Инфоурок Другое Научные работы1 қазан "Қарттар мерекесі" кездесу кеші

1 қазан "Қарттар мерекесі" кездесу кеші

Скачать материал

 

 

Нағарашы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қариялар сарқылмас қазыналар

(1 қазан- Қарттар күніне арналған іс- шараның жоспары ).

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         

                                                                  Бастауыш сынып мұғалімі: Смағұлова Б.

                                                                                                                   Данияр А.

                                                                  Педагог –ұйымдастырушы: Беделбекова Қ.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы.

 

 

Қариялар сарқылмас қазыналар

 

І- жүргізуші:

Құрметті ауыл тұрғындары, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кештің қонағы болып отырған, кеудесі асыл қазына қарттарымыздың мерекесіне қош келдіңіздер!

ІІ- жүргізуші:

Қариялар сарқылмас қазыналар,

Тарихымсың шірмей жазып алар.

Қолдан келсе қарттарды ардақтайық,

Асылдың сынығы ғой қазір олар.

«Қариясы бар ел- қазынасы бар ел»- деген екен көне көз қарияларымыз.ендеше кейінгі ұрпаққа үлгі болар, ұлағатты дана сөзі бар асыл қарттарымыздың мерекесі құтты болсын.

І- жүргізуші:

Құтты болсын қарттар бүгін мерекең,

Сізді бүгін зеңгір көкпен тең етем.

Қиналсаң да қысылсаң да адамдар,

Қарттар барда мына жалған кең екен.

Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз: тәрбие жұмысының орынбасары Сабырбекова Іңкәр Оразалықызына беріледі.

 

Ән: «Әке- Ана» орындайтын Мұратқазы Мұрат

 

ІІ- жүргізуші:

Қазыналы таулары даналары,

Құт- береке қарттары, бабалары.

Тарих куә бұл жерде туып өскен,

Талай- талай қазақтың даналары.

Келесі құттықтау сөз кезегі мектебіміздің кітапханашысы Тоқбаева Гүлжанат Шәмиқызына беріледі

 

Би: «Айгөлек» 2 сынып оқушыларының орындауында.

 

І- жүргізуші:

Өмірі өнеге, тағдыры тағлымға толы жандар әрдайым қымбатты, қастерлі. Өткен уақыттың жарқын беттеріндей, тарих пен ұлағаттың, адал еңбектің өзімен көзіндей қадір тұтатын ақсақалдарымыздың бірі- Кәкен аға.

Сөз кезегі бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы Кәкен ағаға беріледі.

 

Ән: «Жан әке» орындайтын Арып Әділ.

 

ІІ- жүргізуші:

Үлгі өнеге тәрбие тоқыттыңыз,

Сан жылда сан шәкіртті оқыттыңыз.

Немере –шөбереңіз өсіп- өнген,

Біздер үшін сіз бүгін бақыттысыз.

Құттықтау сөз кезегі  зейнетқер ұстазымыз Тұрақан апаға беріледі

 

Ән: «Асыл әжем» орындайтын Жұмағазы Гүлдана

 

І- жүргізуші:

Барша жанға бір басын сыйландырған,

Тыңдаушысын сөзіне иландырған.

Қарттарым бар ауылда абзал жүрек,

Дидарында, көзінде иман тұрған.

        Сөз кезегі ауылымыздың ақсақалы Әбен ағаға беріледі.

 

Би: «Әке толғау» орындайтын 8 сынып қыздары

 

ІІ- жүргізуші:

 Қарттарымыз ауылымыздың көркі, ұрпақ тәрбиешісі, ұлт ұйытқысы, салт- дәстүріміздің қайнар көзі, шымылдығы, тәрбиенің сарқылмас бұлағы. Міне, осындай қарттарымыз көп болса ауылдың бірлігі мен тірлігі жарасып, жақсы күндерге жол аша бермек.

Сіздердің құрметтеріңізге 2 сынып оқушыларының дайындаған өлең шумақтатырна кезекті берейік.

1-    оқушы:

Мен қарапайым қарттарды сүйем,

Не деген керім еді!

Бабалардың бабасы қариялар,

Сиреп бара жатқандай көрінеді.

2-    оқушы:

Тентек болсам ашынып,

Жақсы іс қылсам, асырып,

Маған сақтап жүреді,

Тәттіні де жасырып.

3-    оқушы:

Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін, әндерін.

Біздің үйде осындай,

Әжетайым бар менің.

4-    оқушы:

Құт берекең атаң қымбат,

Аймалайтын апаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат.

5-    оқушы:

Ішке кірген ботаның,

Гүл ашады орманы.

Бота күткен атаның,

Орындалсын арманы.

6-    оқушы:

Атам берді, алақай,

Үкілеп көп бәсіре.

Жарысқанда шіркін- ай,

Алар ма екен бас жүлде.

7-    оқушы:

Тайпалады көк тайым,

Желдей есер желгенде.

Жығылам – деп қорықпаймын,

Қуанады атам көргенде.

 

 

8-    оқушы:

Дейді атам баппенен,

Нұсқам ұзақ жолдарды.

«Ер қанаты- ат»- деген,

Бастар қалың қолдарды.

9-    оқушы:                                       

Атамнан сірә қалмаспын,

Еремін ойын ұғардай.

Тайыма мойын бұрамын,

Көк тұлпар болып шығардай.       

   10-оқушы:

Жақсы ісіне баланың,

Қуанбақ бар ата- ана.

Әкеме мен баламын,

Немеремін атама.

Қайда барса тастамай,

Жанына ертіп жүреді.

Мен дегенде атамның,

Даладай кең жүрегі.

  11-оқушы:

Әжем келді, алақый!

Әжеме кел, балақай!

Қолтығынан демейік,

Көрпе төсеп берейік.

Тынығып әже сергіңіз,

Ертек айтып беріңіз.

Сүйіп, сүйіп аламыз,

Сізге бала боламыз.

12- оқушы:

Ата- бізге келіңіз,

Дайын сізге төріміз.

Бай дастархан басында,

Батаңызды беріңіз.

Жүзіңізден әр таймай,

Жүз жасаңыз қартаймай

І- жүргізуші:

         Жүректерге жылылығын сыйлаған,

Жан баласын жамандыққа қимаған.

Тауларындай өр рухты кең пейіл,

Құшағына тек жақсылық жинаған- деп

сөз кезегін ақ жаулықты анамыз Тұрсын апаға береміз.

 

Ән: «Жан ана» орындайтын Батырхан Гүлім

 

І- жүргізуші:

Қымбатсыздар қарттарым өзімізге,

Көрінесіз биік боп көзімізге.

Осындай ауылдың асыл қартын,

Жүреміз мақтан етіп сөзімізде.

сөз кезегін Әубәкір  атамызға береміз.

 

Ән: «Ағаларым» орындайтын  Ербақытұлы Жасұлан

 

ІІ- жүргізуші:

Ардақты ата, асыл әже қымбатты,

Әлем бүгін сіздер үшін үн қатты.

Зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз,

Бола берсін күндеріңіз шуақты.

Осымен өздеріңізге арналған кешімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1 қазан "Қарттар мерекесі" кездесу кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 849 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 4434
    • DOCX 22.2 кбайт
    • 65 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касымжанова Айнур Амангельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19347
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой