулары шайып жатқанымен , оның көпшілік бөлігіне жауын-шашын өте аз түседі. Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді, материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Тек шығыстағы Үлкен Суайрық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана палеозойлық қатпарлық құрылым тән болады. Көршілес орналасқан Тынық мұхит литосфералық плитасындағы қозғалыстарға байланысты материк бірнеше рет тұтастай көтерілді және төмен түсіп, майысуларға ұшырады. Соның әсерінен одан Жаңа Гвинея аралының Оңтүстігін құрайтын бөлік пен Тасман аралы бөлініп, бұғаздар мен шығанақтар жүйесі қалыптасты.

Платформа фундаментін құрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мұнда орташа биіктігі 400-600 м-лік аласа таулы үстірттер мен жекелеген күмбезді таулар таралған. Таулардың кейбір бөліктерінің биіктігі 1000-1500 м-га жетеді. Құрғақ климат жағдайында жүретін физикалық үгілу әсерінен тауларда сан алуан таңғажайып пішіндер қалыптасқан. Тау етектерін қиыршық тастар мен құмды жалдар көмкеріп жатыр. Платформаның шеткі және қатпарлы құрылымдарымен шектескен бөліктеріне ойпаттар сәйкес келеді.

Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас келеді. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір мен уран, цирконий (алмастың түрі) кендеріне бай. Аустралияның оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газ мол қоры бар.

 

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Аустралия географиялық орны жағынан Африканың қандай бөлігіне ұқсас болып келеді?
  2. «Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері» тақырыбы бойынша Аустралияның зерттелу тарихындағы маңызды оқиғаларды еске түсіріңдер.
  3. Аустралияның жер бедері қандай, оны Африканың жер бедерімен салыстырыңдар.
  4. Физикалық картаны пайдалана отырып, материкте кең таралған пайдаоы қазбаларды атаңдар.

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Аустралия және мұхит аралдарын, географиялық орнын және жер бедері мен пайдалы қазбаларын айтып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §53-оқуға. Кескін картаға  Аустралия орталығын салып  келу

Тақырыбы: Мұхит аралдары

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларды Мұхит аралдарымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

  1. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұхиттың орталық және оңтүстік-батысында шоғырланған аралдардың тобын Мұхит аралдары деп атайды. Бұл аралдардың саны 7 мыңнан асады, жалпы ауданы 1,3 млн км² болады. Мұхит аралдары экватордың екі жағында, солтүстік жарты шардың субтропиктік белдеуі мен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуі аралығын алып жатыр. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Жаңа Зелендия, Гавай, Фиджи және т.б. аралдар жатады. Тарихи географиялық ерекшеліктеріне байланысты Мұхит аралдарына Меланезия («қара аралдар»), Микронезия («ұсақ аралдар»), Полинезия («көп аралдар») және Жаңа Зеландия болып бөлінеді.

Мұхит аралдары еуропалықтарға Ф.Магеллан саяхатынан кейін ғана белгілі болды. Кейіннен бұл аралдар туралы мәліметтерді Джеймс Кук пен орыс саяхатшылары жинақтап, толықтырды. Әсіресе, Жаңа Гвинея аралында 12 жыл тұрған орыс ғалымы Н.Н.Миклухо-Маклай Мұхит аралдарының табиғаты мен халқы жөнінде құнды ғылыми еңбектер жазып қалдырған. Мұхит аралдарында саяхатшылардың құрметіне қойылған географиялық атаулар көп таралған.

Табиғаты. Мұхит аралдарының әсем табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аралдардың кейбірінде асқақтаған таулар басым болса, кейбіреуін, теп-тегіс жазықтар алып жатыр.

Мұхит аралдары Тынық мұхит табанындағы қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Аралдардың басым көпшілігі жанартаулық әрекеттерден түзілген. Жанартаулық аралдардың ең ірісі – Гавай аралдары. Мұндағы сөнбеген Мауна-Лоа жанартауының биіктігі 4170 м. Ал екі литосфералық плиталардың жымдасу аймағында қалыптасқан аралдар геосинклиналдық аралдар болып табылады. Олардың ең ірісі – Жаңа Зеландия аралдары. Жанартау атқылауы геосинклиналдық аралдарда да күшті байқалады. Жаңа Зеландияның Солтүстік аралындағы сөнбеген Руапеху жанартауының биіктігі 2796 м-ге жетеді.

Географиялық орнына сәйкес, Мұхит аралдарында ауа температурасы жыл бойы жоғары болады, бірақ мұхиттан соғатын ылғалды желдер климатты жұмсартады, ылғал бір қалыпты түседі. Жаңа Зеландия аралының қоңыржай белдеуге енетін оңтүстік бөлігінде ғана температура біршама төмен болады. Экватор бойында жатқан аралдарда жел болмайды. Ал екі тропиктегі циклондар жолында жатқан аралдар тайфундардың жойқын ықпалына жиі ұшырайды.

