Инфоурок Другое СтатьиҚазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында "Саралау стратегияларын" қолдану, тәжірибемен бөлісу

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында "Саралау стратегияларын" қолдану, тәжірибемен бөлісу

Скачать материал

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

«№13 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

 

 

 

 

 

 

Баяндама :

 

«Оқушылардың жеке қабілеттеріне және ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес саралау стратегиялары»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:  Зарлықханова   А.Н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Өскемен қ, 2019 жыл

 

       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру және әрбір адамға өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек делінген. Қазіргі қоғам өзінің іс–әрекетіне өзі басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет етеді. Ондай тұлғаларды оқытудың жаңа технологиялары нәтижесінде қалыптасатынын соңғы жылдардағы тәжірибелер көрсетіп отыр. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақ-тастық, түсіністік, сыйластыққа негізделуі оқушының ізденушілігін дамыту - қазіргі оқыту жүйесінің бағыт алатын өзекті мәселелері. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді десек, бұл педагогикалық ұстанымдар - білім беруді жаңартудың негізгі өзегі.

       Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ оқушылардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп оқушылар  үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деп айтқан екен.

       Өзіндік іс-тәжірибемде алдыма қойған мақсатқа жету үшін, оқушыны қызықтыратын, оның жеке тұлғалық қабілетін арттырып, шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыруға пайдасы тиетін ең тиімді әдіс - тәсілдерді таңдап, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыруды көздедім. Ең тиімдісін таңдағанда, басты назарда ұстағаным - оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы мақсатына жетуі. Қазіргі таңда мұғалім-ұйымдастырушы, бағыт беруші. Ғалымдар мен педагогтардың жаңашыл ізденістерімен танысып, білім беру технологияларының элементтерін өзіндік іс-тәжірибемде қолданып жүрмін.  Солардың ішінде оқу үрдісінде оқушының ықтимал мүмкіндігінің толық іске асуына, тұлғаның жан-жақты жалпы дамуына бағытталған Л.В Занков, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы». Сонымен қатар жеке тұлғаның іскерлік, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етіп, мұғалім мен оқушының ортақ нәтижелі табыстарына жетелейтін жеті модульдерді әр сабағымда жүзеге асырып келемін. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар  сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Оқушылар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады.

     Тынымсыз ізденіс, зерттеу, іс-әрекет өз нәтижесін бере бастайды. Үздіксіз әрекет, үзбей бірлесе оқу, ойлану, іздену, даму жақсы нәтиже береді. Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс стратегиясы төмендегі әрекеттерді орындауға әрекеттейді.

                                  

                                

                                       

                                  Сын тұрғысынан ойлау

- Ой әрекетін белсенді ету;
- Талқылауға қатысу;
- Идеялар мен мәліметтерді біріктіру;
- Ойлаудың салдарын ойға түйіп, сол салдарды өз жауапкершілігіне алу;
- Жеке өзгерісті жігерлендіру;
- Алдын-ала қалыптасқан сенімдерге жаңа мәлімет тәрізді ой жүгірту;
- Түрлі пікірлерге құрметпен жауап қайыру;
- Өздерінің сұрақтарын қою;
- Өз пікірлерін құрастырып білдіру;
- Сыни тұрғысынан және икемді ойлау;
(С.Мерсейтова. «Оқыту ізденіс ретінде» )

                        

                                      Әдіс- тәсілдер қолданылатын

«Галлереяға саяхат» әдісін қолдану кезінде берілген ақпарат бойынша өз елестетуін таныстыра білді. Өзгелердің пікірін тыңдады. Бір-біріне сұрақ қойып, ақпаратты тұжырымдады. Өзара талқылап, ақпарат жайлы түсінігін кеңейтті. Алған әсерін кескінге жазып, сынып қабырғасына ілді. Сыныптастары оны аралап оқып шығып, пікірін жазып кетті. Содан кейін топ болып қабырға газетіне жазылған пікірлерді талқылап, қорытынды жасады. Оқушылар тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындай білді. Оқушылар өздігінен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, талқыға салды, пікір алмасты, ой жарыстырды. Соңында әр оқушы өздерінің  ойларын қорытындылап, рефлексия жазды.

     7 модульдерді сабақта қолдануда негізінде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтар нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білу қабілеті, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама көрсеткіштерге жоғарылады.

Хат жазу- мәтінді, күйді тыңдай отырып. 5-5-1

                                       Оқылым стратегиялары

1. «Жылдам кездесу» стратегиясы (қарама- қарсы тұрып, бір- біріне сұрақ қояды, жауап алынған соң жұбын ауыстырады) топты жұптастырады, қарым қатынас жасатады, тілдік коммуникация. Пысықтау, бекіту, қорыту, рефлексия жасау кезңнде қолданылады.

2. «Ойланыңыз, жұптасыңыз,  бөлісіңіз»

 

 

3. «Піспеген модель» оқушыға алғашқы ақпарат береміз, оқушы оны жетілдіреді.

4. «Белсенді түрде модельдеу» ( оқушыларды топқа бөледі. Әр топқа бір тақырып бойынша 40-50 сөзден тұратын мәтін жазу керек (жексенбідегі демалыс, спорт), бірақ әр жол сайын ашық жол тастап кету керектігін ескертіп қою керек. Әр топ өздерінің сөйлемдерін жазып болғаннан соң сағат тілінің бағытымен келесі топтың мәтін жазылған қағазын алады, екінші топ постердегі ойды жалғастырады,үшінші топ бір сын есім қосады, төртінші топ бір сөйлемдегі шақты ауыстырады, постер өз иелеріне ауысып келеді, топ мүшелері оқиды. Стратегия идеясы- оқушыларды белсенді түрде жұмысқа жұмылдыру, қызығушылығын арттыру, дәлелдемелерді келтіру дағдыларын, оқу дағдыларын дамытады. Бастапқы ой жетіліп отыру керек. Ой жетілсе, тапсырма орындалған болып есептеледі)

5. «PEST» анализ «Ойланыңыз, жұптасыңыз, бөлісіңіз» деген стратегиямен қатар жүргізілді. 

Р- саяси, Е- экономикалық,  S-әлеуметтік,  Т- технологиялық (оқушыларды топтастырады,  өз ойларын білдіреді, дәлелдеуге жетелейді,)

6. Тілді үйренудегі «Табиғи тәсіл» сөзді қажеттілікті білдіру үшін қолдану

7 .Тілді үйренудегі «Физикалық тәсіл» белгілі бір сөзді нақты әрекетпен білдіру (қоян екі қолын басына қою, қарға екі қолын сермеу)

8. «Стоп кадр»

9 .«Белсенді оқушы қандай?» моделі (өздеріндегі жазылмаған басқалардың постеріндегі сөздерді анықтап өз постерлеріне жазулары керек. Кімде сөз көп болса, сол топ жеңімпаз болып табылады.)

10. «Кітап оқу кезіндегі саяхат» сызбасының бойында оқыған кітаптары туралы ақпарат жазады, содан соң келесі бір баламен өзара пікірімін бөліседі.

11. «Ақпараттағы толқылықтар» (мәтіннің ішінен сөз қалып қалса, сол сөзді анықтап, тиісті орнына қойғызамыз, мәтінді бірнеше бөлікке бөліп сыныптың ішіне іліп қоямыз,оқушылар қалып қалған бөлікті тауып тиісті орнына қою керек болады. )

12.  «Сен білесің бе?» (Карточкаға сұрақ оның астына жауабы жазылады. Оқушылар бір біріне барып карточкадағы сұрақты оқиды, жауабын естиді, қатесі болса, түзетеді, жауабын мүлде білмесе өзі айтып түсіндіреді.)

 

 

 

13. «Бір минуттық жаттығу» (қалпақтың ішіне сұрақтар жазылып қойған қағаз қиындылары болады, одан басқа оқушылардың есімдері жазылған

таяқша қолданылады. Оқушы сұраққа бір минуттың ішінде жауап беру керек болады )

14. «Қабырғадағы рөл» белгілі бір мәтіндегі кейіпкердің сұлбасын салғызамыз, сұлбаның ішіне мәтіннің ішіндегі кездескен фактілерді, іс әрекеттерді жазғызамыз. Ал сыртына осы кезге дейін байқамаған қасиетін, не білетінін, сұрақ туындаса сұрағын жазып қоямыз. Дайын жұмыстарды қарама қарсы іліп қойып, мұқият оқылым жасатамыз.

15. «Пікірлердің желісі» Жіптің екі басына екі адам тұрады.  Бір басы «Иә», екінші басын «Жоқ» деген пікірді білдіретіндігін түсіндіріп болған

соң «Қабырғадағы рөлде» кездескен талас тудыратын сұрақтың дұрыс не бұрыс жауабын анықтау үшін жіп бойына тұру керектігі түсіндіріледі. Ойды дәлелдеуге, жақтаушыларын көбейтуге алып келеді. 

                                 

16. «Маңызды аймақ» (шеңбер ішінде сұрақтардың жауаптары маңыздылық жағынан орналастырылуы керек. Дұрыс жауап немесе маңызды нәрсе болса ортасына жазылады, шындыққа жанаспаса, маңыздылығы онша болмаса, шеңбердің шетіне жазылады)

17.  «Графикалық органайзерлер», «Жалғыз құты», «Қос құты», «Венн» «Күрделендірілген», «Уақыт диаграммасы» (уақыт сызығы),«Оқиға картасы»(Тарих картасы), «Торлы диаграмма»(Радиальді диаграмма), «Себеп салдарлы диаграмма» (Балық сүйегі немесе Фишбоун), « Тоғыз гауһар».
Болжау әдісі екінші тіл үйренушілерінің терең ойлы оқырман болуына себепкер болатын оқылым дағдысының ең маңызды стратегияларының бірі болып табылады. Болжау стратегиясы кез келген оқылымның қиындығын оқушының сезінбей игеруіне көмектеседі және жаппай сынып болып білім алуды ұйымдастырады.

                                             Жапондық бағалау

 

                                                    

 

Өзіңді бағала:

Бүгінгі сабақтан не түсіндіңіз?

Батыр туралы мәлімет алдым

Бүгінгі түсінігіңізді қаншаға бағалар едіңіз?

Жақсы

Осы бағаны неліктен таңдадыңыз?

Әлі ойымды толық қорыта алғаным жоқ

       Бағалау парақтарын толтырар алдында оқушыларға шыншыл болуға, және нағыз ойындағы әділ бағаны қоюға шақырды, және олар жазып жатырғанда өзінің оқушыларды бағалау қағаздарын толтырып отырды. Өйткені мұғалім оқушылар бағаны өздерінің сыни көзқарастарымен бергенін және өздерінің нақтылы ой–пікірлерін бергенін қалады. Енді «жұбыңды бағала» қиындылары тарқатылды.

Жұбыңды бағала:

Жұбыңның түсінігін қаншаға бағалар едіңіз?

Орташа

Осы бағаны неліктен таңдадыңыз?

Жаңа сабаққа қатысты сұрақтарға толық жауап бере алмады. Тыныш отыра алмады.

 

 

   Сабақ ұнады ма?

   Несімен ұнады?

Ұнады. Бірігіп жұмыс жасағанымыз және ойымызды ортаға салғанымыз ұнады.

   Тапсырма кезінде қиындықтар болды ма?

Жоқ. Себебі, аналар туралы өлең, әңгімелерді көптеп оқитынмын.

   Бүгінгі көңіл-күйіңіз қандай?

Өте тамаша. Тобымызбен сұраққа, тапсырмаға қызу кірісіп, берілген тапсырманы қорғап шықтық.

 

 

 

 

 

 

 

                                              Өзіңді бағала:

Бүгінгі сабақтан не түсіндіңіз?

Батыр туралы мәлімет алдым

Бүгінгі түсінігіңізді қаншаға бағалар едіңіз?

Жақсы

Осы бағаны неліктен таңдадыңыз?

Әлі ойымды толық қорыта алғаным жоқ

 

 

                                            Жұбыңды бағала:

Жұбыңның түсінігін қаншаға бағалар едіңіз?

Орташа

Осы бағаны неліктен таңдадыңыз?

Жаңа сабаққа қатысты сұрақтарға толық жауап бере алмады. Тыныш отыра алмады.

 

Аты- жөні

Өзінің бағасы

Жұбының қойған бағасы

Мұғалімнің қойған бағасы

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

   Сабақ ұнады ма?

   Несімен ұнады?

Ұнады. Бірігіп жұмыс жасағанымыз және ойымызды ортаға салғанымыз ұнады.

   Тапсырма кезінде қиындықтар болды ма?

Жоқ. Себебі, аналар туралы өлең, әңгімелерді көптеп оқитынмын.

   Бүгінгі көңіл-күйіңіз қандай?

Өте тамаша. Тобымызбен сұраққа, тапсырмаға қызу кірісіп, берілген тапсырманы қорғап шықтық.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында "Саралау стратегияларын" қолдану, тәжірибемен бөлісу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Баяндама «Оқушылардың жеке қабілеттеріне және ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес саралау стратегиялары». Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Баяндамада саралау стратегиялары және бағалау түрлері жүйеленген. Әдіс- тәсілдер тіл мен әдебиет пәндерінде қолдануға тиімді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 761 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2019 2648
    • DOCX 373.8 кбайт
    • 30 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зарлықханова Ақерке Нұртасқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2713
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек