Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Аяулы анашым" атты ертеңгілік

"Аяулы анашым" атты ертеңгілік

Скачать материал

Жүректің жылуын сыйлайыншы анама

Музыка залы әсем безендірілген, ұлдар өз орындарына барып тұрады.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер!

                     Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Халықаралық Әйелдер

                     күнімен құттықтаймыз!әрқашан деңдеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола

                     берсін дейміз!

Нұрмұхаммед: Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!

                           Сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

                           Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеміз!

                           Мерекелеріңіз құтты болсын!

Егор: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!

           От всей души поздравляем Вас с весенним праздником 8 Марта

           Желаем Вам здоровья, счастья и успехов во всем!

Жүргізуші: Ал енді қонақтар біздің қыздарымызды қарсы алыңыздар!

Осы кезде қыздар кіріп, өз жұптарын тауып биге дайындалады.

Би «Вальс»

Жүргізуші: Ал енді біздің балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарын тыңдайық.

Данил:

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Салтанат:

Бәйшешектен білеміз

Көктем келіп қалғанын

Мәз боламыз, күлеміз

Көрсек гүлін жарғанын

Бекзат:

Аппақ мамам, ақ мамам

Ақ мамам деп шаттанам

Түн ұйқыңды төрт бөліп

Бөпешім деп жатпаған

Ясмин:

Сегізінші наурыз келді тамаша

Тақпақ оқимыз таласа

Апам,анам той тойлап

Қуансын балаша

Максим:

От чистого сердца простыми словами

Давайте ребята потолкуем о маме

Мы любим ее как хорошего друга

Мы можем доверить ей сердце свое

И просто за то что наша мама

Мы крепко и нежно любим ее

 

Саялы:

Жүре берем қасында

Айбат анам, ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам

Радмил:

Отпустили холода

К нам пришла весна-красна

И не даром праздним мамин

Из весенних самый ранний

Жүргізуші:

Құтты болсын мереке

Болсын ырыс береке

Қол соғайық бәріміз

Құттықтайық әжені

Құттықтайық ананы

Жырдан маржан төгейік

Ән салайық, билейік.

Ән «Анашым»

Диалог

Амина: Мадина қарашы маған Әбілхан сақина сыйлады.

Мадина: Қойшы Амина сақина сыйлағанша, одан да неге би сыйламайды?

Амина: Әрине олардың биі де дайын

Екеуі бірге:Ендеше ортада жігіттердің орындауында би

Би «Шляпа» ұлдар билейді.

Жүргізуші: Рахмет жігіттер, қыздарға арнап өз өнерлеріңді тарту еттіңдер.

Ақ қар еріп, су көбейіп

Сай салада ағады

Бүршік шашып, жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады

Мал маңырап, төл жамырап

Жайлау малға толады

Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде

Жүргізуші: Балалар көктем қандай болады?

Балалар: Көктем жылы болады, бақтарда құстар сайрайды. Жер бетін жасыл шөп басады. Қар еріп, бәйшешектер гүлдейді.

Осы кезде көңілді әуенмен Көктем келеді.

Көктем:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Мына жерде мен туралы айтып жатқанын естіп қалдым сол үшін мен сендерге келіп қалдым.

Сендерге мен келіп қалдым,

Жылуымды алып келдім

Қарды ерітіп, жерді көгертіп

Жүректерге жақсы сезім,

Ақ тілектерін қондырайын деп келдім.

Жүргізуші: Жыл мезгілі Көктем қош келдіңіз! Төрлетіңіз Көктем сізге арнап біздің балаларымыздың тақпақтары, әндері мен билері бар. Көресіз бе?

Көктем: Әрине мен де сол үшін келдім ғой.

Тақпақтар

София:

Жақсы көрем күлкіңді

Айналайын ақ анам

Менің анам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам

Мансур:

Айналайын анашым

Асқар таудай панасың

Күн көзіңдей күлімдеп

Құшағыңа аласын

Полина:

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа

Султан:

Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құтты болсын анашым

Лена:

Спорить с вами не хочу

Вы мне так поверьте

Моя мама лучше всех

Лучше всех на свете

Айару:

 

 

 

 

Амина Ж.

 

 

 

 

Амира:

Сегізінші наурыз келді

Шаттық сезім ой келді

Қуанышты күні енді

Құттықтаймыз сіздерді

Көктем: Рахмет балалар аналарына арнап өте жақсы тақпақтар айтып бердіңдер. Ал маған арнаған қандай әндерін бар?

Ән «Көктем»

Диалог

Нұрмұхаммед: (галстугын дұрыстап) Әбілхан маған қарашы мен әдемімін бе?

Әбілхан: Ииии Нұрмұхаммед саған не болған?

Нұрмұхаммед: Не болушы еді қазір біздің қыздар Көктемге арнап өнер көрсетпекші

Әбілхан: ия өмір зымырап бара жатыр, ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара 

                 жатыр

Нұрмұхаммед:Ия.... (күрсініп)

Әбілхан: Иии.. Нұрмұхаммед күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз.

Екеуі бірге: Олай болса қыздарың орындауында «Гүлдер» биі.

Би «Гүлдер»

Жүргізуші: Қалай көктем саған біздің балаларымыздың өнерлері ұнады ма?

Көктем: Әрине маған қатты ұнады. Тақпақ та, ән де, би де бәрі болды. Тек қана ойын болмады. Сондықтан мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнаймыз ба, балалар?

Ойын: «Гүлдерді анамызбен бірге жинаймыз»

Көктем: Рахмет сендерге балалар менің енді кетуім керек, мені басқа да қалаларда күтіп жатыр. Сау болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші:

Жақсы көреді әжелері

Ойыншықтар да әпереді

Балабақашаға әкеледі

Жақсы қандай әжелері

Қариясы бар үйдің, қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Қазыналы әжелерімізге арналған ән, тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.

Айгерім:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын

Айтатын ән, беретін гүлім дайын

Әжетай сені жақсы көремін деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Дәрмен:

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Амина К:

Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне

Болат:

 

 

 

Жүргізуші: Ақ жаулықты әжелер, сіздер ән тыңдағанды ұнатасыздар ма?

Олай болса, балалар кәне барлығымыз тұрып әжелерімізге арнап ән айтайық

Ән «Әжем»

Жүргізуші:

Ал енді әжелер мен сіздерді немерелеріңзбен бірге ойын ойнауға ортаға шақырамын.

Ойын: «Кір жуамыз біз бірге»

Ойын ойналып болғаннан кейін залда Нұрмұхаммед жылап тұрады. Оны естіп, залға Күннің көзі кіреді. Қонақтармен амандасып, кімнің жылап тұрғанын сұрайды.

Күннің көзі: Балақай сен неге жылап тұрсың?

Нұрмұхаммед: Мен анамнан адасып қалдым, анамды таба алмай жатырмын

Күннің көзі: Сенің анаң қандай еді?

Нұрмұхаммед: Менің анам сұлу, алтын адам

Күннің көзі: Жүр мен сені анана апарайын. сен ананды тауып алғанда не айтасын?

Нұрмұхаммед: Мен оған арнап ән айтамын.

Күннің көзі мен Нұрмұхаммед анасын тауып алып, оған және барлық аналарға арнап ән айтады.

Ән «Менің анам алтын»

Күннің көзі: Жарайсың Нұрмұхаммед. Кәне сендермен бірге көңіл көтеріп ойын ойнайық

Ойын: «Сәулелерді жина»

Күннің көзі: Өте жақсы ал енді аналарымызға сыйлығымызды сыйлайтын кез келген сияқты.

Жүргізуші: Ия дұрыс айтасыз Күннің көзі

Бала үшін алаңдар

Әрқашанда аналар

Көктемнің алғаш сыйлығын

Сый құрметпен алыңдар деп балаларымыздың аналарына жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар

Осымен құрметті аналар, әжелер, әріптестер! Біздің балаларымыздың дайындаған мерекелік ертеңгілігі аяқталды. Келесі кездескенше сау сәлемет болайық. Сау болыңыздар! 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Аяулы анашым" атты ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 101 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2016 1224
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нугманова Ботагоз Тулеухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6717
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой