Инфоурок Другое ПрезентацииҚазақ тілі сайыс сабақ

Қазақ тілі сайыс сабақ

Скачать материал

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара  ауданы, «Сырдария» орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 Күні: 10.02.2017ж.                   Сыныбы: 5 «А»,5 «Ә», «Б» оқушылары

    Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша сайыс сабақ

Пән мұғалімі: Каримбаева Айсұлу.

Сабақтың тақырыбы:  «Қызықты қазақ тілі әлемі»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: кеспе қағаздар,нақыл сөздер.
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Қызықты қазақ тілі әлемі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз Б
-оқушылардың сайысқа дайындалу кезінде олардың ізденімпаздығы, шығармашылық қабілеті артып, практикалық дағдысы дамиды. Оқушылар білімдерін шыңдайды. Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады, олар:
1. Таныстыру, сәлемдесу.
2. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі пәні бойынша)
3. "Жеті жұрттың тілін біл"Жұмбақтар шешу.
4. "Ойлы болсаң, озып көр"(әдебиет пәні бойынша)
5. "Тапқыр болсаң, тауып көр" Мақал –мәтелдер жалғастыру.
6. "Кім көп сөз біледі?»
Сайысқа 5 сынып оқушылары қатысады.
"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.

I кезең. Таныстыру, сәлемдесу.
II кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)
Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың екінші кезеңіне өтейік.
Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру.
Осы кезеңнің қорытындысы бойынша үш топтың ұпай саны саналады.
І топ сұрақтары.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? (9)
2. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
3. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көнерген сөздер)
4. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
5. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім?(Ахмет Байтұрсынов)
6. «Қас пен көздің арасында» сөздің мағынасы (Тез)
7. Мағыналары бір-біріне жақын ,айтылуы басқа сөздер (синоним)
8. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
9. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)
10. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)

ІІ топ сұрақтары.
1. Басқа тілден енген сөздер (кірме)
2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)
3. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)
4. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)
5. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
6. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....
7. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)
8. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)

9.Бірде жуан, бірде жіңішке айтылатын дыбыс (У)

10. 22 наурыз қандай мереке? (Ұлттық мереке)

ІІІ топтың сұрақтары

1. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)

2.Лексика нені зерттейді? ( Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығын зерттейтін сала)

3.Синоним дегеніміз не? (Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер)

4.Ғылым,техника,өндіріс және т.б.саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер (Термин сөздер)

5.Көнерген сөздер нешеге бөлінеді? (2)

6.Белгілі бір шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер ( Кәсіби сөздер)

7.Бармағын шайнау сөзінің мағынасы қандай?(Өкіну)
8. Сөздің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
9. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)
10. Дауысты тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан,жіңішке)

3 кезең

 "Жеті жұрттың тілін біл"
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар
жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушылардан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1.
Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе қабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамайсың түгін де. (желім-клей-paste)
2. Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз-учитель-teacher)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - word)
9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)

11.Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп. (Тақта,доска,blackboard)12.Бір санға өсірді,

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді.

                                   (Сынып,класс,classroom)

4 кезең  «Ойлы болсаң озып көр»

(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтайды және қандай салт дәстүр қолданған)

 

    - Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)
    - Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).
- Алтынмен ішін безеген,
Сырты күміс ақ отау
Келістіріп түзеген
Арттыруға сайланды.
Қырық түйе қазына ,
Қырық құл мен қырық күң,
Қосып берді қызына.
Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?( «Ер Төстік» ертегісі, жасау беру)
Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Үйіне алып келіп қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп,
Кім деп ол баланың несін қойды?
Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?( «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу).
Өлім деген тәңірі иесі,
Желіккен құлан әңгісі.
Құлан мен тұлпар желіккен,
Жосыған құлан желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп,
Жұлмалап жалмап кетіпті.
Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?

 («Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы,естірту)

 «Уа, бір туған бауырлар,сабыр етіңдер!-дейді ақ шашты Ана.-Сабыр етіңдер! Көздің жасы  ажалға араша тұрар болса,жер бетіндегі өзен мен көл теңіз бен мұхит атаулы әлдеқашан арманда кеткен боздақтар болып алдыңнан шығар еді.

(Ақселеу Сейдімбеков.Сабырға шақыру.)

 

Көп тыңдай біл,сөздерді таңдай біл,

Ізгі ойларды әр жүрекке жалғай біл, -демекші,

 көркем ойды тобықтай түйінді сөзбен жеткізетін  уақыт келсе керек.

Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып,мақалды жалғастыру.

5 кезең

І топқа

1.Тіл тас жарады, тас жармаса...( бас жарады).

2.Бал тамған тілден...(у тамған)

3.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты...(у тамған)

4.Жақсы сөз-...(жарым ырыс)

5.Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)

6.Шебердің қолы ортақ,шешеннің...(тілі ортақ)

7.Тілге құрмет-...(елге құрмет)

ІІ топқа

1.Жақсы байқап сөйлер,жаман ...(шайқап сөйлер).

2.Бас кеспек болса да,..(тіл кеспек жоқ).

3.Дәлел сөз...(желмен тең).

4.Тіл қылыштан...(өткір).

5.Піл көтермегенді,...(тіл көтереді).

6.Тілден артық...(қазына жоқ)

7.Білім кілті-...(тіл).

ІІІ топқа.

1.Ана сүті бой өсіреді,Ана тілі...(ой өсіреді).

2.Жыланның уы тісінде,Адамның уы ...(тілінде).

3.Ең ащы да тіл,ең...(тәтті де тіл).

4.Өнер алды-...(қызыл тіл)

5.Айтылған сөз-...(атылған оқ).

6.Жылы-жылы сөйлесең,жылан...(інінен шығады).

7.Басқа бәле-...( тілден)

1.Ана сүті бой өсіреді,Ана тілі (ой өсіреді)

2.Жыланның уы тісінде,адамның уы...(тілінде)

3.Ең ащы да тіл,ең...(тәтті де тіл).

4.Өнер алды-...(қызыл тіл).

5.Айтылған сөз-...(атылған оқ)

6.Жылы-жылы сөйлесең,жылан...(інінен шығады).

7.Басқа пәле-...(тілден).

4 кезең.

«Кім көп сөз біледі?» Бұл кезеңде әрбір топ басшысы шығып берілген уақыт аралығында

(1 минут) берілген сөздегі әріптерінен сөздерді құрастырады.

Берілетін сөз: «Қанағат»

Қорытындылау:

 Сайыс сабақ соңы оқушылардың ұпай сандары саналу арқылы есептеліп қорытындыланады. Әділқазы алқалары өз бағаларын береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі сайыс сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 327 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2017 2827
    • DOCX 26.9 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каримбаева Айсулу Жаксыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каримбаева Айсулу Жаксыбаевна
    Каримбаева Айсулу Жаксыбаевна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18422
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой