Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Қазақ тілі пәнінен "Септік жалғаулары" тақырыбына жаттығулар жинағы
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Қазақ тілі пәнінен "Септік жалғаулары" тақырыбына жаттығулар жинағы

библиотека
материалов





СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ



ЖАТТЫҒУЛАР ЖИНАҒЫ






































МАЗМҰНЫ


Кіріспе.............................................................................................................. 4

Түсінік хат....................................................................................................... 5

Атау септік....................................................................................................... 6

Ілік септік......................................................................................................... 7

Барыс септік.................................................................................................... 9

Табыс септік.................................................................................................. 11

Жатыс септік................................................................................................. 13

Шығыс септік................................................................................................ 14

Көмектес септік............................................................................................. 16

Септік жалғауларын қайталау..................................................................... 17

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................... 20
































КІРІСПЕ


Оқушылардың танымдық іс-әрекеттері мен іскерліктерін арттыратын негізгі фактор – қызығушылық, яғни өзге тілді оқушының бойына қазақ тілін үйренуге деген арнайы белсенділіктің болуы.

Белгілі психолог Л.С.Рубинштейн өз зерттеулерінде «...қандай болмасын бейімділікті қалыптастыру үшін, іс-әрекеттің белгілі бір түріне байланысты өмірлік қажеттілік туғызу керек...» деп жазды.

Оқушыға ең алдымен қазақ тілі пәнінің оның өмірінде қаншалықты қажет екенін сезіндіру керек.

Қазақ тілі – оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті тұрмыста қажетіне жарайтындай, білім бере алатындай аса білікті пәндердің бірі, мемлекеттік тіл.

Қазіргі заман талабына сай білім беруді реформалаудың міндеті – оқыту үрдісінің нақты практикалық мақсаттарға бағытталуына қол жеткізу. Жаңа бағдарламаларда маңызды дағдылардың қалыптасуына көңіл бөлінеді.

Қазақ тілін оқытуда біздің меңгертетініміз – сөз, сөз тіркестері, сөйлем және мәтін. Кез келген сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы бар. Сөйлесу үшін сөздің тек қана лексикалық мағынасын ғана емес, грамматикалық категорияларын да білу керек.

Септік жалғау сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Септік жалғаулары арқылы есімдер (сөздер) сөйлемдегі етістіктермен де, шылаулармен де, олардан басқа сөздермен де, тіпті өзді-өзі де қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан септік жалғауларын жетік меңгерудің, оларды сөйлеуде дұрыс қолдана білудің оқушылар үшін маңызы зор. Септік жалғауларын танып-білусіз сауатты жазамын, сөйлеймін деу мүмкін болмас. Жаттығу жұмыстарын жүргізудегі дидактикалық міндеттердің бірі осымен байланысты болып табылады. «Септік жалғаулары» тақырыбы бойынша оқушының теориялық білімін іс жүзінде – жаттығуларды орындауда қолдануға дағдыландырады, оның тілді үйренуде өз қабілетін жан-жақты дамытуына жағдай жасайды. Сонымен қатар жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, пән мұғалімі әр оқушының септік жалғауларын қалай меңгергенін, қандай кемшіліктері бар екенін анықтап, сол бойынша жұмыс бағыттарын белгілей алады.

Жоғарыда айтылған жағдайды ескеріп, қолыңыздағы «Септік жалғаулары» жаттығулар жинағын көмекші құрал ретінде ұсынып отырмын. Өз жұмысында бұл құралды пайдаланатын әріптестеріме ризашылығымды білдіремін. Қазақ тілін оқытуда үлкен табыстарға, алдарыңызға қойған мақсаттарға әрқашанда жете беруге тілектеспін.

ТҮСІНІК ХАТ


Ұсынылып отырған жаттығулар жинағы оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдеріне арналған.


Жаттығулар жинағының мақсаты:

  • оқушыларға септік жалғауларын жетік меңгерту;

  • практикада септік жалғауларын дұрыс пайдалануға жаттықтыру;

  • оқушылардың қазақша түсінікті сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;

  • тіл мәдениетін дамыту;

  • мұғалімдерге қазақ тілі сабақтарында септік жалғауларын оқытуда жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектесу;

  • әр оқушының септік жалғауларын қалай меңгергенін, қандай кемшіліктері бар екенін анықтауға мүмкіндік беру.


Көмекші құралдағы тапсырмалар айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім әрекеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

Жаттығулар жинағы өзара белгілі бір жүйемен құрастырылған. Әр септікке арналған жеті бөлімнен тұрады. Артынан септік жалғауларын қайталауға арналған тапсырмалар берілген.



























АТАУ СЕПТІК


1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Сөздерге сұрақ қой.


1. ... соғылды. 2. Сыныпқа ... кірді. 3. Бірінші ... басталды. 4. ... мұғалімнің сұрақтарына жауап берді. 5. Тақтаға ... шықты.


Керекті сөздер: оқушылар, сабақ, қоңырау, Әлия, мұғалім.


2-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Оларға сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын анықта.


Гималай – дүние жүзіндегі ең биік тау. Жер шарындағы ең суы ащы теңіз – Қызыл теңіз. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен – Ніл өзені. Ең биікке көтерілетін ыстық су – Тлан қайнары.

Абай – қазақтың ұлы ақыны. Оның шығармалары шетелдің 60 тіліне аударылды. Атақты жазушы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романын жазды.


3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Оған ат қой. Атау септікте тұрған сөздерді теріп жаз.


Біздің сынып екінші қабатта. Сыныпта он бес парта бар. Алда кішкене устел, оның қасында орындық тұр. Онда мұғалім отырады. Алдыңғы қабырғада үлкен жасыл тақта ілулі тұр. Тақтада бор және шүберек жатыр. Сыныпта үш терезе бар. Терезенің алдында әдемі гүлдер тұр. Кезекшілер сыныпты таза ұстайды.


4-жаттығу. Атау септікте түрған сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастыр.


Қалам, балалар, мысық, үй, асхана, дос, күн.


5-жаттығу. Сөздерді топқа бөліп үлгі бойынша жаз.

Үлгі: Кітап, дәптер, күнделік, қалам, сызғыш – оқу құралдары.


Алматы, жаз, ата, жексенбі, жұма, ірімшік, күз, Көкшетау, сүт,

Қарағанды, іні, әже, дүйсенбі, көктем, Ақтөбе, қаймақ, қыс, сәрсенбі, аға, шұжық.


6-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жаз. Атау септікте тұрған сөздерді тауып, астын сыз.


1. Көп сөз – көмір,

Аз сөз – алтын.

2. Өтірік деген дұшпан бар,

Отқа сүйреп салады.

3. Кітап – алтын қазына.

4. Мектеп – кеме,

Білім – теңіз.

5. Мың жолдас жақсы,

Мың жолдастан бір дос жақсы.


7-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мазмұны бойынша сұрақтарға жазбаша жауап бер.


Біздің ауылдың қасында кішкене көл бар. Жазда балалар көлге барады, суға шомылады. Ұлдар балық аулайды. Көлде балық көп. Көлдің жағасында ағаштар өседі. Қыздар ағаштың көлеңкесінде демалады. Көлдің жағасы көңілді.


  1. Ауылдың қасында не бар?

  2. Жазда кімдер көлге барады?

  3. Көлде не көп?

  4. Кімдер балық аулайды?

  5. Көлдің жағасында нелер өседі?

  6. Ағаштың көлеңкесінде кімдер демалады?


8-жаттығу. Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.


1. Мен (о Родине) көп мақал-мәтел білемін. 2. Ыбырай Алтынсарин (для детей) мектептер ашты. 3. Астана қаласы (с каждым днем) өркендеп келеді. 4. Дина мен Гүлнұр (по телефону) сөйлесті.


hello_html_645808b7.gifради, для үшін

по, через, при помощи арқылы

еже-, каждый сайын

о, про, насчет туралы, жөнінде







ІЛІК СЕПТІК


1-жаттығу. Көп нүктенің орнына ілік септік жалғауларының тиістісін қойып, сөз тіркестерін көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой.


Мұрат... кітабы, Абай... әндері, күз... ортасы, Кавказ... таулары, бұғы... терісі, Әсет... ауылы, өзен... суы, балық... майы, Асылбек... қарындасы, Ербол... дәптері, халық... мүлкі, әже... қолы, Айдар... досы, мұғалім... тапсырмасы, бөлме... терезесі.


2-жаттығу. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастыр.


Оhello_html_m54e136e9.gifмардың сыныпта

Біздің ішінде

Директордың бұрышында

Мектептің сыртында

7-сыныптың кабинетінде

Көшенің оқушылары

Шкафтың інісі


3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Ілік септікте тұрған сөздерді теріп жаз. Олар қай сұраққа жауап береді?


Ұлықбек – Орта Азияны билеген Ақсақ Темірдің немересі. Ұлықбек астрономия, жаратылыстану ғылымдарын сүйген. Ұлықбектің әкесі Шахрухтың бай кітапханасы болған. Онда Платонның, Аристотельдің, Птолемейдің, Грек, Шығыс ғалымдарының еңбектері болған. Ұлықбек кітапты көп оқыған. Үлкен ғалым болған. Ол Самарқанд қаласында үлкен обсерватория ашты.

Ұлықбек астрономдар мен географтар үшін өзінің «Зиджи Гургани» деген үлкен ғылыми еңбегін қалдырды.


4-жаттығу. Иелік формада тұрған сөздерді ілік септікке қой. Сөздердің орын тәртібі қалай өзгереді?


1. Мына дәптер Асқардікі. 2. Пальто Алманікі. 3. Мына сынып біздікі. 4. Сумка Жанаттікі. 5. Егіс ауылдікі. 6. Орамал әжемдікі. 7. Мына қалам кімдікі? 8. Кітап кітапхананікі. 9. Өлең Әсеттікі.


5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Ілік септікте тұрған сөздерге сұрақ қой.


Аңшының қаруы ... . Қасқырдың күшігі ... . Сәлімнің інісі ... . Үйдің терезесі ... . Түйенің төлі ... . Алманың дәмі ... . Сүттің түсі ... . Күннің көзі ... .


Керекті сөздер: бота, үлкен, мылтық, тәтті, жарық, бөлтірік, Аман, ақ.


6-жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.


1. Брат Ораза живет в Астане. 2. Цирк находится в центре города. 3. Сегодня день рождения моей бабушки. 4. Мама Кайрата работает в больнице. 5. Наш класс очень дружный. 6. Это дом моего друга. 7. Тетрадь Толеша лежит на парте.


7-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Оларға сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын анықта.

Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматы қаласы. Алматыда ескерткіштер көп. Қалада Ұлттық Ғылым Академиясы және оның бірнеше ғылыми институттары бар. Академияның үйі қаланың ортасында, оның алдында Ш.Уәлихановтың ескерткіші тұр. Опера және балет театрының шығыс жағында М.Әуезовтің ескерткіші, батыс жағында Жамбылдың ескерткіші бар.


8-жаттығу. Оң жақ бағандағы сөздерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.


Мhello_html_mb689f5b.gifынау кімнің бөлмесі? Алмастікі

Қара күртеше кімдікі? көлдің

Журнал кімнің үстелінде жатыр? мектептің

Ненің суы таза? Айгүлдікі

Аулада кімнің машинасы тұр? анамның

Мына кітап кімдікі? Абайдың

Ненің алдында спорт алаңы бар? мұғалімнің

Бұл кімнің өлеңі? әкемнің






БАРЫС СЕПТІК


1-жаттығу. Сөздерді барыс септікке қойып, сөйлем құрастыр.


Кhello_html_m4d104c53.gifімге? - Сіз...

олар...

hello_html_40ce3d4c.gifhello_html_10231386.gifhello_html_1212417e.gifатам... айтамын

Ахмет...

hello_html_m79dc8748.gifАлмас...


Қhello_html_347ae176.gifайда? - Ауыл...

hello_html_6aa89c71.gifмектеп...

hello_html_m2823cef2.gifhello_html_34195a65.gifhello_html_m4cddfa4e.gifүй... барды

мұражай...

саябақ...


2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Барыс септікте тұрған сөздерге сұрақ қой.


1. Сен ... жазасың. 2. Сіз ертең ... барасыз ба? 3. Жазда біздің ... көп жастар келеді. 4. Мұғалім ... тапсырма берді. 5. Қысқы демалыста балалар ... барады. 6. Мен ... көмектестім. 7. Келесі жылы біз жетінші ... көшеміз. 8. Олжас ... хат жазды.


Керекті сөздер: Астанаға, сыныпқа, дәптерге, әжеме, ауылға, досына, жұмысқа, оқушыларға.


3-жаттығу. Тақпақты түсініп оқы. Барыс септікте тұрған сөздерді теріп жаз. Олар қай сұраққа жауап береді?


Аюға – қонжығы, Биеге – құлыны,

Құланға – қодығы, Түйеге – ботасы,

Аққуға – көгілдірі, Қоянға – көжегі,

Қасқырға – бөлтірігі, Анаға – бөбегі

Киікке – құралайы, Бәрінен сымбатты,

Елікке – лағы, Бәрінен қымбатты.


4-жаттығу. Берілген зат есімдерді барыс септікке қойып жаз.


Қала, өзен, ағаш, қағаз, кітап, сурет, тау, терезе, етік, аяқ.


5-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жаз. Барыс септікте тұрған сөздердің астын сыз.


  1. Еңбекшіге әр күн сәт,

Еңбексізге бір күн сәт.

  1. Жалқауға күнде той.

  2. Біткен іске сыншы көп,

Піскен асқа жеуші көп.

  1. Тілге құрмет – елге құрмет.

  2. Жауға жалынба,

Досқа тарылма.


6-жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.


1. Ты сегодня пойдешь в библиотеку? 2. Самат дал корове сена, собаке – воды. 3. Учитель вошел в класс. 4. В выходной день мы ездили в зоопарк. 5. Дети пришли в школу. 6. Айдос пошел к врачу. 7. Марат посмотрел на рисунок.


7-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Оларға сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын анықта.


Оқушылар жазғы демалысқа шықты. Айман мен Қанат ауылға келді. Олар өзенге барып суға шомылды, балық аулады, күнге қыздырынды. Айман әжесіне, Қанат атасына көмектесті. Әже балаларға қымыз ішкізді.


8-жаттығу. Көп нүктенің орнына барыс септік жалғауларының тиістісін қойып, сөз тіркестерін көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой.


Анам... сыйлық, тақта... жаз, қонақ... шақыру, Астана... саяхат, үстел... қой, ат... мінді, достарым... сәлем, үлкендер... құрмет, қыс... дайындық, ғарыш... ұшу, ата- аналар... көмек.


9-жаттығу. Сөздерді қазақ тіліне аудар. Сұрақ қой.


Дhello_html_347ae176.gifhello_html_25830eeb.gifhello_html_m441d7c7e.gifо больницы, до дома, до детского сада, до урока, до автобуса, до вечера, до собрания, до магазина, до пятницы.






ТАБЫС СЕПТІК


1-жаттығу. Көп нүктенің орнына табыс септік жалғау-ларының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой.


1. Арман бұл тапсырма... орындады. 2. Кітапхана кітап... оқуға үйге береді. 3. Мұғалім Әбіш... тақтаға шақырды. 4. Әжем май..., қаймақ..., сүт... базардан сатып алады. 5. Досан қағаз... қайшымен кесті. 6. Мен туған күніме достарым... шақырамын.

7. Табиғат... қорғау керек.


2-жаттығу. Оң жақ бағандағы сөздердің тиістісін көп нүктенің орнына қойып жаз.


Мhello_html_m54e136e9.gifенің інім ... жақсы көреді. кітабың...

... комбайнмен орады. еден...

... сүттен ұйытады. ойыншық...

Маған ... ертеңге дейін берші. үлкен...

... жыртпай, таза ұста. қолың...

Галя ... жуды. егін...

Өзіңнен ... сыйла. айран...

... сабынмен жу. оқулық...


3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Табыс септікте тұрған сөздерді теріп жаз. Олардың емлесін түсіндір.


Оқушылар сенбілікке шықты. Олар мектеп ауласын сыпырды, қоқыс жинады. Жетінші сынып оқушылары мектеп алдына ағаш екті. Ұлдар шұңқыр қазды, шұңқырларға жас шыбықтарды отырғызды. Қыздар шелекпен су тасып, отырғызған ағаштарды суарды.


4-жаттығу. Сөздерді табыс септікке қойып, сөйлем құрастыр.



Кhello_html_m6c613c35.gifімді? - мұғалім...

hello_html_56b76667.gifСәуле...

hello_html_19090a61.gifhello_html_m3ad3db86.gifhello_html_m9534073.gifАйнаш... көрдім

Әсет...

Әмір...


Нhello_html_m79dc8748.gifhello_html_m2823cef2.gifhello_html_1163b303.gifені? - аңыз...

hello_html_m4e8b0a4d.gifкітап...

hello_html_m9534073.gifhello_html_5fc34490.gifhello_html_28067d84.gifмақала... оқыды

әңгіме...

өлең...


5-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жаз. Табыс септікте тұрған сөздердің астын сыз.


  1. Көк алманы үзбе,

Өзі үзілер күзде.

  1. Қыста малыңды бақ,

Жазда шөбіңді шап.

  1. Еңбек ептілікті сүйеді.

  2. Әкені көріп ұл өсер,

Ананы көріп қыз өсер

  1. Алмасты алмас кеседі.


6-жаттығу. Берілген сөздерді табыс септікке қойып жаз.


Газет, қобыз, жолдасы, әкең, жидек, дәптерім, үйі, киім, бала, сабақ, жаттығу, шөп, айран, үстел, бөлме, ұн, тақта.


7-жаттығу. Жақшадағы есімдіктерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.


1. Мен (его) көптен бері білемін. 2. (Меня) мұқият тыңда. 3. Сіз (их) көрдіңіз бе? 4. Марат кеше (тебя) күтті. 5. Мен (Вас) өте сыйлаймын. 6. Олар (нас) жақсы қарсы алды. 7. Жаттықтырушы (вас) күресуге үйретеді.


8-жаттығу. Сұрақтарға жауап бер. Табыс септік жалғауларын белгіле.


Бие сүтінен нені ұйытады? Мектепке нелерді әкелді? Айман нені поштамен жіберді? Олжас нені жаттады? Жаңа жыл мерекесіне балалар кімді асыға күтеді? Айгүл нені ашты? Мұғалім кімдерді жиналысқа шақырды?


Керекті сөздер: Аяз Атаны, өлеңді, хатты, ата-аналарды, қымызды, компьютерлерді, терезені.


ЖАТЫС СЕПТІК


1-жаттығу. Берілген сөздерді жатыс септікке қойып жаз.


Дүкен, жаз, орындық, өзен, қала, көше, бесік, табақ, көктем, мектеп, демалыс, саяжай, сурет, шеберхана, ағаш, ет.


2-жаттығу. Көп нүктенің орнына жатыс септік жалғау-ларының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой.


1. Түн... жаңбыр жауды. 2. Үзіліс... біз далаға шықтық. 3. Үй... үш кісі отыр. 4. Кеме теңіз... жүзеді. 5. Аян дәрігердің қабылдауы... отыр. 6. Бақша... қауын, қарбыз өседі. 7. Бұл дүкен... азық-түлік сатылады. 8. Қыс... мен шаңғы тебемін. 9. Кеше біз кинотеатр... болдық. 10. Бала бесік... жатыр. 11. Демалыс... оқушылар Түркістанға барып келді. 12. Есболдың апасы кітапхана... жұмыс істейді.


3-жаттығу. Сұрақтарға жауап бер. Жауаптарын дәптерге жаз. Жатыс септікте тұрған сөздерді тап. Жалғауларын белгіле.


- Бір жылда неше ай бар?

- Жылдың бір мезгілінде неше ай бар?

- Сен жылдың қай мезгілінде тудың?

- Бір айда неше апта бар?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бір тәулікте неше сағат бар?

- Бір сағатта неше минут бар?

- Мектепте бірінші сабақ сағат нешеде басталады?


4-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Жатыс септікте тұрған сөздерді теріп жаз. Жалғауларын белгілеп, емлесін түсіндір.


Біздің институтта спорт залы бар. Ол бірінші қабатта орналас-қан. Спорт залының оң жағында киім ілгіш, сол жақ қабырғада басқыштар бар. Есікте сабақ кестесі ілулі тұр. Есіктің қасында үстел тұр. Үстелде журналдар, кітаптар жатыр. Спорт залының ортасында түрлі спорттық бұйымдар бар. Сәрсенбі күні сағат сегізде біздегі дене шынықтыру сабағы спорт залда өтеді.


5-жаттығу. Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.


(На нашей улице) кітап дүкені бар. (В магазине) үш бөлім бар. (В первом отделе) көркем әдебиеті сатылады. Онда (на казахском, русском и английском языках) жазылған кітаптар бар. (Во втором отделе) әр түрлі оқулықтар, анықтамалар, сөздіктерді сатып алуға болады. Үшінші бөлім (на втором этаже) орналасқан. Бұл жерде балаларға арналған кітаптар сатылады. Саша екеуіміз кеше түскі (в два часа) кітап дүкеніне бардық. Балалар әдебиеті бөлімінде (на четвертой полке) жақсы кітаптар көп екен. Сашаға екі кітап ұнады. Мен үш кітап сатып алдым.


6-жаттығу. Оң жақтағы бағанда берілген септеулік шылауларды жатыс септікке қой. Оларды пайдаланып, сөйлемдерді толықтыр.


Аhello_html_mb689f5b.gifвтобус стадионның ... тоқтады. асты...

Ауылдың ... құс фермасы бар. жаны...

Оқушы тақтаның ... тұр. алды...

Мектептің ... биік ағаштар өседі. сырты...

Шкафтың ... доп жатыр. үсті...

Үйдің ... көп кісі жиналған. іші...

Айжан Саматтың ... отыр. арты...

Үстелдің ... әдемі гүлдер тұр. қасы...


7-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жаз. Жатыс септікте тұрған сөздердің астын сыз.


  1. Күш - білімде, білім - кітапта.

  2. Жаманда дос жоқ, жалқауда ар жоқ.

  3. Бақа көлінде патша,

Балық суында патша.

Жігіт елінде патша.

4. Әзілде кек жоқ,

Өсекте шек жоқ.

5. Туған жердің қадірін

Шетте жүрсең білерсің.





ШЫҒЫС СЕПТІК


1-жаттығу. Керекті сөздерді пайдаланып берілген сұрақтарға жауап бер.


1. Балалар қайдан шықты?

2. Дәптерді неден жасайды?

3. Күз қай айдан басталады?

4. Әлияның ағасы қайдан келді?

5. Қуырдақты неден пісіреді?

6. Бұл фильм кинотеатрда қашаннан бері көрсетіліп жатыр?

7. Айдос кітапты кімнен алды?


Керекті сөздер: Жезқазғаннан, еттен, қыркүйектен, қағаздан, Есеннен, сыныптан, кешеден.


2-жаттығу. Берілген сөздерді шығыс септікке қойып жаз.


Бесік, мамыр, Жұлдыз, ұн, темір, газет, көрме, есім, арық, сөз, бұрыш, Айман.


3-жаттығу. Көп нүктенің орнына шығыс септік жалғау-ларының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой.


1. Арман сабақ... үйге қайтты. 2. Мен Ғалия... хат алдым. 3. Орындықты ағаш... жасайды. 4. Бала ит... қорқады. 5. Дәріхана сағат он... жұмыс істейді. 6. Анам маған жібек... әдемі көйлек тікті. 7. Концертке жүз... астам оқушы жиналды. 8. Әжем дүкен... келді. 9. Біздің ауылға қала... жас маманды жіберді. 9. Бала әкесі... үлгі-өнеге алады.


4-жаттығу. Сөздерді шығыс септікке қойып, сөйлем құрастыр.


Қhello_html_m2a7690f7.gifайдан? - Талдықорған...

hello_html_m4e0bdb89.gifhello_html_m6c613c35.gifмектеп...

hello_html_m6dc5725d.gifөзен...

hello_html_m59492c59.gifhello_html_353e67df.gifhello_html_244ab942.gifСемей... келді

жайлау...

алыс...



Неден? - балық...

hello_html_m4e0bdb89.gifhello_html_m18a9e533.gifжүзім...

hello_html_m863726a.gifhello_html_m4499e811.gifhello_html_4b38916c.gifhello_html_28067d84.gifшие... пісіреді

ұн...

ет...

алма...


5-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жаз. Шығыс септіктегі сөздердің астын сыз.


Адамдар түйеден көп пайда алады. Түйенің жүні өте бағалы. Фабрикада жүннен мата тоқиды. Матадан түрлі киімдер тігеді. Түйенің сүті де құнды. Сүттен шұбат ашытады.


6-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жаз. Шығыс септікте тұрған сөздердің астын сыз.


1. Отанды сүю – отбасынан басталады.

2. Көп тепкен жерден көл шығады.

3. Ұстаздан шәкірт озар.

4. Жаман долдастан жақсы дұшпан артық.

5. Құр судан май шықпайды,

Құр сөзден мән шықпайды.

6. Ащы еңбектен тәтті нан.

7. Бала тәрбиесі – бесіктен.

8. Кешегі күннен алыс жоқ,

Ертеңгі күннен жақын жоқ.


7-жаттығу. Берілген сөздерге сұрақ қойып, төмендегі кестені толтыр.


Мақтадан, таудан, сөздіктен, аспаннан, күзден, үйректен, аспаздан, бүгіннен, түлкіден, мұғалімнен, Ертістен, дүйсенбіден, Әсеттен, қаладан, анадан, сағат бестен.


Кімнен?

Неден?

Қайдан?

Қашаннан?












КӨМЕКТЕС СЕПТІК


1-жаттығу. Оң жақ бағандағы сөздерді пайдаланып берілген сұрақтарға жауап бер.


Аhello_html_mb689f5b.gifуылға немен баруға болады? балта...

Мұғалім кіммен сөйлесті? пойыз...

Отынды немен жарады? күрек...

Нанды немен кеседі? автобус...

Самат киноға кімдермен барды? ата-аналар...

Айгүл Астанаға немен келді? Ораз...

Жерді немен қазады? пышақ...

Ернар кіммен бір партада отырады? достары...


2-жаттығу. Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.


1. Егіншілер астықты (комбайном) жинайды. 2. Қағазға (ручкой), тақтаға (мелом) жазады. 3. Біз Алматыға (на самолете) бардық. 4. Вокзалға дейін (на троллейбусе) жетуге болады. 5. Ол (с Газизом) бірге сабақ оқып отыр. 6. Сәния кілемді (пылесосом) тазалады. 7. Тамақ ішер алдында қолыңды (с мылом) жу.


3-жаттығу. Берілген сөздерді көмектес септікке қойып жаз. Бірнеше сөзбен сөйлем құрастыр.


Қайық, ән, ара, ысқыш, көз, қарындаш, су, шөп, арба, тұз, тарақ, сүлгі, Ботагөз.

4-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жаз. Көмектес септікте тұрған сөздердің астын сыз.


1. Жаңбырмен жер көгерер,

Еңбекпен ер көгерер.

2. Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.

3. Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,

Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

4. Әдепсіз өскен адамнан тәртіппен өскен тал жақсы.

5. Наданмен дос болғанша,

Кітаппен дос бол.




СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ҚАЙТАЛАУ


1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөз-дерді теріп жаз, қай септікте тұрғанын анықта. Жалғауларын белгіле.


Азулы алыптар

Өмірінде тісі бір-ақ рет шығатын жануарлар да бар. Олардың тісі бір сынып қалса, қайта шықпайды. Соның бірі – қолтырауын. Қолтырауында 84 тіс болады. Сол тістерімен жыртқыш аң құстарды ұстайды, суға келген сүтқоректілерге де шабуыл жасайды.

Жайынның тістері сүйектен емес, теріден пайда болады. Жайынның тісі жақтарына, тілі мен таңдайына және күллі денесіне шығады. Оның тістері талай жүзге жетеді. Жайын жауларынан тісі арқылы қорғанады.


2-жаттығу. Жұмбақтарды шеш. Зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын анықта.


Жылда келген бір-ақ рет

Атамызға рақмет! (А... а...)


Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді. (қ...з)


Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады. (с...н)


Сауыттан мықты шапаны,

Жәндіктің нағыз шабаны. (т...а)


Жазда жатса тыныстап,

Дейді қыста: «жұмыс тап». (ш...а)


Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (ш...ы)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (м...м)


3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғау-ларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой.


1. Қалалық кітапхана Жамбыл көшесі... орналасқан. 2. Ма-шина тас жол... жүрді. 3. Кеше Дүйсен екеуіміз кино... бардық. 4. Біз сағат жеті... тұрамыз. 5. Қымыз... бие... сүті... әзірлейді. 6. Жазғы демалыс... Сәрсен мен Бейсен Шымкент... барады. 7. Оқушылар ертең тарих... емтихан тапсырады. 8. Келесі жылы Сәния алтыншы сынып... көшеді. 9. Сәуле жеделхат... пошта... апарды. 10. Менің әжем дәрілік шөп... емделеді.


4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Зат есімдер мен есімдіктерді тап. Олар қай септікте тұрғанын анықта.


Мұғалім

Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің, мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен бірге шығар күн.

Шәкіртің өткен іздерде

Үмітің гүлдер, мұғалім.

Білеміз ертең бізден де

Өмірдің талап сұрарын.

Сонда, ардақты мұғалім,

Уәдемде берік тұрамын!

Қиынға берік шыдармын,

Қияға талай шығармын!

Қ.Ыдырысов


5-жаттығу. Керекті сөздерді пайдаланып жақшадағы сұрақтарға жауап бер. Мәтінді көшіріп жаз. Септік жалғауларын белгілеп қой.


Ертең (кімде?) бірінші (не?) Қазақстан тарихы. (Неден?) соң қазақ тілі сабағы болады. Екінші сабақ сағат (нешеде?) бітеді. (Қашан?) бәріміз (қайда?) тамақ ішуге барамыз. Қолымызды (немен?) жуамыз. Біз (кіммен?) (нені?) жақсы көреміз. (Кімнің?) анасы біздің (қайда?) жұмыс істейді. Ол (нені?) дәмді пісіреді. (Неден?) кейін біз (қайда?) барамыз, келесі (неге?) дайындаламыз.


Керекті сөздер: асханада, Әсеттің, сабақ, сабынмен, кабинетке, онда, самсаны, тарихтан, сабаққа, асханаға, бізде, тамақты, Әсетпен, үзілісте, асханадан.

6-жаттығу. Сөз тіркестерін дұрыс құра.

hello_html_m2fb83a6a.gifАнаның айтты

тақтаға жүрді

терезеден шықты

қызбен қолы

өлеңді қарады

орманда сөйлесті


7-жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар. Зат есімдерді қай септікке қойдың?


1. Из дерева делают бумагу. 2. Мама Аскара работает в магазине. 3. В библиотеке много интересных книг. 4. Дима пришел в школу с Оразом. 5. Это платье мне сшила старшая сестра. 6. В Астану мы ездили на автобусе. 7. Осенью часто идут дожди. 8. Музей находится в центре города. 9. Завтра из Семипалатинска приедет мой брат. 10. Дети рисуют красками.

8-жаттығу. Берілген сөздерді септе.

Сабақ, сәбіз, өзен, шана, әке.


9-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Зат есімдерді теріп жаз. Оларға сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын анықта.


Самбо

Менің ағам спорт мектебінде самбомен шұғылданады.

Самбо – күрестің бір түрі. «Самбо» сөзі «өзін-өзі қарусыз қорғау» деген ұғымды білдіреді. Самбо жігер-қайратты шыңдауға, батылдыққа, ептілікке баулиды. Самбо ұлттық және халықтық күрес үлгілері негізінде пайда болған. Самбоның өзіндік ерекшелігі: қарсыластар киімнің кез келген жерінен, белдіктен, жейденің белден жоғары жағынан, қол тиген жерінен ұстауға хақылы. Самбо күресінің мақсаты – таза жеңіс. Кімде-кім қарсыласының жауырынын жерге тигізсе, сол жеңеді. Айқас мерзімі он минут.















Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. М. Аққозин. Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы: «Қазақстан», 1990


  1. З. Бейсембаева, А.Сәтбекова. Септік жалғаулары. – Алматы: «Рауан», 1997


  1. Ш. Бектұров. Қазақ тілі. – Алматы: «Атамұра», 2006


  1. Р. Молдақашева. Қазақ тілінен жаттығулар жинағы. – Қарағанды: «Досжан», 2011


  1. З. Рахмет, Г. Тайсюганова. Қызықты қазақ тілі – Алматы: «Алматыкітап», 2005


  1. Ж.Сағынтаева. Тілді қарым-қатынас құралы тұрғысынан оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2006 - № 5


  1. Ғ. Смағұлова. Қазақ тілі. Оқу орыс тілді мектептердің 7-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал. – Қарағанды, 2011


  1. А. Ұстағалиева. Сатылай талдау тәсілдерінің оқушылардың танымдық ынтасын арттырудағы маңызы // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2006 - № 5




Краткое описание документа:

«Септік жалғаулары» атты бұл жаттығулар жинағы оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Оқушылардың  «Септік жалғаулары» тақырыбы көлемінде алған теория білімдеріне негізделіп, бұл білімді практикада дұрыс игерулері үшін арнайы құрастырылған. Жаттығу материалдары өзге ұлтты оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып іріктеліп алынған.

Көмекші құралдағы тапсырмалар айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім әрекеттерін жүзеге асыруға бағытталған.

Жаттығулар жинағы өзара белгілі бір жүйемен құрастырылған. Әр септікке арналған жеті бөлімнен тұрады. Артынан септік жалғауларын қайталауға арналған тапсырмалар берілген. 

 

Общая информация

Номер материала: 323142

Похожие материалы