Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / Қазақ тілінің қоғамдық мәні,эстетикалық құдіреті
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Қазақ тілінің қоғамдық мәні,эстетикалық құдіреті

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің қоғамдық мәні,эстетикалық құдіреті

Мұғалім: Малдыбекова Гулбакыт Мукаметхалиевна

Талғар ауданы, Қапиза Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп-гимназиясы


Мақсаты:

Тіл туралы түсінік бере отырып, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру;

Қазақ тілінің қоғамдық мәні мен эстетикалық құдіретін таныту;

Екі жақты позицияда сөз жарысына қатыстыру арқылы оқушыларды объективтілік, елжандылық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу;

Тақырыпқа байланысты әр түрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық - эвристикалық қабілеттерін арттыру;

шешендік өнерге баулу;

сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріне машықтандыру ;

жастар арасында өзбетіндік білімнің қажеттілігіне тұлғаларды ойландыру;

Сабақ әдісі: Пікір таластыру (дебат)

Сабақтың көрнекілігі: АКТ , презентациялар, слайдтар, стикер, смайлик

Жаңа технология: Проблемалық полемика

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих, саясат, экономика, әлеуметтану

Барысы:

Мұғалімнің алғы сөзі /1 минут/

Глеб Успенскийдің «Тез» ** деген әңгімесі бар. Мұнда шын мағынасындағы өнер түындысының адамға әсері, адамның, көкірегіне күн орнатқандай ішкі дүниесін жайнатып, рухтандырар ғаламат эстетикалық күші, адамның мінез-құлқындағы, ұғым-нанымындағы қисаю, қайысу мен майысу атаулыны тура тезге салғандай түзеп, тіктеп жіберер «магиялық» қасиеті соншалық нәзік, терең және сұлу суреттелген. ‘

Ауыр тұрмыс еңсесін түсіріп, еркін алып, бар тағдыры «умашталған қолғаптай» бір уыс болған бір Тяпушкин дейтін бейшара өзінің бай қожайындарымен бірге Парижге сапар шегіп барып, бір күні таңертең бойы дел-сал, басы мең-зең шаршаған қалпы, өздері жатқан мейманханадан шығады да, бет алды сенделіп жүріп, ойда жоқта Луврға кіріп, әлемге әйгілі Милос Венерасының қарсы алдында қалай қалшиып тұрғанын өзі аңғармай қалады:

Музейге кірген бетте… түк те түсінгенім жок, тек шаршағанымды ғана сездім, құлағым шулады, шекем зіркілдеді, содан соң кенет тағы да аң-таң, неге екенін тағы да түсінбеймін, әдеттен тыс ақыл жетпес бір ғаламат әсермен Милос Венерасының маңдай алдына кеп тоқтағаным бар емес пе… оған қараймын да, өзіме өзім: «Маған «не болған, маған не болған?» — деп күбірлей беремін. Ә дегеннен, статуяны көрген сәттен өзімнен өзімнің сұрағаным осы болды, өйткені дәл осы мезеттен өзімнің үлкен қуанышқа кез болғанымды сездім… Осынау тас жұмбаққа көз алмай қарап тұрып, өзімнің, осы халге қалай түскенімді іздеумен болдым Бұ не, бұл? Менің мынау мығым, сарабдал, шат бітімімнің кұпиясы қайда, себебі неде, қайтіп түстім бұл күйге’ Қой, мынау тас мүсіннің адам жанын құлпырту құпиясын түсіндірер сөз адам тілінде жоқ шығар

Бұл үзіндіде автордың «құпия» деп отырғаны — адамның өнер туындысынан алар эстетикалық әсері. Осындай жан тебірентер, адамды баурап алар әсем әсер жоқ жерде шынмағынасындағы өнер туындысы да болмағаны деп білу керек.

Успенский әңгімесіндегі Тяпушкиннің Милос Венерасын көргенде душар болған әлгі бір жан тебіренісінде өнер туындысына тән күллі қасиет — оның танымдық, тәрбиелік, эстетикалық мән-маңызы түгел сиып тұр. Осы әсерінің үстінде Тяпушкин ғаламат сұлу сезімге бөленді, өзі бұрын-соңды білмеген жаңалық ашты, сыр ұқты, дүние таныды, сол арқылы өзінің адамдық болмысын тәрбиеледі Тяпушкин «тас құпиядан» жер үстінде адам болу қандай бақыт екенін ұқты; сөйтті де, еңсесін көтеріп, бойьш тіктеп, көңіл күйін көлдей шалқытып шыға келді. Шын өнер мен адам арасындағы қарым-қатынас осындай

Әдебиеттің әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық өзгертушілік күшін осы тұрғыдан түсінуіміз керек, балалар. Сонымен дебат сабағымызды бастайық.

Жүргізуші сөзі / 2 минут/

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі дебатқа қатысушылар! « Қазақ тілінің қоғамдық мәні мен эстетикалық құдіретін бүгінгі жастар түсіне алады ма?» атты дебатына қош келдіңіздер!

Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды.Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл – халық тарихы,тіл – ұлттық қазына,тіл – біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз,барымыз. Ана тілі – бұл атаңның,анаңның тілі,туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп,құрметтеп үйрене бастаймыз.Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі, ерлік істері,аңыз-ертегілері,шығарған өлең-жырлары,жазған кітаптары,табиғат пен қоғам құбылыс атаулары,көрген, білген жалпы -дүние жайындағы ұғымдары,ойы,сезімі – бәрі- бәрі де ана тілінде сақталады,ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.

Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.Тіл құдіретін танып, «Өнер алды-қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.Ананың әлдиімен ұрпақ бойына

таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған.Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген.

Қазақ халқы ежелден сөз қадірін білген, сөзге тоқтаған. Ұрпағына «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп үлкен міндет жүктеген. Аңдамай сөйлесең, ауырмай өлесің, қадір-қасиетің кетеді, елге күлкі боласың» деп ескертіп, сөз құдіретін асырып отырған. Себебі сөз біздің ата-бабамыз көтерген үлкен жүкті ғасырлар бойы көтеріп, шашпай – төкпей бүгінгі күнге жеткізген.

Сонау заманнан бері халқымыздың асыл қазынасы: тарихын, өнерін, жырларын, халық ауыз әдебиетінің барлық түрлерін ауыздан-ауызға таратып, бізге мұра етіп жеткізіп отырған да осы сөз. Ұрпақ жадында сақталып бізге жеткен бұл сөздер бабаларымыздың аманаты . Сондықтан да сөзді сақтау, оны қадірлеу, орнымен сөйлеу, сөз қадірін білу қазіргі және кейінгі ұрпақтардың мәңгілік міндеті мен парызы болуға тиіс. Біздің қазақта «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіру» деген әріден келе жатқан сөз бар. Екі ауыз ұтымды, ұтқыр, қисынды айтылмаған жағдайда даулы екі руды елдің атысып,шабысып, тоз-тоз боп кететін жайлары тарихтан белгілі. Сол себепті сөз құдіретін, сөз өнерін дамытуға, сөздің күші мен құдіретін, ықпалын арттыруға бүкіл халық болып, арғы замандардан бері ат салысқан. Халық аталы сөзді алты жасар бала айтса да, айтушысына қарап, айтқанына қарап бағалаған, тыңдаған. Ақылы асса аға ғой деп құрметтеген, сөзге тоқтаған.

Осындай құдіретті шешен сөздің дән қамбасындай болған елдің ұрпағы, біздер бұл күнде сөз меңгеру, қолдану, пайдалану жағдайымыз қандай? Ендеше менің сыныптастарым бүгін осы тақырыпта ой толғамақ. Ортаға дебатқа қатысушы екі жақтың спикерлерін шақырайық.

(Ортаға дебатқа қатысушы екі топ шығады)

Жүргізуші:

Дебат Карл-Поппер форматында өтіледі. Бұл – «мектепішілік» формат, яғни ТМД және әлем елдерінің оқушылары осы форматта ойнайды.

Сабақтың резолюциясы:

1. Тіл-бабалар аманаты

2.Тұлға бойындағы лидерлік қасиетті қалыптастыру

Дебат қарары: « Қазақ тілінің қоғамдық мәні мен эстетикалық құдіретін бүгінгі жастар түсіне алады ма?»

Қарардың өзектілігі:

  1. Асыл қазына -- тілімізді саф алтындай сақтап, оның қоғамдағы орнын нақтылап, эстетикалық құдіретін түсіне білу.

  2. Тіл мәдениетін жетілдіру,

-4-

І топ «Алаш» тобы

1-спикер –

2-спикер –

3-спикер –

ІІ топ «Сұр мергендер» тобы

1-спикер –

2 –спикер –

3 – спикер-

Дебаттық турнирдің әділ өткізілуі мен жеңімпаздарды анықтау мақсатында әділ-қазылар алқасын сайлап алайық

1.

2.

3.

4.

Дебаттық турниріміздің мақсаты: тіліміздің құдіреттілігін тани отырып, бүгінгі жастарымыздың қазақ тілінің қоғамдық мәні мен эстетикалық құдіретін қаншалықты түсінетінін талқылау.

Спикерлік қасиеттер:

- Сабырлық, яғни, сөзбұйдаға салыну, сөз таласуда тынышты алмаудан аулақ болу;

- Білім, әрине, білімсіз дебатқа қатысудың мәні жоқ;

- Жан-жақтылық, бір сұрақтың көлемінде емес, барлық салада аз да болса түсінігің болу;

- Сыртқы «деловой» келбет. Өз басым, костюм –шалбардан жалыққан емеспін___ үй шаруасындағы киіммен пікір – сайысқа түсіп көр, не болар...)

- Лексикондық сөздік қордың байлығы. Алуан терминдерді білу, қолдану. Жаргон, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөздерді дебатта қолданыстан алу;

- Әлемдегі соңғы жаңалықтардан естігенің болса, жеңіс;

- Сыйластық. Аяқ астынан шу шығарып, атыс – жұлысқа салынып жеңіп шығу – ойға сыймайтын нәрсе;

- «Смыщленность» дейді ғой... қулық пен пысықтықты ұштастыра білу;

Сонымен дебат қарары: « Қазақ тілінің қоғамдық мәні мен эстетикалық құдіретін бүгінгі жастар түсіне алады ма?»

Қарардың өзектілігі:

  1. Асыл қазына -- тілімізді саф алтындай сақтап, оның қоғамдағы орнын нақтылап, эстетикалық құдіретін түсіне білу.

  2. Тіл мәдениетін жетілдіру,

Спикерлер:

  1. Мәселенің шығу себебі

  2. Шешу жолдары. Бұнда негізгі 4 сұраққа жауап беру керек. Қалай? Кім? Қанша? Қашан? Мәселені шешу үшін осы сұрақтарға жауап берсеңіздер жеткілікті.

  3. Нәтиже.Басты нәтижені айтуды ұмытпау керек. Нәтижеде мәселе және оның шығу себептері жойылу керек.

  4. Диффиниция , яғни кілттік сөздерге анықтама. Сіздің сөзіңізде бір терминдер болуы мүмкін,сондықтан барлық отырған адамдар сізді түсіну үшін анықтама беріп кетесіздер.

  5. Статистикалық мәліметтер болуы керек.

  6. Мәселенің шығу себептері. Сіздің шешу жолдарыңыздан кейін бұл себептер болмау керек.

  7. Шешу жолдары. Бұнда негізгі 4 сұраққа жауап беру керек. Қалай? Кім? Қанша? Қашан? Мәселені шешу үшін осы сұрақтарға жауап берсеңіздер жеткілікті.

  8. Нәтиже

І топ. «Алаш» тобы. Жақтаушы топ

ІІ топ. «Сұр мергендер» тобы. Даттаушы топ.

Дебат барысы:

І тур.

Әр топ спикерлері жоғарыда айтылғандардың бәрін айтып үлгеру керек.

Әр топ өздерінің кейсімен таныстырады, презентацияларын жасайды.

Әр топ спикерлері жоғарыда айтылғандардың бәрін айтып үлгеру керек.


  1. « Алаш» тобының спикерін ортаға шақырайық. Жақтаушы топ.

  2. Ұстанатын позициялары: « Қазақ тілінің қоғамдық мәні мен эстетикалық құдіретін бүгінгі жастар түсіне алады»


Дидарға 6 минут уақыт беріледі. Тобын таныстырады,кейстің презентациясын жасайды.

  1. «Сұр мергендер» тобын ортаға шақырамыз. Даттаушы жақ.

Әділетке 6 минут уақыт береміз. Тобын таныстырады.,кейстің презентациясымен таныстырады. «Алаш» тобының барлық айтылған сөзіне қарсылық айтып, кейісті құлатуға тырысады.

ІІ тур.

Дефинициялармен келісу немесе келіспеуі. Ребатл, аргументтерге қарсы пікір.

Әр топ қарсы топтың кейісін құлату керек, өз кейістеріңді қалпына келтіру міндеттерің.

А - Алаш; С – Сұр мергендер

Спикер - әр топтан 3 спикер сөйлейді.

Уақыт Әр спикерге 1 минуттан, барлығы - 6 минут

Міндеті: Әр топ қарсы топтың кейісін құлату керек, өз кейістеріңді қалпына келтіру міндеттерің. / барлығы – 6 оқушы /

А-1 / 1 минут /

Қарсы пікір С -1 / 1 минут /

С -2 / 1 минут /

Қарсы пікір А -2 / 1 минут /

А-3 / 1 минут/

Қарсы пікір С- 3 / 1 минут/

ІІІ тур.

Сұрақ-жауап бөлімі.

Әр топ қарсы топқа 3 сұрақтан береді. Топтың дайындығына 2 минут беріледі.

Сұрақтар кезекпен тыңдалып, жауаптар айтылады. / Әр топқа 5 минуттан уақыт беріледі. Барлығы 10 + 2 // 12 минут /

ІҮ тур. Түйін сөз

Топ басшыларына 1 минуттан уақыт беріледі. /2 минут/

Ү. Қорытынды.

Рефлекция кезеңі: /2 минут/

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін өз көңіл күйлеріне сай берілген смайликтердің астына стикерге жазып іледі.

Жүргізуші:

Дебатты қорытындылау үшін әділқазыларға сөз береміз. /3 минут/

ҮІ. Кристализация - жеңген топ басшысы ойынның қортындысын айту, аргументтерді және қарсыласу нүктелерін мысалдарсыз, артық сөздерсіз айтып беру, өзінің неге жеңгенін түсіндіру.

Мұғалім сөзі : /1 минут/

Бүгінгі дебатымызды ұлы Абайдың мына бір сөзімен аяқтағым келіп тұр:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын,сырын көруге,

Көкірегіңде болсын көз ...

-дей келе талаптарыңа нұр жаусын ! Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалатынын айтып кеттіңдер. Мәңгілік ел болу үшін тіліміз де мәңгілік болуы керек. Өздеріңдей тіл жанашырлары тұрғанда қазақ елі мәңгілік болатынына сенемін.

«Жаса Қазақстан» өлеңін оқушылар хормен айтады.

Жаңа сабақты бекіту.
I.    Мына суреттерге қараймыз. Бұл суреттерге қарап, қандай тыйым сөздер айтуға болады? (Оқушылар суреттерге байланысты тыйым сөздерді атайды, мағынасын түсіндіріп тұрамын) Тыйым сөздердің бұйрықты сөйлемдерге жататынын түсіндіру. Ауызша.

Тізеңді құшақтама.    Нанды жерге тастама       Жағыңды таянба

Бетіңді  баспа             Есікті керме                       Беліңді   таянба

-    Тыйым дегенді “мынау жаман”, “ескіліктің қалдығы” деп түсінбеген жөн. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған. Ол әшейін жай ғана “сөйтпе-бүйтпе” емес, оның әрқайсысының астарлы мағынасы бар.
     Неге есікті керме дейді?
    Есікті керсе, үйден береке кетеді.(берекесі кету – ұрыс, жанжал)
    Неге сүтті төгуге болмайды?
    Сүт төксең, ырысың төгіледі.(ырысы төгілу — жоқшылық)
    Неге өтірік жылама дейді?
    Өтірік жыласа, жаман болады.(жаман болады — қайғы)
Ойланайық:
    ұрыс, жанжал, жоқшылық, қайғы
— Бұның барлығы жақсылық па, жамандық па?
— Жамандық.
— Дұрыс. Сондықтан да оларды жасауға болмайтындықтан,
  бұл сөздер  тыйым сөздер деп аталады.

Оқулықпен жұмыс 28-жаттығу
1.
    Жырды мәнерлеп оқу .Көшіріп жазу.
2.
     Не істеуге бұйырып тұрғанын барыс септіктегі бірыңғай сөздермен жеткізу
.
  Тыныс белгілерге назар аудару,қойылу себебін түсіндіру.

Ситуациялық жағдай: «Тығырыққа тірелгенде».Жауап бұйрықты сөйлем арқылы берілу керек.

1.    Сынып жетекшіңіз тез келсін деп шақырды. Жүгіріп келсеңіз ашуланып тұрған сынып жетекшіңіз сіз мүлде ұқпайтын бір оқиға туралы сізге ұрса жөнелді. Сіз не істейсіз?
2.
    Қоңыраудан соң сыныпқа кірсең сөмкеңдегі ұялы телефоның жоғалған. Өз сыныбыңыз 10-сынып. Қоңырауда тастап кеткен өзіңіз. Сіз сыныпқа кіргенде ешкім жоқ. Не істейсіз?
3.Сіз жайбарақат сабақ жазып отырсыз. Сабаққа сирек келетін оқушының                  бірі әй-шәй жоқ ентелеп келіп, үшінші партада отыған сізге келіп жағаңыздан алып жанжалдаса бастады. Сіздің реакцияңыз…..

Семантикалық карта:
№    Мысалдар    Хабарлы    Сұраулы    Лепті    Бұйрықты
1    Жиналыс басталды ма        +
2    Аспан шайдай ашық    +
3    Бұл – Байжанның талай келген үйі
4    Сізде де арман бар ма екен
5    Қане, жігіттер аттарыңды қамдаңдар
6    Сонша малға жерді қайдан таппақсың
7    Баяндамашыға сұрақ бар ма
8    Түн жым-жырт
9    Ойбай-ау,кеше мен осылай деп пе едім
10    Келші, қалқам менің қасыма отыршы
11    Қандай тамаша көл
12    Балам , жөніңді айтшы












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тіл  туралы түсінік бере отырып, оқушылардың  функционалды сауаттылығын арттыру;

Қазақ тілінің қоғамдық мәні мен эстетикалық құдіретін таныту;

Екі жақты позицияда  сөз жарысына қатыстыру  арқылы   оқушыларды объективтілік,  елжандылық, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу;

Тақырыпқа байланысты әр түрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық - эвристикалық қабілеттерін арттыру;

шешендік өнерге баулу;

сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріне машықтандыру ;

 

жастар арасында өзбетіндік білімнің қажеттілігіне тұлғаларды ойландыру;

Автор
Дата добавления 19.02.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров417
Номер материала 397764
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх