Инфоурок / Другое / Конспекты / "Қазақ поэзиясының хан тәңірі"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Қазақ поэзиясының хан тәңірі"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Қазақ поэзиясының хантәңірі»

Залға арнайы шақырылған қонақтар келіп жатқанда М. Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер ойнап тұрады.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар!

Ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай арналған «Қазақ поэзиясының хантәңірі» атты кітапханалық поэзия кешіне қош келдіңіздер!

«Қазақтың қара өлеңі - құдыретім»,

«Жырсыз өмір – мен үшін өмір емес,

Жырсыз өмір – мен үшін тозған бұйым» - деп жырлап өткен қазақтың ақиық ақынына арналған поэзия кешін ашуға рұқсат етіңіздер.

Жайласып жатыр ақырын,

Зал толы жырдың достары.

Тыңдамақ абзал ақынын,

Ардақты оның ел – жұрты.

Ақын ше? Ақын келмеді,

Бос күтті төрде бір орын.

Күмбірлеп залды кернеді

Сөз алып сонда жыры оның.

Бұл ақынның ақын туралы толғанысы еді. Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды. Біз де бүгінгі кеште сөз кезегін ақынның өлеңдері мен әндеріне берейік.

«Естеліктер» кітабындағы Нұрғиса Тілендиевтің мына бір айтқанын тыңдап көрелік: «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады.Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып жатқанда маған жіберген сол өлеңі «Есіңе мені алғайсың ». жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың ауыр бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым».

Олай болса құрметті қонақтар ақын өлеңінде өзі айтып, ескертіп кеткеніндей, ақынды бір минут еске алайық.

Музыкалық үзіліс. Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» өлеңі

Жүргізуші: Жыр – өмір. Ақын өмірі – жыр өмір. Ақын өмірбаяны – оның өлеңдері. Ол «Бала шақтан - болашаққа» дейінгі өмірдастанын поэзия тілімен өзі жазып қалдырып кеткен ақын. Мұқағали өзінің қысқа ғұмырында өзіне – өзі сенген... Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлар мен кең тынысты көркем дастандар – сол Сенімнің жемісі.

Өлі далам!

Мен сенің көкке ұшырған бозторғайың,

Шырылдап жерге түспей тұрып алам.

Немесе жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер – тұрманы,- деп кеткені мәлім.

Ақынның өмірбаянымен қысқаша таныстырып өту.

Раушан:Ақын өмірбаяны: Аты – жөні: Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

Туған жылы: 9 ақпан 1931 жыл.

Қайтыс болған жылы: 27 наурыз 1976 жыл.

Жеті атасы: Райымбек батырдың әкесі Түкенің ағасы Қойбастан – Менжі – Дәлі – Қамысбай – Мақатай – Сүлеймен – Мұқағали

Балдырған:Отбасы: інілері – Тоқтарбай, Көрпеш. Зайыбы Лашын Әзімжанқызы – ұстаз. Балалары Жұлдыз, Айбар атты екі ұл, Ләззат, Майгүл, Алма, Шолпан деген 4 қыз. Кейін Ләззат пен Майгүл қайтыс болған. Немере жиендері өсіп келеді. Анасы – Нағиман, тәрбие берген әжесі – Тиын.

Туған жері: Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы

Нұрсейіт: Білімі: 1948 жылы ауылдық орта мектепті үздік бітірген. Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі, тұрмыс жағдайымен аяқтамаған.1950 жылы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне, одан соң Қазақ мемлекеттік университетінің Заң факультетіне түседі.

Айбота: Еңбек жолы: оқушылық кезеңі 10 жастан бастап қой бағып, егін орып, кетпен шабумен өткен.Осы кезде өлең жаза бастайды. 1949 жылдан Шибұт ауылында ауылдық кеңес хатшысы, қызыл отау меңгерушісі әрі кітапханашы қызметтерін атқарған. 1954 жыл Қарасаздағы орта мектепте орыс тілінен сабақ береді.

1957 жылы Алматыда республикалық радиода диктор болып қызмет етеді. 1960-62 жылдары аудан орталығы Нарынқолда «Советтік шекара » газетінде жауапты хатшы болады.1962 жылы Алматыға қоныс аударып, «Социалистік Қазақстан » газетінде әдеби қызметкер болып істейді. Одан Жазушылар Одағында кеңесші, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Кітаптары: 1964 жылдан бастап 20-дан астам кітабы жарық көрді.Марапаттары : «Ғасыр адамы» деген атағы бар, «Аманат» жинағы үшін Мемлекеттік сыйлық алды.

Жүргізуші: «Қазақ жырының бір жылы» мақаласындағы поэзия туралы ой – толғауында Мұқағали былай деп жазады: «Поэзия – азабы мол ауыр жол» . Адам бар жерде поэзия бар. Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын алдымен сезініп,алдымен ләззаттанып,алдымен жеркенетін сол адам десек,ендеше поэзияның бүкіл болмысының өзі сол адамның ақыл-парасаты мен сезім-түйсігінен жаралған. Барлық табиғатымен өмірдің өзі тұнып тұрған поэзия дейміз, алайда сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз,танитын талант, сезетін сезім керек. Әр халық өзінің сезім дүниесінен енші бөліп, сеніп тапсырып, дүниеге өзінің сезімтал елшілерін жібереді. Оның аты-Ақын. Демек шынайы шын поэзия –адам сезімінің анатомиясы да,ақын соның зерттеушісі.Шынайы шын ақын –өз халқының шаттанса шаттығы мен қуанышы, жыласа,көкірек шері мен көзінің жасы» Ендігі кезекте ақынның өлеңдеріне кезек берейік

«Арыз жазып кетемін» орындайтын Ақбаян

«Пай –пай –өмір» орындайтын Айбота

Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев – бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақыны.Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған, сөздеріне жазылған әндерін тыңдамаған кісі жоқ. Тіпті күнделікті халық аузынан түспейтін, сазгер - әнші Оралхан Күшеровтың «Дариға, домбырамды берші маған», «Құмған алған» әндері сияқты өзге де тамаша әндердің сөзін жазған Мұқағали екенін біреу білсе, біреу білмейді. Олар халық сүйіп тыңдайтын әндер: «Сарыжайлау», «Сәби болғым келеді», «Ғашықпын», «Көгершіндер әні», «Қуанышыңмен!», «Наурыз айы туғанда».

Сал – сал жырым орындайтын Ақбаян

Ән «Орман дала» орындайтын Таяубай Ақбаян

Жүргізуші: Туған халқын, тілін, Отанын бақытты деп санаған ақын өз бақытын халыққа қызмет етуден тапқан. Ақынға халық деген ұғымның өзі де өмір деген сөз. Халқы бар болса адам қор болмайтындығын айтады. Екіншіден, ақын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап – ақ ананың ақ сүтімен бойға даритын тілдің құдыреттілігін айтады.Сондай – ақ «Бақытым бар үшінші – Отан деген». Неліктен... Мұқағали тағдыры қандай қиын белестер әкелсе де өз Отанынан түңіліп көрген емес. «Отан! Отан! Сен болмасаң не тер ем?...» деп жырлаумен өтті.

Жүрек арызы орындайтын Гүлсая

«Сарыжайлау» орындайтын Ақбаян + Гүлсая + Айбота

Жүргізуші: Ақынның әндері мен жырларынан басқа аудармалары , мақалалары, пьесалары және күнделігі артында өлмес мұра болып қалды. Мұқағали 43 жасында күнделігіне: «Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Мен өз жайымда мынаны айтам: мен ХХI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да...» деп жазған екен. Өмірінің соңына дейін өлең жазумен, адал өмір сүру үшін күресумен өткен. Иә, оның 45 жасы қазақ өлеңін шыңға көтерген белес.

«Фаризаға» орындайтын Балауса

«Қыз Жібек» орындайтын Гүлсая

Жыр азабынан «Жерұйығын» іздеген ақынын халқы түсінді. Халқының ақын «Аманатын» орындап, лайықты бағасын бергенінің айғағы – оның ғасырлар тоғысында «Ғасыр ақыны» аталғаны, 70 жылдық мерейтойына орай «Аманат» жинағына Мемлекеттік сыйлық берілгені, өлеңдерінің халық аузынан түспеуі.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің

... Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Поэзия» орындайтын Балдырған

Туады, туады әлі нағыз ақын орындайтын Нұрсейіт

М.Мақатаевтың «Дәрігерге» өлеңінен қойылым

Жүргізуші: Кезекті өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жетқан ақын өлеңдеріне берейік. Ақын армандағандай «Жырларының жалғасы» - бүгінгі күнгі жас Мұқағалилар ортамыздан шыға берсін, Мұқағали жыры жалғаса берсін!

Ерікті өлең оқу көрермендер арасынан (оқушылар, мұғалімдер орындауда)

Жүргізуші: Жалғанда жырды жалғыз бағы көрген,

Көзінің қарасы мен ағы көрген,

Күн сәулесін бойына көп сіңіріп,

Өз отына өртеніп, жанып өлген

Тірісінде сый көрмей қайран ақын,

Тек өлген соң атағын жайған ақын

Ежелден қазақтың бұл қасіреті

Бармағын тістеп кейін ойланатын

Әр жырында жатады жарқын ғалам,

Бір өлең жоқ қайығы қалтылдаған.

Төрт тұяғы тайпалған жорға кілең,

Астарына тысы сай алтындаған.

Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,

Өлеңдері жайсаң ғажап,

Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,

Қайта туған ұлыңды қарсы ал, қазақ!


Құрметті қонақтар! Осымен жыр Музасы – Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған кешіміз мәрәсіне жетті.

Сөз соңында, әрқашан ақынды еске алып, жырларын оқи жүрейік дей отырып, кешті «Поэзия» өлеңімен, «Туған өлке» әнімен аяқтаймыз


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-013282

Похожие материалы