Халқы мен елдері. Адамдар мұхит аралдарын ежелден қоныстанған. Олардың аралдары қоныстануы мен шығу тегі жайлы көптеген жорамалдар болғанымен, ғалымдардың көпшілігі оларды Оңтүстік-Шығыс Азиядан қоныс аударғандар деп есептейді. Мұхит аралдарының негізгі халқы – папуастардың тұрмыс-тіршілігі туралы нақты ғылыми деректерді орыс саяхатшысы Н.Н.Миклухо-Маклайдың еңбектерінен табуға болады.

Мұхит аралдарында Папуа-Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия және тағы басқа ұсақ аралдық елдер орналасқан. Мұхит аралдарының қазіргі халқы кокос пальмасы, батат, ананас, банан, қант құрағы, күріш өсіреді, балық аулаумен айналысады. Сонымен қатар аралдарда тас көмір, алтын, мыс өндіріледі.

Мұхит аралдарындағы ең ірі, шаруашылығы жақсы дамыған ел – Жаңа Зеландия. Елдің жері екі үлкен арал мен көптеген ұсақ аралдардан тұрады. 3,5 млн-нан астам халқы бар. Жаңа Зеландияда Еуропадан қоныс аударғандардың ұрпақтары – жаңа зеландиялықтар тұрады.

Байырғы маорилер ел халқының 10%-ын ғана құрайды. Жаңа Зеландия халқының әл-ауқаты жоғары елдер қатрына жатады. Астанасы – Веллингтон қаласы.

Жаңа Зеландия ауыл шаруашылығы өте жоғары дәрежеде дамыған, халқы қой және ірі қара өсірумен, егіншілікпен, балық шаруашылығымен айналысады. Елдің әр тұрғынына шаққанда малдың басы 20-дан асады. Д.ж.-нің көптеген елдеріне қой жүнін, ет, сары май, ірімшік, жемістер мен балық өнімдерін сатады.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Мұхит аралдарының географиялық орнын анықтаңдар.
  2. Қалыптасуына қарай аралдар қалай топтастырылады?
  3. Аралдар табиғатын зерттеген қандай басты ерекшеліктері бар?
  4. Физикалық және климаттық карталарды пайдаланып, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландияның табиғат жағдайларын салыстырыңдар.
  5. Мұхит аралдарында қандай халықтар тұрады?

Қорытынды: Қорыта келгенде, Жаңа Зеландияда табиғатты қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Жерінің 16%-ын қорықтар мен ұлттық парктер алып жатыр. Елде 10 ұлттық парк бар.

Үйге тапсырма: §58-оқуға. Кескін картаға мұхит аралдарын түсіп келу.

Тақырыбы: Ауа температурасы мен қысымының таралуы

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымен таныстыра отырып түсінік беру
  2. Дамытушылық: Ауа температурасын карта бойынша кестені оқу, білу және қысымды анықтау
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды өздерінің тұрған жерлеріндегі ауа температурасымен қамтамасыз ету мәселесімен таныстыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Суреттеп түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Дүние жүзінің картасы, климат картасы

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындалу

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер шарының ауа қабаты – атмосфераның құрамы мен құрылымы.

Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мұнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары-бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға-қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеп соқтырады.

Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор.

Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изотермалар, қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобара, жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изогиета деп атайды.

Ауа массалары:

  1. Экваторлық – төмен қысым-0ºС
  2. Тропиктік – жоғарғы қысым-30ºС
  3. Қоңыржай – төмен қысым
  4. Антарктикалық – 65ºС

Ауаның әрқашан жоғары қысымды аймақтардан төмен қысымды аймақтарға қарай қозғалады. Сол себепті экватор маңындағы жоғары өрлеген ауа төмен түсе алмай, тропосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа Жердің өз білігінен айналуынабайланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 30ºс.е. пен 30ºо.е. маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде Жоғарғы қысымды белдеулер қалыптасады. Полюстердегі сияқты мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төмен қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желдерді қалыптастырады.

Сонымен, жер бетінде жоғары өрлеген ауа ағыны басым аймақтарда төмен қысым, төмендеген ауа ағыны басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Атластағы климаттық карталарды пайдалана отырып:
  1. Еуразиядағы 60ºш.б. меридианы бойымен;
  2. 40º және 50ºс.е. бойынша қандай изотермалар өтетінін анықтаңдар.
  1. Жауын-шашынның жылдық мөлшері қанша болуы тиіс
  2. Қыс пен жазда ауа массаларының желдердің бағытын анықтау
  3. Төменгі ауа массалары нені білдіреді
  4. Қандай белдеуде ауа қозғалысы қалай пайда болады

 

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, атмосфераның жердегі тіршілігі үшін маңызын анықтадық. Жер бетінде ауа теапературасы мен қысымның таралуын, атмосфералық қысым белдеулерімен таныстық, білдік.

 

Үйге тапсырма: Атластағы климаттық картаны пайдалану, §6 оқу.      Климаттық картамен жұмыс жасау

Тақырыбы: Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб.

Мақсаты:                                                    

Білімділік: Оқушыларға масштаб, оның түрлері, қашықтықты өлшеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білім беру. Картадағы кез-келген географиялық объектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға және оны дәлме-дәл қағазға түсіруді үйрету.

Дамытушылық: Азимут туралы білімді одан әрі тереңдету, оқушыларды бағдарлауға, олардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде  оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Дүниежүзінің физикалық картасы.

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Жаңа материалды меңгерту кезеңі
  3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
  4. Сабақты қорытындылау кезеңі
  5. Бағалау кезеңі
  6. Үйге тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

 

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі

(20 мин)

Масштаб дегеніміз (немісше мас-өлшеу; штаб-таяк)- жер бетіндегі өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек санды айтады.

Масштаб

 

Сандық                   атаулы                сызықты

1.      Сандық масштаб туралы айтып, мысал келтіру.

2.      Атаулы масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан атаулыға айналдыруды үйрету.

3.      Сызықты масштаб туралы айтып, мысал келтіру, сандықтан сызықтыққа айналдыру жолдарын үйрету.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.

 

 

 

 

 

3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

(10 мин)

Картадан материктердің Солтүстіктен Оңтүстік бағыттағы қашықтығын өлшеу, екі қала аралықтарын өлшеуді, масштабқа айналдыруды үйрете отырып төмендегі тапсырманы беру:

—          Еуразия материгінің С-О бағытындағы қашықтығын  өлше;

—          Алматы мен Астана қала аралықтарын өлшеп, масштабын анықта;

—          Мәскеу мен Астана қаласы аралығындағы ара қашықтықты өлшеп, масштабын анықтау, сандық маштабтан сызықтық масштабқа айналдыр.

 

 

 

 

 

 

 

Картаны пайдаланып тапсырмаларды орындау. Түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрап алу.

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

(10 мин)

Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

1.      Масштаб дегеніміз не?

2.      Оның неше түрі бар?

3.      Масштабтың қандай маңызы бар?

4.      Түрлері бойынша мысалдар келтір.

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

5. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)

§ 8 оқу, Қара теңіз жағалауының ұзындығын анықтап, масштабын тап.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

 

 

Сабақ тақырыбы:  §6.  Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі.

Сабақ мақсаты:  Оқушыларға   халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы   туралы  толық мағлұмат беру.

Сабақ міндеті:

1.Білімдік: Балаларға халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы туралы   толық   білім беру.

2.Тәрбиелік:  Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.

3.Дамытушылық:  Балалардың өзіндік ойлана білуіне,  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға,   өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,  картамен жұмыс,   кітаппен жұмыс,  жеке жұмыс

Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы,  ҚР  әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта,

Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең

1.Сәлемдесу

2.Балаларды түгендеу.

3.Балалардың назарын сабаққа аудару

 

ІІ.  Өткен сабақты шолу.

Сұрақтарға жауап беру.

  1. Этнос, этностық, диаспора дегенді қалай түсінесің?
  2. Мемлекетіміздің ең негізгі этникалық құрамын атаңдар.
  3. Халықтардың этнолингвистикалық жіктелуінің негізі неде?
  4. Қазақстан халқы саны бойынша  қандай айырмашылық  жасайды?
  5. Қазақтардың дүние жүзіндегі таралу ерекшелігі. Қазақ  диаспорасының  үлкен шоғыры  орналасқан елдер.
  6. Қазақстандағы өзбектер мен украиндардың  таралуы қандай?
  7. Біздің елімізде  қандай  дін түрлері  тараған?

Осы сабақта кездесетін терминдер:

  1. Диаспора
  2. Этнография-халықтың шығу тегін, орналасуын мәдениеті мен тұрмыс жағдайы туралы ғылым.
  3. Этнос
  4. Тілдік классификация (лингвистикалық, этникалық)
  5. Халық, тіл тобы, тіл семьясы
  6. Халықтың діни құрамы
  7. Ислам, христиан, будда

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Осы сабақта кездесетін  терминдер:

  1. халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі,
  2. халықты аумақтық ұйымдастыру,
  3. қала халқы- қала- агломерация-мегаполис,
  4. урбандалу,
  5. ауылдық халықтың орналасуы
  6. халықты орналастыру
  7. халықтың қоныстануы
  8. Болашағы жоқ ауылдар

 

 

 

Урбандалу:

  1. Қаланың және халқының өсуі
  2. Қалалық тіршіліктің өркендеуі
  3. Орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.

 

Агломерация – қалалық орналасудың екінші формасы.  Агломерация   негізгі  қаладан (ядродан)  және серіктес қаладан тұрады.  Агломерациялардың бірігуін   мегаролис   дейді

Қалалардың пайда болған уақыты

Халқының саны бойынша қалалар тобы

Қалалардың пайда болған уақыты

Ежелгі  және ортағасырлық  кезең

ХҮІІ-ХІХ ғғ.

Кеңес кезеңі

Үлкен

Түркістан

Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда,  Петропавл, Орал

Ақтау, Жезқазған, Талдықорған;

Рудный, Екібастұз

Ірі

Тараз,  Шымкент

Астана,  Ақтөбе, Павлодар, Семей,  Өскемен;

Қарағанды

Аса ірі

-

Алматы

 

ІҮ.Бекіту.

Сұрақтар:

  1. Орналасу мен қалыптасудың қандай айырмашылығы бар? Олардың бір-бірімен тығыз байланыста  екендігін дәлелде.
  2. Қаланың  қандай ерекшелігі  мемлекеттегі  жетекші  қаланың  қатарына қосады?
  3. Не үшін барлық қалалардың  жиынтығы – қоныстану  тармағы да,  ал агломерация  — жүйе болады?
  4. Үлкен қаланың 2 түрлі мағынасы бар. Айырмашылығы неде?
  5. Қалалар қандай қала қалыптастырушы қызметті атқарады? Мысал келтіріңдер.
  6. Ауылдық қоныстанудың ерекшелігі неде?
  7. Қазақстандағы ауылдардың негізгі әлеуметтік мәселелерін ата.
  8. Негізгі қоныстану белдеуінің басқа аудандардан қандай айырмашылығы бар?
  9. Урбандалу, агломерация, мегаполис, урбандалу деңгейі деген ұғымдарды түсіндіріңдер.

 

Тапсырмалар:

1-кесте. Оқулықтағы  43-сурет бойынша  ҚР облыстарын урбандалу деңгейі бойынша топтастыр.

ҮІ.Бағалау                                                                                                                                     ҮІІ.Үйге тапсырма: §6.  Халықтың қоныстануының географиялық ер

Сабақтың тақырыбы:  § 42. Көлдер.

Сабақтың мақсаты:     а) Білімділік: Оқушыларға көлдердің түрлері, көлдердің 

                                              шаруашылық маңызы, олардың экологиялық жағдайы 

                                              туралы түсіндіру.

                                         ә) Дамытушылық: Оқушылардың көлдер жөніндегі 

                                             білімдерін кеңейту, ой-өрісін дамыту.

                                        б) Тәрбиелік: Оқушыларды суды қорғауға, қоршаған ортаны 

                                             ластамауға тәрбиелеп, экологиялық мәдениетін көтеру.

Сабақтың типі:            Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:            Дәстүрлі сабақ

Оқытудың әдісі:           Сұрақ – жауап, баяндау

Көрнекілігі:                   Интерактивті тақта, бейнебаян, макеттер

Сабақтың барысы:            а) Ұйымдастыру.

                                              б) Үй тапсырмасын сұрау

Гидрологиялық диктант

  1. Жайық өзені   .....  тауынан басталып, Каспийге құяды.
  2. Жайықтың басты салалары  ....  .
  3. Жайық өзені  ......  жүзуге қолайлы.
  4. Ертіс Қытайдан  ....  Ертіс деп басталып, Қазақстанда Көк Ертіс аталып, Зайсан көліне келіп құяды.
  5. Ертістің суы  ....  айында молаяды.
  6. Ертісте кәсіптік маңызы бар  ....   балықтар ауланады.  
  7. Іле өзені Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын   ....  өзендердің қосылуынан пайда болады.
  8. Сырдария Қазақстаннан тысқары жатқан   ....  Тянь-Шань тауларынан басталады.
  9. Махмут Қашғаридің картасына Сырдария  ....  деп аталған.
  10. Сырдарияға Қазақстан жеріндегі жалғыз  ....  өзені құяды.

Жаңа сабақ:

Сабақтың жоспары:

1. Көлдер

2. Көлдердің типтері:

   - шығу тегіне қарай көл қазаншұңқырлары

   - аумағы

   - тереңдігі

   - тұздылығы

   - ағынды,ағынсыз

3. Көлдердің қоректенуі

4. Практикалық жұмыс

5. Қызықты көлдер    

 Көл дегеніміз не?                          

u   Көлдің теңізден айырмашылығы қандай?

u   Көлдің өзеннен айырмашылығы қандай ?

Көл

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар

Қазаншұңқырлар дегеніміз

 

                                                      Көлдер

                              

 

                   

                            Ағынды                                           Ағынсыз

                                             

              Өзендер құяды және                              Өзендер құяды,

              ағып шығады                                         бірақ ағып шықпайды

 

            

 

 

                                    Көлдер тұздылығы жағынан

 

 

 


   

                  Тұщылығы          Тұздылау           Тұзды

                                                                          ( минералды)

                    1‰                     1 ‰ - 35 ‰           35 ‰

 

Өлі теңіз- әлемдегі ең тұзды көл, 270 ‰ - 310 ‰.

 

Көлдердің қоректенуі

Су  буының тасымалдануы,      су  буының тасымалдануы, булану, жауын-шашынның түсуі, жауын-шашынның түсуі, ағын, судың сіңуі, теңіз, жерасты сулары

Каспий теңізі-көлі

Әлемдегі аумағы жағынан ең үлкен көл – 368 мың .км 2

Оның тереңдігі 1026 м. «Теңіз» деп аталу себебі өлшемі  жағынан үлкен   және  теңіз суына ұқсас.

Байкал

Дүние жүзіндегі ең терең көл– 1637м. Құрамында 20% тұщы су.болады

Қызықты көлдер

   Сиялы көл

   «Кастрөл»көлі

   Алып көпіршікті көл

   Өлім көлі

   Өртенген көл

   Тәтті көл

 

Сен білесің бе?

Ескі Шалқар

Қаракөл

Қопасор

Қошқарата

Тебіз

Ащықұдық

Қалыптерек

Мелдекөл

Тентексор

Бекіту:

Кестені толтырыңдар.

 

Көл қазаншұңқырларының түрлері

Пайда болу әдістері

 

Мысалдар

 

Тектоникалық:

 

 

Жанартаулық

 

 

Мұздық

 

 

Ескі арна

 

 

Қалдық

 

 

Бөген

 

 

 

Өзіңді тексер

                 

 

 

                      

 

Көл  қазаншұңқырларының  түрлерін анықта

Көлдердің суреттері мен түрлері арасындағы сәйкестікті дұрыс орналастыр  

    А. - ағынды                                                                        Б. – ағынсыз

                                      

 

                                         

 

                                            Ойлан  тап

 

          Көлдер                                                                                     Қазаншұңқырлар түрі

1.  Байкал                                                                                         І. Тектоникалық

2.  Ладога                                                                                          ІІ. Мұздық

3.  Сарез                                                                                            ІІІ. Жанартаулық

4.  Онега                                                                                            ІV. Бөген

5.  Кроноцкое

 

“Балық аулау” ойыны

1.Көл деп нені айтады?

2. Көлдің өзенннен айырмашылығы .

3.Қазақстандағы ірі көлдерді ата .

4.Көлдердің түрлері .

5.Көл тұздылығының өлшем бірлігі .

Мағынаны тану

   Көл макеттерінің сұлбасы бойынша анықтау

 

Үйге тапсырма: § 42. Көлдер тақырыбын оқу. Шалқар көлінің шаруашылық маңызы туралы шығарма жазу.

Бағалау:

 

 

                                     

      Өте жақсы                                           жақсы                                        қанағаттанарлық

 

            

Сабақтың  тақырыбы: Аралдар мен түбектер.

Мақсаты:

Білімділік – құрлықтың  бөліктерімен таныса отырып, олардың пайда болуы түрлері туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық-  оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, ой-өрісін, зейінін шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік - оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Әдіс –тәсілдері: Тірек сызба, топтастыру, картамен, кестемен жұмыс, саяхат.

Көрнекілігі:  Жарты шарлар физикалық картасы, атлас, слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

І Дайындық кезеңі.

Саяхатқа шығатын кемемізді дайындап алу.

ІІ кезең  «Бастау»

Саяхатқа шықпас бұрын біз қай бағытта, қай мұхитқа баратын маршрутымыз жазылған карта алуымыз керек, оның өз бағасы бар. Картаны біз өз білімімізбен алуымыз қажет.

1  тапсырма:  Қазақстан аумағынан Дүниежүзілік мұхитқа шығуға бола ма? Дәлелдеңдер.

2 тапсырма: Сендер тұратын елді мекен ең жақын теңізден қандай қашықтықта орналасқан. Карта бойынша қашықтықты өлшеңдер.

ІІІ. «Сәтті сапар» кезеңі

Қара теңізден Жерорта теңізіне өту үшін тапсырма берілген.

1 тапсырма:  Теңіз дегеніміз не? Түрлері, картадан көрсет.

2 тапсырма: Жерорта теңізінен қандай бұғаз арқылы өттік. Бұғаз дегеніміз не? Ірі бұғаздарды картадан көрсетіңдер.

ІҮ кезең «Сыннан сүрінбей өт»

Атлант мұхитына шықтық. Ұзақ жол тапсырмалары:

1 тапсырма: Дүниежүзілік мұхиттарды атап, картадан көрсет. Саяхатымызды  Оңтүстік Американың оңтүстігімен жүре отырып Дрейка бұғазына жеттік.

2 тапсырма : Мұхиттарға байланысты кестені толтыру.

 

Мұхиттар

Жағалауындағы материктер

Ең терең жері

 

 

Тынық мұхиты

Атлант мұхиты

Үнді мұхиты

Солтүстік мұзды мұхит

 

 

Мариана 11022м

Пуэрто-Рико 8742м

Зонд  7729м

Ақ теңіз 1225 м

 

 Ү кезең  «Жаңа жер»

Белгісіз жердің жергілікті тұрғындары папуастар бізге кіру үшін мынадай тапсырма берді.

Сұрақ: Қандай бұғаз  екі теңіз бен мұхитты қосып, екі материкті және екі мемлекетті бөліп тұр?

Бұл белгісіз жер  Жаңа Гвинея аралы болатын. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәптерге жазамыз.

Ақпанның 20-сы

Ξ28 Аралдар мен түбектер.

Жоспары:

1. Құрлық бөліктері

2. Аралдар және пайда болуы

3. Түбектер.

Құрлық бөліктеріне аралдар,  түбектер, архипелагтар жатады.

 

Аралдар

 


Материктік                                         Жанартаулық                              Маржан аралдары

 

Гренландия                                    Курил аралдары                         Үлкен Тосқауыл Рифі

Жаңа Жер                                     Гавай аралдары

Ұлыбритания

Маржан полиптерінің жинақталып жоғары қарай өсуінен рифтер түрінде пайда боладыМұхиттармен теңіздер түбінен жанартаулардың атқылауынан пайда болғанБұрын материктермен бірге болып, даму барысында олардан бөлініп қалыптасқан  

 

 

 

 

 

 

Түбектер – құрлықтың суға сұғына еніп жатқан бөлігі. Аравия, Үндістан, Үндіқытай, Пиреней, Скандинавия т.б

Картамен жұмыс:  Картадан ірі  арал, түбектерді көрсету және кескін картаға белгілеу.

Дәптермен жұмыс: Географиялық сөздік. Арал, түбек, атол, архипелаг анықтамаларын жазу.

 

Жалықтырмайтын жұмбақтар суреті

1.      Дүние жүзіндегі ең кіші маймылдар – Мадагаскар аралында мекендейтін қортық лемурлар

2.      Аустралиядағы арал - Рождество аралы.

3.      Англия мен Франция арасындағы бұғаз –Ла-Манш бұғазы.

4.      Мемлекет, канал және бас киім атауы  - Панама.

5.      Етікке ұқсайтын түбек – Пиреней

 

Жағалауға шықтық сол жерде хат салынған шөлмек тауып алдық.

Жұмбақ хат.

1.      Сіз теңізден хат салынған шөлмек тауып алдыңыз. Хатта біреудің көмек сұрап жазған хаты бар. Бірақ хаттың соңғы бөлігіне су тигендіктен сиясы өшкен. Сізге белгілісі тек   Ж.........анд.... деген жазу ғана сақталған.

Тапсырма:  Аралдың атын  анықтап, карта арқылы координатасын табыңдар.

 

 

 

 

 

 

Бекіту.  Семантикалық карта

 

Нысандар

Арал

Түбек

Шығанақ

 

Бұғаз

Ішкі теңіз

Шеткі теңіз

Жерорта

 

 

 

 

 

 

Гренландия

 

 

 

 

 

 

Бискай

 

 

 

 

 

 

Лабрадор

 

 

 

 

 

 

Баренц

 

 

 

 

 

 

Үндіқытай

 

 

 

 

 

 

Гибралтар

 

 

 

 

 

 

Апеннин

 

 

 

 

 

 

Мозамбик

 

 

 

 

 

 

Мексика

 

 

 

 

 

 

Чукот

 

 

 

 

 

 

Мадагаскар

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды: Салыстыру

        Арал,                  Түбек,Ұқсастық
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Арал мен түбек арасындағы ұқсастық  пен айырмашылықты анықтау.

Үйге тапсырма:  ξ28 оқу. Кескін картаға ірі арал, түбектерді белгілеу

 

 

 

       Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік  мұхит  және  оның  бөліктері.

       Білімдік  мақсаты:  Оқушыларға  дүниежүзілік  мұхит,оның  бөліктері  және  дүниежүзілік                                        

мұхиттың  біртұтастығы  туралы  білім  беру.    

       Дамытушылығы:   Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  және  картамен  жұмыс істеу  дағдысын  жетілдіру.

       Тәрбиелік  мақсаты:  Ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа  тәрбиелеу, өзі  оқи  отырып,  өзгені  оқыту.

       Сабақтың  типі:  аралас  сабақ

       Сабақтың  түрі:  дәстүрлі

       Сабақтың  әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп  оқыту, түсіндіру, картамен  жұмыс.

       Көрнекілігі:  Жарты  шарлардың  физикалық  картасы, слаидтар, семантикалық  карта.

       Сабақтың  барысы:  ұйымдастыру, үй  тапсырмасын  тексеру.

I  деңгейлік  сұрақтар:

     1.  Су  қабығы (гидросфера)

     1. Табиғатта  су  неше  күйде  болады(3)

II  деңгейлік  сұрақтар:

Судың  мұхиттан  құрлыққа  және  құрлықтан  мұхитқа  үздіксіз  ауысу  процесін  не  деп  атайды?( Дүниежүзілік  су  айналымы)

III  деңгейлік  сұрақтар:

     1.Мұхит  суы  мен  құрлық  суының  арақатынасын  көрсететін  шеңберлі  диаграмма  сызу.

Су  туралы  тиым  сөздер  айту.

Су  туралы  мақал-мәтелдер  айту.

Актуалдау    

Топтастыру   стратегиясы

       

 

                                                           Гидросфера

 

 

 


  Жаңа  сабақ:   Дүниежүзілік  мұхит  және  оның  бөліктері

     Ой  қозғау:    Қай  саяхатшы  тұңғыш   Жер  шарын  айналып  шығып, дүниежүзілік  мұхиттың  біртұтас  екендігін  дәлелдеді?

     Ф.Магелланның  саяхат  жолын  карта  бойынша  қарап  отырып, оқушылар  мұхиттар  бір-бірімен  байланысып  жатыр  деген  қорытындыға   келеді.

     Жер  бетінің  көлемі  510 млн.км2  болса, оның  361  млн.км2  мұхиттар, ал 149 млн.км2 –і материктер.

                                

 

                                             Дүниежүзілік  мұхит

 

 

 Тынық  мұхиты                 Атлант              Үнді                  Солтүстік  мұзды    

 мұхиты                             мұхиты              мұхиты                мұхиты     

    

180 млн.км2                                92 млн.км2                  75 млн.км2                  14 млн.км2

 

                                                                                                  

Мариан                         Пуэрто-Рико      Зонд                      Гренланд

шұңғымасы                 шұңғымасы         шұңғымасы        шұңғымасы

11022 м                           8742 м                7729 м                     5527 м

 

Мұхиттарды  бір -бірінен  құрлықтың  ірі  бөліктері  материктер  бөліп  тұрады. 6 материкті  тауып, картадан  көрсету.

1.Еуразия

2.Африка

3.Солтүстік  Америка

4.Оңтүстік  Америка

5.Антарктида

6.Аустралия

 

                                Мұхит  бөліктері

 

         

          Теңіз               шығанақ                бұғаздар

 

Ішкі            шеткі         Гудзон Парсы       Дрейк 

                                       Мексика               Магеллан

Қара т        Баренц        Парсы                   Мозамбик

Жерорта    Жапон     

                    Охота

 

Дәптермен  жұмыс. Термин  сөздермен  жұмыс.

 

Арал-  құрлықтың  жан -жағын  су  қоршаған  шағын  бөлігі.

Теңіз-мұхит  суының  қасиеті  мен  жануарлар  дүниесі  жөнінен  оқшауланып  тұратын  бөлігі.

Шығанақ- мұхит, теңіздің  құрлыққа  тереңдей  еніп  тұрған  бөлігі.

Бұғаз-материк  пен  мұхиттарды  жалғастырып  тұратын  енсіз  су  айдыны.

 

Картамен  жұмыс. 1. Материк, арал, мұхит, теңіз, шығанақ , бұғаздарды  кескін  картаға  түсіру.

2. Қазақстан  шекарасына  жақын  жатқан  арақашықтығын  есептеп  шығару.

3. Еуразия  материгінің  жағаларындағы  шеткі  және  ішкі теңіздерді  атап  көрсету.

 

Қосымша  материал.  Тынық  мұхит, әлде  тыныш  мұхит?

 

Бекіту. Семантикалық  карта  толтыру.

Д.Ж.мұхит

бөліктері

мұхит

Теңіз

шығанақ

бұғаз

арал

Қара

Мексика

Тынық

Беринг

Мадагаскар

Гудзон

Атлант

Гренландия

Мозамбик

Баренц

 

 

           +

 

 

 

           +

          +

 

 

 

 

 

 

 

 

           +

 

           +

 

 

 

           +

 

 

 

            +

 

 

 

 

             +

 

 

 

 

           +

 

 

           +

 

 

Қорытындылау. «Керісінше  ойлау»  стратегиясы.

 

1.Егер  мұхит  сулары  болмаса  нендей  жағдай  болар  еді?

2. Егер  дүниежүзілік  мұхит  сулары  тұщы  суға  айналса  қандай  жағдай  болар  еді?

                                                                               (Оқушылар  ойын  тыңдау)

 

Үйге  тапсырма:       36 оқу.  «Мұхиттар»  кестесін  толтыру.

                                      Материк, мұхит, теңіз, арал, шығанақ, бұғаздарды  кескін  картаға  түсіру.

 

 

 

 

 

§40. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы

 

Не себепті теңіз суы ащы? Теңіз суын ішуге бола ма?

 

 

1. Мұхит суының температурасы. Су – жер бетіндегі жылу сыйымдылығы үлкен дене. Сондықтан да мұхитты «жылу қорының жинаушысы» деп атайды. Мұхит суы өте баяу жылынады және баяу суынады. Мұхит жаз бойы жылу жинап, қыста оны құрлыққа береді. Егерде мұхит суының ондай қасиеті болмаса, жер бетінің орташа температурасы қазіргіден 36°С төмен болар еді.

Судың жоғарғы қабаты 25–50 м, кейде тіпті 100 м-ге дейін толқындар мен ағыстардың арқасында жақсы араласып тұрады. Сондықтан ондай су біркелкі қызады. Мәселен, экватор маңында үстіңгі қабат суларының температурасы 28–29°С-қа жетеді. Тереңдеген сайын судың температурасы төмендейді. 1000 м тереңдікте арнаулы термометр тұрақты 2°–3°С-ты көрсетеді.

Сонымен қатар жалпы мұхит суының температурасы экватордан алыстаған сайын төмендейді (бұл немен байланысты?). Экватор маңында температура 28–30°С болса, полярлық аймақтарда – 1,8°С құрайды.

Мұхит суы – 2°С температурада қатады.

Судың температурасына маусымдық өзгерістер де әсерін тигізеді. Мәселен, қаңтар айында солтүстік жарты шарда судың температурасы төмен, ал оңтүстік жарты шарда жоғары (неліктен?). Ал шілде айында солтүстік жарты шарда судың температурасы көтеріледі де, оңтүстік жарты шарда, керісінше төмендейді (неліктен?).

Жалпы Дүниежүзілік мұхиттың беткі суларының орташа температурасы 17,5°С.

Мына кестеге қарап, мұхит суларының температурасын салыстырып, қорытынды шығарыңдар.

 

Мұхит

Судың орташа температурасы

1. Тынық мұхит

19,4°С

2. Үнді мұхиты

17,3°С

3. Атлант мұхиты

16,5°С

4. Солтүстік Мұзды мұхит

- 1°С

 

Мұхит түбіндегі жер қыртысының жарықтарынан оқтын-оқтын ыстық су шығып тұрады. Тынық мұхитының түбіндегі осындай бұлақтардың температурасы 350°–400°С-қа барады.

2. Мұхит суының тұздылығы. Мұхиттар мен теңіздердің суы тұзды және ішуге мүлдем жарамсыз. Әрбір литр теңіз суында орта есеппен 35 г тұз болады. Ал өзендер құятын теңіздердің суы онша тұзды болмайды. Оған Балтық теңізі мысал бола алады. Мұндағы тұздылық 1 литрге 2–5 г ғана.

Теңіздердің тұщы су аз қосылатын және булану күшті жүретін жерлерінде тұз мөлшері көбейеді. Мысалы, Қызыл теңіздің бір литр суындағы тұздың мөлшері 39–40 г-ға жетеді.

Еріген тұздардың 1 л судағы граммен алынған мөлшерін судың тұздылығы деп атайды.

Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі – промиллемен () өлшенеді. Мысалы, 20 1 л суда 20 г тұз бар деген сөз.

Мұхит суында жер бетіндегі заттардың бәрі еріген күйінде кездеседі, оның 4/5-ін өздеріңе белгілі ас тұзы құрайды. Мұхит суына хлор, магний, кальций, калий, фосфор, натрий, күкірт, бром, алюминий, мыс, күміс, алтын және т.б. араласады.

Мұхит бетінің орташа тұздылығы әр түрлі. Ең жоғарғы орташа тұздылық Атлант мұхитында 35,4, ал ең төменгі тұздылық – Солтүстік Мұзды мұхитта 32 .

Солтүстік Мұзды мұхиттың тұздылығының аз болуы, оған көптеген ірі-ірі суы мол өзендердің құюынан. Солтүстік Мұзды мұхиттың Азия жағалауында тұздылық тіпті 20 -ге дейін төмендейді. Сонымен қатар мұхит суының тұздылығы жауын-шашын мөлшеріне, айсбергтердің еруі мен судың булануына да байланысты.

Су құрамындағы еріген тұздар судың қатуына кедергі жасайды. Сондықтан судың тұздылығы жоғарылаған сайын, оның қату температурасы төмендейді.

Егер судың тұздылығы мен температурасы төмен болса, онда ол жерлерді мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхит оның айқын мысалы болып табылады.

 

 

1. Неліктен мұхитты жылу қорының жинаушысы дейді? 2. Мұхит суының орташа температурасы қандай? 3. Тереңдікке байланысты мұхит суының температурасы қалай өзгереді? 4. Экватор маңы мен полярлық аймақтағы мұхит суы температура сының айырмашылығы неге байланысты? 5. Жыл мезгілдерінің маусымдық өзгерісінің мұхит суы температурасына қандай әсері бар? 6. Мұхит суы қандай температурада қатады? 7. Мұхиттың орташа тұздылығы қанша? 8. Тұздылығы 32  нені білдіреді? 9. Судың тұздылығы қандай себептерге байланысты? 10*. Әдетте су 0°С-та қатады. Неліктен мұхит суының қату температурасы төмен болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2017 13049
    • DOCX 198.3 кбайт
    • 26 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Букенова Гульжанат Куанышбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 21085
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс повышения квалификации

Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 327 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе